Бастауыш сынып білім алушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар
алалардың дүниетанымын кеңейтумен қатар, оқу олардың сезімін, еркін, логикалық ойлауын және тілін дамытатын маңызды құрал болып табылады. Оқу білім алушының сезімін тәрбиелеп, ерік-жігерін шыңдайды, сонымен қатар логикалық ойлау мен тілін дамытуға ықпал етеді. Білім алушылар шапшаң, мәнерлеп және түсініп оқуды меңгерген сайын, оқудың маңызы арта түседі.
Сондықтан оқу процесі бір жағынан, білім мен тәрбие беру міндеттерін орындауға, екінші жағынан, білім алушыларды оқу дағдыларына машықтандыруға бағытталған күрделі іс-әрекет ретінде қарастырылады. Бастауыш сынып білім алушылары әр сабақта оқу дағдыларын жетілдіріп, білім мен тәрбие алуына қажетті түрлі дағдыларды қалыптастырады. Оқу – күрделі психологиялық процесс, ол тілдің дамуының барлық аспектілерімен, оның ішінде әдеби жазба тілімен және ауызша сөйлеу тілімен тығыз байланысты.
Оқу барысында көру, есту және сөйлеу мүшелері бір мезгілде жұмыс істеп, түсіну әрекетімен үйлеседі. Алайда, білім алушылардың мүдірмей шапшаң оқуы олардың оқу дағдыларының толық қалыптасқанын білдірмейді. Бала шапшаң оқығанымен, мәтінді саналы түрде түсініп, дауыс ырғағын сақтап, мәнерлеп оқи
алмауы мүмкін. Оқу дағдысын дамытуға арналған жаттығулар тіл
заңдылықтарын, оның ішінде грамматикалық, орфографиялық және тыныс белгілерінің ережелерін толық меңгергенде ғана тиімді болады. Осыған орай, оқу сабағын ұйымдастыру және оған қажетті әдіс-тәсілдерді таңдау кезінде осы жайттарды ескерген жөн.
Бастауыш сынып білім алушыларының оқу дағдысының жетілдірудің бір шарты – білім алушының дұрыс және мүдірмей оқуын қамтамасыз ету. Олай етпеген жағдайда білім алушының мәтінді толық түсінуі мүмкін емес. Мәтінді толық түсіну үшін сабақ процесінде оқудың мына түрлерін жүргізуге болады:
- мәтінді толық оқу;
- мәтінді бөлімдерге бөліп оқу;
- мәтінді дайын жоспар бойынша оқу;
- мәтін бойынша жоспар құру;
- абзац бойынша оқу;
- мәтінді жартылай дауыстап оқу;
- мәтінді рольге бөліп оқу;
- мәтінді оқып, мазмұндау;
- мәтінді қысқартып оқу;
- мәтіннің негізгі ойын білдіретін бөлікті тауып оқу
- ертегілерден қиял мен шындықты бейнелейтін үзіндіні түсініп оқу.
Оқу сабағында ойлау қабілетін, қызығушылығын, байқаушылығын,
салыстыра білетін қабілетін, ой - өрісін дамыту үшін мына оқу түрлерін пайдалануға болады:
- мәтіннен қатты, ақырын, жылдам, баяу оқылатын сөйлемдерді табу;
- мәтіннен логикалық ықпалы бар сөйлемдерді тауып оқу;
- мәтіннен ереже бойынша сөйлем тауып оқу;
5- мәтіннен нақыл сөздерді тауып оқу;
- мәтіннен көтеріңкі көңіл-күйге байланысты сөйлемдерді тауып оқу;
- мәтіннен мағынасы жақын сөздерді тауып оқу;
- мәтіннен автор сөзін алып тастап оқу;
Оқу сабағында білім алушының шығармашылық қиялына әсер ете білу үшін келесі оқу түрлерін қолдануға болады:
- мәтіннен суретке сәйкесті үзіндіні тауып оқу;
- мәтіннен сұрақтарға жауап тауып оқу;
- мәтіннен көркем бейнеленген үзіндіні тауып оқу;
- мәтіннен мақал-мәтелге сәйкес үзінді тауып оқу;
- мәтіннен кейіпкердің жағымды бейнесін суреттейтін үзіндіні тауып оқу;
- мәтіннен жағымсыз кейіпкерді суреттейтін үзіндіні тауып оқу. [5]
Жалпы жылдам оқыту барысында балаларды оқудың 2 түрін –дауыстап және іштей оқу формаларын қалыптастыру қажет.
Дауыстап оқу – оның кідіріссіз және әрбір сабақ бағдарламасына сәйкес оқу темпінде, мәтінді мәнерлеп оқудан тұрады. Дауыстап оқу көбінесе 1-2-сынып білім алушыларына тән. Іштей оқу – көзбен оқудан тұрады. Іштей оқу 1- сыныптан басталады. Содан былай қарай, оқудың бұл көрсетілген екі түрі де
бір-бірімен ұштастырыла жүргізіледі. Білім алушылар дауыстап оқу арқылы алған дағдылары іштен оқуға тасымалдана береді (2-3-сыныптардан бастап дауыстап оқылған материалдар іштей оқуға беріледі), 3-сыныпта жаңа материалдар алдын ала дайындық жұмыстарынан кейін іштен оқуға тапсырылады. Мұнда мәтіннің мазмұнын білім алушылардың түсінуін қамтамасыз ететін түрлі тапсырмалар беріледі: мәтін мазмұны бойынша сурет салу тақырып қою, бөлімдерге бөлу т.с.с. 3-4-сыныптарда іштей оқылған
мәтіндерге білім алушылардың түсінген-түсінбегендерін түрлі сұрақтар қойып, жауап алу арқылы немесе мәтіннің мазмұнын айтқызу арқылы, мәтіннен тірек
сөздерді тапқызу арқылы т.б. тексеріледі. Оқудың бұл түрлерінің екеуінде де дұрыс оқу, шапшаң оқу және түсініп оқу талаптары орындалуға тиіс. Дауыстап оқуға бұларға қосымша мәнерлеп оқу талабы қойылады. Бұл талаптар бір- бірімен тығыз байланыста іске асады. Өйткені түсінбей, мәнерлеп оқи алмайды, ал дұрыс оқымаса, түсінбейді. Дұрыс оқудың негіздері алғашқы оқу-жазуға үйрету кезінде-ақ қалана бастайды. Осы кезде мұғалім әрбір жеке сөзді балаларға жеке әріптеп оқытпай, буындап оқуға жаттықтырғаны жөн, бірақ мұнда балаларды сөздің сыртқы түрін ғана меңгеріп, мағынасын жаңылыс ұғынудан немесе тіпті түсінбей оқудан
сақтандыру керек. Егер бала буындап оқығанда қателессе, дереу түзетіп, оған қиын тиген сөздерге талдау жасап отырудың дұрыс оқуға дағдылану үшін пайдасы зор. Бастауыш сынып білім алушыларының оқу сабақтарында жіберетін қателері:
1. Әріп, буын немесе сөз қалдырып кетіп оқу;
2. Кейбір буындарды, сөздерді екі рет қайталап, ежелеп оқу;
3. Тілі келмегендіктен немесе әдеттеніп кеткендіктен бір әріпті екінші әріппен алмастырып (оңда-оңға, күзет-күжіт т.с.с.) оқиды.
6Мұндай кемшіліктерді мұғалім алдын ала есепке алып, түзету жолдарын ойластыру керек. Білім алушыларды дұрыс оқуға үйрету үшін мынадай жұмыстарды ұйымдастыруға болады:
1. Білім алушыны оқуға жаттықтырып, дағдыландыру. Мұндай
жаттықтыру жұмысының түрлері әр қилы. Бірде оқулықтан әр білім алушыға арнаулы тапсырмалар берілсе, екінші бір жағдайда таратпа материалдардағы мәтіндерді оқытып дағдыландыруға, енді бірде дидактикалық материалдар, әдеби кітаптар пайдалануға болады. Осындай тапсырмаларды орындау үйге де тапсырма ретінде беруге болады;
2. Қате оқыған сөздерді буынға бөліп оқытып немесе тақтаға буындап жазып көрсетіп, дұрыс оқу талап етіліп, ол сөзге талдау жасалып, кеспе әріптерден құрыстыруға да болады;
3. Қате оқыған сөздерді қайта оқыту;
4. Қате оқыған жерін сыныпта тыңдап отырған білім алушыларға түзеттіру;
5. Жаңылтпаштар айтқызып жаттықтыру;
6. Зейіндері тұрақсыз немесе көздері нашар көретін білім алушылар
мәтінді оқыған кезде сұқ саусақ пайдалану, бұл олардың оқып отырған сөздерінің кітап бетінің қай жерінде екенін бағыт беріп, сөзді дұрыс оқуға көмектеседі;
7. Орфоэпия заңын басшылыққа алу [3].
Оқу техникасын жеделдетуге Федоренко мен Пальченко мынандай жаттығуларды ұсынады:
1. Қайталай бірнеше рет оқу;
2. Жаңылтпаш қарқынмен оқу;
3. Оқып келе жатып оқымаған бөлімге ауысып мәнерлеп оқу;
4. Қиын сөздер мен сөз тіркестерімен жұмыс;
5. Суреті көп кітаптарды көрсету, балалар оқығысы келеді;
6. Сыныптан тыс оқуды ұйымдастыру;
7. Слайдтарды пайдалану;
8. «Түсіп қалған сөздерді тап» ойынын ойнату;
9. Жұптасып оқу (2 адам оқу);
10. Сабақта үйге берілген мәтіннен үзінді оқу;
11. Мәтінді түгел оқу;
12. Мәтінді оқу, бөлімдерге бөлу, жоспар құру;
13. Белгіленген жоспар бойынша оқу;
14. Мысалдардан мақал-мәтел, нақыл сөзге айналған жолды тауып оқу;
15. Мәтіннен лепті, сұраулы, хабарлы сөйлемдерді табу;
16. Мәтінді іріктеп көркем сөз, теңеулерді тауып оқу;
17. Мәтін ішіндегі ең ұзын сөзді оқу;
18. Мәтіннен 2 (3,4) буынды сөздерді табу;
19. Мәтіннен сұраққа жауапты іздеу, үзіндіні табу;
20. Мәтінді оқу, әңгіменің ұнағанын, ұнамағанын және себебін айту;
21. Мәтінді оқу, оқығанын қимыл-қозғалыс арқылы әңгімелеу;
22. Мәтінді рөлге бөліп оқу;
23. Мәтіннен жылдам, жай, көтеріңкі дауыспен оқылатын сөйлемдерді табу;
24. Мәтінді оқу, шағын мазмұндама жазу;
25. Мәтінді оқу, шағын шығарма (эссе) жазу;
26. Мәтінді оқу, жай, күрделі жоспар оқу;
27. Мәтінді оқу, мағынасы түсініксіз сөздерді белгілеу;
28. Мәтіннен өкінішті, аянышты, мысқылмен, қуаныш, ренжіп, т.б.
эмоционалды кейіппен оқылатын сөйлем, үзіндіні тауып оқу;
29. Мәтіннен іріктеп көркем сөз, теңеулерді тауып оқу;
30. Оқу арқылы көру диктантын жаздыру.
Оқу дағдыларын қалыптастыруда білім алушыны дұрыс, түсініп, шапшаң және мәнерлеп оқуға үйрету керек. Осы талапты іске асыру, яғни жаттықтыру жұмысын жүргізу жолдары мектеп тәжірибесінде әлі де анықталуда. Оқу дағдысының үш түрі дұрыс оқу, түсініп оқу және мәнерлеп оқуды қалыптастыру ғылыми - әдістемелік жолмен анықталып отыр.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз