Сыныптан тыс жұмыс: "Ана тілім - ардағым" 6 сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Сыныптан тыс жұмыс: "Ана тілім - ардағым" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сынып оқушыларымен «Ана тілім- ардағым» атты шығармашылық байқау өткізілді. Байқау 5 кезеңнен тұрды. Жаңа заманауи әдістер арқылы оқушының қызығушылығын арттыратындай жоғары деңгейде өтті. Оқушыларға мақал-мәтелдер мен жұмбақтар жасырылып, лездемелік сұрақтар қойылды. Бұл байқауға барлық сынып оқушылары белсене қатысып, өз деңгейлерін көрсетуге тырысты. Сұрақтар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай алынған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Ана тілім – ардағым» шығармашылық байқау, 6-сыныптар

Мақсаты:   Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тілі, тарихы, мәдениеті болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд

Әдісі: мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап

Барысы:

  • Әнұран орындау;

  • Кіріспе сөз;

  • Қатысушы оқушыларды хабарлау;

  • Байқау шарттарын түсіндіру;

  • Әділқазы мүшелерімен таныстыру;

  • Қорытындылау, марапаттау.


Кіріспе сөз:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Тіл мәселесі – ежелден қашан да өткір, өзекті мәселе. Қазақ халқы өз ұрпағының өз тілінде сөйлеуін қаншама ғасырлар бойы армандады, ұрпағының келешегі үшін уайымдады, ойланды. Тілді елдік ұранға айналдыра келген ерекше ғасыр – ХХ ғасыр біздің қазақ елін, қазақ халқын толғандырған көптеген мәселелерді шешуге оң ықпал жасады деп айтуға болады. Соның бірі – 22 қыркүйек Қазақстан халықтарының Тілдері мерекесі деп жарияланды. Тарих бетіне қалдырды. Ендігі жерде тілімізді сақтап қалудағы жеңісіміз, еліміз бен елдігімізді, жерімізді сақтап қалудағы жеңісімізбен жалғасын таба беру керек!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан бастап осы бір атаулы күн қазақ халқының төл мерекесі ретінде жыл сайын назардан тыс қалған емес. Күнтізбемізде атаулы даталар мен айшықты мемлекеттік мерекелер көп. Алайда адамзат қоғамынан Тілімізді еншілеген күн – 22 қыркүйек.
Бұл – біздің атымызды асқақтатып, айбынымызды көтерген төл мерекеміз.

«Қазақ осы ағыл-тегіл көл- көсір,
Қазақ осы «Өнер алды – тіл дейтін»,
«Қазақ осы қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін»,- деп ақын ағамыз Қадыр Мырзалиев жырлағандай, біздің ҚР – көп ұлтты мемлекет, ұлы қазақ даласында 130-дан астам ұлт өкілдері татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр.

Әрине, ешқандай жаман халық, жаман ұлт жоқ. Біз ҚР Конституциясында жазылғандай, ұлтына, дініне қарап ешкімді бөлмейміз, барлық адам бірдей және тең. Қазақстан жерінде тұратын әр адам қандай ұлт өкілі екеніне қарамастан Отанын сүюі, мәдениеті мен тілін білуі және оларды қастерлеуі қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Қазақ деген ержүрек, батыр, намысшыл халықтың да өз мемлекеті, өз тілі бар екенін бүкіл әлемге таныту – біздің азаматтық міндетіміз. Сондықтан біз оны өзімізден, өз ортамыздан бастауымыз керек. Осыған орай біздің мектебімізде де «Тілім менің ғасырларға аманат» атты апталықтың онкүндігіне орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бүгінгі 6-сыныптар арасындағы "Ана тілім – ардағым" тақырыбындағы шығармашылық байқаудың да басты мақсаты – мемлекеттік тілдің өркендеуіне үлес қосу, ана тілімізді сүюге тәрбиелеу, тіліміздің мәртебесін биік ұстауға шақыру, сонымен қатар әр халықтың, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тілі, тарихы, мәдениеті болатынын көрсету. Бүгінгі байқауда сіздерге сәттілік тілеймін. Әрқашан тіліміздің мәртебесін биікке көтеріп жүретіндеріңізге сенемін!!!


Жүргізуші:

Туған тілім қазынам, алтын кенім,
Жаңа алыпқа өзіңді алып келдім.
Қош келдің туған өлке, бесігіңе,
Қасиетті бабамның тілім менің.

Дұшпандардың талайын қызыл тілмен,
Қылыштай сүйектерден тілімдедің.
Өтсе де талай ғасыр, қилы заман,
Қасиетті тілім менің бүлінбедің!


Ортаға байқауға қатысушы оқушыларды шақырамын:

1. 6 «А» сынып оқушысы:

2. 6 «Ә» сынып оқушысы: Әділбекова Аниса

3. 6 «Б» сынып оқушысы: Жолдас Гаухар

4. 6 «В» сынып оқушысы: Жангиреева Мөлдір

5. 6 «Г» сынып оқушысы: Бекмұханова Айша

6. 6 «Д» сынып оқушысы: Жолдыбай Медина

7. 6 «Е» сынып оқушысы:


Байқау шарттары:

I-кезең: "Өлең – менің өмірім" (ана тілімізге қатысты кез-келген ақынның өлеңін мәнерлеп жатқа айту)

Бағалау критерийлері:

  • мәнерлеп оқу шеберлігі (дикциясы, интоннациясы);

  • жатқа айта білуі;

  • сахна мәдениеті.

II-кезең: "Жалғасын тап..." (берілген мақалдың жалғасын табу)

Бағалау критерийлері:

  • мақалды дәл табуы;

  • тез ойлануы;

  • мағынасын түсінуі.

III-кезең: "Сұрақ-бізден, жауап-сізден" (оқу бағдарламасына сәйкес сұрақтар және қызықты логикалық сұрақтарға жауап беру)

Бағалау критерийлері:

  • дұрыс жауап беруі;

  • логикалық ойлау қабілеті;

  • шапшаңдық.


Енді осы байқауда оқушыларымызға төрелік жасайтын әділқазы алқасы келіп отыр. Таныстырып өтейін:

  • Кусайнова Лаура Умирзаковна – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

  • Даутов Нұрболат Закпаевич – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

  • Айтыбасова Гүлжаhан Айтбайқызы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


Туған тілім – бабам тілі – өз тілім,
Туған тілім – анам тілі – өз тілім,
Туған тілім – далам тілі – өз тілім,
Туған тілім – адам тілі – өз тілім.


Байқаудың І-кезеңі бойынша өздерінің жаттап келген өлеңдерін мәнерлеп оқу үшін оқушыларға кезек береміз.

(оқушылар ретімен өлеңдерін оқиды)


Рақмет, өте жақсы!!! Әділқазы мүшелері әр оқушыға критерийлерді ескере отырып, бағасын береді.


Мақал-мәтелдер – сан жағынан да аса бай, сапа жағынан да аса жоғары, өте көркем сала. Тосыннан айтылған мақалдың адам сезімі мен ақылына әсерінің қуаты – олардың көркемдігінде. Сондықтан мағынасы терең, көркемдік сапасы жоғары мақалдарды өз сөзімізге арқау етіп, шешен сөйлей білсек, кез келген ортада, кез келген тақырыпта өз ойымызды терең жеткізумен қатар, тыңдаушыны да баурай аламыз.


ІІ-кезең тапсырмасы бойынша берілген мақалдың жалғасын дұрыс табуымыз керек. Сәттілік!!! Экранға назар аударайық.


  • Тілге құрмет – елге құрмет

  • Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл

  • Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады

  • Шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ

  • Тіземнен сүріндірсең, сүріндір, тілімнен сүріндірме

  • Тіл қылыштан өткір

  • Бал тамған тілден у тамар

  • Өнер алды – қызыл тіл

  • Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады

  • Өлең – сөздің патшасы

  • Аңдамай сөйлеген, ауырмай өледі

  • Көп тыңда, аз сөйле

  • Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ

  • Жеті рет өлшеп, бір рет кес

  • Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені

  • Айтылған сөз – атылған оқ

  • Сөз анасы – құлақ, су анасы – бұлақ

  • Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар

  • Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ

  • Сөздің көркі – мақал

  • Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды

Рақмет, өте жақсы!!! Әділқазы мүшелері әр оқушының алған ұпайын есептеп, бағасын береді.


Десек те, жаңа өмір, жаңа заман,
Жақсы ғой бірін-бірі бағалаған.
Түйсіксіз тайлақтардан сақта, Құдай,
Тайраңдап алды-артына қарамаған.
Қарағым, ата-бабаң момын халық,
Өтіпті бір-бірінің жолын бағып,
Өсиетін бабаңның орындай сал,
Одан ешкім кетпейді тоныңды алып, - деп жырлаған ақын Мұқағали Мақатаев.


Шығармашылық байқауымыздың «Сұрақ-бізден, жауап-сізден» деп аталатын кезеңінде оқушыларға жас ерекшеліктеріне сәйкес оқу бағдарламасына қатысты сұрақтар және қызықты логикалық сұрақтар беріледі, нақты дұрыс жауап қана бағаланады, сондай-ақ мағыналас жауаптарды қабылдауға болады. Қатысушылар, дайынбыз ба? Ендеше кеттік! Назарымыз экранда болсын!


Қызықты логикалық сұрақтар:

  • Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда – бесеу. Бұл не? (әріп)

  • Бұл санда қанша әріп болса, сонша сан бар. Ол қай сан? (жүз)

  • Теңізде қандай тас болмайды? (құрғақ)

  • Ертістің ортасында не бар? (Т әрпі)

  • Қызыл теңізге ақ орамал салса не болады? (су)

  • Қандай бөшкеге су көп кетеді? (тесік)

  • 1 жұмыртқа 3 минутта піседі, 2 жұмыртқа неше минутта піседі? (3 минут)

  • Жаңбыр жауғанда кімнің шашына су тимейді? (тақырбас адамның)

  • Қай айда 28 күн бар? (барлық айда)

  • Король кімнің алдында тәжін шешеді? (шаштараздың)

  • Құлақ не үшін керек? (көзілдірікті ұстап тұру үшін)

  • Әлемдегі ең үлкен алма қайда өседі? (алма ағашында)

  • Жүзе алмайтын адам суға түссе қалай шығады? (үсті су болып шығады)

  • Қазақстан мен Өзбекстанның ортасында не бар? (мен)


Оқу бағдарламасына байланысты сұрақтар:

  • 1. Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі? (тас дәуірі)

  • 2. Алғашқы адамдардың бастапқы кезеңдегі топтасу жүйесі? (тобыр)

  • 3. Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы? (епті адам)

  • 4. Ең ежелгі адамның еңбек құралы? (үшкір тас)

  • 5. Ежелгі "Тік жүретін адам" өкілі? (синантроп)

  • 6. Жер бетінде бұдан 40-35 мың жыл бұрын өмір сүрген адам? (саналы адам)

  • 7. Ежелгі адамдардың ең алғашқы кәсібі? (терімшілік)

  • 8. Қазақстан аумағында өмір сүрген алғашқы адамдардың замандасы? (питекантроп)

  • 9. Ежелгі адамдардың тұңғыш баспаналары? (үңгірлер)

  • 10. Алғашқы адамдардың аулаған аңдары? (мамонт пен бизон)

  • 11. Жер бетінің күрт суи бастауы басталды? (100 мың жыл бұрын)

  • 12. Ежелгі адамдардың жіп орнына пайдаланған заттары? (жануарлардың сіңірлері)

  • 13. Екі жағынан да өңделген қарапайым шапқыш тас құрал атауы? (бифас)

  • 14. 1938 жылы Өзбекстаннан неандертальдық баланың сүйегі табылған үңгір? (Тесіктас)

  • 15. "Саналы адам" сүйегі алғаш рет табылған үңгір? (Кро-Маньон)

  • 16. Мезолит заманының ең үлкен жаңалығы болып саналатын ұсақ жаңқа тастардан жасалған құралдар атауы? (микролит)

  • 17. Егіншіліктің пайда болу мерзімі? (10 мың жыл бұрын)

  • 18. Алғашқы адамдардың тас өңдеуде неғұрлым биік деңгейге көтерілген уақыты? (неолит)

  • 19. Жылқы сүйектері өте көп табылған неолиттік тұрақ? (Ботай)

  • 20. Ежелгі адамдардың өз білімдерін суретті хат арқылы хабарлауы? (пиктография)

  • 21. Адамдардың шығу тегін жануарлармен байланыстырудың ғылыми атауы? (тотемизм)

  • 22. Тұрмыста тұңғыш пайдаланылған металл? (мыс)

  • 23. Қола дәуіріндегі қоланың алыну қосындысы? (мыс пен қалайы)

  • 24. Тастан және мыстан жасалған еңбек құралдарын ығыстырған кезең? (қола дәуірі)

  • 25. Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі? (көзе құмыралар)

  • 26. Қола дәуірінде Жезқазған өңірінен 1 млн тоннадай кен өндірілгенін айтқан белгілі ғалым? (Сәтбаев)

  • 27. "Қыш құмыралар заманы" деп аталатын дәуір? (неолит)

  • 28. Ежелгі адамдардың ең әуелде отты қайдан алғанын анықтаңыз? (найзағайдың түсуінен жанған ағаштан)


Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – құралым.
Ана тілім болмаса,
Болмас еді жыр-әнім.
Ана тілім – елдігім,
Ана тілім – ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім...


Байқау кезеңдері аяқталды, енді әділқазы өз шешімдерін шығарғанша «Жас талант» тобының орындауындағы «Қазақстаным» әнін қабыл алыңыздар!

(әділқазыларға сөз беру, марапаттау)

Қорытынды. Сонымен оқушылар, бүгінгі «Тілім менің ғасырларға аманат» атты апталықтың онкүндігіне орай ұйымдастырылған 6-сыныптар арасындағы "Ана тілім – ардағым" тақырыбындағы шығармашылық байқау өз мәресіне жетті. Еліміздің Ата заңында көрсетілгендей: «ҚР мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Ана тілін сүю, құрметтеу, мақтаныш ету – әрбір азаматтың міндеті». Оны сендер де құрметтеп, қорғай біліңдер! Ынтымағы жарасқан халықтардың бесігі болған шуақты Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де еңбекқор ұл-қызы болып өсе беріңдер! Байқауға қатысқан 6-сыныптың ең мықты балаларына, қолдап келген көрермен оқушыларға, апай-ағайларға рақмет айтамыз!!!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.05.2025
98
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі