400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бастауыш сынып оқушыларының тілдік құзіреттіліктерін арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқыту жүйесінде оның ішінде бастауыш сатыдағы білім мазмұнын жаңарту біліми кеңістікті оқушыға жеке тұлғалық тұрғыдан ұйымдастыруды қамтамасыз ететін деңгейде өзгертумен қатар, оқу пәндері бойынша түйінді құзыреттіліктерін қалыптастырудың басымдылығы берілетін білім мазмұнына да өзгеріс енгізудің қажеттілігі артуда. Қазіргі өскелең талапқа сәйкес әрбір оқу пәні бойынша білім, білік және дағдыны ғана игеру оқушы құзыреттілігі үшін жеткіліксіз болып табылады. Құзыреттілік – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, дағдыны тәжірибеде қолдана алу, мәселені шеше білу секілді оқушының дайындық сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа.Құзыреттілікке бағдарланған тапсырмалардың ерекшелiктерi олардың тәжірбиеге бағдарланатындығында, алайда оны орындау пәндiк бiлiмдi, тiптi кейде бiрнеше пәндік бiлiмдi қажет етедi. Құзыреттілікке бағдарланған жағдаяттық тапсырмаларды шешу көбiнесе, нақты өмiрде, қоғамда болып жатқан, мұғалiмге де, оқушыға да жаңа болып табылатын өзгерiстерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауыш сынып оқушыларының тілдік құзіреттіліктерін арттыру

Оқыту жүйесінде оның ішінде бастауыш сатыдағы білім мазмұнын жаңарту біліми кеңістікті оқушыға жеке тұлғалық тұрғыдан ұйымдастыруды қамтамасыз ететін деңгейде өзгертумен қатар, оқу пәндері бойынша түйінді құзыреттіліктерін қалыптастырудың басымдылығы берілетін білім мазмұнына да өзгеріс енгізудің қажеттілігі артуда. Қазіргі өскелең талапқа сәйкес әрбір оқу пәні бойынша білім, білік және дағдыны ғана игеру оқушы құзыреттілігі үшін жеткіліксіз болып табылады. Құзыреттілік – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, дағдыны тәжірибеде қолдана алу, мәселені шеше білу секілді оқушының дайындық сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа.Құзыреттілікке бағдарланған тапсырмалардың ерекшелiктерi олардың тәжірбиеге бағдарланатындығында, алайда оны орындау пәндiк бiлiмдi, тiптi кейде бiрнеше пәндік бiлiмдi қажет етедi. Құзыреттілікке бағдарланған жағдаяттық тапсырмаларды шешу көбiнесе, нақты өмiрде, қоғамда болып жатқан, мұғалiмге де, оқушыға да жаңа болып табылатын өзгерiстерге терең талдау жасаумен байланысты болып келедi. Бұл жағдайда мұғалiм мен оқушының арасындағы өзара қарым-қытнас өзгередi, яғни олар тең құқылы серiктестер ретiнде қарастырылады. Құзыреттілікке бағдарланған тапсырмалар пәнаралық байланысты, кіріктірілген бола отырып, iс-әрекеттiк тәжірбиеге бағдарлау негiзiнде пәндiк бiлiмдi жүйелеуге мүмкiндiк жасайды.Бастауыш сынып оқушыларын сөйлеу әрекетіне үйрету және оны дамыту ең алдымен оқыту үдерісінде тілдің орфоэпиялық, лексикалық, грамматикалық білім нормаларын игертуге байланысты. Екіншіден, сөйлеу біліктілігі мен дағдылары сөйлеу әрекетіндегі оқу, тыңдау, айту, жазуға байланысты. Сондықтан қатысымдылық біліктілік пен дағды сөйлеу қарымқатынасының түрткісіне (мотивіне), мақсат-міндеттеріне орай жүргізіліп, әлеуметтік нормалар, тіл мәдениетінің негізінде ұйымдастырылады. Бастауыш мектеп мұғалімдері тілдерді меңгертуде оқушының сөзі ойының өткір құралы бола алатындай дәрежеде игертуі керек. Оқушы бойына коммуникативтік білім, біліктілік, дағдыларды қалыптастыру керек. Сондықтан, оқу - тәрбие үдерісіндегі мақсат мұғалімнің іс-әрекет нәтижесіне қарай қойылуы тиімсіз, оқытушы үйренушінің өзіне мақсат қоюына үйреткені дұрыс. Тілдік қатынас ойлау мен сөйлеудің бірлігінен тұрады. Өйткені тіл ойдың көрінісі, адам өз ойын тіл арқылы сөйлеу әрекетімен жеткізеді. Олай болса, бастауыш сынып оқушысының бойына коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру үшін мынадай біліктілікті меңгерту қажет: - кез келген ортада өзіне қойылған және бөгде біреуге қойылған сұрақтарға сауатты жауап беруге даяр тұруы; - қарым-қатынаста сөз байлығын кеңінен қолдана алу, оның ішінде көркемдегіш, бейнелеуіш сөздерді қолдана алу; - айтылған ойды ары қарай жалғастырып айта білуге төселу; - кез келген тұлғааралық қарым-қатынасты сынай білу және бағалау; - тұлғааралық конфликт орнаған жағдайда дұрыс шешім қабылдап, әңгімелесушімен шебер тіл табыса білу икемділігі т.б;

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 қазан
70
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі