Интеллектуалды ойын: "ХХІ ғасыр көшбасшысы" 7-сынып

Тақырып бойынша 18 материал табылды

Интеллектуалды ойын: "ХХІ ғасыр көшбасшысы" 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
7-сынып оқушылары арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойыны өткізілді. Мақсаты: • Оқушылардың әртүрлі пәндерге деген қызығушылығын арттыру, батылдығын шыңдау; • Жылдамдыққа тәрбиелей отырып, сөйлеу қабілетін, мәдениетін, ой-өрісін дамыту; • «Үздік көшбасшы-2025» анықтау. Кезеңдері: І кезең «Бәйге» ІІ кезең «Дода» ІІІ кезең «Тіл-өнер» ІV кезең «Көкпар» V кезең «Жорға» Сұрақтар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай мектеп бағдарламасынан алынды. Әділқазы алқасының шешімімен қатысушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және Алғыс хаттармен марапатталды, сонымен қатар «Үздік көшбасшы-2025» анықталып, диплом және ерекше жазуы бар статуэтка табысталды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойын, 7-сыныптар

Мақсаты:

  • Оқушыларды әр түрлі пәндерге деген қызығушылығын арттыру, батылдығын шыңдау;

  • Жылдамдыққа тәрбиелей отырып, сөйлеу қабілетін, мәдениетін, ой-өрісін дамыту;

  • «Үздік көшбасшы-2025» анықтау.

Барысы:

І. Ұйымдастыру

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

«Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» – демекші, талай ғұламаларды туғызған қазақтың қасиетті жерінде орналасқан біздің білім ордамызда өткелі отырған «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер! Мектебіміздің Шәкәрім атамыздың атымен аталуы да тегін емес деп санаймын, өйткені біз Шәкәрімді ақынжазушыфилософтарихшыкомпозитор ретінде де, сондай-ақ Абаймен замандас әрі інісі, әрі Абай негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары ретінде де жақсы танимыз.

«Адаспайсың ақылды арлыға ерсең,

Жолай көрме жылмайы сопы көрсең,

Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың,

Алданбайсың артынан ере берсең», – деген Шәкәрім атамыздың өсиет сөзі бәріміздің бүгінгі күнгі ұранымызға айналса тіпті құба-құп болар еді. Олай болса, бүгінгі зияткерлік ойынға дәл осындай мақсатты алдына қойған жас ұландар келіп отыр деп ойлаймын.

Нұрлы үмітпен қадам басып арманға,

Жан шуағын тарататын баршаға.

Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,

Сайыскерлерді шақырайық ортаға!!!


1. 7 «а» сыныбы – Жаңабай Қарақат

2. 7 «ә» сыныбы – Нурла Музафар

3. 7 «б» сыныбы – Смагулова Аружан

4. 7 «в» сыныбы – Жалғасқызы Сабина

5. 7 «г» сыныбы – Серікбай Таир

6. 7 «д» сыныбы – Ұзахбай Серік

7. 7 «е» сыныбы – Абдурахманова Балауса


Сіздерге сәттілік тілей отырып, арнайы орындарға отыруға шақырамын!


Кезеңдері:

І кезең  «Бәйге»

ІІ кезең  «Дода»

ІІІ кезең «Тіл-өнер»

ІV кезең  «Көкпар»

V кезең  «Жорға»


Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың сайысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!!!


Әділ төрешілермен таныс болыңыздар:

  1. Касымова Жанна Суйндиковна – мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

  2. Жардемгали Адина Талғатқызы – аға тәлімгер


«Өнер менен білімде,

Әркімнің өз жолы бар.

Қатысушы ретінде,

Өзіндік менің үнім бар» деп, зияткерлік ойынға бақ сынауға келіп отырған білімпаз өрендер өздерін таныстырып өтсін. Құлақ салып, тыңдайық!!!


І кезең  «Бәйге»


Қазақпыз ғой бәйге десе қозатын,

Қосатұғын күрең атын, боз атын.

Басталады бәйге атты жарысың,

Шықсын шәкірт шыңдарға қол созатын.


Қарап тұрмай бәйгеге сіз де еріңіз,

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» шығарар

«Бәйгенің» сұрақтарын көріңіз!!!


Шарты:

Берілген сұрақтарды мұқият тыңдап алып,  бірінші болып жалаушаны көтерген қатысушы жауап береді. Егер ол жауап бере алмаса, екінші көтерген қатысушыға кезек беріледі. Әр сұрақтың дұрыс жауабына 1 ұпайдан. Нәтижесі жинаған ұпай санына байланысты есептеледі. Бірақ қанша ұпай жинаса да барлық қатысушылар екінші кезеңге өтеді, жақсы нәтижеге жетулеріне мүмкіндік беріледі. Ойын шарты түсінікті болса, бастаймыз!!!

  1. «Менің атым Қожа» шығармасының авторы кім? (Б. Соқпақбаев)

  2. Абайдың неше қара сөзі бар? (45)

  3. Көсемшенің жұрнақтарын ата? (-а, -е, -й, -ып, -іп, -п, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі)

  4. Ұлы Отан соғысында Ленинградты қорғау үшін ерлікпен қаза тапқан қазақтың мерген қызы кім? (Ә.Молдағұлова)

  5. «Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда қандай мағына береді? (жаңа күн)

  6. Еліміздегі ғарыш айлағы қалай аталады? (Байқоңыр)

  7. Иіріле оралып, тостағанға үңіле қарап тұрған жылан бейнесі қай ғылым саласының таңбасы? (медицина)

  8. Қазақ хандығы қай жылы құрылды? (1465 жылы)

  9. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады? (130-дан астам)

  10. Қазіргі Әнұранымыздың авторлары? (Ж.Нәжімадинов, Н.Назарбаев, Ш.Қалдаяқов)

  11. Қасиетті рухани тілек? (бата)

  12. Ең кіші планета қалай аталады? (меркурий)

  13. «Кел, балалар, оқылық» кімнің өлеңі?  (Ы.Алтынсарин)

  14. Киіз үйдің төбесі? (шаңырақ)

  15. Грекияда олимпиадалық ойындар неше жылда өткізілген? (4 жылда)

  16. Қазақта тұңғыш дүние жүзі чемпионы атағын алған палуан кім? (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)

  17. Қазақ хандығын құрды? (Керей мен Жәнібек)

  18. Сүйекті пайдаланып ойнайтын ойын? (ақсүйек)

  19. Жер өз бөлігін қанша сағатта айналып өтеді? (24)

  20. Жиделі Байсын жерінде, Қоңырат атты елінде бек болып, жұрт басқарған жыр кейіпкері кім? (Алпамыс)

  21. Тірі ағзалар туралы көп салалы ғылым? (биология)

  22. WinRar, WinZip, WinArj – бұл нелер? (Архиватор программалары)

  23. Қашан? Қайда? Қалай? Не себепті? Қайтіп? Қанша? Қай сөз табының сұрақтары? (Үстеу)

  24. Органикалық қосылыстардың тотығуы? (Тыныс алу)

  25. Натюрморт қай елдің сөзі? (Франция)

  26. Өмілдірік деген не? (Ер тұрман әбзелі)

  27. Қазақстанда «Қызыл кітап» тұңғыш рет қай жылы шықты? (1978 ж.)

  28. «Сақ» сөзінің мағынасы парсы жазбаларында қалай берілген? (құдіретті еркектер)

  29. Шыңғыс ханның кенже ұлы кім? (Төле)

  30. 1465 жылы Қазақ хандығы құрылған жер? (Шу мен Талас алқаптарында)





ІІ кезең «Дода»


Мәңгі-бақи есте қалар,

Ғажайып бір сайыс болсын!

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын!


Шарты:

  1. ІІ кезеңге барлық сайыскерлер қатысады. І кезеңде жиналған ұпайлары сақталады;

  2. Экранда бірнеше ұяшықтар берілген, мұнда мектеп бағдарламасына сай әр пәннен бірнеше сұрақтар бар;

  3. Ұяшықты қатысушы өзі таңдайды. Таңдау кезегі бірінші кезеңде алған ұпай санына сәйкес жүзеге асырылады. Ұпай саны ең аз қатысушы бірінші болып ұяшық таңдау құқығына ие болады, әрі қарай осылай кезекпен жалғаса береді.

  4. Бір ұяшықта 6 сұрақ, әр сұраққа дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі.

  5. Екі кезеңнің ұпай сандарын есептеп, ұпай саны аз 2 оқушы ойын алаңын босатуға мәжбүр болады. Ендеше, сәттілік, бастаймыз!!!


ҚАЗАҚ ТІЛІ

  1. Сөздердің қайталануы арқылы жасалатын сөз табы? (қос сөз)

  2. Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегі? (түбір)

  3. Халықтың наным-сеніміне байланысты атын тура айтуға тиым салынған сөздер? (табу)

  4. Сөйлемде белгілі бір мағынаны білдіретін, белгілі бір ұғымның атауы болып табылатын сөздер? (атауыш сөздер)

  5. Адамның әртүрлі көңіл-күйін білдіретін немесе жан-жануарларды шақыруға қолданылатын сөздер? (одағай)

  6. Сын есімнің мағынасына қарай қандай түрлері бар? (сапалық және қатыстық)


МАТЕМАТИКА

  1. Екі қатынастың теңдігі не деп аталады? (пропорция)

  2. Кез келген рационал санды қандай периодты ондық бөлшек түрінде жазуға болады? (шектеусіз)

  3. Нөл санының модулі нешеге тең? (0-ге тең)

  4. Картадағы кескін ұзындығының оған сәйкес жер бетіндегі қашықтыққа қатынасын не деп атайды? (масштаб)

  5. 1 килограммда қанша грамм бар? (1000 грамм)

  6. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кімнің бойы ұзын? (Жанат ұзын)


БИОЛОГИЯ

  1. Жұмыртқаның ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы қоймалжың зат? (цитоплазма)

  2. Шығу тегі, құрылысы, атқаратын қызметі ұқсас жасушалар тобы? (ұлпа)

  3. Микоскоптың ең негізгі бөлігі? (көру түтігі)

  4. Өсімдіктің тамыр арқылы керекті элементтерді топырақтан сіңіруі? (Минералды қоректену)

  5. Тыңайтқыштар қандай топтарға бөлінеді? (органикалық, минералды)

  6. Тірі ағзалар туралы көп салалы ғылым? (биология)


ИНФОРМАТИКА

  1. Нәтижеге жету мақсатында атқарушыға қандай әрекеттерді жасау керектігін түсінікті және дәл көрсететін нұсқаулар реті? (алгоритм)

  2. Детектор, доктор, фильтр, ревизор қандай программалардың түрлеріне жатады? (вирустан қорғау – антивирусты бағдарламалар)

  3. Файлдарды сығу үдерісі (архивтеу)

  4. Бірнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм? (циклдік алгоритм)

  5. WinRar, WinZip, WinArj нелер болып табылады? (архиватор программалары)

  6. Арнайы жазылған, шағын көлемді, «көбеюге» және басқа программаларға «жұғуға» қабілетті компьютерлік программа? (компьютерлік вирус)



ӘДЕБИЕТ

  1. Суреттелген затты шамадан тыс асырып айту арқылы тіл әсерлілігін арттыратын көркемдік тәсіл? (гипербола не әсірелеу)

  2. Бұқар мен Ақтамберді жырауларды ұстаз тұтқан, өлеңді суырып салып та, жазып та шығаратын, Аягөз ауданында 1802 жылы дүниеге келген жырау? (Дулат Бабатайұлы)

  3. Ойды, сезімді әсерлі жеткізу үшін жауабы өзінен-өзі айқын затты әсерлі леппен, сұрау түрінде айту? (риторикалық сұрау)

  4. Прозаик, драмматург, жазушы, қоғам қайраткері, лирик және «Далада» өлеңінің авторы?

(Сәкен Сейфуллин)

  1. «Жастар», «Жалпы жасқа», «Жастар ұраны» атты өлеңдері бар ақын? (Ілияс Жансүгіров)

  2. Алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра асқақтата түсіру? (градация)


ГЕОГРАФИЯ

  1. Күннен ең алыс орналасқан ғаламшар? (плутон)

  2. Жер бетінің белгілі масштаб бойынша жазықтықта шартты белгілермен кескінделуі? (географиялық карта)

  3. Жер бетінде жыл маусымдарының ауысу себебі не? (күн сәулесінің түсу бұрышы мен түсу уақытының ұзақтығы)

  4. Жер бетінде өлшенген қашықтықты қағазға түсіргенде кішірейтілгенін көрсететін шама? (масштаб)

  5. Дүние жүзіндегі ең биік тау? (Гималай)

  6. Көктемгі күннің теңелуі қашан? (21 наурыз)


ТАРИХ

  1. Көшпелі мал шаруашылығына байланысты жайылым түрлері? (көктеу, жайлау, күзеу, қыстау)

  2. Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпа? (Сақ)

  3. Ұзындығы 1-2 см ұсақ жаңқа тастардан жасалатын құралдар қалай аталады? (Микролит)

  4. Неолит дәуірінің басты ерекшелігі? (өнімді еңбек пайда болды)

  5. Еңбек бөлінісі және аталық ру орнай бастаған тас ғасыры? (энеолит дәуірі)

  6. Адамдардың шығу тегін жануар, өсімдік және табиғат құбылыстарымен байланыстыратын ұғым? (тотемизм)


Төрешілер, «Бәйге» және «Дода» кезеңі бойынша қатысушылардың жинаған ұпай санын білсек? Ұпай саны аз 2 оқушыға сәттілік тілеп, шығарып саламыз. Рақмет!


ІІІ кезең «Тіл-өнер»


Келді кезек жұмбақтарды шешуге,
Жауаптарын айту керек үш тілде.
Ұпай санын еселейтін кезең бұл,

Үш тұғырлы тілді білсең егер де.


Шарты:

  1. Жасырылған жұмбақтардың жауабын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айту керек;

  2. Бірінші болып жалаушаны көтерген қатысушы жауабын айтады, жауап қате болған жағдайда қарсыластарына кезек беріледі;

  3. Жұмбақтың жауабын бір тілде ғана тапса 1 ұпай, екі тілде тапса 2 ұпай, толық жауап үшін 3 ұпай;

  4. Барлық жинаған ұпай сандарына сәйкес 1 оқушы ойыннан шығады. Кеттік!!!


  1. Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы. (Мектеп – Школа – School)

  1. Шәкіртке жанашыр,

Мейірман кім, жаны асыл? (Ұстаз – Учитель – Teacher)

  1. Қобдиында қайырлы,

Қазынаның бәрі бар.

Тауыссаң көз майыңды,

Қалағаның табылар. (Кітап – Книга – Book)

  1. Тілден ұшып,

Құлаққа қонады. (Сөз – Слово – Word)

  1. Көп болса алыстайсың,

Мезетпен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсысың? (Уақыт – Время – Time)

  1. Ұшымен қазық,

Тор көзді жазық.

Үстіне өттім,

Асыл сөз жазып. (Дәптер – Тетрадь – Copybook)

  1. Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі. (Сызғыш – Линейка – Ruler)

  1. Үш тілі бар,

Тықылдаған үні бар. (Сағат – Часы – Watch)

  1. Көреді бәрін өзгенің,

Көрмейді бірақ өздерін. (Көз – Глаза – Eyes)

  1. Ашылып, жабылады,

Әр үйден табылады. (Есік – Дверь – Door)

  1. Ортасында шегесі,

Жіп-жіңішке денесі.         (Қарындаш – Карандаш Pencil)

 

ІV кезең «Көкпар»

Көкпар жайлы айтқан сайын жетілем,

Ат үстінде азамат боп бекігем.

Желдей естім жарыстарда көппенен,

Жүйрік міндім аса бере жетіден.


Жүйткіп жүрдім кіп-кішкентай жаста тым,

Шынықтырдым кемелденер нақ сәтін.

Көкпар тартып өскен ұрпақ болған соң,

Алдыға озып кету – менің мақсатым.


Шарты:

  1. Бұл кезеңге 4 ойыншы қатысады;

  2. Әр қатысушыға бөлек мектеп бағдарламасына сай пән бойынша 5 сұрақтан қойылады;

  3. Алдыңғы кезеңдерде жоғары ұпай жинаған қатысушы бірінші болып жауап береді;

  4. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. Мұқият тыңдайық!!!


1 қатысушыға:


  1. Түбір дегеніміз не? (сөздің бастапқы мағыналы бөлшегі)

  2. «Анама хат» өлеңінің авторы? (А.Байтұрсынов)

  3. Төрт бұрыштан бір бұрышын қиып алып тастасақ, неше бұрыш қалады?  (5 бұрыш)

  4. Желдің жылдамдығы қандай құралмен өлшенеді? (желбағар)

  5. Пияз бен сарымсақта кездесетін ерекше ұшпа зат не деп аталады? (фитонцид)


2 қатысушыға:


1. Есімше жұрнақтарын ата? (-ған, -ген, -қан, -кен, -ар, -ер, -р, -атын, -етін, -йтын, -йтін, -мақ,

-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек, -с)

2. Баллада дегеніміз не? (лиро-эпостық сипаттағы шағын сюжетті өлең)

3. Шаршының периметрі 36 см-ге тең. Осы шаршының ауданы неге тең? (81 см)

4. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын қандай құралмен өлшейді? (шашгигрометр)

5. Бидайдың Қазақстанда неше түрі өсіріледі? (6 түр)

 

3 қатысушыға:


  1. Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді? (6-ға)

  2. «Шыңырау» хикаятының авторы? (Ә.Кекілбаев)

  3. Үшбұрыштың үш қабырғасы берілген. Қабырғалары 10см, 15см, 7см. Оның периметрін тап?  (32см)

  4. Атмосфералық қысым дегеніміз не? (жер бетіне түсірілген салмақ)

  5. Қазақстанда раушангүлділердің қанша түрі өсіріледі? (35 түр)


4 қатысушыға:


1. Болымсыз етістік жұрнақтарын ата? (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе)

2. Сатай қай шығарманың кейіпкері? («Қылау»)

3. Екі адам шахматты 2 сағат ойнаса, бір адам неше сағат ойнайды? (2 сағат)

4. Бұлттардың неше түрі бар? (3 түр)

5. Гүлді өсімдіктерді неліктен жабық тұқымды өсімдіктер бөліміне енгізген? (себебі олардың тұқымы жеміс ішінде жетіледі)


Төрешілер, «Көкпар» сайысы бойынша жиналған ұпай санын есептеп берсеніздер, ойын шарты бойынша аз ұпай алған 2 сайыскерді рақмет айтып, шығарып саламыз.


 V кезең «Жорға»


Ең қиыны жарыстың “Жорға” келді,
Біліміңді көрсетер кезің келді.
Тез жауап бер, ойланып, тұрып қалмай,
Соңғы кезең анықтайтын ең үздікті!


Шарты:

  1. Соңғы кезеңге 2 ойыншы қатысады;

  2. Сайыскерлерге 10 сұрақтан қойылады;

  3. 1 минутта тез, нақты жауап беру керек;

  4. Уақыт асып кеткен жағдайда жауап есептелмейді;

  5. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.


1 – ойыншыға сұрақтар:


  1. Етістік құрамына қарай қалай бөлінеді?  (дара, күрделі)

  2. «Көксерек» шығармасының авторы?   ұхтар Әуезов)

  3. Қазақтың тұңғыш ғарышкері? оқтар Әубәкіров)

  4. Қазақстанда қанша облыс бар? (14)

  5. Тұйық етістіктің жұрнағын ата? (-у)

  6. Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы? (епті адам)

  7. Қазақ тілінде неше жалғау бар? (4)

  8. Әрбір 100 м биіктікке көтерілгенде температура орта есеппен неше градусқа төмендейді?  (0,6 градус)

  9. Украинадағы конкурста «Әлия» әнімен І орын алған қай әнші? оза Рымбаева)

  10. Қазақ тіл білімінің негізгі салалары? (фонетика, лексика, грамматика)


2– ойыншыға сұрақтар:


1. Сын есім мағынасына қарай қандай түрге бөлінеді?  (сапалық, қатыстық)

2. «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңінің авторы? (Махамбет Өтемісұлы)

3. Күн мен түн теңелген күн? (22 наурыз)

4. Рәміздер қашан қабылданды? (1992 ж.)

5. Ортақ етіс жұрнағын ата? (-ыс, -іс, -с)

6. Рим империясына қауіп төндірген ғұн басшысы?  (Еділ-Аттила)

7. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? (9)

8. Атмосфералық қысымды қандай құралмен өлшейді? (барометр)

9. Қазақтың атын әлемге паш еткен музыкалық топ? (Ұлытау)

10. «Мұзға отырғызып кетті» тұрақты сөз тіркесінің мағынасы? (алдап соқты)


Қорытынды:

Әділқазы алқасына қорытынды есепті тындау үшін сөз беріледі және бүгінгі ойын туралы, қатысушылар туралы айтылатын сын-пікірлерді мұқият тыңдайық!!!


 Осымен бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны аяқталды.


Тағы келер сыналар шақ айналып,

Тереңіне білім теңіз байланып.

Оқушымыз ................. қуанып тұр,

«Үздік көшбасшы-2025» атағын алып.


Жастықтың оты жалындап,

Жас жүректе жанған шақ.

Талаптың оты арындап,

Әр қиянға салған шақ, – деп Абай атамыз жырлағандай, жүректерінде жеңіске жетем деген сенім оты жалындаған бүгінгі сайысқа қатысушылар, ұстаздар, оқушылар көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рақмет!!! Жеңісті күндеріміз көп болсын!!!













































«Ш.Құдайбердіұлы атындағы №66 ЖББОМ» КММ











ХХІ ғасыр көшбасшысы

(интеллектуалды ойын)


7-сыныптар






Өткізген: Курманалина Ж.Б.

/педагог-ұйымдастырушы





















2024 – 2025 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.05.2025
95
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі