Ұстаз деген Ұлы есім




1 слайд
Ғылыми-практикалық конференция
Тақырыбы:
Ұстаз деген Ұлы есім
Баяндама
Тақырыбы:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін заманауи оқыту:
теория мен тәжірибе
Дайындаған: Тогусбаева Г.А.
1 слайд
Ғылыми-практикалық конференция Тақырыбы: Ұстаз деген Ұлы есім Баяндама Тақырыбы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін заманауи оқыту: теория мен тәжірибе Дайындаған: Тогусбаева Г.А.

2 слайд
Мақсаты:
Міндеттері:
Білім алушылардың білім сапасын негізгі орта
білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарт талаптарына сәйкес функционалдық
сауаттылығын, мәтінмен жұмыс істеу қабілеттерін
қалыптастыру.
•Өмірлік қажеттіліктеріне коммуникативтік
әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым,
жазылым) сауаттылықпен қолдану;
•Мәтіндерге қойылған мақсатқа сәйкес қорытынды,
синтез, анализ жасау дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін
нәтиже:
Оқу үдерісінде мәтінмен жұмыс істеу арқылы
қорытынды, синтез, анализ жасап үйренеді.
2 слайд
Мақсаты: Міндеттері: Білім алушылардың білім сапасын негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкес функционалдық сауаттылығын, мәтінмен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру. •Өмірлік қажеттіліктеріне коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану; •Мәтіндерге қойылған мақсатқа сәйкес қорытынды, синтез, анализ жасау дағдыларын қалыптастыру. Күтілетін нәтиже: Оқу үдерісінде мәтінмен жұмыс істеу арқылы қорытынды, синтез, анализ жасап үйренеді.

3 слайд
Білім беру мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін
оқытудың өзіндік ерекшеліктері көрсетіледі. Пәндік бағдарламалардың өзіне
тән белгілерін сөз етеді, сонымен бірге тілдік дағдыларды дамытып, оқу
мақсаттарына қол жеткізу үшін бірнеше тапсырма түрлері беріледі. ҚМЖ
әзірлеу жолдарымен таныстырады, сабақты қорытындылауда рефлексияның
алар ролін көрсетеді. Білім алушының қажеттілігін біліп, қызығушылығын
арттыру үшін рефлексияның бірнеше түрін ұсынады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда заманауи технологияларды
пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін де сондай
маңызды. Оқушылардың білім сапасын арттырып, өздігінен жұмыс істеу
мүмкіндігін молайтуға көп көмегін тигізетін сын тұрғысынан ойлауды
дамыту және сатылай кешенді талдау технологиялары, сонымен қатар оқу
жетістігін бағалайтын Блум таксономиясы берілген. Әрқайсысының тіл мен
әдебиетті оқытуда алар орнын практикалық тұрғыдан талдап көрсетеді.
3 слайд
Білім беру мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытудың өзіндік ерекшеліктері көрсетіледі. Пәндік бағдарламалардың өзіне тән белгілерін сөз етеді, сонымен бірге тілдік дағдыларды дамытып, оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бірнеше тапсырма түрлері беріледі. ҚМЖ әзірлеу жолдарымен таныстырады, сабақты қорытындылауда рефлексияның алар ролін көрсетеді. Білім алушының қажеттілігін біліп, қызығушылығын арттыру үшін рефлексияның бірнеше түрін ұсынады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда заманауи технологияларды пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін де сондай маңызды. Оқушылардың білім сапасын арттырып, өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін молайтуға көп көмегін тигізетін сын тұрғысынан ойлауды дамыту және сатылай кешенді талдау технологиялары, сонымен қатар оқу жетістігін бағалайтын Блум таксономиясы берілген. Әрқайсысының тіл мен әдебиетті оқытуда алар орнын практикалық тұрғыдан талдап көрсетеді.

4 слайд
Балаға бағыт беру арқылы өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру үшін әдістерді
түрлендіріп отыру керек. Оқушылар бұрынғыдай тек тыңдап және көшіріп қана қоймай, белсенді
әрекеттер атқару үшін тиімді оқу мен оқытудың сан алуан әдістерін ұсынады. Білім алушылар өз
ойын аргументтер арқылы дәлелдеп, шығармашылық қабілетін арттыру үшін эссе қолға алынып
отыр. Сол эссеге қойылатын талаптар мен бағалау өлшемдері ғана айтылып қоймай, әдеби эссе
түрлері мен үлгілері де көрсетілген.
Оқушылардың білімдерін толықтыруда сәйкестендіру, толықтыру, артығын табу, атауын жазу
және көп нұсқалы тест тапсырмалары қамтылған. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау
қабілетін дамыту мақсатында сөзжұмбақтың түрлері: анаграмма, метаграмма, цифрограмма,
криптограмма, шрифтограмма және ребустар тақырыптарға сай ұсынылған. Сөзжұмбақты бірге
шешіп қана қоймай, ары қарай тірек сөздерді тауып, эссе жазу, сөздерге талдау жасау сияқты
кіріктірілген тапсырмалар да қоса тіркелген.
Мектеп оқушыларының танымдық әлеуетін кеңейтіп, сыни ойлау қабілеттерін арттыруда,
сонымен бірге туындаған мәселелерді шеше білетін шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ
тәрбиелеуде пән мұғалімдері үшін таптырмас құрал болып табылады. Ұсынылып отырған еңбек
теориялық тұрғыдан ғана емес, тәжірибе жүзінде де құнды.
4 слайд
Балаға бағыт беру арқылы өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру үшін әдістерді түрлендіріп отыру керек. Оқушылар бұрынғыдай тек тыңдап және көшіріп қана қоймай, белсенді әрекеттер атқару үшін тиімді оқу мен оқытудың сан алуан әдістерін ұсынады. Білім алушылар өз ойын аргументтер арқылы дәлелдеп, шығармашылық қабілетін арттыру үшін эссе қолға алынып отыр. Сол эссеге қойылатын талаптар мен бағалау өлшемдері ғана айтылып қоймай, әдеби эссе түрлері мен үлгілері де көрсетілген. Оқушылардың білімдерін толықтыруда сәйкестендіру, толықтыру, артығын табу, атауын жазу және көп нұсқалы тест тапсырмалары қамтылған. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін дамыту мақсатында сөзжұмбақтың түрлері: анаграмма, метаграмма, цифрограмма, криптограмма, шрифтограмма және ребустар тақырыптарға сай ұсынылған. Сөзжұмбақты бірге шешіп қана қоймай, ары қарай тірек сөздерді тауып, эссе жазу, сөздерге талдау жасау сияқты кіріктірілген тапсырмалар да қоса тіркелген. Мектеп оқушыларының танымдық әлеуетін кеңейтіп, сыни ойлау қабілеттерін арттыруда, сонымен бірге туындаған мәселелерді шеше білетін шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуде пән мұғалімдері үшін таптырмас құрал болып табылады. Ұсынылып отырған еңбек теориялық тұрғыдан ғана емес, тәжірибе жүзінде де құнды.

5 слайд
Оқу сауаттылығы - оқушылардың жазбаша
мәтіндерді ұғыну, оқу қабілеттілігі және оларға
рефлексия, олардың мазмұнын өз мақсаттарына
қол жеткізу үшін қолдануы, білімдері мен
дағдыларын қоғамның белсенді өміріне араласуы
үшін дамытуы.
Оқу сауаттылығын тексеру оқу техникасы
немесе мәтіннің мазмұнын нақты түсінуін бағалау
емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен
дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу
ептіліктерін бағалауға, оқушыларды
әлеуметтенуге және дербестеуге бағыттау,
болашақ кәсіби қызметі саласын жауапты
таңдауына дайындау.
5 слайд
Оқу сауаттылығы - оқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғыну, оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы, білімдері мен дағдыларын қоғамның белсенді өміріне араласуы үшін дамытуы. Оқу сауаттылығын тексеру оқу техникасы немесе мәтіннің мазмұнын нақты түсінуін бағалау емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға, оқушыларды әлеуметтенуге және дербестеуге бағыттау, болашақ кәсіби қызметі саласын жауапты таңдауына дайындау.

6 слайд
Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби
қызметін жаңартушы және сатыланып
жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін
іс-әрекеттер жиынтығы. Жаңа технологияны
қолдану төмендегідей алғышарттар арқылы іске
асады:
1-кезең - оқып-үйрену кезеңі,
2-кезең - меңгеру кезеңі,
3-кезең - өмірге ендіру кезеңі,
4-кезең - дамыту кезеңі.
6 слайд
Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер жиынтығы. Жаңа технологияны қолдану төмендегідей алғышарттар арқылы іске асады: 1-кезең - оқып-үйрену кезеңі, 2-кезең - меңгеру кезеңі, 3-кезең - өмірге ендіру кезеңі, 4-кезең - дамыту кезеңі.

7 слайд
Оқушыларға мәтінді меңгертудің тиімді, әрі оңай
жолдары:
1.Оқушылар берілген уақыт ішінде мәтінді оқып,
мазмұнын дәптерге жазады;
2.Сурет бойынша әртүрлі тақырыпта жазбаша мәтін
құрастырады;
3.Берілген мәтінді оқып, өз бетімен сұрақ
құрастырады;
4.Әртүрлі берілген мәтіндерге 10 сұрақтан тұратын
тест сұрақтарын құрастырады.
7 слайд
Оқушыларға мәтінді меңгертудің тиімді, әрі оңай жолдары: 1.Оқушылар берілген уақыт ішінде мәтінді оқып, мазмұнын дәптерге жазады; 2.Сурет бойынша әртүрлі тақырыпта жазбаша мәтін құрастырады; 3.Берілген мәтінді оқып, өз бетімен сұрақ құрастырады; 4.Әртүрлі берілген мәтіндерге 10 сұрақтан тұратын тест сұрақтарын құрастырады.

8 слайд
Жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін ХХІ ғасыр «Мен айтып берсем,
шәкірт түсінеді!» деген ұстанымды құптамайды. Сонда «ХХІ ғасыр мұғалімінің мақсаты
қандай болу қажет?» деген сұрақ туындайды. Жаһандану ғасырында шәкірттерін өмір
сүруге және адам болуға баулу ұстаз алдындағы басты мақсат болу керек. Бұл
мақсатқа қол жеткізу мұғалімнен көп ізденісті, шеберлікті талап етеді.
Шеберлік «түсінікті және қарапайым формулаларға» сәйкес құрылады: оқушы
білімді өзі іздеуі қажет; қатысушының еңбегі мағыналы болу керек; барлығы мүмкіндікке
ие болуы; оқушы қимылдауы қажет. Оқушылар қолмен жұмыс істегенді жақсы көреді.
Ресей ғалымы, педагогика ғылымдарының кандидаты А.А.Окунев жазғандай, шеберлікте
«білім дайын түрде берілмейді, құрастырылады. Осы құрастырылу үрдісінде дұрыс емес
анықтамалар, қателіктер болуы мүмкін, бірақ бұл қылмыс емес. Оқушылар қателік
жіберу және дұрыс емес ойы туралы сөз есту, тапсырманы орындай алмау, оқытушының
не ойлағанын таба алмау туралы қорқыныш сезімінен арылады. Таным баспалдағы
болып табылатын қателіктер негізінде нақты ғылыми білімі қалыптасады. Сабақтың
соңында сабақтың басты сұрағының дұрыс жауабы айтылмауы мүмкін. Ол кезде келесі
шеберлік сабағын бастауға жақсы негіз пайда болады». 1.17
8 слайд
Жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін ХХІ ғасыр «Мен айтып берсем, шәкірт түсінеді!» деген ұстанымды құптамайды. Сонда «ХХІ ғасыр мұғалімінің мақсаты қандай болу қажет?» деген сұрақ туындайды. Жаһандану ғасырында шәкірттерін өмір сүруге және адам болуға баулу ұстаз алдындағы басты мақсат болу керек. Бұл мақсатқа қол жеткізу мұғалімнен көп ізденісті, шеберлікті талап етеді. Шеберлік «түсінікті және қарапайым формулаларға» сәйкес құрылады: оқушы білімді өзі іздеуі қажет; қатысушының еңбегі мағыналы болу керек; барлығы мүмкіндікке ие болуы; оқушы қимылдауы қажет. Оқушылар қолмен жұмыс істегенді жақсы көреді. Ресей ғалымы, педагогика ғылымдарының кандидаты А.А.Окунев жазғандай, шеберлікте «білім дайын түрде берілмейді, құрастырылады. Осы құрастырылу үрдісінде дұрыс емес анықтамалар, қателіктер болуы мүмкін, бірақ бұл қылмыс емес. Оқушылар қателік жіберу және дұрыс емес ойы туралы сөз есту, тапсырманы орындай алмау, оқытушының не ойлағанын таба алмау туралы қорқыныш сезімінен арылады. Таным баспалдағы болып табылатын қателіктер негізінде нақты ғылыми білімі қалыптасады. Сабақтың соңында сабақтың басты сұрағының дұрыс жауабы айтылмауы мүмкін. Ол кезде келесі шеберлік сабағын бастауға жақсы негіз пайда болады». 1.17

9 слайд
Адамға балық беріңіз, ол бір күн тоқ жүреді. Адамды балық аулауға
үйретіңіз, ол өмір бойы тоқ жүреді. Шығыс мақалы
Конструктивтік оқытудың ең басты ерекшелігі – оқушылардың
белсенділігі мұғалімнің белсенділігімен тең келуінде. Оқушылар мұғалімнің
пассивті монолог оқуының тыңдармандары емес, тікелей және кері байланыс
нәтижесінде шығармашылық және эмоционалды түрде білім беру үрдісіне
қатысады.
Оқушылардың ойлау әрекетіндегі таяздық пен терең ойланбаушылық,
жаттандылық, белгілі бір шеңбер бойында ойлануы – дәстүрлі оқытуға
басымдық бергені болып табылады. Қазіргі таңда құрастырылған білім беру
оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыруды басшылыққа
алады. Сабақ барысында бойымызға сіңіп кеткен дәстүрлі дағдыларды тастап,
жаңаша ойлануға мүмкіндік беретін бірден-бір күш – дұрыс сұрақ қоя білу.
9 слайд
Адамға балық беріңіз, ол бір күн тоқ жүреді. Адамды балық аулауға үйретіңіз, ол өмір бойы тоқ жүреді. Шығыс мақалы Конструктивтік оқытудың ең басты ерекшелігі – оқушылардың белсенділігі мұғалімнің белсенділігімен тең келуінде. Оқушылар мұғалімнің пассивті монолог оқуының тыңдармандары емес, тікелей және кері байланыс нәтижесінде шығармашылық және эмоционалды түрде білім беру үрдісіне қатысады. Оқушылардың ойлау әрекетіндегі таяздық пен терең ойланбаушылық, жаттандылық, белгілі бір шеңбер бойында ойлануы – дәстүрлі оқытуға басымдық бергені болып табылады. Қазіргі таңда құрастырылған білім беру оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыруды басшылыққа алады. Сабақ барысында бойымызға сіңіп кеткен дәстүрлі дағдыларды тастап, жаңаша ойлануға мүмкіндік беретін бірден-бір күш – дұрыс сұрақ қоя білу.

10 слайд
Оқушылардың ойлау әрекетіндегі таяздық пен терең ойланбаушылық, жаттандылық,
белгілі бір шеңбер бойында ойлануы – дәстүрлі оқытуға басымдық бергені болып табылады.
Қазіргі таңда құрастырылған білім беру оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын
қалыптастыруды басшылыққа алады. Сабақ барысында бойымызға сіңіп кеткен дәстүрлі
дағдыларды тастап, жаңаша ойлануға мүмкіндік беретін бірден-бір күш – дұрыс сұрақ қоя
білу.
Кез келген ғылымның кілті сұрақ белгісі болып табылады.
Оноре де Бальзак
Сұрақ – ойлаудың негізгі қозғаушы күші. Сұрақ қою дәрежесі ойлану дәрежесін
көрсетеді. Сұрақ қоя білу – ол өнер, үйренетін өнер. Оқыту үдерісінде сұрақ қою маңызды
дағдылардың бірі болып табылады, сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді
құралына айналады.
Оқушыны дұрыс сұрақ қоя білуге тәрбиелеуіміз керек. Сонда ғана алдымен берілген
ақпаратты түсінуге тырысады, қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын тұрады, басқа
балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін түсінеді.
Қорыта келгенде, оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына
жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге ынтасын арттырады.
10 слайд
Оқушылардың ойлау әрекетіндегі таяздық пен терең ойланбаушылық, жаттандылық, белгілі бір шеңбер бойында ойлануы – дәстүрлі оқытуға басымдық бергені болып табылады. Қазіргі таңда құрастырылған білім беру оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыруды басшылыққа алады. Сабақ барысында бойымызға сіңіп кеткен дәстүрлі дағдыларды тастап, жаңаша ойлануға мүмкіндік беретін бірден-бір күш – дұрыс сұрақ қоя білу. Кез келген ғылымның кілті сұрақ белгісі болып табылады. Оноре де Бальзак Сұрақ – ойлаудың негізгі қозғаушы күші. Сұрақ қою дәрежесі ойлану дәрежесін көрсетеді. Сұрақ қоя білу – ол өнер, үйренетін өнер. Оқыту үдерісінде сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады. Оқушыны дұрыс сұрақ қоя білуге тәрбиелеуіміз керек. Сонда ғана алдымен берілген ақпаратты түсінуге тырысады, қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын тұрады, басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін түсінеді. Қорыта келгенде, оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге ынтасын арттырады.

11 слайд
Зерделік
оқылым
ақпаратты толығымен түсінуге бағытталған оқылым. Мәтіннен алынған ақпаратты
келесі іс-әрекеттерде қолдануға арналған егжей-тегжейлі оқу.
Танымдық
оқылым
қосымша ақпаратқа назар аудармайтын, тек негізгі ақпаратты қажет ететін және жалпы
мазмұнды қамтитын оқылым
Көрсетілімдік
оқылым
мәтінді жалпы көріп өтетін, қызықты/қызықсыз, құнды/қажет емес ақпаратты көрсетуге
арналған оқылым. Айырып алынған ақпарат негізінде осы мәтіннің нақты егжей-
тегжейлері қажет пе, жоқ па деген шешім қабылданады.
Ізденімдік
оқылым
белгілі бір ақпаратты берілген мәтіннен (анықтамалар, ережелер, сандық және басқа да
деректер және т.б.) іздеуге бағытталған оқылым. Оқылым ішінара және көрсетімділік
оқу негізінде жүзеге асырылады.
Аналитикалық
оқылым
Мәтіннің мазмұнын және оның құрылымын айқындауға бағытталған грамматикалық
және стилистикалық талдау. Сонымен қатар мәтіннің тілдік формасын талдаумен егжей-
тегжейлі қабылдау, сөйлемдердің құрылымдық компоненттерін түсінуге, олардың
құрылымдық-семантикалық және функционалды сәйкестігін орнатуға мүмкіндік беретін
оқылым.
Оқу сауаттылығын бағалауда қолданылатын оқу түрлері
11 слайд
Зерделік оқылым ақпаратты толығымен түсінуге бағытталған оқылым. Мәтіннен алынған ақпаратты келесі іс-әрекеттерде қолдануға арналған егжей-тегжейлі оқу. Танымдық оқылым қосымша ақпаратқа назар аудармайтын, тек негізгі ақпаратты қажет ететін және жалпы мазмұнды қамтитын оқылым Көрсетілімдік оқылым мәтінді жалпы көріп өтетін, қызықты/қызықсыз, құнды/қажет емес ақпаратты көрсетуге арналған оқылым. Айырып алынған ақпарат негізінде осы мәтіннің нақты егжей- тегжейлері қажет пе, жоқ па деген шешім қабылданады. Ізденімдік оқылым белгілі бір ақпаратты берілген мәтіннен (анықтамалар, ережелер, сандық және басқа да деректер және т.б.) іздеуге бағытталған оқылым. Оқылым ішінара және көрсетімділік оқу негізінде жүзеге асырылады. Аналитикалық оқылым Мәтіннің мазмұнын және оның құрылымын айқындауға бағытталған грамматикалық және стилистикалық талдау. Сонымен қатар мәтіннің тілдік формасын талдаумен егжей- тегжейлі қабылдау, сөйлемдердің құрылымдық компоненттерін түсінуге, олардың құрылымдық-семантикалық және функционалды сәйкестігін орнатуға мүмкіндік беретін оқылым. Оқу сауаттылығын бағалауда қолданылатын оқу түрлері

12 слайд
Бір ақылды адам сұрақ белгісі туралы ойларын ауланатын қармақпен салыстырған болатын.
Сұрақтың әр типі өзекті, ол туралы ойлануды қажет етеді. Педагогтер мен психологтар ертеден осы
сұрақтардың жіктелуін құрастыруға ұмтылды. Бұл тәжірибелік мақсатта қажет болды. Сұрақтардың әр
типі ол туралы ойлануды қажет ететіндігін білгендіктен, зияткерлік әлеуетті толық көлемде жүзеге
асыру үшін біз өз ойымызды да, біздің оқушыларымыздың ойын да саналы түрде басқара аламыз. 1.6.
Америка психологі Бенджамин Блум сұрақтардың алты типін қарастырады. Олар:
-Қарапайым сұрақтар
-Нақтылаушы сұрақтар
-Талдау сұрақтары
-Шығармашылық сұрақтар
-Бағалаушы сұрақтар
-Тәжірибелік сұрақтар
Қарапайым сұрақтар тек белгілі бір ақпаратты білу мақсатында қойылады. Олар жиі тест, сынақ
сынды дәстүрлі бақылауларда қолданады.
Нақтылаушы сұрақтар көбінесе «Сіздің айтуыңызша, ...», «Егер мен дұрыс түсінсем, ...», «Мен
қателесуім мүмкін, меніңше, сіз ... айттыңыз» деп басталады. Мұндай сұрақтар адамның айтқан пікірін
нақтылауға мүмкіндік береді. Кейбірде бұл сұрақтарды хабарламада жоқ мәліметті алу үшін
қолданады.
12 слайд
Бір ақылды адам сұрақ белгісі туралы ойларын ауланатын қармақпен салыстырған болатын. Сұрақтың әр типі өзекті, ол туралы ойлануды қажет етеді. Педагогтер мен психологтар ертеден осы сұрақтардың жіктелуін құрастыруға ұмтылды. Бұл тәжірибелік мақсатта қажет болды. Сұрақтардың әр типі ол туралы ойлануды қажет ететіндігін білгендіктен, зияткерлік әлеуетті толық көлемде жүзеге асыру үшін біз өз ойымызды да, біздің оқушыларымыздың ойын да саналы түрде басқара аламыз. 1.6. Америка психологі Бенджамин Блум сұрақтардың алты типін қарастырады. Олар: -Қарапайым сұрақтар -Нақтылаушы сұрақтар -Талдау сұрақтары -Шығармашылық сұрақтар -Бағалаушы сұрақтар -Тәжірибелік сұрақтар Қарапайым сұрақтар тек белгілі бір ақпаратты білу мақсатында қойылады. Олар жиі тест, сынақ сынды дәстүрлі бақылауларда қолданады. Нақтылаушы сұрақтар көбінесе «Сіздің айтуыңызша, ...», «Егер мен дұрыс түсінсем, ...», «Мен қателесуім мүмкін, меніңше, сіз ... айттыңыз» деп басталады. Мұндай сұрақтар адамның айтқан пікірін нақтылауға мүмкіндік береді. Кейбірде бұл сұрақтарды хабарламада жоқ мәліметті алу үшін қолданады.

13 слайд
13 слайд

14 слайд
Талдау сұрақтары көбінесе «неге, неліктен» деп басталады. Кей жағдайда мұндай сұрақтар
негатив тудырып жатады. Бұл сұрақтың түрі бір нәрсенің себебін білу мақсатында қойылады.
Мәселен, «Шұға мен Әбдірахманның арманы неліктен орындалмады?», «Неге жалқы есімдер бас
әріппен жазылады?». Егер бұл сұрақтардың жауабы өзіндік ізденуді қажет етпесе, онда ол
қарапайым сұраққа айналады. Яғни, талдау сұрақтар ізденімпаздыққа баулиды.
Шығармашылық сұрақтарда «Егер де ...», «Қалай ойлайсыз, ...» сынды шарт пен болжаудың
элементтері болады. Мәселен, «Қалай ойлайсыз, роман соңында екі жас бақытты бола ма?», «Егер
де Абай кедей отбасында дүниеге келсе, осындай танымал ақын болар ма еді?».
Бағалаушы сұрақтарды бір жағдайды немесе фактіні бағалау мақсатында пайдаланады.
Мәселен, «Құнанбай Бөжейден несімен ерекшеленеді?», «Неліктен бұл жақсы, ал бұл жаман?»
және т.б.
Тәжірибелік сұрақтар – теория мен тәжірибені байланыстыратын сұрақтар. Мәселен, «Бас
кейіпкердің орнында болғанда, не істер едің?».
14 слайд
Талдау сұрақтары көбінесе «неге, неліктен» деп басталады. Кей жағдайда мұндай сұрақтар негатив тудырып жатады. Бұл сұрақтың түрі бір нәрсенің себебін білу мақсатында қойылады. Мәселен, «Шұға мен Әбдірахманның арманы неліктен орындалмады?», «Неге жалқы есімдер бас әріппен жазылады?». Егер бұл сұрақтардың жауабы өзіндік ізденуді қажет етпесе, онда ол қарапайым сұраққа айналады. Яғни, талдау сұрақтар ізденімпаздыққа баулиды. Шығармашылық сұрақтарда «Егер де ...», «Қалай ойлайсыз, ...» сынды шарт пен болжаудың элементтері болады. Мәселен, «Қалай ойлайсыз, роман соңында екі жас бақытты бола ма?», «Егер де Абай кедей отбасында дүниеге келсе, осындай танымал ақын болар ма еді?». Бағалаушы сұрақтарды бір жағдайды немесе фактіні бағалау мақсатында пайдаланады. Мәселен, «Құнанбай Бөжейден несімен ерекшеленеді?», «Неліктен бұл жақсы, ал бұл жаман?» және т.б. Тәжірибелік сұрақтар – теория мен тәжірибені байланыстыратын сұрақтар. Мәселен, «Бас кейіпкердің орнында болғанда, не істер едің?».

15 слайд
Пәндік оқу бағдарламаларының ерекшелігі
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні оқу бағдарламасының мазмұны коммуникативтік әрекеттер мен
дағдыларды жүзеге асыратын оқу мақсаттарына негізделіп құрылған. Оқу бағдарламасында көрсетілген
оқу мақсаттары оқушылардың айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым әрекеттерін қамти отырып,
коммуникативтік дағдыларын сенімді қалыптастыруға, сол негізде күтілетін нәтижеге қол жеткізуге
бағытталған. Оқу мақсаттары әр сынып деңгейіне сәйкес динамикалық даму бағытында жасалған. Бұл
бағдарлама «спиральді оқыту» қағидасына негізделгенін білдіреді. Яғни, әр сынып сайын оқу мақсаттары
қарапайымнан күрделіге қарай өсіп, қайталанып отырады. Сіздерге спиральді оқыту дегеніміздің не екені
түсінікті болу үшін мысал келтірейін. Оқылым дағдысын қалыптастыру үшін оқылған мәтін бойынша
сұрақтар құрастыру 5-9 сыныптар арасында қалай жүзеге асатынын көрейік:
-Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады (5 сынып).
-Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау
сұрақтарын құрастырады ( 6 сынып).
-Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады (7 сынып).
-Перифразаның түрлі әдістерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастырады (8 сынып).
-Мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын
құрастырады (9 сынып).
15 слайд
Пәндік оқу бағдарламаларының ерекшелігі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні оқу бағдарламасының мазмұны коммуникативтік әрекеттер мен дағдыларды жүзеге асыратын оқу мақсаттарына негізделіп құрылған. Оқу бағдарламасында көрсетілген оқу мақсаттары оқушылардың айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым әрекеттерін қамти отырып, коммуникативтік дағдыларын сенімді қалыптастыруға, сол негізде күтілетін нәтижеге қол жеткізуге бағытталған. Оқу мақсаттары әр сынып деңгейіне сәйкес динамикалық даму бағытында жасалған. Бұл бағдарлама «спиральді оқыту» қағидасына негізделгенін білдіреді. Яғни, әр сынып сайын оқу мақсаттары қарапайымнан күрделіге қарай өсіп, қайталанып отырады. Сіздерге спиральді оқыту дегеніміздің не екені түсінікті болу үшін мысал келтірейін. Оқылым дағдысын қалыптастыру үшін оқылған мәтін бойынша сұрақтар құрастыру 5-9 сыныптар арасында қалай жүзеге асатынын көрейік: -Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады (5 сынып). -Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырады ( 6 сынып). -Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады (7 сынып). -Перифразаның түрлі әдістерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастырады (8 сынып). -Мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастырады (9 сынып).

16 слайд
«Тыңдай білу - ұлылық», «Тыңдамаса, сөз жетім ...», «Құйма құлақ құйып алады»,
«Көшбасшы боламын десең, өзгелерді тың...
16 слайд
«Тыңдай білу - ұлылық», «Тыңдамаса, сөз жетім ...», «Құйма құлақ құйып алады», «Көшбасшы боламын десең, өзгелерді тың...