«Ш.Құдайбердіұлы атындағы №66 ЖББОМ» КММ
Жас маман, алға бас қадам!
(жас мамандармен коучинг-тренинг)
Өткізген: Курманалина Ж.Б.
Тарих пәні мұғалімі
2024 – 2025 оқу жылы
Тақырыбы: Жас маман , алға бас қадам! жас мамандармен психологиялық тренинг
Тақырыбы: Жас маман, алға бас қадам! (коучинг-тренинг)
Мақсаты:
-
Жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыру;
-
Айналамыздағы адамдармен қарым-қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді-өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.
Міндеті:
- Жас маманға өзін-өзі тәрбиелеуге көмектесу, бейімділіктерін дамытуға бағыттау, рухани адамгершілікке тәрбиелеу;
- Жаңа технологияны үйренуге, меңгеруге баулу;
- Жас мамандардың мотивациясын арттыру.
Барысы:
Қатысушыларды бөлек үстелдерге отырғызамыз. Жағымды әуен жай дауыспен ойнап тұрады.
Кіріспе сөз:
«Ұстаздың қолында адам өмірінің келешектегі тұтас тағдыры тұр». (В.Г.Белинский).
Заманауи оқытушы – әрқашан да кәсіби деңгейі жоғары, педагогикалық дәстүрлі әдістер мен жаңа технологияларды жақсы білетін әрі оларды өз сабақтарында тиімді пайдалана алатын, әрдайым ізденіс үстінде жүретін, білімін үздіксіз толықтырып, шыңдап, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, білім алушылардың бәсекеге қабілетті маман болып шығуына қолайлы жағдай жасап, жан-жақты білім беретін, оқу-тәрбие ісін меңгерген тұлға. Арнайы педагогикалық білімі болғанмен, жұмыс өтілі жеткіліксіз, оқу орнын енді ғана тәмәмдаған жас мамандардың ұлағатты ұстаз атанып, оқушылардың сүйікті оқытушысына айналуы үшін біраз нәрсені үйренуі қажет. Осы орайда жас маманға әдістемелік, педагогикалық-психологиялық көмек қажет.
Мен өзім тарих пәні мұғалімімін, зерттеуші-педагогпын. Өткен аптадан бастап тарих пәні онкүндігі өтіп жатыр. Сондықтан жұмыс түрлерін тек оқушымен ғана шектемей, мұғалімдермен де өзара байланыс орнату мақсатында және жас мамандардың кәсіптік өсуіне әдістемелік көмек беру мақсатында бүгінгі шараны өткізгім келді. Биылғы оқу жылында біздің мектебімізде еңбек өтілі 4 жылға дейін деп есептелген 26 маман бар екен. Қош келдіңіздер!!!
-
Танысу тренингі
Мақсаты: мұғалімдердің эмоционалды көңіл-күйлерін көтеру.
Әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қоса айту. Мысалы: менің атым Айжан, мен ақкөңіл қызбын, менің атым Серік, сенімді жігітпін, т.с.с.
-
«Ой шақыру» стратегиясы
Мақсаты: Сыни ойлауға арналған сұрақтар
арқылы психологиялық ахуалды реттеу.
а) Қандай зат өзіңізге тиесілі болса да, басқалар оны сізден де көп
пайдаланады?
Жауабы: сіздің атыңыз.
ә) Кенгуру жолбарыстан неге қорықпайды?
Жауабы: себебі жолбарыс Австралияда өмір сүрмейді.
б) Сағат түнгі 9-да жаңбыр жауып тұрса, 72 сағаттан кейін күннің жарқырауына мүмкіндік бар ма?
Жауабы: жоқ, өйткені 72 сағаттан кейін
де түн болады.
в) Ең кішкентай доп спорт ойындарының қай түрінде
кездеседі?
Жауабы: үстел теннисі.
г) Қандай сұраққа сіз әрқашан «Иә» деп жауап бересіз?
Жауабы: «Сіздің атыңыз осы ма?» деп сұраса.
д) Қандай зат сөйлемейді, бірақ миллиондаған сөздерді сақтай алады?
Жауабы: Кітап.
е) Қандай зат тауға шығады, бірақ ешқашан түспейді?
Жауабы: сіздің жасыңыз.
ж) Қандай сұраққа сіз ешқашан «жоқ» деп жауап бермейсіз?
Жауабы: «Сіз тірісіз бе?».
-
Мәтінмен жұмыс. Мәшһүр Жүсіп Көпеев: «Абылайдың тұтқын болуы» аңыз әңгімесі
(«Бағытталған оқу» стратегиясы бойынша оқылады)
Мақсаты: Қатысушыларға сын тұрғысынан ойлаудың ақпараттық құзіреттілігі туралы ұғым беру, тұлғаның ақпаратпен өздігінен жұмыс істеп, талдай алу қабілетін дамыту, берілген ақпаратты сыни тұрғыдан бағалауға, оны өз практикасында қолдана білуге үйрету.
Қалдан Шеріннің Сәру деген інісімен бір жорықта кездесіп, Абылай өлтірген екен. Қалмақтан шыққан Сына батыр Қалдан Шеріннен қашып, Абылайға келіп қорғалған екен.
- Кісімді өзіме қайырып берсін! - дегенде, Абылай:
- Қолынан келгенінен аянбасын! - деп, бермей қойған. Қалдан Шерін қалмақтың өзінен басқа қоңтайшысы болсын, Аюке болсын – баршасына ат шаптырып, «Сүзекенің қолы» деген қол аттандырыпты.
- Көктің астында болсын, жердің үстінде болсын, Абылайды тауып алып келіңдер! Абылайды тірі ұстап алып келгендерге Аюкенің қызынан туған Топыш сұлуды қалың малсыз беремін! - дейді.
Көкшетауда бүркіт салып жүргенінде, қалмақтың бір жайсаңы Абылайды абайсызда ұстап алып кетіпті. Жанындағы жолдастары білмей қалыпты. «Абылайды ұстап алып келді!» - дегенді естіген Қалдан Шерін: Әрі қарай не істеуі мүмкін?
- Оны маған көрсетпей 7 күн, 7 түн зынданға салыңдар, ас-су бермеңдер, аш сақтандар! Сегізінші күн зынданнан шығарып, айдалаға бір ақбоз үй тіккізіңдер. Соның ішіне жалғыз қойындар да, бір аяқ қара суға тобықтай тоң май салып, алып барып, қолына ұстата қойыңдар! Тобықтай тоң май қара суға ерімес. Ұрттап жіберейін десе, аузына бармас. Қара болса, аяқтағы суға қолын салып жіберіп, майды бір-ақ қағып жіберер. Егер ақсүйек болса, аштан өліп бара жатса да, майды керек қылмас! Мұны осылайша сынайық, - депті. Ханның айтқан жарлығын орындап, зынданға салып, сегізінші күн дегенде, ақбоз үйді айдалаға тігіп, жалғыз отырғызып қойып, бір аяқ қара суға тобықтай май салып апарып, қолына ұстата берді. Абылай суды ішіп еді, майы не ерімеді, не аузына келмеді. Абылай қандай амал жасайды, суды әлі де ішуі мүмкін бе?
- Үрсем, кетпейтұғын неме едің? Өпкеніммен, келетұғын емессің ғой!- деп, қолындағы аяқты «Бар, ендеше!» - деп бар пәрменімен лақтырып аспанға бір-ақ атыпты. Көріп тұрған жігіт-желеңдер көргенінің бәрін қоңтайшыға айтып барады.
- Мұның затында бір асылдық бар қу екен ғой! - дейді.
- Енді бір төрт жігіт жалаңаш қылыш алып барыңдар. Ханнан жарлық болды, қарадан жабдық болды. Сіздің мейманаңыз толды. Құдайдан сізге жазу бұйрық осы болды деп, қылышпен шабуға дүрсе қоя беріңдер! Егер басын қорғап, жан сауғалап, біреуіңе тығылса, шауып тастаңдар. Егер сарғасқа текеше қасқайып отырса, шаппаңдар! Көрген-білгендеріңді айтып келіндер! - дейді.
Қалдан Шеріннің айтқанын түгел орнына келтіріп, жендеттер жетіп барғанда, қаперіне дәнеме келтірмей, қабағын қағып, жасқанбастан, отыра берген екен.
- Жүрегі тас па, мүйіз бе, бізден қашпады! - деп айтып, қайтадан Қалдан Шерінге келеді.
Қалдан Шерін енді не істеуі мүмкін?
Мұны Қалдан Шерін естіп, қасына тоқсан сәргердіні алып, «Абылайдың жүзін көремін» - деп, бір үйдің ішін түзеттіріп, патшалық тақ орнатып, тоқсан сәргердісімен тоқсан бір болып, патшаның тағынан басқа бос жер қоймай, қатарын түзеп отырады. Сонан соң:
-
Ал, Абылайды осы үйге шақырып келіңдер! Ешқайсың қағылып, орын бермеңдер! Қара болса: «Бос жер босаға ғой деп» босағаның қасына, оттың басына, бала күндегі отырып, өскен жеріне отыра кетер! Ақсүйек болса, баса-көктей жоғары өтіп, төрде отырып, мені айтпай танып, сұрамай білер! - дейді.
Абылайды шақырып, үйге кіргізеді. Енді Абылай не істеуі мүмкін?
Ол жан-жағына жалтақтап қарамастан, тақтың үсті бос тұрғанын көріп, соған барып отыра кетті де, жан-жағына көзін салмады, сонда жаман қалмақтар:
- Ол жерге неге отырасың?! - деп қауқылдасты. Сонда Абылай: Абылай не деп жауап беруі мүмкін?
- Бұл орын Қалдан Шеріндікі еді. Оның құты қашты да, менің аруағым басты, ол өз орнына өзі отыра алмай, босып кетті. Енді бұл жерге мен отырмағанда кім отырады? - депті. Қалдан Шерін өзін танып қойғанын біліп: Қалдан Шерін әңгімесі не туралы болуы мүмкін?
- Уа, Абылай, Сәру қайда? - деді.
- Жақ тартушы көп болды, жаман аты бізде қалды! - дейді. Екінші рет Қалдан Шерін тағы сұрады.
- Сәру қайда?
- Сәрумін деп Сәру айтпады. Кеспеймін деп қару айтпады, - дейді.
Үшінші рет тағы сұрады.
- Сәру қайда?- деп.
Абылай үшінші рет не деп жауап береді?
- Көрінбеген Сәруді іздегенше, көрініп тұрған өзіңді ізде! - деді. Қалдан Шерін сәргерділеріне:
- Бұл не дегені? - дейді. Шынымен де, бұл не дегені екен?
- Өзің қарап отырып тағыңнан айырылып қалдың. Тақ үстінде мен отырмын, көптің бірі болып сен отырсың. Осы күнде басынды алдырсам, кім менің жарлығымды бұзады? - дегені дейді.
Енді Қалдан Шерін не істеуі мүмкін?
Қалдан Шерін «Абылайды сынаймын» деп жүріп, өз тағына шығарып алғандығына пұшайман болып, ұшып түрегеліп, Абылайдың келіп қолын ұстады. Жарасып, елдесіп, Топыш сұлуды Абылайға беріп, қалмаққа қазақтың не заманнан бергі олжаға түскен, өсіп-өнген қазақтарын босатып Абылайға қосып жіберген екен.
Сұрақ: Бұл әңгіме қандай стратегия арқылы жүзеге асырылды? (нәтижеге бағытталған оқу)
-
«Қоржыннан несібеңді ал». Жас мамандарға ынталандыру сыйлық ретінде түрлі-түсті қалам таратылады және түсіне байланысты 3 топқа бөлінеді.
Сұрақ: «Бұлақ көрсең көзін аш…» деген халық даналығын қалай түсінесіздер?
Тапсырма: Дарынды және талантты балалармен жұмыс кезіндегі кедергіден шығу жолдары
Мақсаты: Әріптестер арасында диалогтік қарым-қатынас арқылы коучингке қызығушылығын арттыру.
І-топ: Сіздің оқушыңызда «Жұлдыз ауруы» басталды. Бұл кедергіні жою үшін қандай әрекет жасар едіңіздер?
ІІ-топ: Сыныбыныздағы бір оқушының мінезі тұйық, бірақ өнерге жақын, мұғалім қозғау салмаса өз тарапынан әрекеттенбейді. Қабілетін жоғалтпай дамыту үшін не істер едіңіздер?
ІІІ-топ: Дарынды оқушыңыз облыс олимпиадасынан 1 орынға лайықты, бірақ бұл орын басқа оқушыға бұйырды. Оқушының сіздің пәніңізге деген қызығушылығының жоғалмауы үшін не істер едіңіздер?
-
Суреттер сөйлегенде...
Үлестірмелі суреттер салынған парақтар әр топқа таратылады және ұстаздар сол суретке қарап, суретті сөйлету керек.
-
Ақ қағазға сызылған төртбұрыш ішінде қара нүкте орналасқан.
-
Түнгі аспан, жымыңдаған жұлдыздар, жарығы сөнбеген бір үй бейнеленген.
-
Жарқын шуағын төккен күн астына әр ұлттың балалары қол ұстасып тұрғаны бейнеленген.
Кілті:
1-тапсырма бойынша: "Бұл алғаш дүниеге келген кездегі бала, осы ақ қағаз сияқты таза, пәк, шынайы. Сол балаға ата-анасы, ұстаздары, достары қаншалықты ықпал жасайды, соншалықты ақ параққа салынған сурет сияқты баланың да ішкі сезімін қалыптастырады".
2-тапсырма бойынша: "Түн. Айнала жым-жырт. Аспанда жымыңдаған жұлдыздар. Түгел ел ұйқыда, бірақ ояу бір ғана кісі бар. Ол – мұғалім. «45 жыл ұстаз болсаң да, 45 минуттық сабаққа дайындал» деген ұстаныммен әр сабағына үлкен жауапкершілікпен қарайды".
3-тапсырма бойынша: "Ұлты басқа болғанмен, бұл балалардың жан-дүниесі бірдей, сондықтан да ұлағатты ұстаз күн сәулесі барлық адамға бірдей түсетіні секілді, барлық балаға да бірдей мөлшерде мейірім шуағын төгеді".
-
Менің жеке пікірім...
-
Мектепте қандай оқушы болдыңыз?
-
Ата-анаңыздың сіздің қасыңыздағы достарыңызға деген көзқарасы қандай еді?
-
Сыныптастарыңызбен достығыңыз қазір де сақталған ба?
-
Мектепте немесе қосымша білім беру ұйымдарында дәріс берген мұғалімдеріңіз есіңізде қалды ма, неліктен?
-
Қазіргі уақытта өзіңізге сабақ берген мұғалімдерге деген көзқарасыңыз өзгерді ме?
-
Мектеп өмірінен осы уақытқа дейін ұмытылмай есте қалған ең бақытты күніңіз бар ма?
-
Баламен қарым-қатынаста ата-ананың қызметі сізді ойландыра ма?
-
Мұғалімдік қызметке қалай келдіңіз?
-
Ұстаз бен шәкірттің қарым-қатынасының бастауы неде деп ойлайсыз?
-
Сіз үшін мұғалімнің жұмысы несімен ерекше?
-
«Мұғалім», «ұстаз» ұғымдарында ерекшелік бар деп есептейсіз бе?
-
Ұлағатты ұстаз деп кімдерді айтар едіңіз?
-
Оқушыларыңыздың сізге көзқарасы туралы не айтасыз?
-
Инабатты шәкірттеріңіз бар ма?
-
Инабаттылық тәрбиеден бе, әлде туа біткен қасиет пе?
-
Сыныптан тыс жұмыстарды жиі жасаған дұрыс деп санайсыз ба?
-
Сіздің тәжірибеңізде оқушыға қол жұмсау әрекеті болды ма?
-
Мұғалім этикасы деген не?
-
Өз қабілетіңді, өз талантыңды шыңда деген сөзді қалай түсінесіз?
-
Мұғалім болғаныңызға ризасыз ба әлде өкінетін сәттер кездесе ме немесе сізге бәрібір ме?
-
Ұжымда өз орныңызды тапқаныңызға сенесіз бе немесе әлі де ойланып жүрсіз бе?
-
Жас маманға аз ғана кеңес
Жұмыс барысында стресске шалдығу орын алып, жұмыстан жалығып, шаршап қалсаңыздар, 5 минутта одан арылудың 5 жолын ұсынамын:
-
Серуендеп келіңіз. Мүмкіндік болса, таза ауаға шығып, серуендеңіз. Жұмыс уақытында кабинеттен шығуға болмаса, кабинеттің ішін аралап жүріңіз. Басқа қабаттағы әріптесіңізге, бұрыштағы ешкім отырмайтын кабинеттерге соғып келіңіз. Бастысы орныңыздан тұрып, компьютерден бірнеше минутқа болса да демалыңыз. Осы уақытта ойыңыз жинақталып, жұмысқа жаңа қарқынмен кірісе аласыз.
-
Кітап оқыңыз. Кітап оқу – көңілді басқа нәрсеге аударып, сәтсіздіктерді ұмытудың бірден-бір жолы. Ертегі, шытырман оқиғаға толы әңгімелер осы жағдайға дәл келеді. Бастысы кітап оқу арқылы ойыңыз басқа жаққа ауысып, қиындықтарыңыз алыс жерде қалуы керек. 5 минуттық кітап терапиясынан кейін өзіңізді әлдеқайда жақсы сезінесіз.
-
Қызықты бейнебаян қараңыз. Жұмыстан 5 минутқа демалып, ғаламтордан қызықты, күлкілі бейнебаян тауып қараңыз. Стресс осындай дауадан кейін өзімен-өзі жоғалып кетпек.
-
Шай ішіңіз. Кофе емес, шай! Емдік шөп шай болса тіптен жақсы. Сергітіп, тыныштандыратын дәрілік шайдың әсерінен де біраз демалып қаласыз.
-
Терең демалыңыз. Қиындық жайлы ойланып, уайымдап отырғанда, тынысыңыз жиілеп, ағзаңызға ауа жетіспейді. Сол себепті тынысыңызды дұрыстауға тырысыңыз. Кеудемен емес, ішпен дем алып көріңіз. Дәрігерлердің айтуынша, осындай тыныс жаттығулары кез келген ауруды тез арада басып, ағзаның жұмысын жақсартады. Ал денесі саудың көңілі де жайлы болады емес пе?
-
Рецепт: «Жақсы сабақ дайындау»
Сабағымыз сапалы болсын десеңіздер әрбір сабақтарыңызға:
- 12 порция ақылдылық
- 11 порция шыдамдылық
- 10 порция батылдық
- 9 порция жұмысқа қабілеттілік
- 8 порция оптимизм
- 7 порция өз ісіне берілушілік
- 6 порция ойлануды
- 5 порция мейірімділік
- 4 порция демалыс пен денсаулық туралы ойды
- 3 порция юмор
- 2 порция такт
- 1 порция әр балаңызға үміт қосыңыз.
-
Қорытынды. Әрбір жас мұғалімнің жаңаша жұмыс істеп, үнемі ізденісте болуы бүгінгі күннің талабы болса мектептегі басты тұлға – мұғалім. Ы.Алтынсарин сөзімен айтсақ, «Мұғалім – мектептің жүрегі». Жаңа формация мұғалімі – білімнің өзіндік құндылығын түсінетін, жүрегі жаңалық десе соғып тұратын, рефлексияға қабілетті, кәсіби дағдылары дамыған педагогикалық дарын иесі болуы тиіс. Білімді, сауатты адамдар – ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Бұл туралы Абай атамыз: "Тегінде, адам баласы, адам баласынан ақыл, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі бекер", - деген өсиетін ұстанып, еңбек етуіміз қажет.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Коучинг: "Жас маман, алға бас қадам!" (мұғалімдермен)

шағым қалдыра аласыз