Тіл алфабиті. Синтаксис 6-сынып информатика презентация
Тіл алфабиті. Синтаксис 6-сынып информатика презентация

#1 слайд
ТІЛ АЛФАВИТІ.
СИНТАКСИС
22.01.2025
1 слайд
ТІЛ АЛФАВИТІ. СИНТАКСИС 22.01.2025
#2 слайд
Бүгін үйренеміз
ТІЛ АЛФАВИТІ. СИНТАКСИС ;
Python тіліндегі сызықтық
алгоритмдерді жазу
2 слайд
Бүгін үйренеміз ТІЛ АЛФАВИТІ. СИНТАКСИС ; Python тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу
#3 слайд
Кез келген тілді үйрену оның алфавитін
үйренуден басталады. Әріптерден сөз, сөздерден
сөйлем құралатыны сияқты программалау
тілінің де өз алфавиті бар.
Python тілінің алфавитімен танысайық
3 слайд
Кез келген тілді үйрену оның алфавитін үйренуден басталады. Әріптерден сөз, сөздерден сөйлем құралатыны сияқты программалау тілінің де өз алфавиті бар. Python тілінің алфавитімен танысайық
#4 слайд
Латын әрпінің үлкен және
кіші әріптері
А, В, С,...,Х, У, Z, a, b, c, ..., x, y, z
Араб цифрлары
Арнайы символдар
Қызметтік сөздер
0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9
Арифметикалық амалдардың таңбалары (+,
–, *, / ), тыныс белгілер, жақша және т.б.
for, if, class, def, print, input және т.б.
Python тілінің алфавиті
4 слайд
Латын әрпінің үлкен және кіші әріптері А, В, С,...,Х, У, Z, a, b, c, ..., x, y, z Араб цифрлары Арнайы символдар Қызметтік сөздер 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 Арифметикалық амалдардың таңбалары (+, –, *, / ), тыныс белгілер, жақша және т.б. for, if, class, def, print, input және т.б. Python тілінің алфавиті
#5 слайд
Айнымалы – мәні мен типі бар шама. Программамен жұмыс
барысында айнымалылардың мәнін өзгертіп отыруға болады.
Идентификаторлар (айнымалылар атауы) – әріппен
басталатын цифрлар мен әріптер тізбегі. Идентификатор
латын әріптерінен, төменгі сызу таңбасы _k1 және 0 мен 9
арасындағы цифрлардан құралады. Мысалы, A, s25, a1b88,
tri_plus_dv, zzz. Python-ның әріптер регистрі үлкен және кіші
әріптерге ажыратылып берілген. Мысалы, komp1 және
KOMP1 – екеуі екі түрлі айнымалыға жатады. Программада
қолданылатын айнымалыларды идентификатор деп атайды.
5 слайд
Айнымалы – мәні мен типі бар шама. Программамен жұмыс барысында айнымалылардың мәнін өзгертіп отыруға болады. Идентификаторлар (айнымалылар атауы) – әріппен басталатын цифрлар мен әріптер тізбегі. Идентификатор латын әріптерінен, төменгі сызу таңбасы _k1 және 0 мен 9 арасындағы цифрлардан құралады. Мысалы, A, s25, a1b88, tri_plus_dv, zzz. Python-ның әріптер регистрі үлкен және кіші әріптерге ажыратылып берілген. Мысалы, komp1 және KOMP1 – екеуі екі түрлі айнымалыға жатады. Программада қолданылатын айнымалыларды идентификатор деп атайды.
#6 слайд
Кейбір атауларды программалау
барысында айнымалы ретінде қолдануға
болмайды. Мұндай сөздер қызметтік
сөздер деп аталады. Мысалы: for, if, class,
def және т.б
Қызметтік сөздер
6 слайд
Кейбір атауларды программалау барысында айнымалы ретінде қолдануға болмайды. Мұндай сөздер қызметтік сөздер деп аталады. Мысалы: for, if, class, def және т.б Қызметтік сөздер
#7 слайд
Python тілінің синтаксисі
Программадағы жолдардың соңына нүкте мен үтір қою міндетті
емес.
Бірнеше команданы бір жолда нүктелі үтір (;) арқылы жазуға
болады.
Программа жазу барысында басқа программалау тілдеріндегідей
begin..end және {..} жақшалар қолданылмайды.
Керек болған жағдайда ондай жақшалардың орнына 4 бос орын
немесе табуляция қойылады.
7 слайд
Python тілінің синтаксисі Программадағы жолдардың соңына нүкте мен үтір қою міндетті емес. Бірнеше команданы бір жолда нүктелі үтір (;) арқылы жазуға болады. Программа жазу барысында басқа программалау тілдеріндегідей begin..end және {..} жақшалар қолданылмайды. Керек болған жағдайда ондай жақшалардың орнына 4 бос орын немесе табуляция қойылады.
#8 слайд
Сызықтық алгоритм (программа)
дегеніміз – тармақталу, қайталану
әрекеттері жоқ, әрекеттердің тізбектей
орындалуын сипаттайтын алгоритм.
8 слайд
Сызықтық алгоритм (программа) дегеніміз – тармақталу, қайталану әрекеттері жоқ, әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм.
#9 слайд
9 слайд
шағым қалдыра аласыз













