Туған жер
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
Құндылығы: Сүйіспеншілік
Қасиеттері: Бәрін жақсы көру,
табиғатты аялай білу, татулық
1 слайд
Құндылығы: Сүйіспеншілік Қасиеттері: Бәрін жақсы көру, табиғатты аялай білу, татулық
2 слайд
Тақырыбы: Туған жер ғажаптары.
2 слайд
Тақырыбы: Туған жер ғажаптары.
3 слайд
Мақсаты: Оқушыларға «Отан», «Туған жер»
ұғымдарының маңыздылығын түсіндіру арқылы,
сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу
Міндеттері:
1. Білімділік: Оқушыларды айналасындағы бәрін жақсы
көруге үйрету
2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы достық
қасиеттерін дамыту
3. Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты аялай білуге
тәрбиелеу
3 слайд
Мақсаты: Оқушыларға «Отан», «Туған жер» ұғымдарының маңыздылығын түсіндіру арқылы, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу Міндеттері: 1. Білімділік: Оқушыларды айналасындағы бәрін жақсы көруге үйрету 2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы достық қасиеттерін дамыту 3. Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты аялай білуге тәрбиелеу
4 слайд
4 слайд
5 слайд
Нұрға
бөлену
5 слайд
Нұрға бөлену
6 слайд
1.Үй тапсырмасын тексеру.
1. №26 – сабақ. Жұмыс дәптердегі 1 – тапсырманы орындау.
2. Келесі сабақ. №27, «Күн мен гүлдер» мәтінін оқып келу.
Сұрақтар:
1.Гүлдерді, шөптерді кім оятады?
2.Шаттанған гүлдердің айналасындағыларға әсері
қандай?
3.Осы гүлдердің қандай қасиеттері адам бойынан
табылады?
4.Бұл әңгімеден не түсіндіңіздер?
6 слайд
1.Үй тапсырмасын тексеру. 1. №26 – сабақ. Жұмыс дәптердегі 1 – тапсырманы орындау. 2. Келесі сабақ. №27, «Күн мен гүлдер» мәтінін оқып келу. Сұрақтар: 1.Гүлдерді, шөптерді кім оятады? 2.Шаттанған гүлдердің айналасындағыларға әсері қандай? 3.Осы гүлдердің қандай қасиеттері адам бойынан табылады? 4.Бұл әңгімеден не түсіндіңіздер?
7 слайд
1.Сабақтың дәйексөзі.
Оқушыларға 3 рет айтқызып, дәптерге жаздырту.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Халық мақалы
Сұрақтар:
1. Өздеріңнің туған жерлерің несімен көрікті деп
ойлайсыңдар?
2. Отанымыз Қазақстанның қандай көрікті жерлерін
білесіңдер?
3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
7 слайд
1.Сабақтың дәйексөзі. Оқушыларға 3 рет айтқызып, дәптерге жаздырту. Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. Халық мақалы Сұрақтар: 1. Өздеріңнің туған жерлерің несімен көрікті деп ойлайсыңдар? 2. Отанымыз Қазақстанның қандай көрікті жерлерін білесіңдер? 3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
8 слайд
Мұғалім сыйы.
«Жүрегіңнің отын сөндірме»
Ертеде бір адам өмір сүріпті. Ол Табиғат Анадан шам жақпас үшін ешқашан
түннің болмауын, пеш жақпас үшін қыстың болмауын өтініп сұрайды№ бірақ,
Табиғат Ана ол адамның өтінішін орындай алмайтындығын айтады. Қатты
ренжіген ол адам оға былай деді:
-Ендеше, мен саған жарық беру үшін ешқашан шам жақпаймын, саған жылу
беру үшін пешті жылытпаймын, үйдің есігін де жаппаймын, - дейді.
Осы айтылғандарды естіп тұрған жаңағы жігіт көршісіне:
-бұл неткен ақылсыз адам, бұл өзінің жаққан шамымен Табиғатқа жарық
беремін, өзінің жаққан отымен Табиғатты жылытамын деп ойлайды екен ғой,
- дейді.
Сонда көршісі:
-Сен де өзіңе соны істеп тұрсың. Сен де өзіңнің жүрегіңнің отын жақпай
тұрсың. Саған өзгелердің жарық түсіргенін, өзгелердің келіп жылытқанын
күтпей, өз жүрегіңнің отын жағып, өзгелерге жарығың мен жылуыңды
сыйласаң, мүмкін өзгелер де өз жолын табуға ұмтылар, - деген екен.
8 слайд
Мұғалім сыйы. «Жүрегіңнің отын сөндірме» Ертеде бір адам өмір сүріпті. Ол Табиғат Анадан шам жақпас үшін ешқашан түннің болмауын, пеш жақпас үшін қыстың болмауын өтініп сұрайды№ бірақ, Табиғат Ана ол адамның өтінішін орындай алмайтындығын айтады. Қатты ренжіген ол адам оға былай деді: -Ендеше, мен саған жарық беру үшін ешқашан шам жақпаймын, саған жылу беру үшін пешті жылытпаймын, үйдің есігін де жаппаймын, - дейді. Осы айтылғандарды естіп тұрған жаңағы жігіт көршісіне: -бұл неткен ақылсыз адам, бұл өзінің жаққан шамымен Табиғатқа жарық беремін, өзінің жаққан отымен Табиғатты жылытамын деп ойлайды екен ғой, - дейді. Сонда көршісі: -Сен де өзіңе соны істеп тұрсың. Сен де өзіңнің жүрегіңнің отын жақпай тұрсың. Саған өзгелердің жарық түсіргенін, өзгелердің келіп жылытқанын күтпей, өз жүрегіңнің отын жағып, өзгелерге жарығың мен жылуыңды сыйласаң, мүмкін өзгелер де өз жолын табуға ұмтылар, - деген екен.
9 слайд
Сұрақтар:
1.Бұл әңгіме не жөнінде айтылған?
2.Әңгімедегі жігіттің іс – әрекетіне қандай баға
бересіңдер?
3.Көршісі өзінің аңызын айту барысында нені түсіндіргісі
келді?
4.Сіз сол жігіттің орнында болсаңыз қандай әрекет жасар
едіңіз?
5.Әңгімеде қай құндылық туралы айтылып жатыр?
9 слайд
Сұрақтар: 1.Бұл әңгіме не жөнінде айтылған? 2.Әңгімедегі жігіттің іс – әрекетіне қандай баға бересіңдер? 3.Көршісі өзінің аңызын айту барысында нені түсіндіргісі келді? 4.Сіз сол жігіттің орнында болсаңыз қандай әрекет жасар едіңіз? 5.Әңгімеде қай құндылық туралы айтылып жатыр?
10 слайд
1 – топ: «Күн».
1 - топқа плакат беріледі. Ол плакаттың дәл ортасында күн бейнесінің
ішінде «Табиғат бізге не береді?» деп жазылған. Оқушылар оның жан -
жағына түрлі «нұр»
таратады. Мысалы: табиғат бізге ішетін тамақ, киетін киім, жұтатын ауа,
сусын, шығармашылық шабыт, қуаныш, дәрі - дәрмек, танып - білу, білім,
қазба байлықтар
Осы сөздер нұр болып таралады. Бұл жерде «соғыс, ашаршылық, табыну»
сөздері жарамайды, сондықтан себетке тастаймыз
2 – топ: «Гүл»
2 - топқа да гүлдің ортасына «Біз табиғатқа не бере аламыз?» деп жазылған
плакат беріледі. Аяушылық, қамқорлық, қорғаныш, аялау, жылылық,
мейірімділік, қайырымдылық махаббат, реніш, қорқыныш, жирену деген
сөздердің ішінен керектісін алып, гүл күлтелерін құрастыру. Керек емес
сөзді себетке тастау.
Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.
Табиғат
бізге не
береді?
Біз табиғатқа
не бере
аламыз?
10 слайд
1 – топ: «Күн». 1 - топқа плакат беріледі. Ол плакаттың дәл ортасында күн бейнесінің ішінде «Табиғат бізге не береді?» деп жазылған. Оқушылар оның жан - жағына түрлі «нұр» таратады. Мысалы: табиғат бізге ішетін тамақ, киетін киім, жұтатын ауа, сусын, шығармашылық шабыт, қуаныш, дәрі - дәрмек, танып - білу, білім, қазба байлықтар Осы сөздер нұр болып таралады. Бұл жерде «соғыс, ашаршылық, табыну» сөздері жарамайды, сондықтан себетке тастаймыз 2 – топ: «Гүл» 2 - топқа да гүлдің ортасына «Біз табиғатқа не бере аламыз?» деп жазылған плакат беріледі. Аяушылық, қамқорлық, қорғаныш, аялау, жылылық, мейірімділік, қайырымдылық махаббат, реніш, қорқыныш, жирену деген сөздердің ішінен керектісін алып, гүл күлтелерін құрастыру. Керек емес сөзді себетке тастау. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс. Табиғат бізге не береді? Біз табиғатқа не бере аламыз?
11 слайд
Топпен ән айту.
Атамекен
Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев
Сөзін жазған: Қадыр Мырза Әлі
Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Маңдайымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем.
Қайырмасы:
Қайда жүрсем атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі қимай оны
Ұясына батады екен.
Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем.
Қайырмасы:
Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Асқар тауын аспаныммен астасқан,
Қазағымның мәртебесі деп білем.
Қайырмасы:
11 слайд
Топпен ән айту. Атамекен Әнін жазған: Ескендір Хасанғалиев Сөзін жазған: Қадыр Мырза Әлі Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем, Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем. Маңдайымнан сипап өткен самалды Қазағымның алақаны деп білем. Қайырмасы: Қайда жүрсем атамекен, Көкейіңде жатады екен. Күннің өзі қимай оны Ұясына батады екен. Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем, Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем. Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін Қазағымның махаббаты деп білем. Қайырмасы: Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем, Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем. Асқар тауын аспаныммен астасқан, Қазағымның мәртебесі деп білем. Қайырмасы:
12 слайд
Үй тапсырмасы.
1.№27 – сабақ. Жұмыс дәптердегі 1 –
тапсырманы орындау.
2.Келесі сабақ. №28, «Армысың,
Алатау» мәтінін оқып келу.
12 слайд
Үй тапсырмасы. 1.№27 – сабақ. Жұмыс дәптердегі 1 – тапсырманы орындау. 2.Келесі сабақ. №28, «Армысың, Алатау» мәтінін оқып келу.
13 слайд
Сабақтың қорытынды сәті.
Тыныс алуға зейін қою.
Баяу музыка қойылады.
Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін.
Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің
ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш
қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа
шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз...,
қолдарыңды тізеге қоюға болады...
Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге
сақтайық.
13 слайд
Сабақтың қорытынды сәті. Тыныс алуға зейін қою. Баяу музыка қойылады. Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз. Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады... Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет! Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.