Курманалина Жанымкул Бакитжанкызы
Жеке ақпарат жазылмаған
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісу
Сілтемені көшіру
Барлығы: 5 материал
Коучинг: "Ұлттық мұра - ұрпаққа ұлағат" мұғалімдерге арналған
Курманалина Жанымкул Бакитжанкызы
20 Мамыр 2025
89
Мақсаты: Мұғалімдерге мектеп жүйесін жан-жақты дамыту үшін жаңа тәсілдер арқылы қажетті білімдер мен дағдыларды беру жолдарын көрсете отырып, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлтжанды тұлға тәрбиелеуге бағыттау. Міндеттері: • Ұлттық мұраның мәнін түсіндіру; • Жастар санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру; • Ұрпаққа ұлағат боларлық тәрбиелік бағыт беру. Түйінді идея: "Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім". (Ахмет Байтұрсынов)
Барлық пәндер
Коучинг жоспары
Барлық сыныптар
Интеллектуалды ойын: "ХХІ ғасыр көшбасшысы" 7-сынып
Курманалина Жанымкул Бакитжанкызы
20 Мамыр 2025
93
7-сынып оқушылары арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойыны өткізілді. Мақсаты: • Оқушылардың әртүрлі пәндерге деген қызығушылығын арттыру, батылдығын шыңдау; • Жылдамдыққа тәрбиелей отырып, сөйлеу қабілетін, мәдениетін, ой-өрісін дамыту; • «Үздік көшбасшы-2025» анықтау. Кезеңдері: І кезең «Бәйге» ІІ кезең «Дода» ІІІ кезең «Тіл-өнер» ІV кезең «Көкпар» V кезең «Жорға» Сұрақтар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай мектеп бағдарламасынан алынды. Әділқазы алқасының шешімімен қатысушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және Алғыс хаттармен марапатталды, сонымен қатар «Үздік көшбасшы-2025» анықталып, диплом және ерекше жазуы бар статуэтка табысталды.
Барлық пәндер
Сыныптан тыс жұмыс
7 сынып
Сыныптан тыс жұмыс: "Қазақстанның болашағы - білімді ұрпақ" 5 сынып
Курманалина Жанымкул Бакитжанкызы
20 Мамыр 2025
91
Бүгінгі ұрпақ – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Сондықтан осы зияткерлік сайыстың оқушылардың ой-өрістерін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін шындауға, сондай-ақ білімді топты анықтап, білімге деген қызығушылықтарын арттыруға көп көмегі болары сөзсіз. Мақсаты: • Оқушылардың пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету; • Оқушылардың болашаққа өз үлесін қоса білетін ізденімпаз ұрпақ етіп, елін-жерін, оның дәстүрін сыйлауға, алғырлыққа, зеректікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Шарттары: 1. “Қазақ елі - менің Отаным” (сұрақтарға жауап беру) 2. “Сандар сөйлейді” (берілген санға байланысты әр түрлі тапсырмалар) 3. Қызықты сұрақтар 4. Тұлғаны таны 5. Қызықты ақпараттар (әр топ өздері білетін қызықты мәліметтермен бөліседі) /үйден дайындап келуге болады). Сайыс өте тартысты, әділ өтті. Оқушылар түрлі қызықты фактілермен бөлісті, көптеген ақпаратпен алмасты.
Барлық пәндер
Сыныптан тыс жұмыс
5 сынып
Сыныптан тыс жұмыс: "Ана тілім - ардағым" 6 сынып
Курманалина Жанымкул Бакитжанкызы
20 Мамыр 2025
96
6 сынып оқушыларымен «Ана тілім- ардағым» атты шығармашылық байқау өткізілді. Байқау 5 кезеңнен тұрды. Жаңа заманауи әдістер арқылы оқушының қызығушылығын арттыратындай жоғары деңгейде өтті. Оқушыларға мақал-мәтелдер мен жұмбақтар жасырылып, лездемелік сұрақтар қойылды. Бұл байқауға барлық сынып оқушылары белсене қатысып, өз деңгейлерін көрсетуге тырысты. Сұрақтар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай алынған.
Барлық пәндер
Сыныптан тыс жұмыс
6 сынып
Коучинг: "Жас маман, алға бас қадам!" (мұғалімдермен)
Курманалина Жанымкул Бакитжанкызы
20 Мамыр 2025
117
Заманауи оқытушы – әрқашан да кәсіби деңгейі жоғары, педагогикалық дәстүрлі әдістер мен жаңа технологияларды жақсы білетін әрі оларды өз сабақтарында тиімді пайдалана алатын, әрдайым ізденіс үстінде жүретін, білімін үздіксіз толықтырып, шыңдап, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, білім алушылардың бәсекеге қабілетті маман болып шығуына қолайлы жағдай жасап, жан-жақты білім беретін, оқу-тәрбие ісін меңгерген тұлға. Арнайы педагогикалық білімі болғанмен, жұмыс өтілі жеткіліксіз, оқу орнын енді ғана тәмәмдаған жас мамандардың ұлағатты ұстаз атанып, оқушылардың сүйікті оқытушысына айналуы үшін біраз нәрсені үйренуі қажет. Осы орайда жас маманға әдістемелік, педагогикалық-психологиялық көмек қажет. Биылғы оқу жылында біздің мектебімізде еңбек өтілі 4 жылға дейін деп есептелген 26 маман бар екен. Мұғалімдермен өзара байланыс орнату мақсатында және жас мамандардың кәсіптік өсуіне әдістемелік көмек беру мақсатында осы шараны өткіздім.
Қазақстан тарихы
Коучинг жоспары
Барлық сыныптар