Тақырыбы: «Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақ» интеллектуалдық ойын-сайыс Қатысушы: 5-сыныптар
Мақсаты:
-
Оқушылардың пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету;
-
Оқушылардың болашаққа өз үлесін қоса білетін ізденімпаз ұрпақ етіп, елін-жерін, оның дәстүрін сыйлауға, алғырлыққа, зеректікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд
Әдісі: топтық сайыс
Барысы:
-
Кіріспе сөз
-
Психологиялық дайындық
-
Қатысушы топтарды хабарлау
-
Байқау шарттарын түсіндіру
-
Әділқазы мүшелерімен таныстыру
-
Қорытындылау, марапаттау
Кіріспе сөз – Алтын Адам:
Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Әр ұрпақтың пешенесіне жазылған заман ағымы, кезең тынысы болады. Біздер, яғни ата-бабаларың болашақ ұрпақ үшін ақтық деміміз қалғанша күресіп, егемендікке қол жеткіздік. Енді сол егемен еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де білгір ұрпақтың қолында. Сол ұрпақ міне сендерсіңдер, тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңдер және сонда ержетіп келесіңдер. Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру сендердің қолдарыңда. Кешегі күн кетті, қазір көп нәрсеге қолымыз жетті. Бірақ ұлттық намысымызды, тілімізді әлсіретіп алдық. Мәңгүрттенген жоқпыз, бірақ соған жақындап қалдық. Сондықтан бүгінгі жас өрендерге айтарым, әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны — Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек. Жердің де, елдің де, тәуелсіздігіміздің де иесі – өздерің! Осыны ешқашан ұмытпаңдар, балаларым!!!
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, сайысқа қатысушы топтар! «Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақ» атты интеллектуалдық ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Бүгінгі ұрпақ – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Бүгін біз сендердің ой-өрістеріңді кеңейіп, есте сақтау қабілеттеріңді шындайтын, сондай-ақ білімді топты анықтайтын, білімге деген қызығушылықтарыңды арттыратын сайыс ұйымдастырдық. Алып жатқан білімімізді, санамыздың өскенін көрсете білуіміз керек. Білімді адам ешнәрседен қорықпайды, әрқашан батыл.
Біздің ұранымыз: «Білекті – бірді
жығады, Білімді – мыңды
жығады».
Ортаға сайысқа қатысушы топтарды шақырамын:
1. 5 «А» сынып, жетекшісі: Байтохина Асемгуль
2. 5 «Ә» сынып, жетекшісі: Саматқызы Нұрсая
3. 5 «Б» сынып, жетекшісі: Ибайдуллаева Лайла
4. 5 «В» сынып, жетекшісі: Тлеубергенова Аяжан
5. 5 «Г» сынып, жетекшісі: Алдоңғарова Майра
6. 5 «Д» сынып, жетекшісі: Таңбаева Құралай
7. 5 «Е» сынып, жетекшісі: Тлеумағамбетова Асем
Психологиялық дайындық:
Сайысымызды бастамас бұрын «Менің атым» ойынын ойнап жіберейік. Бұл ойынның шарты бойынша әр топ өздерін таныстыру керек, яғни топтың аты қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатын жақсы сөздерді қосып, өздерін таныстырады. Мысалы, «Алғырлар» - ақылдылар, «Ұшқын» - ұлылар, «Бойтұмар» - білімділер, т.б. Сонымен қатар эмблемаларын немесе бейджиктерін де байланыстыруға болады.
Құрметті сайыскерлер, ойынымыздың шарттарымен
таныс болыңдар.
Байқау
шарттары:
1. “Қазақ елі - менің Отаным” (сұрақтарға жауап беру)
2. “Сандар сөйлейді” (берілген санға байланысты әр түрлі тапсырмалар)
3. Қызықты сұрақтар
4. Тұлғаны таны
5. Қызықты ақпараттар (әр топ өздері білетін қызықты мәліметтермен бөліседі /үйден дайындап келуге болады)
Сайыста топтарға төрелік жасайтын әділқазы алқасы:
-
Касымова Жанна Суйиндиковна – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
-
Ешмуратова Зияда Халилаевна – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
-
Тәуекелқызы Фариза – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
-
Жолекенова Дана Бейімбетқызы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
І. Қазақ елі – менің Отаным: (экранда көрсетілген сұрақтарға жауап береді)
-
Тәуелсіздікті қай жылы алдық?
-
Еліміздің жер көлемі қанша шаршы шақырымды алып жатыр?
-
Жер көлемі жағынан Қазақстан әлемде нешінші орында?
-
Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі?
-
Соңғы халық санағы бойынша Қазақстанда қанша халық тұрады?
-
Қазақстанда қанша облыс бар?
-
Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?
-
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?
-
Қазақстан Республикасының жаңа астанасы?
-
Қазақстан рәміздерін ата.
-
Қазақстанның ұлттық валютасы - ақшасы қалай аталады?
-
Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы – Ата заңы қашан қабылданды?
-
Қазақ елінің тұңғыш ғарышкері кім?
-
Әнұранның авторлары кімдер?
-
Мемлекеттік Тудың түсі қандай?
-
Елтаңбада не бейнеленген?
-
Ата заң неше бөлімнен тұрады?
-
Астана қаласының символы?
-
Қазақстандағы ең үлкен көл?
-
Елтаңбамыздағы 5 жұлдыз нені білдіреді?
-
Сендердің туған жерлерің?
ІІ. Сандар сөйлейді: (7 ұяшық берілген, жасырылған сандардың жауабын табады, ақпарат береді)

ІІІ. Қызықты сұрақтар:
1. Ең үлкен сүтқоректі қалай аталады?
2. Күн жүйесінде қанша планета бар?
3. Әлемдегі ең үлкен алма қайда өседі?
4. Балықтар неліктен сөйлемейді?
5. Алфавиттің ең соңғы әрібі?
6. Мойны - ? Бұл қандай көл құсы?
7. Ең ежелгі астық дақылы?
8. Шаңырақ....
9. Жаңбыр екі күн қатарынан жаууы мүмкін бе?
10. Кемпірқосақта неше түс бар?
11. Өсімдіктер энергияны қайдан алады?
12. Алюминийді неше рет қайта өңдеуге болады?
13. Дүние жүзіндегі ең биік тау?
14. Жылдың неше айында 28 күн бар?
IV. Тұлғаны таны: (берілген суреттер арқылы кім екенін анықтап, қысқаша мәлімет береді)

V. Қызықты ақпараттар: (өздері білетін қызықты деп есептейтін ақпараттармен бөліседі)
1. Қазақстанда 18 млн 600 мыңнан астам адам, шамамен 130-дан астам этнос тұрады. Оның ішінде 9 млн – ерлер, 9,6 млн – әйелдер. Қазақстан халық саны бойынша әлемде 64-орында.
2. Қазақстанның аумағы Азия мен Еуропада орналасқан. Жер көлемі – 2,7 шаршы шақырым. Дүниежүзінде 9-орында тұр. Еліміздің территориясына Еуропаның 12 елі еркін сыйып кетеді. Мәселен, Қарағанды облысының аумағына 1 Германия, 2 Беларусь, 3 Болгария сыяды.
3. Қазақстанда екі сағаттық белдеу бар, климаты – күрт континенталды. Ауа температурасы -45-тен +45 градусқа дейін.
4. Қазақстан – табиғи ресурстарға өте бай мемлекеттердің бірі. Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы қазақ жерінен табылған. Мұнай қоры бойынша Қазақстан әлемдегі 15 жетекші елдің қатарына кіреді. Ал газ қоры бойынша 22-орынға, ураннан екінші орынға тұрақтаған.
5. Қазақстан өз еркімен күштілігі жағынан әлемде төртінші орында тұратын қарудан бас тартып, әлемдегі ең ірі ядролық тәжірибелер полигонын жапты. 1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылды.
6. Нұр-Сұлтан (бұрынғы атауы Астана) қаласы әлемнің ең жас астанасы болып есептеледі. 1998 жылы ЮНЕСКО бас қаланы «Бейбітшілік қаласы» деген атауға сай деп танып, медальмен марапаттады. Бразилияда өткен дүниежүзілік байқауда әлем бойынша 12 жас қаланың ішінен Нұр-Сұлтан жоғары атақты иеленді. Ал 2012 жылы елордаға «ТМД мен Түркі әлемінің мәдени астанасы» мәртебесі берілді. 2019 жылдың наурыз айынан бастап қала атауы Тұңғыш Президенттің құрметіне Нұр-Сұлтан деп өзгертілді.
7. Әлемдегі ең биiк түтiн мұржасы Қазақстанда (Екібастұз қаласында) орналасқан. Оның биiктігi - 420 метр. Ол Эйфель мұнарасынан 100 метр биік.
8. Байқоңыр – әлемдегі бірінші және ең үлкен ғарыш айлағы. Ол Қазақстан жерінде Төретам кентіне жақын ауданда орналасқан. Көлемі 6717 шаршы шақырым.
9. Медеу — әлемдегі ең биік орналасқан жасанды мұз айдыны. Мұнда 170 әлем рекорды тіркелген. «Медеу» атауы ХІХ ғасырдың соңында өмір сүрген қоғам қайраткері Медеу Пұсырмановтың құрметіне берілген.
10. Қазақстан шайды ең көп ішетін 10 елдің қатарында. Шайды тұтынудың орташа мөлшері – халықтың жан басына шаққанда 1,54 келі (2014 жылғы дерек бойынша).
11. Орталық Азиядағы ең үлкен театр Қазақстанда орналасқан. «Астана Опера» театрын 33 елдің мамандары үш жыл салды.
12. Қазақстан – қызғалдақ пен алманың отаны. Ал жылқы алғаш рет (б.д.д. 4 мыңыншы жылдарда) Қазақстанда қолға үйретілген.
13. Қазақстанның төл валютасы қатарынан үш рет 2011, 2012 және 2013 жылдары дүниежүзіндегі ең үздік қағаз ақша ретінде танылды.
14. Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстанға шетелден 320 млрд доллар инвестиция құйылған.
15. Әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара – Қазақстан мен Ресей шекарасы (7512,8 шақырым).
Байқау кезеңдері аяқталды, енді әділқазы өз шешімдерін шығарғанша сайысқа қатысушы топтардан өлең жолдарын қабыл алыңыздар!
(әділқазыларға сөз беру, марапаттау)
Қорытынды – Алтын Адам:
«Білімді, сауатты адамдар - ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші». Бұл сөз әр адамның жүрегіне ой салады. Себебі, кез келген елдің болашағы жастардың, оларды тәрбиелеген ұстаздардың біліктілігімен, олардың өз шәкірттеріне деген ықыласына көбірек тәуелді. Сондықтан әлемдік стандартқа сай біліммен қаруланып, еліміздің болашағы үшін қызмет етіп, отанымыздың арқа сүйер азаматы болыңдар! Мен сендерге сенемін! Сау болыңдар, балаларым!!!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Сыныптан тыс жұмыс: "Қазақстанның болашағы - білімді ұрпақ" 5 сынып

шағым қалдыра аласыз