Аты-жөні енгізілмеген
Жеке ақпарат жазылмаған
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісу
Сілтемені көшіру
Барлығы: 9 материал
Мәтін есептермен жұмыс
Нугымарова Гульмира Рахимжановна
24 Желтоқсан 2025
19
Құрама есептер «қатынас» ұғымымен танысту барысында, арифметикалық амалдардың мағынасын анықтау, шамалар арасындағы қатынасты түсінуге көмектеседі. Кейбір құрама есептер әр түрлі сандық қатынас арасындағы белгісіз компонентті табу үшін арифметикалық амалдардың мағынасын аша білуге арналады. Сонымен қатар кейбір құрама есептер тобының шамалар арасындағы байланыстың бірдей болуына байланысты шығару жолы ұқсас болатындары да бар. Бастауыш мектепте кездесетін осындай есептердің төрт түрін атап айтуға болады: 1. төртінші пропорционалды табуға арналған есептер; 2. пропорционал бөлуге арналған есептер; 3. екі айырма арқылы санды табуға арналған есептер; 4. санның белігін және керісінше санды табуға арналған есептер. Жалпы мәтінді есептерді бастауыш мектепте көбінесе арифметикалық және алгебралық тәсілмен шығарады:
Бастауыш сынып
Мақала
Барлық сыныптар
Бастауыш сыныпта жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы оқушының математикалық сауаттылығын арттыру
Бижасанова Шұға Санатқызы
10 Қараша 2025
30
Бастауыш білім беру — баланың жалпы дамуындағы алғашқы әрі ерекше маңызы бар кезең. Бұл уақытта оқушының тұлғалық, әлеуметтік және танымдық қасиеттері қалыптаса бастайды. Әсіресе 3-сынып оқушылары оқу әрекетінің негізгі дағдыларын алғаш рет саналы түрде меңгеретін, өзіндік көзқарасын қалыптастыратын, қоршаған әлемді тануға деген ынтасы оянып, тұрақтана түсетін кезеңде болады. Сондықтан осы жастағы білім алушылардың ойлау белсенділігін, танымдық дербестігін және шығармашылық мүмкіндіктерін жүйелі түрде дамыту педагогикалық үдерістің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Қазіргі таңда білім беру жүйесі қарқынды өзгерістерге ұшырауда. Инновацияларды енгізу, оқыту технологияларын жаңарту, цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану — заман талабы. Дәстүрлі оқыту әдістерімен қатар баланың жеке ерекшеліктерін ескеретін, оны білім алуға қызықтыратын, ізденіске жетелейтін, проблемалық жағдайлар арқылы ойлануға мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдер ерекше қолданысқа ие болды. Мұндай тәсілдер оқушының о
Бастауыш сынып
Мақала
2 сынып
"Ойын арқылы оқыту әдістері және олардың тиімділігі"
Галиева Эльвира Мухаметжаровна
10 Қараша 2025
52
Ойын – оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі.Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті – ойын болса, оқу – тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланатын түрлі ойындар арқылы жүзеге асады.   ✔ Мақсаты– Ойын арқылы оқушылардың білім-білік, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. ✔ Балаларды оқытудағы ойынның ерекшелігі: Ойын барысында оқушының ой-өрісі дамиды, сөйлеу қабілеті  жетіледі, қарым-қатынас жасауға үйренеді, көңіл-күйі көтеріледі, оқушы жалықпайды, сөздік қоры көбейеді. Сабақ сапасы жақсарады, пәнге деген қызығушылығы артады, логикалық ойлай білуге ұмтылдырады, тәртіп сақтау қабілеті, есте сақтау қабілеті қалыптасады.   ✔ Ойындардың сапалылығы: Ойын барысында грамматикалық анықтамаларды, тілдік нормаларды игерту мүмкіндіктері мол болады. Сабақта мұғ
Мектепалды даярлық
Мақала
Мектепке дейінгі балалар
Бастауыш сыныптарда функционалды сауаттылықты дамыту
Кунафина Жанар Сайлауовна
08 Қараша 2025
34
Бүгінгі заман талабы білімді де білікті, өздігінен тығырықтан шығуға жол таба білетін, өмірге икемді тұлғаны тәрбиелеуді қажет етеді. Білім көзі бастауыштан басталғандықтан, ең әуелі сауаттылық пен оқушылардың оқуға деген білім, білік дағдысын бастауыштан қалыптастырып, тәрбиелеуіміз дұрыс. Бала бастауыш сыныптан бастап шапшаң оқуға дағдылануы тиіс. Себебі, оқу жылдамдығы төмен бала өз сыныптастарына қарағанда үй тапсырмаларын орындау барысында оқып-түсіну үшін көп уақыт жұмсайды, шаршайды, оқуға деген ықыласы төмендеп, өзіне сенуден қалады. Нәтиежесінде баланың оқу көрсеткіштері нашарлап, эмоциональдық күйзеліске ұшырап, оқуға мүлдем құлқы болмайды.  Сондықтан баланы алғашқы сабақтардан бастап әр түрлі әдістемелері арқылы тез оқу әдісіне машықтандырып, көп еңбек етіп, қызығушылығын тудыру керек.  Тез оқу әдісіне қандай факторлар кедергі келтіруі мүмкін:  1) тақырыпты оқып шықаннан кейін, не туралы оқығанын түсінбеуі  2) сөздің астарын, мағынасын тусінбеуі  3) регрессия – көздің
Бастауыш сынып
Мақала
Барлық сыныптар
Бастауыш сынып оқушыларының мәтінмен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру
Жасболатова Маржан Жасболатовна
30 Қазан 2025
73
Бүгінгі кезде мектеп оқушыларының ойлау мен сөйлеу әрекетін дамыту күн тәртібіне өткір қойылуда. Ал сөйлеу ауызша және жазбаша болатыны белгілі. Сондықтан оқушының жазбаша сөйлеу икемділіктерін дамытуда қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың маңызы ерекше. Сондықтан баланы жазбаша сөйлеуге үйрету мәтін құрастырудан басталады. Демек, сөйлеу тілін дамыту үшін баланың мәтін туралы түсінігі мен оны құрастыра білу икемділіктері мен дағдылары қалыптастырылады. Ой белгілі бір сөздер мен сөз тіркестерін байланыстырып, сөйлем арқылы жасалатыны белгілі. Сөйлем — синтаксистің қарастыратын нысаны. Сөйлем жай және күрделі болады. Яғни құрмалас сөйлемнің анықтамасы: «Екі я бірнеше жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіреді» деген пікірмен анықталады. Ал, бірнеше емес, ондаған сөйлемнің мәні де сол ізбен түсіндіріліп, оны қайырым (абзац) деп, мәтіннің мәні ашылмай жүр. Сондықтан қазақ тіл білімінде, ғылыми әдебиеттерде, мектеп оқулықтарында мәтін туралы түрліше түсіндіріру байқалады. Мәселен,
Бастауыш сынып
Мақала
4 сынып
Бастауыш сынып оқушыларының тілдік құзіреттіліктерін арттыру
Амирханова Назым Ниязбековна
30 Қазан 2025
55
Оқыту жүйесінде оның ішінде бастауыш сатыдағы білім мазмұнын жаңарту біліми кеңістікті оқушыға жеке тұлғалық тұрғыдан ұйымдастыруды қамтамасыз ететін деңгейде өзгертумен қатар, оқу пәндері бойынша түйінді құзыреттіліктерін қалыптастырудың басымдылығы берілетін білім мазмұнына да өзгеріс енгізудің қажеттілігі артуда. Қазіргі өскелең талапқа сәйкес әрбір оқу пәні бойынша білім, білік және дағдыны ғана игеру оқушы құзыреттілігі үшін жеткіліксіз болып табылады. Құзыреттілік – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, дағдыны тәжірибеде қолдана алу, мәселені шеше білу секілді оқушының дайындық сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа.Құзыреттілікке бағдарланған тапсырмалардың ерекшелiктерi олардың тәжірбиеге бағдарланатындығында, алайда оны орындау пәндiк бiлiмдi, тiптi кейде бiрнеше пәндік бiлiмдi қажет етедi. Құзыреттілікке бағдарланған жағдаяттық тапсырмаларды шешу көбiнесе, нақты өмiрде, қоғамда болып жатқан, мұғалiмге де, оқушыға да жаңа болып табылатын өзгерiстерге
Бастауыш сынып
Мақала
4 сынып
Бастауыш сынып білім алушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар
Темиралина Гульмира Болатхановна
30 Қазан 2025
57
Балалардың дүниетанымын кеңейтумен қатар, оқу олардың сезімін, еркін, логикалық ойлауын және тілін дамытатын маңызды құрал болып табылады. Оқу білім алушының сезімін тәрбиелеп, ерік-жігерін шыңдайды, сонымен қатар логикалық ойлау мен тілін дамытуға ықпал етеді. Білім алушылар шапшаң, мәнерлеп және түсініп оқуды меңгерген сайын, оқудың маңызы арта түседі. Сондықтан оқу процесі бір жағынан, білім мен тәрбие беру міндеттерін орындауға, екінші жағынан, білім алушыларды оқу дағдыларына машықтандыруға бағытталған күрделі іс-әрекет ретінде қарастырылады. Бастауыш сынып білім алушылары әр сабақта оқу дағдыларын жетілдіріп, білім мен тәрбие алуына қажетті түрлі дағдыларды қалыптастырады. Оқу – күрделі психологиялық процесс, ол тілдің дамуының барлық аспектілерімен, оның ішінде әдеби жазба тілімен және ауызша сөйлеу тілімен тығыз байланысты. Оқу барысында көру, есту және сөйлеу мүшелері бір мезгілде жұмыс істеп, түсіну әрекетімен үйлеседі. Алайда, білім алушылардың мүдірмей шапшаң оқуы оларды
Бастауыш сынып
Мақала
3 сынып
Оқушылардың сөздік қорын байыту үшін мəтінмен жұмыс жасау
Нурталиева Рысгул Мадениетовна
30 Қазан 2025
48
Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамытып, сөз мәдениетін қалыптастыру жұмысы жүйесіз, негізсіз, бағытсыз кездейсоқ іске асырылмайды. Бастауыш сынып кезеңі — баланың қалыптасатын кезеңі. Олай болса, тіл тазалығы, ой дәлдігінің атадан балаға мирас болып келетінінің бірі. Сөздік қор әдетте 5 жастан бастап барынша молаяды. Бала тілінде синоним, антоним, бейнелеуіш сөздер пайда болады да еш қиындықсыз зат есімдерге жұрнақтар қосып, сөздерді түрлендіре айта алады. Кішкентайынан сөздік қорын байыту үшін сұраққа толық жауап беріп, қате айтса, жіберген қателерін қайтып қайталамайтындай етіп түзетіп отыру. Ертегі, әңгіме, өтірік өлеңдер шығаруларын қолдау.Өтірік өлең, жаңылтпаш баланың тілін сындыруға, дыбыстарды дұрыс айтуға мәжбүрлейді, кейіннен 2,3 сыныпта баланың тілі, сөздік қоры жақсы дамиды.
Бастауыш сынып
Мақала
4 сынып
"Қазақ тілі пәнінен 4-сыныпқа арналған грамматикалық тапсырмалар жинағы: Оқу-әдістемелік құралының маңызы мен қолдану әдістері"
Нугуспанова Шынар Туленовна
29 Қазан 2025
114
Қазіргі білім беру жүйесінде тілдерді оқыту мәселесі ерекше маңызды орын алады. Әсіресе, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі сабағы оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуда ерекше рөл атқарады. Қазақ тілін меңгеруде кездесетін қиындықтарды жеңуге көмектесетін оқу-әдістемелік құралдардың бірі – 4-сыныпқа арналған "Қазақ тілі пәнінен грамматикалық тапсырмалар жинағы". Бұл құралдың негізгі мақсаты – орыс сыныптарында қазақ тілін үйренуші оқушылардың грамматикалық дағдыларын нығайту, сөйлеу және жазу қабілеттерін дамыту болып табылады. Әдістемелік құралдың басты мақсаты – орыс тілінде білім алатын 4-сынып оқушыларына қазақ тілін терең меңгеруге, оның грамматикалық құрылымдарын жақсы түсінуге мүмкіндік беру. Бұл жинақ оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру және олардың сөйлеу тілін байытуға бағытталған. Қазақ тілін үйренудің алғашқы қадамдары өте маңызды, себебі бұл кезеңде оқушылардың тілдік дағдылары мен қабілеттері қалыптасады. Құралда қазақ тілі пәнін үйренуге арн
Бастауыш сынып
Мақала
4 сынып