Бастауыш сыныптарда функционалды сауаттылықты дамыту

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Бастауыш сыныптарда функционалды сауаттылықты дамыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі заман талабы білімді де білікті, өздігінен тығырықтан шығуға жол таба білетін, өмірге икемді тұлғаны тәрбиелеуді қажет етеді. Білім көзі бастауыштан басталғандықтан, ең әуелі сауаттылық пен оқушылардың оқуға деген білім, білік дағдысын бастауыштан қалыптастырып, тәрбиелеуіміз дұрыс. Бала бастауыш сыныптан бастап шапшаң оқуға дағдылануы тиіс. Себебі, оқу жылдамдығы төмен бала өз сыныптастарына қарағанда үй тапсырмаларын орындау барысында оқып-түсіну үшін көп уақыт жұмсайды, шаршайды, оқуға деген ықыласы төмендеп, өзіне сенуден қалады. Нәтиежесінде баланың оқу көрсеткіштері нашарлап, эмоциональдық күйзеліске ұшырап, оқуға мүлдем құлқы болмайды.  Сондықтан баланы алғашқы сабақтардан бастап әр түрлі әдістемелері арқылы тез оқу әдісіне машықтандырып, көп еңбек етіп, қызығушылығын тудыру керек.  Тез оқу әдісіне қандай факторлар кедергі келтіруі мүмкін:  1) тақырыпты оқып шықаннан кейін, не туралы оқығанын түсінбеуі  2) сөздің астарын, мағынасын тусінбеуі  3) регрессия – көздің
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бастауыш сыныптарда функционалды сауаттылықты дамыту

Бүгінгі заман талабы білімді де білікті, өздігінен тығырықтан шығуға жол таба білетін, өмірге икемді тұлғаны тәрбиелеуді қажет етеді. Білім көзі бастауыштан басталғандықтан, ең әуелі сауаттылық пен оқушылардың оқуға деген білім, білік дағдысын бастауыштан қалыптастырып, тәрбиелеуіміз дұрыс. Бала бастауыш сыныптан бастап шапшаң оқуға дағдылануы тиіс. Себебі, оқу жылдамдығы төмен бала өз сыныптастарына қарағанда үй тапсырмаларын орындау барысында оқып-түсіну үшін көп уақыт жұмсайды, шаршайды, оқуға деген ықыласы төмендеп, өзіне сенуден қалады. Нәтиежесінде баланың оқу көрсеткіштері нашарлап, эмоциональдық күйзеліске ұшырап, оқуға мүлдем құлқы болмайды. 

Сондықтан баланы алғашқы сабақтардан бастап әр түрлі әдістемелері арқылы тез оқу әдісіне машықтандырып, көп еңбек етіп, қызығушылығын тудыру керек.  Тез оқу әдісіне қандай факторлар кедергі келтіруі мүмкін: 

1) тақырыпты оқып шықаннан кейін, не туралы оқығанын түсінбеуі 

2) сөздің астарын, мағынасын тусінбеуі 

3) регрессия – көздің оқу кезінде қозғалу жылдамдығы, 1 сыныпта 

4) көру аймағының аздығы, бұл дегеніміз бала көзінің қозғалтпай отырған кездегі, көзге жақын көрініп тұрған аумақ немесе кітап бөлігі 

5) артикуляция, яғни жай ежіктеп оқу барысында, дауысын шығарып, оқу процесіне есту аппаратының (құлағының) қосарланып қатысып отыруы. 

Міне, осы факторлардың бәрін ескере отырып ең бірінші баланың көруі арқылы есте сақтау қабілетін дамытуға ерекше көңіл бөлу керек 

Ол үшін сабақтарда:

1) түрлі суреттер топтамасын пайдаланып, көрсетіп, балалардан 1секунд ішінде жаттап алған нәрселерін сұрау 

2) екі бағанға сөздер жазып, балаларға көрсетіп, оқытып қайталап сұрау 

3) мағынасы қарама-қарсы сөздерді айтқызып жарыстыру 

4) өткен тақырыптарды қайталап сұрап тұру 

5) тақырыптың кез келген сұрақ қойып, жауабын тез тауып айтуға жаттықтыру 

6) жаңылтпаштар оқыту 

7) оқу жылдамдығын салыстырып, жиі жарыстыру, көрсеткіштерін күнделікке жазу 

8) таныс тақырыпты оқытып, тез басқа таныс емес тақырыпқа көшу 

9) тіркес немесе біріккен сөздерді жазғызып олардың қандай сөздерден құралғанын сұрау 

10) берілген әріптерден сөз құрастыру; кім көп сөз, әрі кім тез? 

Осындай әр түрлі жаттығулардан кейін, баланың оқуға деген құлшынысы артып оқуға белсене қатысып, өзінің оқуға тез бейімделе бастағанын байқамай қалады. 

Баланы тез оқи білуге үйрету, бұл бүкіл білім беру ісінің негізгі фундаменті болып табылады. Өйткені бала әрі қарай осы оқу әдісін меңгеруіне байланысты әр түрлі пәндерді тез оқып, үйреніп, игеріп кетеді.

Баланы қалай тез оқуға үйретуге болады?

Жылдамдығы өте төмен, 40 сөз оқитын 5-9-сынып оқушылары да кездеседі. Мұндай жылдамдықпен, әдетте, 1-сыныпта оқушылары оқиды. 9-сыныпта үй тапсырмасы орта есеппен бір күнде шамамен оқулықтың 8 бетін немесе 6500 сөзді құрайды. 6500 сөзді минутына 40 сөз оқу жылдамдығына бөлеміз. Сонда үй тапсырмаларының мәтіндерін бір рет оқып шығу үшін 162 минут немесе шамамен 3 сағат (2,7 сағат) қажет. Бірақ мұндай оқу техникасымен, әрине, оқушы оқулықта жазылғанды бірден түсінбейді. Оған мәтіндерді кем дегенде 3 рет оқып шығу керек, бұл дегеніміз – 9 сағат оқу уақыты, мектепте 6 сағат қажет. Міне, 15 сағаттық жұмыс күні. Бірақ оған қоса жазбаша тапсырмалар бар. Ең дарынды мұғалімдерді шақыруға болады, бірақ оқушы ең қарапайым – оқып үйренбейінше, олар ештеңе істей алмайды. Сонымен, бастауыш мектепті бітіретін оқушылар қандай жылдамдықпен оқу керек. Егер 5-сынып оқушыларының оқу үлгерімін саралап көрсек, онда бастауыш оқытуды шамамен минутына 130-170 сөз оқу жылдамдығымен бітірген балалар оқу үздіктері атанған деген қорытынды жасауға болады. Орта есеппен алғанда, шамамен минутына 150 сөз. Оқу үлгерімі жақсы оқушы атанған оқушылардың оқу жылдамдығы минутына 100-ден 140 сөзге дейін болған. Орташа есеппен алғанда, шамамен минутына 120 сөз. «Үшке» оқитын балалардың оқу жылдамдығы шамамен минутына 80-90 деген сөз құраған. Заңдылық осындай.

Оқу дағдысы - бұл оқудың негізі, мектепте жақсы оқудың шарты болып табылады. Осы кітапшада келтірілген жаттығулар балаңыздың оқу деңгейін, жылдамдығын көтере алуға көмектеседі. Оқу  - балалар үшін өте күрделі процесс. Мұнда зейін, қиял, есту және дыбыс катализаторлары қатысады. Оқу жылдамдығы сөйлеу жылдамдығына жақын болу тиіс. Мектепте оқу жылдамдығы төмен балаға жаңа материалды меңгеруге қиынға соғады. Себебі ол есептің шартын оқығанша, тез оқитын бала есепті дәптерге көшіруге үлгереді. Оқу жылдамдығы үлгерудің басты факторы болып табылады. «Оңтайлы оқу» деген ұғым бар, минутына  120-150сөз оқу, тек осы қарқында ғана оқушы материалды жақсы меңгере алады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2025
34
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі