
Аты-жөні енгізілмеген
Жеке ақпарат жазылмаған
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісуБарлығы: 6 материал
XXI ғасыр – цифрлық технологиялар дәуірі. Бүгінде жасанды интеллект (ЖИ) тек өндіріс пен ғылымда ғана емес, сонымен бірге білім беру саласында да кеңінен қолданыла бастады. Қазіргі мектеп оқушылары білім алудың жаңа тәсілдерімен танысып, дербес оқытуға мүмкіндік алуда. Алайда, ЖИ-ді оқу-тәрбие процесіне енгізу тек мүмкіндіктер ғана емес, сонымен бірге этикалық мәселелерді де туындатады. Сондықтан орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні этикалық тұрғыдан дұрыс қолдану – оқушылардың білім сапасын арттырумен қатар, тұлғалық дамуын қорғаудың кепілі.
Бастауыш сынып
Семинарлар
Барлық сыныптар
ПОЗИТИВТІ АТА-АНА МӘСЕЛЕСІ ТӘРБИЕ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ЖАН ЖАҚТЫ ЗЕРТТЕЛГЕН. ӘЛЕМНІҢ 25 ЕЛІНДЕ 30 ЖЫЛДАН АСТАМ УАҚЫТ ЖҮРГІЗІЛГЕН ЗЕРТТЕУЛЕР ПОЗИТИВТІ АТА-АНА БОЛУ
ПРИНЦИПТЕРІНІҢ ЖАПОН БАЛАЛАРЫ МЕН ЕУРОПА
БАЛАЛАРЫНА БІРДЕЙ ӘСЕР ЕТЕТІНІН КӨРСЕТТІ.
Сынып жетекші
Презентация
Барлық сыныптар
Қазіргі таңда білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау. Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруда сөйлеу мәдениетінің алатын орны ерекше. Сөйлеу мәдениеті – баланың тұлғалық дамуына, қоғамда өз орнын табуына, өз ойын еркін әрі сауатты жеткізуіне мүмкіндік беретін негізгі дағды.
Бастауыш сынып оқушысының дұрыс сөйлеуі – тек білімнің көрсеткіші емес, сонымен қатар оның тәрбие деңгейінің де көрінісі. Осыған байланысты оқушының сөйлеу мәдениетін қалыптастыру – мұғалімнің күнделікті жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады.
Осы жұмыста бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жолдары, әдістері, ерекшеліктері және нәтижелері қарастырылады.
Бастауыш сынып
Ғылыми жұмыстар
Барлық сыныптар
«Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын қалыптастыру әдістері» атты әдістемелік құрал бастауыш білім беру процесіндегі оқушылардың сапалы оқу дағдыларын меңгеруіне бағытталған кешенді зерттеулер мен тәжірибелерді қамтиды. Бұл құралдың негізгі мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдері мен педагогикалық тәжірибемен айналысатын мамандарға, сондай-ақ болашақ бастауыш сынып педагогтарына оқыту әдістемелерін тиімді қолдануға жәрдемдесу. Бірінші бөлімде оқу дағдысын қалыптастырудың теориялық негіздері қарастырылады, мұнда психологиялық аспектілер мен педагогикалық негіздер және олардың қолдану салаларына ерекше назар аударылған. Әсіресе, бірінші бөлімнің 1.1 тармағында оқу дағдысын қалыптастырудың психологиялық аспектілері талданады, ал 1.2 тармағында оқу дағдысының педагогикалық негіздері және олардың қолдану салалары терең қарастырылады.
Бастауыш сынып
Ғылыми жұмыстар
Барлық сыныптар
Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жолдары қарастырылады. Сөйлеу мәдениеті – бұл тілдік құралдарды дұрыс қолдану, әдепті сөйлеу, тыңдау дағдыларын дамыту мен сөйлеу барысында өз ойын анық жеткізу қабілеті. Мақалада сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың теориялық және практикалық аспектілері талданады. Әртүрлі әдістер мен тәсілдер арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеттерін арттыру жолдары ұсынылады. Бастауыш сыныпта оқушылардың сөйлеу мәдениеті олардың жалпы тілдік дамуына оң әсер етеді және олардың болашақта тілдік кедергілерсіз қарым-қатынас жасауына көмектеседі.
Кілт сөздер: сөйлеу мәдениеті, бастауыш сынып, тілдік құралдар, әдепті сөйлеу, тыңдау дағдылары, тілдік даму, қарым-қатынас, әдістер мен тәсілдер, сөйлеу қабілеттері, тілдік кедергілер.
Бастауыш сынып
Мақала
Барлық сыныптар
Жасанды интеллектінің мүмкіндіктері
Барлық пәндер
Мақала
Барлық сыныптар