Ынтымағы жарасқан ел

#1 слайд
Тақырыбы: Ынтымағы жарасқан ел
Жеңістің 75 жылдығына арналады
1941 жылы 22 маусым күні фашистік
Германия Кеңес Одағына опасыздықпен
шабуыл жасады.
Кеңес Одағына Ұлы Отан соғысы басталды.Мақсаты: бүкіл адамзаттың тілегі бейбіт күн екенін түсіну арқылы тарих
тағылымын ұғыну. Оқушыларды Отанын сүюге, бейбіт өмір сүріп бейбітшілік
бейнесін есте сақтауға үйрету.
Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам.
Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз
мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында
қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен,Ұлы Отан соғысының
ардагерлері үшін ерекше мейрам.
Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс.
Қирады талай арман көңілге алған
1 слайд
Тақырыбы: Ынтымағы жарасқан ел Жеңістің 75 жылдығына арналады 1941 жылы 22 маусым күні фашистік Германия Кеңес Одағына опасыздықпен шабуыл жасады. Кеңес Одағына Ұлы Отан соғысы басталды.Мақсаты: бүкіл адамзаттың тілегі бейбіт күн екенін түсіну арқылы тарих тағылымын ұғыну. Оқушыларды Отанын сүюге, бейбіт өмір сүріп бейбітшілік бейнесін есте сақтауға үйрету. Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен,Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам. Аз емес зар жылаған, егілген жан, Аз емес өшкен өмір, төгілген қан. Кеудеге зілді қасірет салды соғыс. Қирады талай арман көңілге алған
#2 слайд
Соғыс жылдары Қазақстаннан
1196164 адам қару асынып,
майданға аттанды. Ал еңбек
армиясына 700 мың адам
жіберілді.
Сонда барлығы 1 миллион
900 мыңдай адам Отан үшін
сапқа тұрды. Соғыс кезінде
Қазақстан жерінде 12 атқыштар
дивизиясы мен 4 ұлттық атты
әскер дивизиясы, 7 атқыштар
бригадасы, әскер түрлерінің
50-ге жуық полктері мен
батальондары құрылып,
майданға аттанды. Ұлы Жеңіске ат салысуда
тылдағы еңбекте апаларымыз
бен аналарымыз әкелерімізден
кем түскен жоқ. Уақытпен
санаспай , ыстыққа күйіп,
суыққа тоңа жүріп Ұлы Жеңіске
өз үлестерін қосқан еді.
Жауға атылған үш оқтың екеуі
Қазақстанда жасалғанды. Жеңіс
жеңілдікпен келген жоқ. 1418
күнге созылған бұл қатерлі
айқастағы халқымыздың
жанқияр ерлігі мен жеңіс
тарихын ешкім де, ешқашан да
ұмытпақ емес.
2 слайд
Соғыс жылдары Қазақстаннан 1196164 адам қару асынып, майданға аттанды. Ал еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда барлығы 1 миллион 900 мыңдай адам Отан үшін сапқа тұрды. Соғыс кезінде Қазақстан жерінде 12 атқыштар дивизиясы мен 4 ұлттық атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, әскер түрлерінің 50-ге жуық полктері мен батальондары құрылып, майданға аттанды. Ұлы Жеңіске ат салысуда тылдағы еңбекте апаларымыз бен аналарымыз әкелерімізден кем түскен жоқ. Уақытпен санаспай , ыстыққа күйіп, суыққа тоңа жүріп Ұлы Жеңіске өз үлестерін қосқан еді. Жауға атылған үш оқтың екеуі Қазақстанда жасалғанды. Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. 1418 күнге созылған бұл қатерлі айқастағы халқымыздың жанқияр ерлігі мен жеңіс тарихын ешкім де, ешқашан да ұмытпақ емес.
#3 слайд
Отан соғысының алғашқы күндерінен
бастап-ақ қатарында мыңдаған
қазақстандықтар шайқасқан Кеңес
жауынгерлері барлық майдандарда
фашистік басқыншыларға қарсы
кескілескен ұрыс жүргізілді. Мәскеу
түбінде генерал-майор И.В Панфилов
қолбасшылық еткен даңқты 316
атқыштар дивизиясы ерлікпен
шайқасты. Мәскеу үшін болған
шайқастарды еске ала келіп, Ұлы Отан
соғысының аты аңызға айналған
қаһарманы Б.Момышұлы былай деп
жазды: “Біздің жүрегіміз темір емес,
бірақ біздің кек отымыз қандай темірді
болса да ерітіп, күйдіріп жібере
алады...Біздің үрейлі жеңетін қаруымыз
бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік”. Сталинград шайқасына Қазақстанда
жасақталған 10-нан астам әскери
құрамалар қатысты. Әсіресе, 116-
атқыштар дивизиясының дені қазақ
сарбаздарынан құрылған7
ротасының ерлігін ерекше атауға
болады. рота жауынгерлері қорғаған
көшеге «Казахская» деген ат берілді.
Сталинград шайқасына қатысқан 3
қазақстандық жауынгер Кеңес
Одағының Батыры атанды.
Солардың бірі- жаужүрек ұшқыш
Нүркен Әбдіров еді.Мәскеу үшін шайқаста ерлік
көрсеткен қазақ батырлары: Сталинград үшін шайқаста
ерлік көрсеткен қазақ
батырлары:
3 слайд
Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап-ақ қатарында мыңдаған қазақстандықтар шайқасқан Кеңес жауынгерлері барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы кескілескен ұрыс жүргізілді. Мәскеу түбінде генерал-майор И.В Панфилов қолбасшылық еткен даңқты 316 атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты. Мәскеу үшін болған шайқастарды еске ала келіп, Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған қаһарманы Б.Момышұлы былай деп жазды: “Біздің жүрегіміз темір емес, бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады...Біздің үрейлі жеңетін қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік”. Сталинград шайқасына Қазақстанда жасақталған 10-нан астам әскери құрамалар қатысты. Әсіресе, 116- атқыштар дивизиясының дені қазақ сарбаздарынан құрылған7 ротасының ерлігін ерекше атауға болады. рота жауынгерлері қорғаған көшеге «Казахская» деген ат берілді. Сталинград шайқасына қатысқан 3 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атанды. Солардың бірі- жаужүрек ұшқыш Нүркен Әбдіров еді.Мәскеу үшін шайқаста ерлік көрсеткен қазақ батырлары: Сталинград үшін шайқаста ерлік көрсеткен қазақ батырлары:
#4 слайд
1941 жылы Алматыда генерал
И. В. Панфилов 316-
атқыштар дивизиясын
жасайды. Осы дивизияны
28 панфиловшы-батырлары
Мәскеу қаласын қорғауда
өшпес ерлік көрсетті.
Волоколомск жолын қорғаған
28 панфиловшының 22-сі
қазақстандықтар еді. Мәскеу
түбіндегі шайқаста 316-
атқыштар дивизиясы ( кейін
9-гвардиялық атқыштар
дивизиясы) командирі, Кеңес
Одағының Батыры Бауыржан
Момышұлы болған.
Бауыржан Момышұлы
4 слайд
1941 жылы Алматыда генерал И. В. Панфилов 316- атқыштар дивизиясын жасайды. Осы дивизияны 28 панфиловшы-батырлары Мәскеу қаласын қорғауда өшпес ерлік көрсетті. Волоколомск жолын қорғаған 28 панфиловшының 22-сі қазақстандықтар еді. Мәскеу түбіндегі шайқаста 316- атқыштар дивизиясы ( кейін 9-гвардиялық атқыштар дивизиясы) командирі, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы болған. Бауыржан Момышұлы
#5 слайд
Төлеген Тоқтаров Мәскеу
түбіндегі Бородино селосы
үшін шайқаста неміс
штабына ең бірінші болып
кіріп 5 неміс офицерін
жойып қаза болған. Кеңес
Одағының Батыры
Төлеген Тоқтаров
5 слайд
Төлеген Тоқтаров Мәскеу түбіндегі Бородино селосы үшін шайқаста неміс штабына ең бірінші болып кіріп 5 неміс офицерін жойып қаза болған. Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаров
#6 слайд
1942 жылы Новгород облысына
қарасты Холм қаласының маңында
болған ұрыста Мәлік солдаттардың
біразына басшылық етеді. Ол басқарған
сарбаздар фашистердің тісіне дейін
қаруланған әскеріне тойтара соққы
береді. Кескілескен ұрыстың
нәтижесінде жаудың екі таңкісін
гранатамен жарып, жаудың 12
солдатын тұтқынға алады. Ұрыс
кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат
алады. алайда алған жарақатына
қарамастан жауға қарсы оқ боратады.
Кеңес Одағының Батыры атағын
береді. Бұл атақпен қоса Ленин ордені
және «Золотая Звезда» медалі де қоса
марапатталады
Мәлік Ғабдуллин
6 слайд
1942 жылы Новгород облысына қарасты Холм қаласының маңында болған ұрыста Мәлік солдаттардың біразына басшылық етеді. Ол басқарған сарбаздар фашистердің тісіне дейін қаруланған әскеріне тойтара соққы береді. Кескілескен ұрыстың нәтижесінде жаудың екі таңкісін гранатамен жарып, жаудың 12 солдатын тұтқынға алады. Ұрыс кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат алады. алайда алған жарақатына қарамастан жауға қарсы оқ боратады. Кеңес Одағының Батыры атағын береді. Бұл атақпен қоса Ленин ордені және «Золотая Звезда» медалі де қоса марапатталады Мәлік Ғабдуллин
#7 слайд
Нұркен Әбдіров 267 әуе
дивизиясының 808-ші
шабуылшы полкы құрамында
майданға аттанды. Барлығы
17 рет әуе шайқасына қатысқан
Нұркен жаудың 18 танкісін,
46 жүк машинасы мен көлігін,
оның ішінде оқ дәрі тасыған
18 керуенді, жанар май құйған
3 цистернаны талқандап, зенит
қондырғыларының бесеуін,
бірнеше жабық атыс ұясын,
талай жау әскерін құртты.
Нұркен Әбдіровке 1943 жылғы
наурыздың 31-де еліміздегі ең
мәртебелі атақ – Кеңес
Одағының Батыры атағы
берілген едіНұркен Әбдіров
7 слайд
Нұркен Әбдіров 267 әуе дивизиясының 808-ші шабуылшы полкы құрамында майданға аттанды. Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан Нұркен жаудың 18 танкісін, 46 жүк машинасы мен көлігін, оның ішінде оқ дәрі тасыған 18 керуенді, жанар май құйған 3 цистернаны талқандап, зенит қондырғыларының бесеуін, бірнеше жабық атыс ұясын, талай жау әскерін құртты. Нұркен Әбдіровке 1943 жылғы наурыздың 31-де еліміздегі ең мәртебелі атақ – Кеңес Одағының Батыры атағы берілген едіНұркен Әбдіров
#8 слайд
Ұлы Отан соғысы кезінде Батыр
атағын шығыс қыздары ішінде алған
халқымыздың қаһарман қыздары
Әлия Молдағұлова мен Мәншүк
Маметованы әрдайым да мақтан
тұтамыз.
8 слайд
Ұлы Отан соғысы кезінде Батыр атағын шығыс қыздары ішінде алған халқымыздың қаһарман қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметованы әрдайым да мақтан тұтамыз.
#9 слайд
Ұлы Отан соғысының отты
жылдарында біздің жерлес-
теріміз де өшпес даңққа ие
болды. 46 жетісулық Кеңес
Одағының батыр атағын
алып, 30 мыңдай адам
жауынгерлік ордендер мен
медальдармен наградталды.
Күреңбел өңірінен 176 жауын
гер оралды. Оларға арналған
Панфилов алаңында мәрмәр
ден орнатылған ескерткіштер
бар.
Міне, осынау елімізге лаң
салған алапаттың аяқтал
ғанына 75 жыл толып отыр.
9 слайд
Ұлы Отан соғысының отты жылдарында біздің жерлес- теріміз де өшпес даңққа ие болды. 46 жетісулық Кеңес Одағының батыр атағын алып, 30 мыңдай адам жауынгерлік ордендер мен медальдармен наградталды. Күреңбел өңірінен 176 жауын гер оралды. Оларға арналған Панфилов алаңында мәрмәр ден орнатылған ескерткіштер бар. Міне, осынау елімізге лаң салған алапаттың аяқтал ғанына 75 жыл толып отыр.
#10 слайд
1945 жылы 2 мамырда Берлин
қаласы алынды, Рейхстаг
қабырғасына алғашқы болып ту
тіккен Рақымжан Қошқарбаев
Жанымдай сүйем халықты,
Ерлері мәңгі даңқты.
Өнеге тұтып өсемін
Әлия, Мәншүк, мәлікті.
Қайтпаған дауылдан,
Кек алған жауынан.
Халықтың қастерлі
Жайсаңы Бауыржан,
Қайсар ұл Бауыржан.
Жерден, көлден, аспаннан,
Соқты, жауды ел күнде.
Берлинде алғаш басталған,
Бітті соғыс Берлинде
10 слайд
1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды, Рейхстаг қабырғасына алғашқы болып ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев Жанымдай сүйем халықты, Ерлері мәңгі даңқты. Өнеге тұтып өсемін Әлия, Мәншүк, мәлікті. Қайтпаған дауылдан, Кек алған жауынан. Халықтың қастерлі Жайсаңы Бауыржан, Қайсар ұл Бауыржан. Жерден, көлден, аспаннан, Соқты, жауды ел күнде. Берлинде алғаш басталған, Бітті соғыс Берлинде
#11 слайд
Сүйінші елім, сүйінші!
Арылтып жаудан жерімді.
Табанға жаншып өлімді,
Жеңіспен желпіп өмірді.
Оралды ерлер көңілді,
Десеңдер бұл қай күні?
9 май күні.
Олар Отанымыздың байтақ жерін
қорғады,
Өз туған халқының өнерін
қорғады.
Ақ сүт берген анасын қорғады,
Ақ самал ескен даласын қорғады.
Пәк жүзді баласын қорғады. Ер есімі - ел есінде. Кір жуып,
кіндік кескен жері үшін, аялап,
әлпештеп өсірген елі үшін,
жанған отқа түсіп, жалын
кешкен, ер-азаматтар естен
шықпайды. Олар тарихта өшпес
із қалдырды. Халқымыздың
аталы сөздерімен қарулана
отырып елбасымыз
Қазастан 2030 бағдарламасын
егемендіктің кілтін ұстар
жарқын болашаққа апаратын
алтын сөрлеу деді. Осы
сүрлеумен барар жолда егемен
еліміздің шоқтығын биікте беру
үшін біз де тер төгіп, еңбек
етуіміз керек. Аға ұрпақтын
жүріп өткен даңғыл жолын
жалғастырушы – келешек
ұрпақ!
11 слайд
Сүйінші елім, сүйінші! Арылтып жаудан жерімді. Табанға жаншып өлімді, Жеңіспен желпіп өмірді. Оралды ерлер көңілді, Десеңдер бұл қай күні? 9 май күні. Олар Отанымыздың байтақ жерін қорғады, Өз туған халқының өнерін қорғады. Ақ сүт берген анасын қорғады, Ақ самал ескен даласын қорғады. Пәк жүзді баласын қорғады. Ер есімі - ел есінде. Кір жуып, кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп, жалын кешкен, ер-азаматтар естен шықпайды. Олар тарихта өшпес із қалдырды. Халқымыздың аталы сөздерімен қарулана отырып елбасымыз Қазастан 2030 бағдарламасын егемендіктің кілтін ұстар жарқын болашаққа апаратын алтын сөрлеу деді. Осы сүрлеумен барар жолда егемен еліміздің шоқтығын биікте беру үшін біз де тер төгіп, еңбек етуіміз керек. Аға ұрпақтын жүріп өткен даңғыл жолын жалғастырушы – келешек ұрпақ!
#12 слайд
Ұлы соғыс – төрт жыл адам
төзгені,
Дерт пен ыза тірі дене сезгені.
Төрт жыл ұдай көздемеппіз,
атпаппыз,
Екі аяқты елдестен өзгені.
Ет қызуы енді бір сәт басылған,
Бақсаң егер, ажалына бас ұрған.
Ел зұлматы жер астында өртеніп,
Күн көзімен күн сүйегін жасырған.
- Жеңіс! Жеңіс!
Бір сыбаға баршылық!
Қуаныңдар қалды жуық қарлы
алып!
Осылайша отты салют берген-ді,
Біздің елден жаңа тарих жыр
салып. Жеңіс... Иә, оны сан миллиондаған
адамдар 4 жыл бойы минуттап,
сағаттап сарыла күтті емес пе?!
Ақыры олардың үміті мен сенімі
аяқталды, тілектері орындалды.
Бірақ сол Жеңіс оңайлықпен келген
жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін су
кешіп талай миллиондаған асыл
азаматтар мерт болды. Жауымен
жан аямай шайқасып, ерліктің ерен
үлгілерін көрсетті,бірақ ешкімнің
сағы сынбады. Олардың бойындағы
отаншылдық сезім, қолына қару
алып, сапқа тұрған көптеген ұлт
өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен
ерлігі Жеңіс сағатын жақындата
түсті. Осы қан майданда қасық қаны
қалғанша соғысып, ерлік істері мен
Отан үшін күрескен
батырларымызға бас иеміз!
12 слайд
Ұлы соғыс – төрт жыл адам төзгені, Дерт пен ыза тірі дене сезгені. Төрт жыл ұдай көздемеппіз, атпаппыз, Екі аяқты елдестен өзгені. Ет қызуы енді бір сәт басылған, Бақсаң егер, ажалына бас ұрған. Ел зұлматы жер астында өртеніп, Күн көзімен күн сүйегін жасырған. - Жеңіс! Жеңіс! Бір сыбаға баршылық! Қуаныңдар қалды жуық қарлы алып! Осылайша отты салют берген-ді, Біздің елден жаңа тарих жыр салып. Жеңіс... Иә, оны сан миллиондаған адамдар 4 жыл бойы минуттап, сағаттап сарыла күтті емес пе?! Ақыры олардың үміті мен сенімі аяқталды, тілектері орындалды. Бірақ сол Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті,бірақ ешкімнің сағы сынбады. Олардың бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып, сапқа тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі Жеңіс сағатын жақындата түсті. Осы қан майданда қасық қаны қалғанша соғысып, ерлік істері мен Отан үшін күрескен батырларымызға бас иеміз!
#13 слайд
Ұлы жеңіс – ұлы жетістiкке жетелейді!!!
Міне, Ұлы Жеңіс мерекесі кезекті көктемнің шуақты күнімен келіп отыр.
Иә, осынау ұлан - ғайыр даламыз нені бастан кешірмеді дейсіз?.....
Ұлы Отан соғысы жайлы білмеу мүмкін емес. Қаншама ата-бабаларымыз,
апа-ағаларымыз осы жеңіс үшін аянбай соғысып, жандарын қиды ғой. Бұл соғыс
адамзат тарихында ең сұрапыл, әлемді дүр сілкіндірген, жан түршігерлік қанды
қырғын болды. Ұлы жеңіске еліміздің, барлық халықтың жеңіске құштарлығының
арқасында, береке-бірлігінің арқасында елімізді, жерімізді, Отанымызды сақтаймыз,
– деп жан аямай соғысып, жан аямай еңбек еткеніміздің арқасында қол жеткіздік.
Сондықтан да, бұл мереке адамзатқа, олардың ұлтына, дініне, тілі мен мәдениетіне
қарамастан ортақ қуаныш, ортақ жеңіс.
Отанын сүйіп, қастерлей білу, ата – баба дәстүрін, әдет –ғұрпын берік
ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болу, халқымның ерлігімен, батырлығымен,
қайсарлығымен келген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұруына біз
жауаптымыз.
Отанын сүйетін, қорғай білетін нағыз азамат болып өсу біздің борышымыз.
Назарларыңызға рахмет. Сіздерді Жеңіс күнімен құтықтаймыз!
13 слайд
Ұлы жеңіс – ұлы жетістiкке жетелейді!!! Міне, Ұлы Жеңіс мерекесі кезекті көктемнің шуақты күнімен келіп отыр. Иә, осынау ұлан - ғайыр даламыз нені бастан кешірмеді дейсіз?..... Ұлы Отан соғысы жайлы білмеу мүмкін емес. Қаншама ата-бабаларымыз, апа-ағаларымыз осы жеңіс үшін аянбай соғысып, жандарын қиды ғой. Бұл соғыс адамзат тарихында ең сұрапыл, әлемді дүр сілкіндірген, жан түршігерлік қанды қырғын болды. Ұлы жеңіске еліміздің, барлық халықтың жеңіске құштарлығының арқасында, береке-бірлігінің арқасында елімізді, жерімізді, Отанымызды сақтаймыз, – деп жан аямай соғысып, жан аямай еңбек еткеніміздің арқасында қол жеткіздік. Сондықтан да, бұл мереке адамзатқа, олардың ұлтына, дініне, тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ қуаныш, ортақ жеңіс. Отанын сүйіп, қастерлей білу, ата – баба дәстүрін, әдет –ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болу, халқымның ерлігімен, батырлығымен, қайсарлығымен келген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұруына біз жауаптымыз. Отанын сүйетін, қорғай білетін нағыз азамат болып өсу біздің борышымыз. Назарларыңызға рахмет. Сіздерді Жеңіс күнімен құтықтаймыз!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген