400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ұлттық ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұмтылып бара жатқан ұлттық ойындарымызды мектепке дейінгі жақтағы балаларға ыңғайлы қайта жаңғырту
Материалдың қысқаша нұсқасы
img_page_1
Слайдтың жеке беттері
Қазақтың ұлттық ойындары

#1 слайд
Қазақтың ұлттық ойындары

1 слайд

Қазақтың ұлттық ойындары

•Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні Қазіргі кезде қазақтың қимыл – қозғалыс, тапқырлық, ептілік, төзімділік, ой - қиял ұшқырлығын

#2 слайд
•Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні Қазіргі кезде қазақтың қимыл – қозғалыс, тапқырлық, ептілік, төзімділік, ой - қиял ұшқырлығына, бірлесіп атқаратын қимылдар үйлестігіне баулитын ойындары тәрбие жүйесіне енгізілген. Олар тек дене шынықтыруға ғана емес, жас ұрпақтың туған халқының өткен жолын, тарихын, тілін, әдет - ғұрпын жақынырақ білуге де жақсы көмектеседі. Қазақтың ұлттық ойындары баланы ұстамдылыққа, белгілі тәртіпті сақтай білуге жаттықтырады және өмірдің жеке ерекшеліктерін күнделікті өмірімен ұштастырады. Сондықтан да қазақтың халық педагогикасы бала неғұрлым жастайынан әдепке, дәстүрлік танымдарға машықтандырылса, ол болашағына жалғаса кететін көрегендік деп тұжырым жасайды. Осы орайда «ана көрген тон пішеді, ата көрген оқ жонады» деуінің сыры осында. Балалар ойнайтын ұлттық ойындарда мұның барлық көріністері бірден байқалып тұрады. Егер мұны қай кезде болса да, ретті тұтынып, жол - жосығын дұрыс нұсқап, тиісті бағдарда пайдалана білсе, өзінің игілікті нәтижесін берері хақ. • 

2 слайд

Көкпар Мақсаты: ептілікке, батылдыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу. Ойын барысы: Балалар екі топқа бөлініп, тәрбиеші бір баланың есімі

#3 слайд
Көкпар Мақсаты: ептілікке, батылдыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу. Ойын барысы: Балалар екі топқа бөлініп, тәрбиеші бір баланың есімін атап, оған қапшық көкпарды лақтырады. Көкпарды алған бала белгіленген сөреге дейін жетіп, қайта жүгіріп келуі қажет. Егер жолда оны басқа топтың балалары ұстап алса, көкпарды тартып алуға тырысады. Көкпарды тартып алған бала өз жағына қашады. Егер оған кедергі жасаса, онда ол көкпарын өз тобының баласына лақтырады. Көкпарды алып келген баланың тобына ұпай қосылады.

3 слайд

Бәйге Мақсаты: тездікке, ептілікке, жылдам жүгіруге тәрбиелеу. Ойын барысы: Балалар қатарласып, сызықтың ар жағында тұрады. Тәр

#4 слайд
Бәйге Мақсаты: тездікке, ептілікке, жылдам жүгіруге тәрбиелеу. Ойын барысы: Балалар қатарласып, сызықтың ар жағында тұрады. Тәрбиеші сылдырмақпен белгі берген соң, балалар белгілі жерге жүгіріп (не атта шапқандай секіріп жүріп) барып, қайта қайтуы қажет. Бірінші келген бала жеңімпаз болады.  

4 слайд

Орамал тастамақ Мақсаты: зеректікке, ептілікке, тездікке тәрбиелеу. Ойын барысы: Шеңбер жасап отырған б

#5 слайд
Орамал тастамақ Мақсаты: зеректікке, ептілікке, тездікке тәрбиелеу. Ойын барысы: Шеңбер жасап отырған балалардың ту сыртында қолына орамал ұстаған бір бала жүріп, өзінше білдірмеген болып, біреуінің артына орамалды тастап кетеді. Ол айналып келгенше әлгі бала орамалды көрмесе, ортаға шығып тұрады. Егер көріп қалса, ойын жүргізушіні қуып жетіп, орамалды соған қалдырып, өзі бұрын келіп орнына отыруға тырысады. Жете алмаса, ойынды әрі қарай өзі жүргізеді.

5 слайд

Арқан түю Мақсаты: тездікке, ептілікке баулу. Ойын барысы: Ойнаушылар шеңбер жасап, дөңгелекке тұрғаннан ке

#6 слайд
Арқан түю Мақсаты: тездікке, ептілікке баулу. Ойын барысы: Ойнаушылар шеңбер жасап, дөңгелекке тұрғаннан кейін, қолында арқаны бар ойын жүргізуші топ ортасына шығады да: «Ойынды бастадым», - деп дауыстайды. Содан соң арқанның түйілмеген басынан ұстап шеңбер бойымен айналдырады. Ал ойнаушылар секіріп тұрып, арқанды аяқтарының астынан өткізіп жібереді. Кімде – кім арқанды өткізе алмай, аяғына тигізіп алса, айып тартады. Көпшіліктің ұйғарымымен ортаға шығып, өнер көрсетеді және ойын жүргізушімен орын ауыстырады.

6 слайд

Ақ серек, көк серек Мақсаты: Күштілікке баулу, бірлікке тәрбиелеу. Ойын барысы: Ойынға қ

#7 слайд
Ақ серек, көк серек Мақсаты: Күштілікке баулу, бірлікке тәрбиелеу. Ойын барысы: Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Аралығы 30 - 40 метрдей жерге бір - біріне қарама - қарсы орналасады. Қаз - қатар қол ұстасып тізіліп тұрады. Шарт бойынша ойынды алғаш бастаушы топтың балалары әндете өлең айтады. Ақ серек, көк серек, Бізден сізге кім керек? Екінші топтағылдар: Ақ шанаш, көк шанаш, Ішінде бар көп шанаш Бізге..... бала керек! – деп бір ойыншының атын атайды. Сол кезде аты аталған бала өз тобынан шығып, екпіндей жүгіріп келеді де, қарсы топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады. Егер үзіп кетсе, бір баланы жетелеп апарып, өз тобына қосады. Үзе алмаса, өзі сол топта қалады. Кезек бойынша ойынды екінші топ әлгі әдіспен бастайды.

7 слайд

Ақсүйек Мақсаты: ептілік, жылдамдық және зеректікті арттыру. Ойын барысы: Балалар екі топқа бөлініп, көздерін жауып тұрады. Тәр

#8 слайд
Ақсүйек Мақсаты: ептілік, жылдамдық және зеректікті арттыру. Ойын барысы: Балалар екі топқа бөлініп, көздерін жауып тұрады. Тәрбиеші немесе ойынды жүргізуші бала ақсүйекті лақтырып: «Ал, табыңдар!» - дейді. Балалар көздерін ашып, жан – жаққа іздеуге аттанады. Қай топтың баласы тауып алып келсе, сол топқа бір ұпай беріледі. Ұпайды неғұрлым көп жинаған топ жеңімпаз атанады.

8 слайд

Жалау тартыс (Арқан тартыс) Мақсаты: Күштілікке, бірлікке тәрбиелеу. Ойын барысы: Ойынға 3 - 4 метр мата қажет (не арқан). Балал

#9 слайд
Жалау тартыс (Арқан тартыс) Мақсаты: Күштілікке, бірлікке тәрбиелеу. Ойын барысы: Ойынға 3 - 4 метр мата қажет (не арқан). Балалар екі жаққа бөлініп, бір - біріне қарама – қарсы тұрады. Тәрбиеші белгі берісімен екі топ екі жаққа тартады. Қай топ қарсыласын тартып әкетсе, сол топ жеңімпаз атанады.

9 слайд

Орамал алу Мақсаты: Балалардың музыкалық сезімін дамыту, алғырлыққа тәрбиелеу. Ойын барысы: Балалар үлкен шеңбер бойында бір бі

#10 слайд
Орамал алу Мақсаты: Балалардың музыкалық сезімін дамыту, алғырлыққа тәрбиелеу. Ойын барысы: Балалар үлкен шеңбер бойында бір бірінің соңынан тұрады. Шеңбердің ортасында орамал жатады. Күй ойналған кезде қыздар билейді, ұлдар аттың жүгенін ұстаған болып қимылдайды. Күй тоқтаған кезде шеңбер ортасындағы орамалды алу.

10 слайд

Ұшты – ұшты Мақсаты: тездікке, ептілікке баулу. Ойын барысы: Бастаушы айнала отырған ойыншыл

#11 слайд
Ұшты – ұшты Мақсаты: тездікке, ептілікке баулу. Ойын барысы: Бастаушы айнала отырған ойыншыларды жаңылыстыру үшін тез - тез ұшатын және ұшпайтын заттарды араластыра айтып отырады. Шарт бойынша тек ұшатын зат аталғанда ғана ойыншылар қолдарын көтеруі қажет. Ал егер кімде – кім ұшпайтын зат аталғанда қолын көтеріп қойса, айыбын тартады. Ән салып немесе би билейтін болады.

11 слайд

Материалды PowerPoint форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
485
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі