Өндірістік оқу.Автомобильдің электр жабдығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өндірістік оқу.Автомобильдің электр жабдығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Автомобильді электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрик клиенттердің қалауын тыңдай алуы, сендіре білуі, оңтайлы жұмыс жағдайларын ұсына білуі, жөндеу тісілдерін таңдау барысында асықпауы керек. Жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін клиентті мүмкін техникалық ақаулар мен оның алдын-алу әдістері туралы хабардар еткен жөн. Жоғары білікті маман болу үшін минималды тәжірибе - 3-5 жыл. Бұл мамандық салмақты, сабырлы, табанды, мақсат қоя білетін, кез-келген кәсіби міндеттерді шешуде оңтайлы шешім таба алатын адамдарға келеді. Жұмыстың жағымды жақтарының бірі деп жоғары сұранысты, жақсы еңбекақыны атауға болады, себебі автокөліктің заманауи модификациялары күрделі электроникаға, сондай-ақ күрделі және дамыған электрикаға толы. Бұл мамандық түрлі қызметтерді жүргізуге, автомобильдердің жаңа маркаларын үнемі зерделеуге, жөндеу мен диагностикалауға арналған барлық жаңа техникалар туралы хабардар болуға мүмкіндік береді. Жас маман ақаулықтың себебін дұрыс анықтай алуды үйренуі керек. Сондай-ақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі

Өндірістік оқыту шебері

Байбулатова Карлыгаш Булатбекова


Өндірістік оқу

Электрмен жабдықтау жүйесі барлық тұтынуларды электр энергиямен қоректендіруге арналған. Параллель қосылған генератор мен аккумуляторлық батарея автомобильдегі электр энергия көзі болып табылады. Жұмыс істеп тұрған қозғалтқышта генератор электр энергиясының негізгі кӛзі болып табылады және тұтынуларды электрмен жабдықтауды және аккумуляторлық батареяға заряд беруді қамтамасыз етеді. Жұмыс істемейтін қозғалтқышта электр энергия кӛзінің функциялары аккумуряторлық батареяға көшеді, ол қозғалтқыштың сенімді іске қосылуын қамтамасыз етуі тиіс. Автомобиль генераторлары кең аралықта ӛзгеретін жүктемелер мен айналымның айнымалы жиіліктері тәртібінде жұмыс істейді. Автомобильді электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрик машинаның электрондық жүйесіндегі бұзылуларды жоюға жауап беретін автомобиль техникасын жөндеу жөніндегі маман.

Автомобильді электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрик автокөлік құралын электрмен жабдықтау жүйелерінің диагностикасын жүргізеді, автомобиль көлігінің электр жабдықтарына сервистік қызмет көрсету, көтерме және бөлшек сауда саласында коммерциялық қызметпен де айналыса алады. Сондай-ақ оның қызметі автомобильдің электр жабдықтарының ақауларының алдын алуына бағытталған.

Сарапшылар автоэлектрик мамандығын неғұрлым перспективалық мамандықтар қатарына жатқызады, өйткені әлемдегі әр 3-ші адамда автомобиль бар. Уақыт өте келе, кез-келген техника бұзыла бастайды.

Жалпы автоэлектриктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

  • электр жабдықтарына сауатты диагностика жүргізу;

  • ақаулықтарды анықтау;

  • автомобильдің барлық электр тізбектерінің жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету;

  • лауазымдық бейін аясында автомобиль бойынша тапсырыс берілген жұмыстардың толық тізбесін орындау;

  • жөндеуге берілген автомобильдің сақталуын қамтамасыз ету;

  • құралдар мен жабдықтардың жұмыс күйін қадағалау, оларды мақсаты бойынша пайдалану;

  • қауіпсіздік техникасын, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Тәжірибесі аз маманның орташа жалақысы 100-120 мың теңге аралығында.

Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу және одан әрі жемісті жұмыс істеу үшін студенттің физика, математика, электротехника саласында білімі болуы тиіс.

Автомобильді электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрик клиенттердің қалауын тыңдай алуы, сендіре білуі, оңтайлы жұмыс жағдайларын ұсына білуі, жөндеу тісілдерін таңдау барысында асықпауы керек. Жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін клиентті мүмкін техникалық ақаулар мен оның алдын-алу әдістері туралы хабардар еткен жөн.

Жоғары білікті маман болу үшін минималды тәжірибе - 3-5 жыл.

Бұл мамандық салмақты, сабырлы, табанды, мақсат қоя білетін, кез-келген кәсіби міндеттерді шешуде оңтайлы шешім таба алатын адамдарға келеді.

Жұмыстың жағымды жақтарының бірі деп жоғары сұранысты, жақсы еңбекақыны атауға болады, себебі автокөліктің заманауи модификациялары күрделі электроникаға, сондай-ақ күрделі және дамыған электрикаға толы. Бұл мамандық түрлі қызметтерді жүргізуге, автомобильдердің жаңа маркаларын үнемі зерделеуге, жөндеу мен диагностикалауға арналған барлық жаңа техникалар туралы хабардар болуға мүмкіндік береді. 

Жас маман ақаулықтың себебін дұрыс анықтай алуды үйренуі керек. Сондай-ақ ол клиенттермен жұмыс істеуде тәжірибесінің болмауы, шешуді талап ететін даулы мәселелер сияқты қиындықтарға тап болуы мүмкін.

Бұл мамандықтың кемшілігі жоғары жауапкершілікте, кейде қолайсыз еңбек жағдайында.

Автоэлектриктің жұмысы - үнемі жетілуге тамаша мүмкіндік. Өйткені сала бір орында тұрмай, әрқашан инновациялық технологиялармен толығып отырады.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.02.2025
171
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі