"Ұлттық құндылықтар - шығармашылық бастауы" шебер-сынып
"Ұлттық құндылықтар - шығармашылық бастауы" шебер-сынып

#1 слайд
№46 “Балбұлақ” бөбекжайы
“Ұлттық құндылықтар
шығармашылық бастауы”
шебер-сынып
Дайындаған: қазақ тілі мұғалімі Елеусизова С.К.
1 слайд
№46 “Балбұлақ” бөбекжайы “Ұлттық құндылықтар шығармашылық бастауы” шебер-сынып Дайындаған: қазақ тілі мұғалімі Елеусизова С.К.
#2 слайд
1 бөлім
Сөз тапқанға – қолқа жоқ
2 слайд
1 бөлім Сөз тапқанға – қолқа жоқ
#3 слайд
“Бір құндылық – бір құрт”
1. Маңғыстау өлкесінде кең көлемде тойланатын мерекелерді
атаңыз.
2. Бала мен ана өмірі байланысындағы құндылықтарды салт-
дәстүрмен атаңыз.
3 слайд
“Бір құндылық – бір құрт” 1. Маңғыстау өлкесінде кең көлемде тойланатын мерекелерді атаңыз. 2. Бала мен ана өмірі байланысындағы құндылықтарды салт- дәстүрмен атаңыз.
#4 слайд
2 бөлім
Ойлан тап
4 слайд
2 бөлім Ойлан тап
#5 слайд
Санамақ – қазақтың жас балаларға арналған ұлттық ойыны. Зеректікті, ептілік пен икемділікті
қажет ететін ойындар қатарына жатады. Сандарды қайталап айтқызу арқылы балаға алғашқы
математикалық дәріс ретінде санауды үйретеміз. Санамақ айтылғанда әр санның атына бір ұқсас
сөз қосылып айтылады. Ал біз оны Шульте әдісіне салып айтуымыз шарт. Шульте кестесі – миды
ынталандыруға арналған ең жақсы қосымшалардың бірі. Оның артықшылығы – шоғырландыруды
жақсарту әрі есте сақтау қабілетін арттыру боп табылады. Сол арқылы зейінді ынталандырып,
шығармашылығымызды жетілдіруге мүмкіндік береді.
5 слайд
Санамақ – қазақтың жас балаларға арналған ұлттық ойыны. Зеректікті, ептілік пен икемділікті қажет ететін ойындар қатарына жатады. Сандарды қайталап айтқызу арқылы балаға алғашқы математикалық дәріс ретінде санауды үйретеміз. Санамақ айтылғанда әр санның атына бір ұқсас сөз қосылып айтылады. Ал біз оны Шульте әдісіне салып айтуымыз шарт. Шульте кестесі – миды ынталандыруға арналған ең жақсы қосымшалардың бірі. Оның артықшылығы – шоғырландыруды жақсарту әрі есте сақтау қабілетін арттыру боп табылады. Сол арқылы зейінді ынталандырып, шығармашылығымызды жетілдіруге мүмкіндік береді.
#6 слайд
6 слайд
#7 слайд
•Қобыз үні
•Бесік жыры
•Ат шабысы
•Тәй-тәй
•Адай күйі
•Құстардың сайрағаны
7 слайд
•Қобыз үні •Бесік жыры •Ат шабысы •Тәй-тәй •Адай күйі •Құстардың сайрағаны
#8 слайд
3 бөлім
Теориялық бөлім
Воскобович шаршысы
8 слайд
3 бөлім Теориялық бөлім Воскобович шаршысы
#9 слайд
4 бөлім
Тәжірибелік бөлім
9 слайд
4 бөлім Тәжірибелік бөлім
#10 слайд
Жоба барысында
әлеуметтік желіде
парақша ашылды
10 слайд
Жоба барысында әлеуметтік желіде парақша ашылды
#11 слайд
Кітапша мазмұны:
11 слайд
Кітапша мазмұны:
#12 слайд
Бесік жыры
Түп-тамыры тым тереңге, сонау алғашқы
қауымдық құрылысқа қарай кететін бесік
жыры ұзақ жылдардағы адамзат
тәжірибесінің жемісі. Әлем халықтарының
бесік жырлары атқаратын функциясы,
мазмұн байлығы, ішкі құрылымы жағынан
тұтастай қарағанда желілес, үндес шығып
отырады. Бесік жырының түп-төркінінің
тым көнелігі, оның алғашқы негізінің сөз
емес, саз (музыка) болғандығы, басты
атқаратын қызметі – баланы
тыныштандыру, оның жан-жүйесі мен
санасына алғашқы эстетикалық нәр сіңіріп,
тәрбие беру.
Әлди-әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем!
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.
Әлди-әлди, аппағым,
Қойдың жүні қалпағым,
Жұртқа жаман болса да,
Өзім сүйген аппағым!
Әлди-әлди, шырағым,
Көлге біткен құрағым.
12 слайд
Бесік жыры Түп-тамыры тым тереңге, сонау алғашқы қауымдық құрылысқа қарай кететін бесік жыры ұзақ жылдардағы адамзат тәжірибесінің жемісі. Әлем халықтарының бесік жырлары атқаратын функциясы, мазмұн байлығы, ішкі құрылымы жағынан тұтастай қарағанда желілес, үндес шығып отырады. Бесік жырының түп-төркінінің тым көнелігі, оның алғашқы негізінің сөз емес, саз (музыка) болғандығы, басты атқаратын қызметі – баланы тыныштандыру, оның жан-жүйесі мен санасына алғашқы эстетикалық нәр сіңіріп, тәрбие беру. Әлди-әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем! Жылама, бөпем, жылама, Жілік шағып берейін, Байқұтанның құйрығын Жіпке тағып берейін. Әлди-әлди, аппағым, Қойдың жүні қалпағым, Жұртқа жаман болса да, Өзім сүйген аппағым! Әлди-әлди, шырағым, Көлге біткен құрағым.
#13 слайд
Әмин десең, міне, бата,
Қолдасын Қыдыр ата.
Қызырың қияласын,
Періштең ұяласын.
Балаға бақ берсін.
Бас берсін, өмірі ұзақ жас берсін.
Кетпес ырыс, кең пейіл берсін.
Ел шеті жаусыз болсын,
Ел іші даусыз болсын.
Баланың өрісі көпті,
Қонысы құтты болсын.
Жұлдызы жарқырап,
Аспаны ашық боп,
Бейбітшілік боп ел іргесі,
Болып жасы, ұзақ көп,
Әрқашан жүрегі қуанышты болсын.
БАТА
13 слайд
Әмин десең, міне, бата, Қолдасын Қыдыр ата. Қызырың қияласын, Періштең ұяласын. Балаға бақ берсін. Бас берсін, өмірі ұзақ жас берсін. Кетпес ырыс, кең пейіл берсін. Ел шеті жаусыз болсын, Ел іші даусыз болсын. Баланың өрісі көпті, Қонысы құтты болсын. Жұлдызы жарқырап, Аспаны ашық боп, Бейбітшілік боп ел іргесі, Болып жасы, ұзақ көп, Әрқашан жүрегі қуанышты болсын. БАТА
#14 слайд
ТҰСАУКЕСер
Бұл ырымның жүзеге асуы қазақ пен қырғыз
халқында бірдей. Ол үшін аяғынан қаз тұрып
жүрген баланың аяғын ала жіппен майлы тоқ
ішек араластырып (кейде шөп
араластырады) тұсайды да, тұсауды аяғы
жеңіл, ширақ жүрісті адамға кестіреді. Содан
соң отырғандар баланы жағалата
жетектеп:
Тәй, тәй, балам, тәй, балам,
Жүре қойшы жәй, балам,
Қарыс, сүйем қаз бастың,
Қадамыңнан айналдым...
14 слайд
ТҰСАУКЕСер Бұл ырымның жүзеге асуы қазақ пен қырғыз халқында бірдей. Ол үшін аяғынан қаз тұрып жүрген баланың аяғын ала жіппен майлы тоқ ішек араластырып (кейде шөп араластырады) тұсайды да, тұсауды аяғы жеңіл, ширақ жүрісті адамға кестіреді. Содан соң отырғандар баланы жағалата жетектеп: Тәй, тәй, балам, тәй, балам, Жүре қойшы жәй, балам, Қарыс, сүйем қаз бастың, Қадамыңнан айналдым...
#15 слайд
Қазақ халқы арасында кең таралған
уату жырының бір түрі – «Қуырмаш».
Жылап отырған баланың алақанын
алып: «Қуыр-қуыр, қуырмаш,
тауықтарға бидай шаш», – деп, бидай
қуырғандай етіп қытықтайды да:
Бас бармақ, Балалы үйрек
(сұқ саусақ)
Ортан терек (ортан қол)
Шылдыр шүмек (аты жоқ қол)
Кішкентай бөбек (шынашақ- ), деп, әр
саусаққа ат қойып, бүгіп шығады.
Содан соң: кішкентай бөбектен бастап:
Сен тұр – қозыңа бар,
Сен тұр – қойыңа бар,
Сен тұр – жылқыңа бар,
Сен тұр – түйеңе бар.
Сен, қария – Қазан түбін жалап,
Үйде жат, – деп, әрқайсысына міндет
жүктейді.
15 слайд
Қазақ халқы арасында кең таралған уату жырының бір түрі – «Қуырмаш». Жылап отырған баланың алақанын алып: «Қуыр-қуыр, қуырмаш, тауықтарға бидай шаш», – деп, бидай қуырғандай етіп қытықтайды да: Бас бармақ, Балалы үйрек (сұқ саусақ) Ортан терек (ортан қол) Шылдыр шүмек (аты жоқ қол) Кішкентай бөбек (шынашақ- ), деп, әр саусаққа ат қойып, бүгіп шығады. Содан соң: кішкентай бөбектен бастап: Сен тұр – қозыңа бар, Сен тұр – қойыңа бар, Сен тұр – жылқыңа бар, Сен тұр – түйеңе бар. Сен, қария – Қазан түбін жалап, Үйде жат, – деп, әрқайсысына міндет жүктейді.
#16 слайд
Мұндағы дыбыстық үйлесімге
құрылған ұйқасты сөздер баланы
қызықтырып қана қоймайды,
санды жаттауға да жеңілдік
туғызады және санға телінген
балама сөздер де баланың күнде
көріп, қолына ұстап жүрген
таныс дүниелері. Бұл тіл
дамытады әрі баланың танымдық
қабілетін арттырады. Баланы
алдарқата отырып, санауға
үйретудің мұндай тәсілі көп
халықтарда бар.
Бір дегенім – білеу,
Екі дегенім – егеу,
Үш дегенім – үскі,
Төрт дегенім – төсек,
Бес дегенім – бесік,
Алты дегенім – асық,
Жеті дегенім – желке,
Сегіз дегенім – серке,
Тоғыз дегенім – торқа,
Он дегенім – оймақ,
Он бір дегенім – қара жұмбақ,
16 слайд
Мұндағы дыбыстық үйлесімге құрылған ұйқасты сөздер баланы қызықтырып қана қоймайды, санды жаттауға да жеңілдік туғызады және санға телінген балама сөздер де баланың күнде көріп, қолына ұстап жүрген таныс дүниелері. Бұл тіл дамытады әрі баланың танымдық қабілетін арттырады. Баланы алдарқата отырып, санауға үйретудің мұндай тәсілі көп халықтарда бар. Бір дегенім – білеу, Екі дегенім – егеу, Үш дегенім – үскі, Төрт дегенім – төсек, Бес дегенім – бесік, Алты дегенім – асық, Жеті дегенім – желке, Сегіз дегенім – серке, Тоғыз дегенім – торқа, Он дегенім – оймақ, Он бір дегенім – қара жұмбақ,
#17 слайд
Күтілетін нәтиже:
Алдымен жоба бойынша арнайы нұсқаулық дайындалды. Оның ішінде алдымен
ата-аналармен марафондар, балалардың кіші, ересек, мектепалды даярлық топтары
бойынша ұсынылатын ертегілер тізімі, кері байланыс және ұсыныстарын енгіздім.
Бұл қазіргі таңда ұмыт болып бара жатқан ата-ана мен бала арасындағы қарапайым ғана
әңгімелесу процесін ретке келтіреді. Яғни бұл ретте Сіз балаңыздың нені жақсы көреді
немесе керісінше нені жақтырмайды, неден қорқады, балаңыз қаншалықты армандайды,
жалпы көзқарасы мен ішкі әлеміне енуге үлкен мүмкіндік береді.
Және ең соңғысы, балаңыз бұл жоба барысында әбден дағдыланып, сізгі
күнделікті «Анашым, бүгін қандай ертегі тыңдаймыз немесе жұмбақ жасыршы» дегендей
өтініштер айтатын болады. Барлық қазына – халықауыз әдебиетінде, салт-дәстүрімізде
екендігін тағы да қайталап айтамын . Ұл-қызыңыздың тәрбиелі де зерек боп өсуіне бір
ғана «Балапан» бағдарламысының күші жетпейді. Алдымен ата-ана жауапты. Ал мен
сіздерге үнемі бағыт беріп, жол сілтеп отыруға үнемі дайынмын. Назарларыңызға рахмет.
17 слайд
Күтілетін нәтиже: Алдымен жоба бойынша арнайы нұсқаулық дайындалды. Оның ішінде алдымен ата-аналармен марафондар, балалардың кіші, ересек, мектепалды даярлық топтары бойынша ұсынылатын ертегілер тізімі, кері байланыс және ұсыныстарын енгіздім. Бұл қазіргі таңда ұмыт болып бара жатқан ата-ана мен бала арасындағы қарапайым ғана әңгімелесу процесін ретке келтіреді. Яғни бұл ретте Сіз балаңыздың нені жақсы көреді немесе керісінше нені жақтырмайды, неден қорқады, балаңыз қаншалықты армандайды, жалпы көзқарасы мен ішкі әлеміне енуге үлкен мүмкіндік береді. Және ең соңғысы, балаңыз бұл жоба барысында әбден дағдыланып, сізгі күнделікті «Анашым, бүгін қандай ертегі тыңдаймыз немесе жұмбақ жасыршы» дегендей өтініштер айтатын болады. Барлық қазына – халықауыз әдебиетінде, салт-дәстүрімізде екендігін тағы да қайталап айтамын . Ұл-қызыңыздың тәрбиелі де зерек боп өсуіне бір ғана «Балапан» бағдарламысының күші жетпейді. Алдымен ата-ана жауапты. Ал мен сіздерге үнемі бағыт беріп, жол сілтеп отыруға үнемі дайынмын. Назарларыңызға рахмет.
#18 слайд
Ұлықпанова Ә.Ж. Қазақ халық ауыз әдебиеті.
Назарларыңызға рахмет!
18 слайд
Ұлықпанова Ә.Ж. Қазақ халық ауыз әдебиеті. Назарларыңызға рахмет!
шағым қалдыра аласыз













