Материалдар / Тәрбие сағаты:«Дос және достық»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты:«Дос және достық»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың «дос», «достық» құндылықтары туралы түсініктерін қалыптастыру. 
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Мамыр 2020
450
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
«Дос және достық»С.Лапин атындағы 261 орта мектеп Жетекшісі: Жаханова.А Сыныбы: 4 ”Ж”

1 слайд
«Дос және достық»С.Лапин атындағы 261 орта мектеп Жетекшісі: Жаханова.А Сыныбы: 4 ”Ж”

Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Достық қымбат өмірде» Мақсаты: Балалардың «дос», «достық» құндылықт

2 слайд
Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Достық қымбат өмірде» Мақсаты:  Балалардың «дос», «достық» құндылықтары туралы түсініктері кеңейеді.  Міндеттері:  - ұл бала мен қыз бала арасындағы сыйластық, достық туралы түсініктерін қалыптастырады;  - өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамытады;  - инабаттылыққа, достыққа, сыйластыққа тәрбиеленеді.  Сабақтың түрі : Саяхат сабақ   Әдіс-тәсілдер:  АКТ, жұптық-топтық әдістер, СТО әдіс-тәсілдері,  Көрнекіліктер:  Ұлы адамдардың ойлары, нақыл сөздері, дос туралы мақал - мәтелдер, интерактивті тақта, слайд, компьютер, А3 қағазы, маркерлер, үлестірме қағаздар.  Дереккөздер:   Ғаламтор, кітап, газет, журналдар.

Күтілетін нәтижелері : Оқушылардың достық туралы ұғымы кеңейедіту және нақтыланады. Достарға деген қарым-қатынастары қалып

3 слайд
Күтілетін нәтижелері : Оқушылардың достық туралы ұғымы кеңейедіту және нақтыланады. Достарға деген қарым-қатынастары қалыптасады, достықты қадірлей білуді ұғады, бір-біріне көмек көрсету және қамқор болуға үйренеді.  Оқушы өз бетімен ізденеді және өз ойын еркін айта алады.  Оқушының есте сақтау қабілеті жақсарып, өз эмоциясын, өзі басқара біледі. Оқушылар арасында ынтымақтастық орнайды. Өзіне де, өзгеге де сын көзбен қарай алады. Пікірталасқа қатысады.  Сабақ барысы Топқа бөлу. Оқушылар екі топқа бөлінеді.  

Мұғалім: « Жақсы бол, жігіт болсаң, ел көргендей. Досыңа қосылғанда дем бергендей» Пайдаңды жақсы болсаң, тигіз көпке, Тұйғынға

4 слайд
Мұғалім:  « Жақсы бол, жігіт болсаң, ел көргендей. Досыңа қосылғанда дем бергендей» Пайдаңды жақсы болсаң, тигіз көпке, Тұйғынға қапастағы жем бергендей» демекші, жақсы рухани күшіміз, әдеп- байлығымыз. Адам үшін ата-анадан кейнгі ең жақын-абзал дос. Жақсы-адам жанынан шуақ іздеп, достық шын көңілімен қолын ұсынатын адамдар көп болмақ.   «Доссыз өмір-тұл», « Доссыз өмір-тұссыз ас» -деп халық тегін айтпаған. Адам  ес біліп, етек жапқаннан бастап өзін түсінетін, жанына серік болатын айнымас дос іздейтіні анық. Міне бүгін, балалар, достық жайлы әңгімелеспек. Достық әлемі қызық оқиғаларға адал шынайы қарым-қатынас, асқақ адамгершілікке толы әлем.   Біз достық әлімімен таныс болу үшін, достықты бағалай білу үшін бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды саяхат сабақ ретінде өткізіміз. Ал, балалар, енді жолға шығуға әзірленейік. Саяхат өте ұзақ болмақ. Біз ой кемесіне мініп, толқындатып, жолда аялдамаларға тоқтап, дем алып, адасып кетпес үшін өз бағыттарымызды анықтап алғанымыз дұрыс. Біздің айналамызда ретімен достық аралдары орналасқан. Әр аралда біздің достарымыз тұрады. Олар бізге тапсырмалар әзірлеп қойыпты. Сол тапсырмаларды орындап, досымызды біздің ортамызға қонаққа шақырайық.

Осындай мақал жазылған. Енді осы сөздің сырына үңіліп көрейікші. Аққу-деген киелі құс және сұлулық символы. «Өмірде жұпта

5 слайд
Осындай мақал жазылған. Енді осы сөздің сырына үңіліп көрейікші. Аққу-деген киелі құс және сұлулық символы. «Өмірде жұптарыңыз жазылмасын, көлде жүзген екі аққудай болып мәңгі өмір сүріңдер» - деп айтады. Сонда аққулар бір-бірінен айырылмайтын және бір-бірінен айырылса өмір сүре алмайтын құстар.  Ал достықты сатпау деген не?  (Сұрақ қойылды). Қиындыққа, жамандыққа қалдырмау, досы үшін өзінің басын қатерге тосу, досын құтқару - достық өлкесінің заңы болса керек.   Бірінші арал.    «Аққуды атпайды, Достықты сатпайды »

«Достық өлкесінің заңы» М.Шаханов өлең оқылады. Алдымызда қанша сауал тосылды, Өмір бізді ерте үйірді биіне. Сәб

6 слайд
«Достық өлкесінің заңы»  М.Шаханов өлең оқылады. Алдымызда қанша сауал тосылды, Өмір бізді ерте үйірді биіне. Сәби кезім. Бірге ойнайтын досымды Ертіп бардым нағашымның үйіне. Сәбилік шақ! Сүттей аппақ кезең бұл, Аңғал, бейқам балбұлақтай сыңғырлы. Досым "киіп көремін" деп әжемнің Аңдаусызда көз әйнегін сындырды. Енді қайттік, амал-айла азайып, Құтылуға өткел іздеп тарықтық. Досым менің ұяң еді ғажайып, Әжем өте қатал еді, жарықтық. - Бала мұнша бола ма екен мазасыз, Қане, қайсың көзәйнекті сындырған? – -деді әжеміз, - қалдырмаймын жазасыз, Сындырған кім? Алдыма кеп тұр жылдам Енді қайттік, кім ұсынбақ көмегін? Бұл қырсықтан құтқармақ боп досымды: - Мен сындырдым, кешіріңіз... мен едім.. Дедім үнсіз төмен салып басымды. Бір ерекше дүлей мінез тосып ек, Шіркін, адам табиғаты-ай сан қырлы. Қанша ашулы болғанымен осы рет Әжем мені жазалаусыз қалдырды. Лезде кайта көтеріліп еңсеміз, Көңіліміздің айдынынан күн күлді. Сол сәтте інім сыбыр етті: "Сенбеңіз, Көзәйнекті қонақ бала сындырды". Әжем кенет ашу буып күйгелек, Ашу буып аң-таң болып қалды да: - Жүр бері, - деп құлағымнан сүйрелеп Ертіп барды нағашымның алдына. "Қой, бәйбіше, дау тудырма бекерге,- Деп нағашым әңгімесін жалғады, - Айып па екен, өзін беріп қатерге, Ер жігіттің досын қорғап қалғаны. Достық деген ізгіліктің алаңы, Оған куә ғасырлар мен замандар. Отанын да сатып кете алады Қиын шақта досын сатқан адамдар!"

Б ір ін ш і а р а л д а т ұ р а т ы н д о с ы м ы зд ы ң т а п с ы р м а с ы н о р ы н д а д ы қ , е н д і о л д о с ы

7 слайд
Б ір ін ш і а р а л д а т ұ р а т ы н д о с ы м ы зд ы ң т а п с ы р м а с ы н о р ы н д а д ы қ , е н д і о л д о с ы м ы зд ы б із ге қ о н а қ қ а ш а қ ы р а м ы з . О қ у ш ы л а р ө з а р а л ы н д а ғы д о с т ы қ қ а р ы м -қ а т ы н а с ж а й л ы ә ң гім е л е р а й т ы п б е р е д і.

Екінші арал. Достық туралы мақал-мәтелдер. Мақалды жалғастыр 1. «Кемшіліксіз …. іздеген адам …. қалады». 2. «Дұшпан …. айта

8 слайд
Екінші арал.   Достық туралы мақал-мәтелдер.   Мақалды жалғастыр 1. «Кемшіліксіз …. іздеген адам …. қалады». 2. «Дұшпан …. айтады, дос….айтады». 3. « … адам тамыры жоқ … тең» 4. «…. жаңасы жақсы, … көнесі жақсы.». 5. «……….ақшаң болғанша, көп досың …». 6. «Досы көппен …. , Досы жоқпен   … ». 7. «…. басқа қарайды, … аяққа қарайды». 8. «Ақылсыз  ….ақылды дұшпан ….». 9. « Досың мың …., … біреу болса да көп». 10. « … дос болсаң, Сасқанда ақылың айтар. …  дос болсаң, Топ ішінде бетің қайтар».

Жауаптары 1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады». 2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады. 3. «Досс

9 слайд
Жауаптары 1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады». 2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады. 3. «Доссыз адам тамыры жоқ ағашпен тең» 4. «Киімнің жаңасы жақсы, достың көнесі жақсы». 5. « Көп ақшаң болғанша, көп досың болсын». 6. «Досы көппен сыйлас, Досы жоқпен сырлас». 7. «Дос басқа қарайды, Дұшпан аяққа қарайды». 8. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық». 9. «Досың мың болса да-аз, Дұшпаның біреу болса да-көп». 10. «Білімдімен дос болсаң, Сасқанда ақылың айтар. Білімсізбен дос болсаң, Топ ішінде бетің қайтар». Екінші аралда тұратын досымыздың тапсырмасын орындадық, енді ол досымызды бізге қонаққа шақырамыз.

Үшінші арал. «Менің қызықты оқиғам» Үшінші аралда тұратын досымыздың тапсырмасын орындадық, енді ол досымызды бізге қонақ

10 слайд
Үшінші арал.   «Менің қызықты оқиғам» Үшінші аралда тұратын досымыздың тапсырмасын орындадық, енді ол досымызды бізге қонаққа шақырамыз.

Төртінші арал. «Ағаш жапырағымен көрікті, Адамдар достарымен көрікті» Тренинг «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады» Бар

11 слайд
Төртінші арал.   «Ағаш жапырағымен көрікті, Адамдар достарымен көрікті» Тренинг «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады» Барлығыңыз орныңыздан тұрып, бір-біріңіздің қолыңыздан ұстап, алдымен өзіннің жаман қасиетінді айтасын, сосын қасындағы сыныптасың сенің жақсы қасиетінді айтады. Рахмет, оқушылар! «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады». Сондықтан әрқашан кешірімді болыңыздар! Төртінші аралда тұратын досымыздың тапсырмасын орындадық, енді ол досымызды бізге қонаққа шақырамыз.

Бесінші арал. «Екі дос» видеоролик . Бесінші аралда тұратын досымыздың тапсырмасын орындадық, енді ол досымызды бізге қо

12 слайд
Бесінші арал.   «Екі дос» видеоролик . Бесінші аралда тұратын досымыздың тапсырмасын орындадық, енді ол досымызды бізге қонаққа шақырамыз .

Алтыншы арал. «Менің достарым» Коллаж жасау. Өздерінің суреттерімен коллаж жасайд ы . Алтыншы аралда тұратын досымыздың тапсы

13 слайд
Алтыншы арал. «Менің достарым»   Коллаж жасау. Өздерінің суреттерімен коллаж жасайд ы . Алтыншы аралда тұратын досымыздың тапсырмасын орындадық, енді ол досымызды бізге қонаққа шақырамыз.

Жетінші арал. « 5 саусақ» тренинг « 5 саусақ » тренингі Қазір мен сіздерге 5 саусақты қолғап беремін. Әр саусақта өзіәңіздің қ

14 слайд
Жетінші арал. « 5 саусақ» тренинг « 5 саусақ » тренингі Қазір мен сіздерге 5 саусақты қолғап беремін. Әр саусақта өзіәңіздің қолыңыздағы жазылған есімді балаға бір біріне көрсетпей мінездеме жазыңдар. Тірек сөздер: Адал                                   арам жомарт                              өз қамын ойлайтын адамгершілігі мол            кекшіл қарапайым                       сөзге түсінбейтін мейірімді                        жалқау кешірімді                        тәккапар төзімді                              қатал ақылды                            мейірімсіз сабырлы                         сараң салмақты                        қызғаншақ кек сақтамау                  тұйық ашықтық бүкпесіздік Жетінші аралда тұратын досымыздың тапсырмасын орындадық, енді ол досымызды бізге қонаққа шақырамыз.

Сегізінші арал. Достық әлемінің пердесін достық жайлы әнмен жабайы қ. Хор. «Жан досым» Iздегенде табылатын қасымнан, Көңiлi

15 слайд
Сегізінші арал.   Достық әлемінің  пердесін достық жайлы әнмен жабайы қ. Хор. «Жан досым» Iздегенде табылатын қасымнан,  Көңiлi бар қызгалдақтай ашылған.  Көрпесек, сағыныштан жүдейтiн  Кiм бар жақын бала күнгi досымнан.  Жан досым үстем болсын мерейiң  Әрқашан жеңiсiңдi көрейiн.  Сырымыз да бiтпесiн,  Жырымыз да бiтпесiн,  Жырымыз да бiтпесiн.  Қос бұтағы секілденiп ағаштың -  Қатар тұрып гүлiмiздi сан аштық.  Жол тапсақ бiз - бiрге жүрiп жол таптық,  Адассақ та, бiрге жүрiп адастық.  Жан досым үстем болсын мерейiң  Әрқашан жеңiсiңдi көрейiн.  Сырымыз да бiтпесiн,  Жырымыз да бiтпесiн,  Жырымыз да бiтпесiн.  Өмiр өзi арқамызға жүк салып,  Бәрiмiздi қияларға жұмсады.  Қатар ұшқан құсқа ұқсадық әлде бiз  Қатар жанған қос жұлдызға ұқсадық.  Жан досым үстем болсын мерейiң  Әрқашан жеңiсiңдi көрейiн.  Сырымыз да бiтпесiн,  Жырымыз да бiтпесiн,  Жырымыз да бiтпесiн.  Сегізінші аралда тұратын досымыздың тапсырмасын орындадық, енді ол досымызды бізге қонаққа шақырамыз.

Қ о р ы т ы н д ы с ө з . – Б а л а л а р , о с ы м е н б із д ің т ә р б и е с а ғ а т ы м ы з ө з м ә р е с ін е ж

16 слайд
Қ о р ы т ы н д ы с ө з .  – Б а л а л а р , о с ы м е н б із д ің т ә р б и е с а ғ а т ы м ы з ө з м ә р е с ін е ж е т т і. Б із б ү г ін г і м а қ с а т ы м ы з ғ а ж е т т ік д е п о й л а й м ы н . Ә р қ а ш а н д о с т ы қ т ы б а ғ а л а й т ы н а з а м а т б о л ы п ө с у л е р ің д і т іл е й м ін . Қ о ш с а у б о л ы ң ы з д а р !