Түстер әлеміне саяхат
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
ТҮСТЕР
ӘЛЕМІНДЕ
ФИЗИКА 9 СЫНЫП
ТАНЫМДЫҚ САБАҚ
1 слайд
ТҮСТЕР ӘЛЕМІНДЕ ФИЗИКА 9 СЫНЫП ТАНЫМДЫҚ САБАҚ
2 слайд
Дисперсия
«1666 жылы шыны өңдеп жүрген
болатынмын. Мен түске қатысты белгілі
құбылыстарды тексеру үшін үшбұрышты
шыны призманы тауып алдым. Осы
мақсатта мен өзімнің бөлмемді
қараңғыладым да күн сәулесін өткізу
үшін жақтауға өте кішкене саңылау
жасадым. Осы саңылауға мен призманы
одан сынған сәуле қарсы қабырғаға
түсетін етіп орналастырдым. Осындай
жолмен алынған түрлі түсті және
күшейтілген түстерді қарау маған өте
үлкен қанағаттандыру сезімін тудырды».
Жарық көзінен шығып, призма арқылы
өткенде пайда болған әртүрлі түстерден
тұратын жолақтарды Ньютон спектр
( spektrum - көру) деп атады.
2 слайд
Дисперсия «1666 жылы шыны өңдеп жүрген болатынмын. Мен түске қатысты белгілі құбылыстарды тексеру үшін үшбұрышты шыны призманы тауып алдым. Осы мақсатта мен өзімнің бөлмемді қараңғыладым да күн сәулесін өткізу үшін жақтауға өте кішкене саңылау жасадым. Осы саңылауға мен призманы одан сынған сәуле қарсы қабырғаға түсетін етіп орналастырдым. Осындай жолмен алынған түрлі түсті және күшейтілген түстерді қарау маған өте үлкен қанағаттандыру сезімін тудырды». Жарық көзінен шығып, призма арқылы өткенде пайда болған әртүрлі түстерден тұратын жолақтарды Ньютон спектр ( spektrum - көру) деп атады.
3 слайд
Бұл эксперименттің бір
ерекшелігі Ньютонды таң қалдырды.
Жарық призмадан неге боялып
шығады? Және дөңгелек саңылаудан
түскен шоқ призмадан сынып
шыққаннан кейін неге жолақ түріне
енеді? Ньютон сәуле шоғының
ұзындығын оның енімен
салыстырып, оның ұзындығының
енінен 5 есе артық екендігін тапты.
Мұны түсіндіру өте қиын болды.
Бірақ Ньютон күн спектрінің әр
түсін басқалардан жеке бөліп алып,
оны екінші призмадан сынуға
мәжбүр етті. Бұл жағдайда ол
әртүрлі түстердің әрқалай
сынатынын байқады. Мысалы қызыл
түс басқаларға қарағанда әлсіз, ал
күлгін түс басқаларға қарағанда
күшті сынады.
3 слайд
Бұл эксперименттің бір ерекшелігі Ньютонды таң қалдырды. Жарық призмадан неге боялып шығады? Және дөңгелек саңылаудан түскен шоқ призмадан сынып шыққаннан кейін неге жолақ түріне енеді? Ньютон сәуле шоғының ұзындығын оның енімен салыстырып, оның ұзындығының енінен 5 есе артық екендігін тапты. Мұны түсіндіру өте қиын болды. Бірақ Ньютон күн спектрінің әр түсін басқалардан жеке бөліп алып, оны екінші призмадан сынуға мәжбүр етті. Бұл жағдайда ол әртүрлі түстердің әрқалай сынатынын байқады. Мысалы қызыл түс басқаларға қарағанда әлсіз, ал күлгін түс басқаларға қарағанда күшті сынады.
4 слайд
Эксперимент жарықтың призмадан сынғанда ұзынша
болатынын түсіндірді. Бұл эксперимент ақ түстің күрделі
түс екенін көрсетті. Ол негізгі жеті түстен тұрады: қызыл,
қызғылт сары, сары, жасыл, көк, көгілдір және күлгін.
4 слайд
Эксперимент жарықтың призмадан сынғанда ұзынша болатынын түсіндірді. Бұл эксперимент ақ түстің күрделі түс екенін көрсетті. Ол негізгі жеті түстен тұрады: қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көк, көгілдір және күлгін.
5 слайд
Дисперсия
1) күрделі ақ түсті спектрге ажырату құбылсы
2) заттың сыну көрсеткішінің түсетін жарықтың толқын
ұзындығына тәуелділігі
5 слайд
Дисперсия 1) күрделі ақ түсті спектрге ажырату құбылсы 2) заттың сыну көрсеткішінің түсетін жарықтың толқын ұзындығына тәуелділігі
6 слайд
6 слайд
7 слайд
Дисперсия құбылысының ашылуы кемпірқосақ құбылысын
түсіндіруге көмектеседі. Жарықтың су тамшыларында немесе
атмосферадағы мұз қабыршақтарында сыну күн сәулесінің суда
немесе мұзда жіктелу дисперсиясының нәтижесі сияқты болады.
7 слайд
Дисперсия құбылысының ашылуы кемпірқосақ құбылысын түсіндіруге көмектеседі. Жарықтың су тамшыларында немесе атмосферадағы мұз қабыршақтарында сыну күн сәулесінің суда немесе мұзда жіктелу дисперсиясының нәтижесі сияқты болады.
8 слайд
Ақ жарық құрылымының күрделі екендігін біле отырып,
табиғаттағы неше түрлі тамаша бояуларды түсіндіруге
болады. Егер нәрсе, мысалы, парақ қағаз, өзіне түсетін әр
түсті с ә улелердің барлығын шағылдырса, онда ол ақ сияқты
болады. Қағазды қызыл бояумен боясақ, біз басқа бір түсті
жарық шығармаймыз, бірақ бар түстің біразын қағазбен
ұстап қаламыз. Енді тек қызыл сәулелер ғана шағылады,
қалғандарын қағаздағы бояу жұтып алады. Шөп және
ағаштардың жапырақтары жасыл болып көрінетін себебі,
өздеріне түскен Күн сәулелерінің ішінен олар тек
жасылдарын ғана шағындырады, қалғандарын жұтып
алады. Егер шөпке, қызыл сәулелерді ғана өткізіп, қызыл
шыны арқылы қарасақ, онда шөп қарауытып көрінеді.
Ньютон ашқан дисперсия құбылысы түстердің табиғатын
түсінуге жасалған алғашқы қадам.
8 слайд
Ақ жарық құрылымының күрделі екендігін біле отырып, табиғаттағы неше түрлі тамаша бояуларды түсіндіруге болады. Егер нәрсе, мысалы, парақ қағаз, өзіне түсетін әр түсті с ә улелердің барлығын шағылдырса, онда ол ақ сияқты болады. Қағазды қызыл бояумен боясақ, біз басқа бір түсті жарық шығармаймыз, бірақ бар түстің біразын қағазбен ұстап қаламыз. Енді тек қызыл сәулелер ғана шағылады, қалғандарын қағаздағы бояу жұтып алады. Шөп және ағаштардың жапырақтары жасыл болып көрінетін себебі, өздеріне түскен Күн сәулелерінің ішінен олар тек жасылдарын ғана шағындырады, қалғандарын жұтып алады. Егер шөпке, қызыл сәулелерді ғана өткізіп, қызыл шыны арқылы қарасақ, онда шөп қарауытып көрінеді. Ньютон ашқан дисперсия құбылысы түстердің табиғатын түсінуге жасалған алғашқы қадам.
9 слайд
9 слайд
10 слайд
Дисперсияның екі түрі белгілі:
1) Қалыпты дисперсия - ортаның сыну
көрсеткіші толқын ұзындығына кері
пропорционал
2) Аномальді дисперсия – ортаның сыну
көрсеткіші толқын ұзындығына тура
пропорционал.
10 слайд
Дисперсияның екі түрі белгілі: 1) Қалыпты дисперсия - ортаның сыну көрсеткіші толқын ұзындығына кері пропорционал 2) Аномальді дисперсия – ортаның сыну көрсеткіші толқын ұзындығына тура пропорционал.
11 слайд
1) Егер тербеліс жиілігі артқанда, яғни толқын ұзындығы
кемігенде сыну көрсеткіші артатын болса, онда
дисперсияны қалыпты деп атайды.
2) Егер тербеліс жиілігі артқанда, яғни толқын ұзындығы
кемігенде сыну көрсеткіші кемісе, онда дисперсияны
аномальді деп аталады.
11 слайд
1) Егер тербеліс жиілігі артқанда, яғни толқын ұзындығы кемігенде сыну көрсеткіші артатын болса, онда дисперсияны қалыпты деп атайды. 2) Егер тербеліс жиілігі артқанда, яғни толқын ұзындығы кемігенде сыну көрсеткіші кемісе, онда дисперсияны аномальді деп аталады.
12 слайд
Қалыпты және аномальді
дисперсиялардың графиктері
Қалыпты дисперсия Аномальді дисперсия
12 слайд
Қалыпты және аномальді дисперсиялардың графиктері Қалыпты дисперсия Аномальді дисперсия
13 слайд
ТОЛЫҚТАУЫШ ТҮСТЕР
Бір –біріне қосқанда ақ жарық беретін түстерді
Ньютон толықтауыш түстер деп атаған.
13 слайд
ТОЛЫҚТАУЫШ ТҮСТЕР Бір –біріне қосқанда ақ жарық беретін түстерді Ньютон толықтауыш түстер деп атаған.
14 слайд
Түстерді қабылдау
психологиясы —
адамның түстерді
теңестіру-ұқсату арқылы қабылдап,
атау қабілеті.
Адамның таңдаған түсі көп
мәліметті беріп тұрады.
Мәселен, адам жасын,
мәдениет деңгейін, білімін,
ерекшеліктерін, мінезін жиі
қолданатын түске қарап–ақ
байқауға болады.
14 слайд
Түстерді қабылдау психологиясы — адамның түстерді теңестіру-ұқсату арқылы қабылдап, атау қабілеті. Адамның таңдаған түсі көп мәліметті беріп тұрады. Мәселен, адам жасын, мәдениет деңгейін, білімін, ерекшеліктерін, мінезін жиі қолданатын түске қарап–ақ байқауға болады.
15 слайд
Қызыл түс адамның энергияға толы
екенін көрсетеді.
Өмірлік күшті, белсенділікті, нәтиже,
сәттілікке қол жеткізу үшін
барлық мүмкін болған талпынысты,
бейімділікті, албырттықты, жеңіске деген
жігерді, құлшынысты білдіреді.
Бұл түсті таңдағандар –
кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын,
күрескер, батыл адамдар
15 слайд
Қызыл түс адамның энергияға толы екенін көрсетеді. Өмірлік күшті, белсенділікті, нәтиже, сәттілікке қол жеткізу үшін барлық мүмкін болған талпынысты, бейімділікті, албырттықты, жеңіске деген жігерді, құлшынысты білдіреді. Бұл түсті таңдағандар – кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын, күрескер, батыл адамдар
16 слайд
Қызғылт сары түс – еркіндіктің нышаны.
Бұл түсті таңдағандар – белгілі бір жүктелетін
міндеттен ада болғысы келеді.
Ештеңеге араласқысы келмейді,
көпшілік ортаны ұнатпайды.
Ортада оның бары, жоғы байқала бермейді.
Адамдар оларды тез жалықтырғыш,
іш пыстыратын жаратылыс ретінде қабылдайды .
16 слайд
Қызғылт сары түс – еркіндіктің нышаны. Бұл түсті таңдағандар – белгілі бір жүктелетін міндеттен ада болғысы келеді. Ештеңеге араласқысы келмейді, көпшілік ортаны ұнатпайды. Ортада оның бары, жоғы байқала бермейді. Адамдар оларды тез жалықтырғыш, іш пыстыратын жаратылыс ретінде қабылдайды .
17 слайд
Сары түс – жеңілдік пен қуанышты,
сабырсыздықты, нұр сәулені білдіреді.
Қуаныштың, күн шапағатының нышаны.
Сары түс адамды болашаққа
бағыттайды,
жаңалыққа талпындырады,
заманауилыққа, дамушылыққа құштар
етеді.
Бұл түсті таңдаған кез келген адам
қиындықты тезірек жеңуге құлшынып,
тезірек босап шығудың амалын іздеп
тұрады. Өзгерісті жиі қалап тұрады,
сары түске құмар адамға тұрақсыздық
тән.
17 слайд
Сары түс – жеңілдік пен қуанышты, сабырсыздықты, нұр сәулені білдіреді. Қуаныштың, күн шапағатының нышаны. Сары түс адамды болашаққа бағыттайды, жаңалыққа талпындырады, заманауилыққа, дамушылыққа құштар етеді. Бұл түсті таңдаған кез келген адам қиындықты тезірек жеңуге құлшынып, тезірек босап шығудың амалын іздеп тұрады. Өзгерісті жиі қалап тұрады, сары түске құмар адамға тұрақсыздық тән.
18 слайд
Жасыл түс – еркіндікке деген жігерлікті,
табандылықты, мақсаткерлікті,
өзімшілдікті, «Мен» деп өзіне жоғары баға
берушілікті білдіреді.
Бұл түсті таңдағандар – өзінің
құндылығына деген сенімді
жоғарылатқысы келетіндер,
айналасындағы адамдардан мақтаулар,
жақсы пікірлер күтетін адмадар.
Сондай-ақ, бұл түс тәкаппарлықтың
нышаны.
18 слайд
Жасыл түс – еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты, мақсаткерлікті, өзімшілдікті, «Мен» деп өзіне жоғары баға берушілікті білдіреді. Бұл түсті таңдағандар – өзінің құндылығына деген сенімді жоғарылатқысы келетіндер, айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер күтетін адмадар. Сондай-ақ, бұл түс тәкаппарлықтың нышаны.
19 слайд
Көк түс – жан тыныштығын, молшылықты,
татулықты білдіреді.
Ол адамдар мен қоғамды байланыстыратын
негізгі дәнекер іспетті, бірлік, көпшілдік сезімнің,
сенімнің түсі.
Сондай–ақ, көк түсті ұнататындар өкпелегіш,
сары уайымға салынғыш болып келеді.
Әсіресе, көк түсті молшылықтың нышаны
болғандықтан семіз келген адамдар ұнатады.
Көк түсті таңдағандар – тыныш ортаны,
мазасыздық пен сотқарлықтан, келіспеушіліктен
алыс болуды қалайтындар.
Олар бір-біріне деген сенімді қалайды және
өзгелердің де оларға сенуіне әбден болады.
19 слайд
Көк түс – жан тыныштығын, молшылықты, татулықты білдіреді. Ол адамдар мен қоғамды байланыстыратын негізгі дәнекер іспетті, бірлік, көпшілдік сезімнің, сенімнің түсі. Сондай–ақ, көк түсті ұнататындар өкпелегіш, сары уайымға салынғыш болып келеді. Әсіресе, көк түсті молшылықтың нышаны болғандықтан семіз келген адамдар ұнатады. Көк түсті таңдағандар – тыныш ортаны, мазасыздық пен сотқарлықтан, келіспеушіліктен алыс болуды қалайтындар. Олар бір-біріне деген сенімді қалайды және өзгелердің де оларға сенуіне әбден болады.
20 слайд
Күлгін түс - адамның тілегені мен қиялындағысы
ақиқатқа айналады деген үміттің нышаны.
Асыл арман мен көркем қиялдың түсі.
Бұл түсті таңдағандар тек өзгелерді таң қалдырғысы
немесе сүйсіндіргісі келмейді, өзін де таң
қалдырғандығын қалайды.
Сондай–ақ, бұл түсті мектеп оқушылары таңдап
жатады.
Оларға әлем сиқырлы, бар нәрсеге қол жеткізуге
болатындай болып көрінеді.
20 слайд
Күлгін түс - адамның тілегені мен қиялындағысы ақиқатқа айналады деген үміттің нышаны. Асыл арман мен көркем қиялдың түсі. Бұл түсті таңдағандар тек өзгелерді таң қалдырғысы немесе сүйсіндіргісі келмейді, өзін де таң қалдырғандығын қалайды. Сондай–ақ, бұл түсті мектеп оқушылары таңдап жатады. Оларға әлем сиқырлы, бар нәрсеге қол жеткізуге болатындай болып көрінеді.
21 слайд
21 слайд