ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
1 слайд
1 слайд
2 слайд
www.zharar.com
2 слайд
www.zharar.com
3 слайд
3 слайд
4 слайд
Металл өндірудің амал-тәсілдерін табу тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып, адамзат
дамуының барысын түбегейлі өзгертті.
Сан алуан металл кендеріне бай қазақ жері – металлургия пайда болған
алғашқы орталықтардың бірі
Ежелгі заманда-ақ Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс
аймақтарында тау-кен өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш,
темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады.
Қазба жұмыстары барысында табылған металл қорытатын пештер мен қолдан
жасалған әшекей бұйымдары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен қару-
жарақтары бұл туралы тереңнен сыр шертеді.
Осының бәрі ежелгі замандарда біздің жеріміздегі дала
өркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты қарқынды
дамығанын көрсетеді.
4 слайд
Металл өндірудің амал-тәсілдерін табу тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып, адамзат дамуының барысын түбегейлі өзгертті. Сан алуан металл кендеріне бай қазақ жері – металлургия пайда болған алғашқы орталықтардың бірі Ежелгі заманда-ақ Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарында тау-кен өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады. Қазба жұмыстары барысында табылған металл қорытатын пештер мен қолдан жасалған әшекей бұйымдары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен қару- жарақтары бұл туралы тереңнен сыр шертеді. Осының бәрі ежелгі замандарда біздің жеріміздегі дала өркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты қарқынды дамығанын көрсетеді.
5 слайд
Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың
ажырамас бөлшегі санаған.
Олардың мұрасының жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани байлығының
айшықты белгісі – «аң стилі» өнері. Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам
мен табиғаттың өзара байланысының символына баланып, көшпенділердің
рухани бағдарын айқындап отырған.Олар жыртқыштардың, негізінен мысық
тұқымдас аңдардың суретін көбірек қолданған. Егемен Қазақстанның
символдарының бірі – жергілікті жануарлар әлемінде сирек кездесетін тұрпаты
текті қар барысы екені кездейсоқ емес.
Жалпы, «аң стилі» феномені әлемдік өнердегі биік белестердің бірі саналады.
5 слайд
Біздің ата-бабаларымыз қоршаған ортамен етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санаған. Олардың мұрасының жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани байлығының айшықты белгісі – «аң стилі» өнері. Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам мен табиғаттың өзара байланысының символына баланып, көшпенділердің рухани бағдарын айқындап отырған.Олар жыртқыштардың, негізінен мысық тұқымдас аңдардың суретін көбірек қолданған. Егемен Қазақстанның символдарының бірі – жергілікті жануарлар әлемінде сирек кездесетін тұрпаты текті қар барысы екені кездейсоқ емес. Жалпы, «аң стилі» феномені әлемдік өнердегі биік белестердің бірі саналады.
6 слайд
Біздің түп-тамырымызға жаңаша көзқараспен
қарауға жол ашып, әлемдік ғылым үшін
сенсация саналған жаңалық – 1969 жылы
Қазақстанның Есік қорғанынан табылған,
өнертанушы ғалымдар арасында «қазақстандық
Тутанхамон» деген атқа ие болған «Алтын
адам». Бұл жауынгер талай тылсым құпияның
бетін ашты. Біздің бабаларымыз әлі күнге дейін
өзінің асқан көркемдігімен тамсандыратын аса
жоғары деңгейдегі көркем дүниелер жасаған.
Жауынгердің алтынмен апталған киімдері
ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын
жақсы меңгергенін аңғартады. Сонымен
бірге бұл жаңалық Дала өркениетінің зор қуаты
мен эстетикасын әйгілейтін бай мифологияны
паш етті.Дала халқы өз көсемдерін осылайша
ұлықтап, оның мәртебесін күн секілді құдірет
деңгейіне көтеріп асқақтатқан. Қорымдағы сән-
салтанатты жасау-жабдықтар ежелгі
бабаларымыздың зияткерлік дәстүрлерінен де
мол хабар береді. Жауынгердің жанынан
табылған күміс кеселердің бірінде ойып
жазылған таңбалар бар. Бұл – Орталық Азия
аумағынан бұрын-соңды табылған жазу
атаулының ішіндегі ең көнесі.
6 слайд
Біздің түп-тамырымызға жаңаша көзқараспен қарауға жол ашып, әлемдік ғылым үшін сенсация саналған жаңалық – 1969 жылы Қазақстанның Есік қорғанынан табылған, өнертанушы ғалымдар арасында «қазақстандық Тутанхамон» деген атқа ие болған «Алтын адам». Бұл жауынгер талай тылсым құпияның бетін ашты. Біздің бабаларымыз әлі күнге дейін өзінің асқан көркемдігімен тамсандыратын аса жоғары деңгейдегі көркем дүниелер жасаған. Жауынгердің алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін аңғартады. Сонымен бірге бұл жаңалық Дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін бай мифологияны паш етті.Дала халқы өз көсемдерін осылайша ұлықтап, оның мәртебесін күн секілді құдірет деңгейіне көтеріп асқақтатқан. Қорымдағы сән- салтанатты жасау-жабдықтар ежелгі бабаларымыздың зияткерлік дәстүрлерінен де мол хабар береді. Жауынгердің жанынан табылған күміс кеселердің бірінде ойып жазылған таңбалар бар. Бұл – Орталық Азия аумағынан бұрын-соңды табылған жазу атаулының ішіндегі ең көнесі.
7 слайд
Қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны ерекше.
Осынау асқар таулар ғасырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі
саналды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда
болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды. Тарих пен география түркі мемлекеттері мен ұлы
көшпенділер империялары сабақтастығының айрықша моделін қалыптастырды. Бұл мемлекеттер
ұзақ уақыт бойы бірін-бірі алмастырып, орта ғасырдағы Қазақстанның экономикалық, саяси және
мәдени өмірінде өзінің өшпес ізін қалдырды. Орасан зор кеңістікті игере білген түркілер ұлан-
ғайыр далада көшпелі және отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін қалыптастырып, өнер мен
ғылымның және әлемдік сауданың орталығына айналған ортағасырлық қалалардың гүлденуіне
жол ашты. Мәселен, орта ғасырдағы Отырар қаласы әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі
– Әбу Насыр Әл-Фарабиді дүниеге әкелсе, түркі халықтарының рухани көшбасшыларының бірі
Қожа Ахмет Ясауи Түркістан қаласында өмір сүріп, ілім таратқан.
7 слайд
Қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны ерекше. Осынау асқар таулар ғасырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі саналды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды. Тарих пен география түркі мемлекеттері мен ұлы көшпенділер империялары сабақтастығының айрықша моделін қалыптастырды. Бұл мемлекеттер ұзақ уақыт бойы бірін-бірі алмастырып, орта ғасырдағы Қазақстанның экономикалық, саяси және мәдени өмірінде өзінің өшпес ізін қалдырды. Орасан зор кеңістікті игере білген түркілер ұлан- ғайыр далада көшпелі және отырықшы өркениеттің өзіндік өрнегін қалыптастырып, өнер мен ғылымның және әлемдік сауданың орталығына айналған ортағасырлық қалалардың гүлденуіне жол ашты. Мәселен, орта ғасырдағы Отырар қаласы әлемдік өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі – Әбу Насыр Әл-Фарабиді дүниеге әкелсе, түркі халықтарының рухани көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Ясауи Түркістан қаласында өмір сүріп, ілім таратқан.
8 слайд
Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтымды, яғни Еуразия құрлығының
кіндігінде орналасуы ежелден әртүрлі мемлекеттер мен өркениеттер
арасында транзиттік «дәліздердің» пайда болуына септігін тигізді.
8 слайд
Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтымды, яғни Еуразия құрлығының кіндігінде орналасуы ежелден әртүрлі мемлекеттер мен өркениеттер арасында транзиттік «дәліздердің» пайда болуына септігін тигізді.
9 слайд
Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми
тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор
бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған.
Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне
бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Осы
танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем
қалалардың бірі Алматы деп аталды.
9 слайд
Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Осы танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп аталды.
10 слайд
10 слайд