Оқушылардың сөздік қорын байыту үшін мəтінмен жұмыс жасау

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқушылардың сөздік қорын байыту үшін мəтінмен жұмыс жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамытып, сөз мәдениетін қалыптастыру жұмысы жүйесіз, негізсіз, бағытсыз кездейсоқ іске асырылмайды. Бастауыш сынып кезеңі — баланың қалыптасатын кезеңі. Олай болса, тіл тазалығы, ой дәлдігінің атадан балаға мирас болып келетінінің бірі. Сөздік қор әдетте 5 жастан бастап барынша молаяды. Бала тілінде синоним, антоним, бейнелеуіш сөздер пайда болады да еш қиындықсыз зат есімдерге жұрнақтар қосып, сөздерді түрлендіре айта алады. Кішкентайынан сөздік қорын байыту үшін сұраққа толық жауап беріп, қате айтса, жіберген қателерін қайтып қайталамайтындай етіп түзетіп отыру. Ертегі, әңгіме, өтірік өлеңдер шығаруларын қолдау.Өтірік өлең, жаңылтпаш баланың тілін сындыруға, дыбыстарды дұрыс айтуға мәжбүрлейді, кейіннен 2,3 сыныпта баланың тілі, сөздік қоры жақсы дамиды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Абай облысы, Семей қаласы

«№39 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Нурталиева Рысгул Мадениетовна


Оқушылардың сөздік қорын байыту үшін мəтінмен жұмыс жасау


Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамытып, сөз мәдениетін қалыптастыру жұмысы жүйесіз, негізсіз, бағытсыз кездейсоқ іске асырылмайды. Бастауыш сынып кезеңі — баланың қалыптасатын кезеңі. Олай болса, тіл тазалығы, ой дәлдігінің атадан балаға мирас болып келетінінің бірі. Сөздік қор әдетте 5 жастан бастап барынша молаяды. Бала тілінде синоним, антоним, бейнелеуіш сөздер пайда болады да еш қиындықсыз зат есімдерге жұрнақтар қосып, сөздерді түрлендіре айта алады. Кішкентайынан сөздік қорын байыту үшін сұраққа толық жауап беріп, қате айтса, жіберген қателерін қайтып қайталамайтындай етіп түзетіп отыру. Ертегі, әңгіме, өтірік өлеңдер шығаруларын қолдау.Өтірік өлең, жаңылтпаш баланың тілін сындыруға, дыбыстарды дұрыс айтуға мәжбүрлейді, кейіннен 2,3 сыныпта баланың тілі, сөздік қоры жақсы дамиды.

Тіл- тәрбиенің басты тірегі. Қазіргі заман талабына сай ұл мен қыз өсіру, оларға білім беру – әр ұстаздың басты мақсаты. Ана тілі арқылы жас жеткіншектерді халқымыздың озық ойымен, әдебиетімен, мәдениетімен, тіршілігімен таныстырамыз. Осының бәрін біліп қана қоймай, бала оны жеткізе де білуі керек. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімі әр сабағында бала тілін дамытып, сөздік қорын байытуға әр түрлі тәсілдерді қолдана білуі тиіс деп ойлаймын. Тіл байлығын, сөйлеу тілін дамытуда қиял, ұшқыр ой қалыптастыру қажет. Мұнда оқушыға ертегі, әңгімені жалғастырып айту және аяқтау тапсырылады. Оқушы қиялға ерік бере отырып оқиғаны жалғастыра отырып шығармашылық жұмыс істейді. Өз бетінше іздену-шығармашылық және өз ойын жеткізе алудың көзі. Берілген тапсырманы түрлендіру бойынша жұмыс түрлерін, мысалы мәтінді өңдеу, диалог құрастыру, өз ойынан өлең, ертегі, әңгіме құрастыру да оқушының ойы арқылы тілін дамыта түседі.Мақал – мәтелдер мен тұрақты тіркестерді ұдайы үйретіп отыру-мұғалімнің күнделікті жұмысының бір түрі. Үйренгендерін ұмытып қалмау үшін оны сөздік дәптеріне жаздырып, әр тоқсанда соларды көбейту кестесі тәрізді жатқа жаздырып, бақылау жұмыстарын алуға болады.

Оқушының оқыған әңгіме ертегісіне сараптаудың жолдары:

-түсінгенін әңгімелеу

-сұрақтарға жауап беру

-кейбір үзінділерді жатқа айтқызу

-оқыған шығармасы бойнша таныс емес сөздерді сөздік дәптерге жазып отыру

-кейіпкерлер іс-әрекетіне баға беру

-әңгімелердің ұқсастығын салыстыру

-ең соңында сол шығармаға ұқсас әңгіме жаздыру.

Тіл дамытудың басты құралы сөздік қорға жатады. Оқушының сөздік қорының неғұрлым көп болуы және оны тиімді қолдана білуі жүйелі еңбекті қажет етеді. Тіл дамыту жұмыстарында басшылыққа алатын басты мәселелердің бірі-оқушылардың сөздік қорды,ауызекі сөйлеу тілін тиімді ережеге сәйкес құра білуінде жатыр. «Тіл мәдениетінің жоғары деңгейі ол тіл арқылы өз ойын дұрыс, дәл және мәнерлі жеткізе алады».

Тіл дамытудағы тиімді тәсілдердің бірі – шығармашылық тапсырмалар. Шығармашылықтың түрі әр алуан,мәні біреу – ол жаңа мазмұн жасау. Шығармашылық жұмыстарды орындау арқылы әрбір бала өзінің таланттылығын, қабілеттілігін, бейімділігін көрсете алады.

Сюжетті суреттер бойынша сұрақтар жауап арқылы әңгімелеу, өз отбасы туралы әңгіме құрастыру, осы тақырып бойынша дайын мәтіндерді оқып беріп, суретін көрсету.Баланы өз ойын анық айтып, дұрыс сөйлеуге үйрету. Тереңдетіп оқыту арқылы сөздік қорын байыту үшін, әр оқушының сөйлеу деңгейін, ойлау қабілетін, шығармашылығын зерттеуді қажет етеді. Бұл тұста оқушылардың жазу сауатын да есепке алу керек. Баланың бас ұстазы ата-анасы болса, екінші ұстазы- бастауыш сынып мұғалімі. Сондықтан біздің алдымыздағы әр оқушының сауатты оқуы мен жазуы, сөйлеу тілінің дұрыс қалыптасып, жақсы дамуы тікелей мұғалімге байланысты болмақ.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.10.2025
48
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі