Материалдар / Тренинг "Сенiмдiлiк-серiгiм"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тренинг "Сенiмдiлiк-серiгiм"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың өзін тану арқылы, өзіндік бағалауын қалыптастыру,стресстi жеңе білуге жол көрсету
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Мамыр 2020
562
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
img_page_1
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Тренингтің тақырыбы: “ Сенімділік-серігім” О.Жандосов атындағы орта мектебінің педагог-психологы: Б.Е.Байконырова

1 слайд
Тренингтің тақырыбы: “ Сенімділік-серігім” О.Жандосов атындағы орта мектебінің педагог-психологы: Б.Е.Байконырова

Мақсаты: Оқушылардың өзін тану арқылы, өзіндік бағалауын қалыптастыру, стрессті жеңуге жол көрсету.

2 слайд
Мақсаты: Оқушылардың өзін тану арқылы, өзіндік бағалауын қалыптастыру, стрессті жеңуге жол көрсету.

Тренинг барысы: 1.Сәлемдесу. 1.«Мен қалаған есім» жаттығуы 3.Тест «Сіз қандай екенсіз?» 4.«Қатаю,күштену» жаттығуы. 5.«Стрессті

3 слайд
Тренинг барысы: 1.Сәлемдесу. 1.«Мен қалаған есім» жаттығуы 3.Тест «Сіз қандай екенсіз?» 4.«Қатаю,күштену» жаттығуы. 5.«Стрессті қалай жеңуге болады?» 6.Ақ тілек-асыл жүректен!

Сәлемдесу

4 слайд
Сәлемдесу

Құрметті мектеп түлектері! Бүгін сіздердің көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйласт

5 слайд
Құрметті мектеп түлектері! Бүгін сіздердің көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға, ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.

2.«Мен қалаған есім»

6 слайд
2.«Мен қалаған есім»

Ойын ережесі: Оқушылар өзінің жақындарының, өзін қалай шақырғанын ұнатады? 1. Ата - анаңның қалай атағаны ұнайды? 2. Сыныптаст

7 слайд
Ойын ережесі: Оқушылар өзінің жақындарының, өзін қалай шақырғанын ұнатады? 1. Ата - анаңның қалай атағаны ұнайды? 2. Сыныптастарыңның қалай атағаны ұнайды? 3. Мұғалімнің қалай атағаны ұнайды? 4. Достарыңның қалай атағаны ұнайды?

3.Тест «Сіз қандай екенсіз?»

8 слайд
3.Тест «Сіз қандай екенсіз?»

Ағаштардың бірін таңдап алыңыз.Әрине, қайсысы көзіңізге ерекше түсті, соның реттік нөміріне қараңыз.

9 слайд
Ағаштардың бірін таңдап алыңыз.Әрине, қайсысы көзіңізге ерекше түсті, соның реттік нөміріне қараңыз.  

Ағашты таңдап болсаңыз, өзіңіз жайлы мына психологиялық тестпен танысыңыз. Сіз қандай екенсіз? 1. Жомарт және адамгершілігі жоғ

10 слайд
Ағашты таңдап болсаңыз, өзіңіз жайлы мына психологиялық тестпен танысыңыз. Сіз қандай екенсіз? 1. Жомарт және адамгершілігі жоғары жансыз.  Сіз үнемі үздік болуға талпынасыз. Кеудемсоқтық қасиетіңіз де жоқ емес. Жұрт сырттай сізбен тіл табысу қиын деп түсінеді. Олай емес, тек сіз өзіңізбен-өзіңдің табысуыңыз оңай шаруа емес. Сіз үнемі белсенді жұмыс атқарасыз. Бірақ өзімшіл емессіз. Сіз өз әлеміңізді әдемілендіру үшін тынбай жұмыс жасайсыз. Сіз біреуді жаныңызға жара салғанша жақсы көресіз. Ал содан кейін... содан кейін де жақсы көруден танбайсыз. Сіздің ісіңіздің қадіріне жетіп жүрген жандар аздау. 2. Еліктіргіш және шыншыл адамсыз.  Сіз біреуге көмектесуге қашан да даяр тұратын жауапкершілігі жоғары жансыз. Сіз адал жұмыс жасауды жақсы көресіз. Қандай да бір жұмысты өз міндетіңізге алудан қашпайсыз. Сіздің мінезіңіз көпке ұнамды. Сізде үнемі көптің көңілінен шығатын қызықты әңгіме таусылмайды.  3. Ақылды және ойшыл жансыз.  Сіз сөзсіз ой адамысыз. Сіздің идеяңыз бен ойларыңыз өте маңызды. Сіз жалғыз қалғанда көп ойға берілесіз. Өзіңіздей үнемі ой үстінде жүретін жандармен сұхбат құрудан қашпайсыз. Сіз өзіңіз дұрыс деп жасаған нәрсені жасайсыз. Оған көпшілік бір ауыздан келісе қоймауы да мүмкін. 

4. Зерек жансыз. Сіз өз ортаңызда сирек кездесетін жалғыз адамсыз. Сізбен қатар тұрар жан жоқ. Тіпті сізбен салыстыруға тұрар

11 слайд
4. Зерек жансыз.  Сіз өз ортаңызда сирек кездесетін жалғыз адамсыз. Сізбен қатар тұрар жан жоқ. Тіпті  сізбен салыстыруға тұрарлық жан да... Сізді көбі дұрыс түсіне бермейді. Сондықтан ондай жандардың ісі сізді үнемі ренжітеді. Сізге жеке кеңістік құру қажет. Шығармашылығыңызды байыта түсіңіз. Өйткені жұрт сізді шығармашылығыңыз үшін де қадірлейді.  5. Сенімді жансыз.  Сіз тәуелсіз жансыз. "Бәрін өзім жасаймын" деген қағиданы ұстанасыз. Тек өзіңізге ғана сенесіз. Сіз жақындарыңыз үшін қалай сенімді болудың құпиясын білесіз. Жұрттардан бар тілеріңіз - олардың сізге адал болуы. Өйткені сіз адал адамдарды бағалайсыз, шындықты сүйесіз.  6. Мейірімді және сезімтал жансыз.  Сіз адамдармен оңай қарым- қатынас орнатасыз. Досыңыздың саны көп. Олардың өмірін жақсарту үшін қолыңыздан келгенін аянып қалмайсыз. Сіз бар жерде кейбіреулер өздерін артық сезінеді. Сіз махаббатқа сенесіз, онсыз өмірдің мәні жоқ деп ұғасыз. 

7. Бақытты және өзін-өзі еркін билейтін жансыз. Сіз адамдарды айтқызбай-ақ ұғатын кішіпейіл адамсыз. Әр адам өмірде өз жолын

12 слайд
7. Бақытты және өзін-өзі еркін билейтін жансыз.  Сіз адамдарды айтқызбай-ақ ұғатын кішіпейіл адамсыз. Әр адам өмірде өз жолын салуы керек деп түсінесіз. Сіз кез келген шараны, оқиғаны да қорқынышсыз қарсы аласыз. Көп мазаланатыныңыз тағы бар. Үнемі бос уақытты тиімді өткізесіз.  8. Әдемі және қайратты жансыз.  Сіз көңілді де күлдіргі адамдардың қатарынансыз. Егер әңгіме қандай да бір оқиға жайында өрбіп жатса, үнемі "Қолдаймын" деп қол көтеруге дайын жүресіз. Сіз таңқалудан да, таңдандырудан да жалықпайсыз. Бәрін біліп алғыңыз келіп тұрады. Егер сізге бір нәрсе қызық болса, соның жай- жапсарын анықтағанша байыз таппайсыз.  9. Жолы болғыш адамсыз. Сіз үшін өмір - сыйлық. Сол сыйлықты сәтті пайдалану керектігімен бас қатырасыз. Өмірде қолыңыз жеткен жетістікпен марқаясыз. Жаныңызға жақын жанмен бар қуанышты бөлісуге әзір тұрасыз. Кешіре де, кешірім сұрай да аласыз.   

4.«Қатаю,күштену» жаттығуы.

13 слайд
4.«Қатаю,күштену» жаттығуы.

Мақсаты: Қатаюдан арылудың тәсілдерін оқыту. Нұсқау: Қазір біз сіздермен жарысамыз. Газет парағын алыңыздар, оны мыжығанда б

14 слайд
Мақсаты: Қатаюдан арылудың тәсілдерін оқыту. Нұсқау: Қазір біз сіздермен жарысамыз. Газет парағын алыңыздар, оны мыжығанда бүкіл күшіңізді салыңыз. Алысырақ тастаңыз. Талдау: Өзіңізді қалай сезінесіз? Өз қатаю сезіміңізден арылдыңыз ба? Жаттығуға дейінгі, кейінгі сезімдер.

5.«Стрессті қалай жеңуге болады?»

15 слайд
5.«Стрессті қалай жеңуге болады?»

Ойын ережесі: 2 шарды аламыз.Бір шарды үрлеп,жарамыз,ал екінші шарды үрлеп,сосын ішіндегі желін біртіндеп шығарамыз. Соңынан

16 слайд
Ойын ережесі: 2 шарды аламыз.Бір шарды үрлеп,жарамыз,ал екінші шарды үрлеп,сосын ішіндегі желін біртіндеп шығарамыз. Соңынан: Оқушылар өзінің түйгенін баяндайды.

Ақ тілек-асыл жүректен! Үлкен өмірге қанат қағып барасың. Қанатың талмасын,биіктерге шырқа! Жоғарғы оқу орнына оқуға түсіп,студ

17 слайд
Ақ тілек-асыл жүректен! Үлкен өмірге қанат қағып барасың. Қанатың талмасын,биіктерге шырқа! Жоғарғы оқу орнына оқуға түсіп,студенттік дәуірді қызықты өткізіп,аброймен бітіруге тілектеспін! Таңдаған мамандығыңның мықты маманы,кәсіпқойы бол!

Қатысқандарыңа рахмет!

18 слайд
Қатысқандарыңа рахмет!