
Бимурзаев Досбол Нурболатович
Колледжде өндірістік оқыту шебері болып жұмыс жасаудамын



Барлығы: 4 материал
Автомобильді электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрик клиенттердің қалауын тыңдай алуы, сендіре білуі, оңтайлы жұмыс жағдайларын ұсына білуі, жөндеу тісілдерін таңдау барысында асықпауы керек. Жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін клиентті мүмкін техникалық ақаулар мен оның алдын-алу әдістері туралы хабардар еткен жөн.
Жоғары білікті маман болу үшін минималды тәжірибе - 3-5 жыл.
Бұл мамандық салмақты, сабырлы, табанды, мақсат қоя білетін, кез-келген кәсіби міндеттерді шешуде оңтайлы шешім таба алатын адамдарға келеді.
Жұмыстың жағымды жақтарының бірі деп жоғары сұранысты, жақсы еңбекақыны атауға болады, себебі автокөліктің заманауи модификациялары күрделі электроникаға, сондай-ақ күрделі және дамыған электрикаға толы. Бұл мамандық түрлі қызметтерді жүргізуге, автомобильдердің жаңа маркаларын үнемі зерделеуге, жөндеу мен диагностикалауға арналған барлық жаңа техникалар туралы хабардар болуға мүмкіндік береді.
Жас маман ақаулықтың себебін дұрыс анықтай алуды үйренуі керек. Сондай-ақ
Басқа
Ғылыми жұмыстар
Басқа
«Электр жабдығы» мамандығы бойынша электр жабдығын жөндеу, қызмет көрсету және орнату саласында кең бейінді мамандар дайындайды.
Аталған мамандық әлемдегі ең қажетті мамандықтар қатарына кіреді, сұранысқа ие болып табылады. Осы бағыттағы мамандар өз даярлықтарына сәйкес тұрмыстық және өнеркәсіптік электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі жұмыстарды орындау, техникалық дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету, жарамды күйде ұстау, техникалық қызмет көрсету, уақтылы жөндеу, қызмет көрсетілетін электр қондырғылары мен электр жабдықтарының авариясыз және сенімді жұмысы, желілерді монтаждау және т.б. сияқты кәсіби қызмет түрлерін орындай алады.
Бұл бағыттағы жұмыс қажырлы жұмысты атқара алатын және жақсы көретін, жақсы есте сақтайтын, мұқият және жұмысқа ден қоя алатын адамдарға жарамды.Сондай-ақ, осы саланың маманы еңбекті қорғау жөніндегі барлық нұсқаулықтарды нақты орындауы және өрт қауіпсіздігінің барлық ережелерін сақтауы тиіс.«Электр жабдығы» мамандығы бірнеше бағыт бойынша мамандарды дайындайды:
Басқа
Мақала
Басқа
Двигательді сұйықтықп е н с а л к ы н д а т у (2, а-сурет) ең көп тараған әдіс. Салқындатқыш сұйық ретінде суды немесе төмен температурада қататын сұйықтықты — антифризді пайдаланады. Сұйықтықпен салқындату жүйесіне блок пен цилиндрлер қалпақшасын салқындататын су тысы (6), радиатор (2), су насосы (9) мен желдеткіш (3), сондай-ақ қосалқы құрылғылар: су тарататын канал (8), термостат (4), жалғастырғыш шланг, ағызу шүмегі және сұйықтық температурасын көрсеткіш (5) (термометр) жатады.
•
•
•
•
•
•
•
• a — сұйықтық, б — ауамен; 1 — радиатор пердесі, 2 — радиатор, 3 — желдеткіш, 4 — термостат, 5 — термометр, 6 — негізгі двигательдің су тысы, 7 — іске қосқыш двигательдің ту тысы, 8 — су тарататын канал. 9 — су насосы, 10 — ағызу шүмегі, 11 — ауа тарататын құндақ, 12 — май жіберуді реттеуіш, 13 — золотник, 14 — цилиндр қалпақшасы, 15 — май түтігі, 16 — желдеткішті іске қосатын шкив, 17 — гидродинамикалық муфта, 18 — желдеткіштің бағыттауыш аппараты, 19 — желдеткіш роторы
Іске қосқыш
Басқа
Ашық сабақ
Басқа
Қазіргі таңда оқушыларға кәсіптік бағдар берудің маңызы жоғары. Бұл тек баланың керекті маман иесі болуына ғана емес, еңбек нарығы мен қоғам сұранысына сай кадр дайындаудың алғышарты саналады. Оның үстіне саладағы тенденция күн сайын өзгерген шақта аталған қадамды мектептен бастау орынды-ақ. Ол үшін әр баланың бейімін байқап, білігін танып, қызығушылығын қарау керек. Мұғалімнің психологиялық-педагогикалық қыры сыналар тұсы да осы екені анық. Кәсіптік бағдар беру – қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып,
кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды. Кәсіптік бағдар беру ісін анда – санда бірнеше шаралармен немесе оқушылардың мектепті бітіріп шығу кезіндегі түсінік жұмысымен ғана шектеуге болмайды. Сол себепті біздің оқу орнында кәсіптік бағдар беру ж
Басқа
Ғылыми жұмыстар
Басқа