Автомобильдің салқындату жүйесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Автомобильдің салқындату жүйесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Двигательді сұйықтықп е н с а л к ы н д а т у (2, а-сурет) ең көп тараған әдіс. Салқындатқыш сұйық ретінде суды немесе төмен температурада қататын сұйықтықты — антифризді пайдаланады. Сұйықтықпен салқындату жүйесіне блок пен цилиндрлер қалпақшасын салқындататын су тысы (6), радиатор (2), су насосы (9) мен желдеткіш (3), сондай-ақ қосалқы құрылғылар: су тарататын канал (8), термостат (4), жалғастырғыш шланг, ағызу шүмегі және сұйықтық температурасын көрсеткіш (5) (термометр) жатады. • • • • • • • • a — сұйықтық, б — ауамен; 1 — радиатор пердесі, 2 — радиатор, 3 — желдеткіш, 4 — термостат, 5 — термометр, 6 — негізгі двигательдің су тысы, 7 — іске қосқыш двигательдің ту тысы, 8 — су тарататын канал. 9 — су насосы, 10 — ағызу шүмегі, 11 — ауа тарататын құндақ, 12 — май жіберуді реттеуіш, 13 — золотник, 14 — цилиндр қалпақшасы, 15 — май түтігі, 16 — желдеткішті іске қосатын шкив, 17 — гидродинамикалық муфта, 18 — желдеткіштің бағыттауыш аппараты, 19 — желдеткіш роторы Іске қосқыш
Материалдың қысқаша нұсқасы

«М. Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледжі»МКҚК








Ашық сабақ Сабақтың тақырыбы: Салқындату жүйесі

Өткізген өндіріс шебері: Тагибергенова А

Өткізілген топ: № 188 топ 3 -курс























Қызылорда қаласы, 2020 жыл

08.02.2020 жыл «Бекітемін»

188 топ ІІІ-курс Аға шебер: М.Дүрманов



Сабақ жоспары № Т-18


Сабақтың тақырыбы: Салқындату жүйесі

Сабақтың білімділік мақсаты:  Білім алушыларға салқындату жүйесіне техникалық қызмет көрсету және оның ақаулары туралы оқушыларға түсінік беру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Білім алушылардың өзін–өзі қадағалауға, оқуға, білуге, еңбекке деген ынта-ықыласын ояту. Өмірге деген талпынысын, болашаққа деген сенімін арттыру іскерлік дағды-қабілеттерін арттыру, мамандықтың қыр –сырын жетік игеруге ұмтылдыру. Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Білім алушыларды шеберханаларда техника және еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтауға тәрбиелеу, еңбекке баулу. Сабақтың материалдық- техникалық жабдықталуы: Техника қауіпсіздігі туралы плакаттар, «Автослесарь» мамандығы бойынша технологиялық нұсқау карталары, салқындату жүйесінің макеті, құрал-саймандар т.б

Өндірістік оқу сабағының уақыты: - 6  сағат

Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі:  8.30- 8.35 1. Білім алушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру. 2. Білім алушылардың арнаулы киімдерін тексеру. 3. Құрал - жабдықтардың сабаққа жарамдылығын тексеру.

ІІ. Кіріспе нұсқау кезеңі: 8.35- 9.25 1.Білім алушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. 2.Өткен сабақ бойынша білім алушылардың білім деңгейлерін тексеру:

а) Қозғалтқыштардың салқындату жүйелерінің қызметі және олардың түрлері?

ә) Сұйықпен салқындатылатын жүйесінің негізгі бөлшектерін ата.

б) Ауамен салқындату жүйесінің қалай жұмыс істейтіндігін айт.

с) Антифриз (тосол) не себептен салқындату жүйелерінде

пайдаланылады?

3. Білім алушыларға жаңа тақырып бойынша нұсқау беру:

а) Салқындату жүйесінің қажеттілігі қандай? Суыту жүйесі қызған бөлшектерді суыту үшін қажет. Өйткені, двигатель жұмыс істегенде цилиндр ішінде жанған жанармай және осыдан 1800-3000 градусқа дейін қызған газ цилиндрлер кенересін, поршень мен блок қалпақшасын қыздырады. Жылудың бөлшектерге берілу құбылысын мүлде болдырмауға болмайды, өйткені олардың температурасы жанған газ температурасынан бірнеше есе аз.

б) Салқындату жүйесінің қызметі. Салқындату жүйесінің негізгі қызметі – ол двигательдің қызған бөлшектеріндегі артық жылуды сыртқа шығарып, қоршаған ортаға таратып жіберу болып табылады

с) Салқындату жүйесінің түрлері. Салқындату жүйесі жылуды тасымалдайтын мматериалдың түріне қарай екіге бөлінеді. Оның біріншісі ауа болса, екіншісі сұйық болады. Яғни, двигательдер ауамен салқындатылатын және сұйықпен салқындатылатын болып бөлінеді. Қазіргі кезде сұйықпен салқындатылатын двигательдер ғана қолданыста. 

4. Кіріспе нұсқауды пысықтау:

Салқындату жүйесі

Жұмыс істеп тұрған двигательдің цилиндрлеріндегі газдың орташа температурасы 1000°С жуық. Жұмыс барысында газ цилиндрлер кенересін, поршень мен блок қалпақшасын қыздырады. Егер двигательді салқындатпаса, онда   үйкелетін детальдардың арасындағы май жанады, соның әсерінен детальдар тез тоза бастайды, поршеньдер қызу әсерінен ұлғайып   майысуы  және басқа  да ақаулар  пайда болуы  мүмкін.

 






 




Двигательден жылу едәуір көп бөлінгенде (қатты салқындағанда), қоспа араласуы нашарлап, соның әсерінен, оның қуаты кеміп, тиімділігі төмендейді. Мұндайда май қасиеті нашарлайтындықтан үйкеліс шығыны артады. Двигательдің төменгі жылу режимі отын мен майдың ауыр фракцияларынын толык жанбауына әсер етіп, соның салдарынан жану камерасының кенересінде, поршеньде, клапандар табакшасында көптеп күйе жиналады. Поршень сақиналары поршень ойығына кептеліп қалады, клапандар да, майысуы мүмкін. Сонымен, двигательдің тым салқындауы да, тым ысып кетуі де зиянды. Двигатель бірқалыпты жұмыс істеуі үшін су температурасы 80—95°С болуы тиіс. Салқындату жүйесі қызған детальдардағы жылуды бәсеңдету және жұмыс істеп тұрған двигательді бірқалыпты жылу режимінде сақтау үшін қажет. Іштен жанатын двигательдің артық жылуын шығаруды сұйықтықтың (сұйықтықпен салқындату) немесе сыртқы ауаның (ауамен салқындату) көмегімен жасанды түрде салқындату арқылы жүзеге асырады.

Двигательді сұйықтықп е н  с а л к ы н д а т у (2, а-сурет) ең көп тараған әдіс. Салқындатқыш сұйық ретінде суды немесе төмен температурада қататын сұйықтықты — антифризді пайдаланады. Сұйықтықпен салқындату жүйесіне блок пен цилиндрлер қалпақшасын салқындататын су тысы (6), радиатор (2), су насосы (9) мен желдеткіш (3), сондай-ақ қосалқы құрылғылар: су тарататын канал (8), термостат (4), жалғастырғыш шланг, ағызу шүмегі және сұйықтық температурасын көрсеткіш (5) (термометр) жатады.



  • a — сұйықтық, б — ауамен; 1 — радиатор пердесі, 2 — радиатор, 3 — желдеткіш, 4 — термостат, 5 — термометр, 6 — негізгі двигательдің су тысы, 7 — іске қосқыш двигательдің ту тысы, 8 — су тарататын канал. 9 — су насосы, 10 — ағызу шүмегі, 11 — ауа тарататын құндақ, 12 — май жіберуді реттеуіш, 13 — золотник, 14 — цилиндр қалпақшасы, 15 — май түтігі, 16 — желдеткішті іске қосатын шкив, 17 — гидродинамикалық муфта, 18 — желдеткіштің бағыттауыш аппараты, 19 — желдеткіш роторы

Іске қосқыш двигатель жұмыс істеген кезде негізгі двигательдің иінді білігі айналғанға  дейін судын термосифондық алмасуы өтеді. Температура айырмашылығының әсерінен су тысындағы су іске қосатын двигатель цилиндріне, оның қалпақшасына алмасады да, сонан кейін негізгі двигательдін блок қалпақшасындағы су тысына қарай жылжиды. Цилиндрлер блогының қалпақшасын жылжытқаннан кейін cу жалғастырғыш келте түтік арқылы қайтадан іске қосатын двигательдің тысына келеді.

Негізгі двигатель жұмыс істеп тұрған кезде салқындату жүйесіндегі судың ықтиярсыз алмасуы ортадан тепкіш су насосы арқылы пайда болады. Ортадан тепкіш су насосы (9) радиатордың төменгі багындағы суды сорып, кысым күшімен двигательдің су тысына (6) айдайды да, мұнда ол цилиндрлер кенересін салқындатады. Блоктын су тысындағы су тесік пен канал арқылы цилиндрлер қалпақшасының су тысына карай жылжиды. Каналдар су ағынын ең көбірек қызатын клапанды ұяшыктың қосқыш құрылғысына және форсункалардың жез стаканшаларына бағыттайды, сөйтіп, оларды қатты қызудан, әрі олардың бүріккіштерін кокстанудан қорғайды. Салқын двигательде су термостаттан су тысына, одан радиаторға сокпай су насосына (кіші айналыммен), ал қызған двигательде — радиатордың жоғарғы багына (үлкен айналыммен) бағытталады. Радиатордың (2) жоғарғы багынан төменгі көптеген түтікшелерге келген су осында салқындатылады. Суды желдеткіштен (3) және түтікшелер аралығынан келген ауа салқындатады. Радиатордың төменгі багындағы су қайтадан насос арқылы двигательдін су тысына айдалады.

Салқындатқыш тыстан шығатын және оған енетін су температурасының айырмашылығы (бұл айырмашылық онша көп емес (4—7°С) өте тез өзгеріп тұратындықтан, мұның өзі двигательдің біркелкі салқындауына мүмкіндік береді.

Қазіргі кездегі двигательдерде жабық салқындату жүйесі қолданылады. Мұндай жүйеде радиатор нығыз жабылады да, тек қысым өте жоғары немесе өте төмен болғанда ғана сыртқы атмосферамен қатысады. Ол үшін радиаторға бу-ауа клапаны орнатылған. Салқындатудың жабық жүйесінде сұйықтықтың булануы шамалы ғана болады. Мұндай жүйеде суды жоғары температурада сақтауға да болады, ал мұның өзі двигатель жұмысына қолайлы әсер етеді.

Ауамен салқындатылатын двигательдерде (2, б-сурет) детальдардағықызуды бәсеңдету үшін цилиндрлерге және оның қалпақшаларына ауа үрленеді. Ауаның ықтиярсыз қозғалысы роторлы желдеткішпен жүзеге асырылады. Роторлы желдеткіш ротордан (19) тұрады, оның көп санды қалақшасы мен қозғалмайтын бағыттауыш аппараты (18) бар. Аса жоғары жиілікпен айналған ротор ауа тарататын құндақтың (11) астына ауа айдайды.

Ауамен салқындатылатын двигательде желдеткіш роторының айналу жиілігін өзгерту арқылы жылу режимін автоматты реттегіш енгізілген. Осы максатта желдеткіш жетегінің шкиві (16) мен ротор аралығына кезекпен май толтырып тұратын гидродинамикалық муфта (17), ал цилиндр қалпақшасына май жіберуді реттеуіш (12) орнатылған. Гидромуфтаның (17) қалақшалы екі дөңгелегі бар: жетекшісі — насостық (алдыңғысы двигатель жүрісі бағытында) және жетектегі — турбиналык. Соңғысы ротормен (19) берік байланысқан және де насостық дөңгелекпен ешқандай механикалық байланысы болмайды.

Автоматты құрылғы былайша әрекет етеді. Двигатель қызбағанда және цилиндрлер қалпақшасының температурасы жеткіліксіз болғанда золотник (13) майлау жүйесіндегі майды гидромуфтаға жібермейді, соның нәтижесінде турбиналы дөңгелек желдеткішпен қоса айналмайды. Двигатель тез қызады. Қыздыру температурасы қажетті деңгейге жеткенде реттеуіштің (12) сезімтал датчигі золотникті(ІЗ) ығыстырып, майдың гидромуфтаға өтуіне жол ашады. Муфта ішіне түскен майды  жетекші дөңгелектің қалақшасы іліп алып, жетектегі дөңгелектің қалақшасына бүркеді. Мұның өзі жетектегі дөңгелектің желдеткіш роторымен бірге айналуына мәжбүр етеді.

Гидромуфта құндағында тесік (диаметрі 1,5 мм) болады, сол арқылы май двигатель картеріне ұдайы құйылып тұрады. Двигатель температурасы неғүрлым жоғары болса, гидормуфтаға май соғұрлым көп құйылады, әрі желдеткіш роторы да аса тез жиілікпен айналады. Температура белгілі бір мәнге дейін төмендегенде золотник майдың муфтаға келуін шектейді де, желдеткіш айналысын баяулатады.

д)Автомобиль салқындату жүйесінің жіктеу Салқындату жүйесінің құрылысы. Двигательдердің салқындату жүйесі — жабық типті, су насоспен еріксіз түрде шыр айналады; қүю тесігі бу-ауа клапанды тығынмен герметикалы жабылға.Радиатор екі бактан және жалпақ түтікшелерден және бұларға дәнекерленген пластиналардан құралған өзекшелерден жинасты-рылған. Пластиналар радиатордың салқындату бетін (ол 25,9 м2-қа тең) арттырады. Түтікшелердің орналасуы — коридорлы.Бактар, түтікшелер мен салқындату пластиналары жылу өткіз-гіштігі жоғары жезден жасалған. Түтікшелердің қалыңдығы — 0,15 мм, ал пластинкалардікі — 0,1 мм. Радиатордың бүйірлеріне диффузор бекітілген. Оның қызметі — желдеткішті қоршау, оның жұмыс өнімділігін арттыру және өзекшелердің түпкір-түпкірін желдетуді қамтамасыз ету.Бу-ауа клапанның дербес түрде әсер ететін екі клапаны бар: қысым артқан кезде жоғарғы бактан будың шығуын қамтамасыз ететін бу клапаны және сирексу (сирексу жүйедегі судын. салқындауы және ондағы будың конденсациялануы кезінде туады) болған кезде бакқа атмосфералық ауа кіргізуші ауа клапаны бар.Су насостың жұмыс өнімділігі (1900 айналыс/мин кезде) 160 л/мин. Ол су бөлу каналдары арқылы салқындатылған суды барлық гильзаларға айдамалайды..Су блок-картердің қаптамасын қақпақтың қаптамасына одан — кері қайтып радиаторға барады.Двигатель салқындатушы судың 80—100°С температурасында қалыпты жұмыс істейді. Ауа температурасы суық аудандарда бұл тек радиаторды желдетуді кеміту арқылы ғана іске асырылады. Бұл мақсатқа ауа сорғышта орнатылған реттеуіш перде арналған.Техникалық қызмет көрсету. Салқындату жүйесіне құйылатын су таза әрі тұщы болуы керек. Егер кермек су пайдаланылатын болса, онда радиатордың су қаптамасы мен түтікшелеріне тез қақ тұрып, өзінің жылу өткізгіштігін едәуір кемітеді. Кермек суды тұщыту үшін, оны қайнату немесе оған каустикалық сода (10 л су-ға 8 г) қосу керек, сонан соң сүзу қажет.Харькойтың СМД двигательдерін шығаратын “Серп и молот” (“Орақ пен балға”) мотор жасау заводы қақ кетірудің төмендегідей тәсілін ұсынады. Мынандай ерітінді даярлау керек: әрбір 10 л суға 750—800 г каустикалық сода және 250 г керосин қосу керек; осы ерітіндіні салқындату жүйесіне құйып двигательді жүргізіп, 10—15 минут бойы орташа айналу жылдамдықта қыздыру керек; осыдан соң оны тоқтату керек; двигательді 10—12 сағат әлгі ерітінді құйылған күйінде қалдыру керек; двигательді қайтадан жүргізіп, орташа айналу жылдамдықта 5—10 минут бойы қыздыру керек. Осыдан соң ертіндіні ағызып жіберіп, салқындату жүйесін мұқият түрде жуу керек.Салқындату жүйесіне су құйылған кезде су насосында ауалы тығынның пайда болуы ықтимал. Сондықтан салқындату жүйесін сумен толтырған соң двигательдердің аз айналыс жиілігінде құю мойны арқылы насостың жұмысын тексеру керек.Ауалы тығынды болдырмас үшін, су насосынын, корпусында тығынмен бітелетін тесік жасалған.

Салқындату жүйесін былай толтырады; тығынды бұрап ашады, суды радиаторға насос корпу-сындағы тесіктен асып төгілгенше құяды, тығынды бұрап жабады.Егер двигатель өте қызған болса, радиаторды суық сумен тол-тыруға болмайды. Егер су құю керек болса, онда двигатель зая жүріс жасап жүріп тұрғанда құяды.Күйіп қалмас үшін, салқындамаған двигательдің құю мойнының тығынын ашқанда сақтық шараларын қолдану керек.Жұмыс процесінде салқындату жүйесіндегі судық температура-сын приборлар қалқаныңдағы көрсеткіш бойынша қадағалап отыру керек

Салқындату жүйесінің құрылысы. Радиатор

 

Радиатор — двигательдің су тысынан өзіне келетін суды салқындатуға арналған. Двигательдің салқындату жүйесіндегі радиатор (34-сурет) жоғарғы және төменгі бактардан, өзектен және бекіткіш детальдардан тұрады. Бактардың және оларға дәнекерлеп ұстатылған өзектің жылуды жақсы өткізуі үшін жезден жасалған.

  • ІІІ. Құрал-жабдықтарды пайдаланып, жаттығу жұмыстарын көрсету: 9.30-9.50 1. Құрал –жабдықтарды дайындау.
    ІҮ.Ағымдық нұсқау: 9.55-13.10. Білім алушыларды жұмыс орындарына бөлу. 2. Білім алушыларды тексеру мақсатында жұмыс орындарын аралау. 3. Білім алушыларға тапсырмалар бөліп беру. 1-аралау: Білім алушылардың құрал -жабдықтардан пайдалануды қадағалау.

  • 2 –аралау : : Білім алушылардың техника қауіпсіздік ережелерін сақтауын қадағалау.

  • 3 ші аралау : Білім алушылардың атқарған жұмыстарын дұрыстығын тексеру

  • 4 ші аралау : Сабақ бойынша білім алушылардың сабақ барысында жіберген қәтеліктерін көрсету.

Жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуын,тазалығын және жұмыстың уақытылы басталуын қадағалау. 5-аралау: Жұмысты аяқтау, жұмыс орнын жинастыру, құрал –саймандарды тазалап, орындарына салу. Шеберхана ішін тазалау, верстактарды сүрту.



Білім алушылармен сабақ өту барысынан көрініс



Автомобильмен жұмыс жұргізу барысындағы техника қауіпсіздік ережелері

Автомобиль кәсіпорындарындағы өрт қауіпсіздігі

Автомобиль кәсіпорындар аймағы үнемі таза және жинақы болуы тиіс. Май болған және өндіріс қалдықтары аймақтан алып кеткенге дейін арнайы темір жабық қораптарда жинап сақталынады. Төгілген отын-майлағыш материалдар тез арада жиналуы керек.Автомобиль кәсіпорындары аймағында, автомобиль тұрағына жақын жерлерде тез тұтанатын материалдарды сақтауға, темекі тартауға, от жағуға қатаң тиым салынады.Барлық өндіріс орындары өз уақытында жиналып, таза тұруы керек. өткелдерді, дәліздерді, баспалдақтарды, тамбурларды, шығу жолдарын құрал-жабдықтармен жаппай бос ұстау керек. Эвакуациа кезінде пайдаланылатын есіктер еркін ашылуы керек.Арнайы өрт сөндіру бұрышы болуы керек. Онда ілгекті бақан, күректер (қуыс және тік), шелек, құм салынған сыйымдылық, сүймен, участокқа тәуелді өрт сөндіргіштер(ОП-5, ОПХ-10, ОУ-10, ОУ-25, суы бар сыйымдылық болуы тиіс.

Автомобиль кәсіпорындарындағы электр қауіпсіздігі


1. Тек дұрыс электр құралдарын пайдалану керек.
2. Кернеуі 12 В қарау орларында кернеуі 36 В жарықтандырғыш приборларды пайдалану 3. Электр қауіпсіздігі мақсатында дымқыл қарау орларында жұмыс жасауға тыйым салу 4. Электр құралдарын арнайы жерге қосушы өзегі бар штангалы кабель көмегімен электрлі желіге қосу керек 5. Контактілі ажыратқышы бар электрлік көтергіштерді пайдалану

Автомобильді жөндеу және қызмет көрсеу кезіндегі еңбек қауіпсіздігі 1. Автомобиль дөңгелегін сенімді тежеу. 2. Кернеуі 12 В қарау орларында кернеуі 36 В жарықтандырғыш приборларды пайдалану керек. 3. Бөлшектерді этильді бензинде жууға тиым салынады. 4. Құралдар таза және дұрыс болуы керек. 5. Құралдарды басқару жеңіл және орнықты болуы тиіс. 6. Көтергіште жұмысты бастамас бұрын "Қозғамаңыз-автомобиль астында адамдар жұмыс жасап жатыр" деген жазуы бар ескертуші плакат ілінуі керек. 7. Гайкалы кілттер дұрыс және гайка размері мен болт бастарына сәйкес келуі керек және төзімді болуы керек. Еңбек туралы заң негіздеріне сәйкес барлық кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда қауіпсіздік жағдайлары жасалуы тиіс. Әкімшілік өндірістік жарақаттанудан сақтандыратын қауіпсіздік техникасының осы заманғы құралдарын енгізуге және жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіби ауруларға шалдығуына жол бермейтін санитарлық-гигиеналық жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті,әкімшілікке барлық жұмыс орындарын тиісті техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету және бұл орындарда еңбекті қорғау жөніндегі ережелерге сай келетін жұмыс жағдайын жасау жауапкершілігі жүктеледі.Мұндай ережелерді профсоюз келісімі бойынша бекітеді. Әкімшілік жұмысшылар мен қызметкерлерге қауіпсіздік техникасы,өндірістік санитария,өрттен сақтану және еңбекті қорғаудың басқадай ережелері бойынша нұсқау беруге жауапты, сонымен қатар еңбек қорғау жөніндегі нұсқаулардың барлық талаптарын қызметкерлердің орындауын тұрақты түрде бақылап отырады.Ережелер бойынша жұмысшылар мен қызметкерлер жұмыс істеу ережесін белгілейтін жөніндегі нұсқауларды, сонымен бірге, машиналармен және механизмдермен жұмыс істеудің белгіленген жеке қорғану құралдарымен пайдалану талаптарын орындауға міндетті.Еңбек жағдайы зиянды жұмыстарды, сондай-ақ ерекшетемпература жағдайында немесе ластанатын жұмыстарда істейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге белгіленген норма бойынша тегін арнайы киім, арнаулы аяқ киім және басқа жеке қорғану құралдары беріледі.Ластанатын жұмыстарда сабын, ал зиянды әсер ететін заттардың денеге залал келтіруі мүмкін жұмыстарда жуғыш және залалсыздандыратын заттар тегін беріледі.Зиянды жұмыстарды істейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге тегін сүт немесе соған теңестірілген басқа тағам өнімдері, ал еңбек жағдайлары ерекше зиянды жұмыстарда емдік-профилактикалық тағам тегін беріледі.Медициналық-профилактикалық шаралар. Қызметкердің нақты шаруашылық мамандығындағы еңбектің ерешелігіне сәйкестігін анықтау үшін міндетті түрде (жұмысқа алынар кезде) және ауық-ауық (жұмыс барысында) медициналық байқаудан өткізу көзделген.Өндірістерде жоғары вольтті жабдықтармен жұмыс істейтін қызметкерлер тракторлардың, автомобильдердің және басқа өздігінен жүретін машиналардың жүргізушілері, мал фермаларының қызметкерлері, газ электрлік пісірушілер(газэлектросварщиктер), темір ұсталар, жезшілержәне басқалар алдын ала ауық-ауық медициналық байқаудан өтулері қажет.

V. Қорытынды нұсқау: 13.10 - 13.35 1.Сабақты қорытындылау: Білім алушылардың жаттығу орындауларын сараптап, қорытындылау. 2. Тапсырманы орындау және сабаққа қатысу белсенділігіне қарай білім алушылардың еңбектерін,білімдерін бағалау. 3. Үйге тапсырма беру: Салқындату жүйесінің құрылысы .













Өндірістік оқыту шебері: Тагибергенова А

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2025
262
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі