
Архабаева Гулмира Ушкемпировна
Жеке ақпарат жазылмаған
Ватсапта бөлісу
Телеграммда бөлісу
Фейсбукта бөлісуБарлығы: 5 материал
Бұл мақалада ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының қоғамдық-саяси жағдайына байланысты пайда болған Алаш қозғалысы қарастырылады. Қозғалыстың пайда болуына Ресей империясының отарлық саясаты, жер мәселесінің ушығуы, ұлттық сананың оянуы мен білімнің таралуы әсер еткені айқындалады.
1917 жылы құрылған Алаш партиясы мен оның бағдарламасы ұлттық автономия құруды, жерді халық игілігіне беруді, демократиялық қоғам орнатуды, білім мен ғылымды дамытуды мақсат етті. Сол жылы Орынборда өткен Екінші Жалпықазақ құрылтайында Алашорда үкіметі жарияланып, оның төрағасы Әлихан Бөкейхан сайланды.
Алаш қозғалысының басты идеялары – ұлттық мемлекет құру, демократиялық құндылықтарды енгізу, ана тілінде білім беру, зайырлы қоғам орнату болды. Қозғалыс қысқа ғұмыр кешкенімен, қазақ халқының саяси тарихында ерекше рөл атқарды.
Қорытындыда, Алаш қайраткерлерінің идеялары тәуелсіз Қазақстанның даму бағытымен сабақтасып, ұлттық мемлекеттіліктің рухани негізіне айналғаны атап өтіледі.
Қазақстан тарихы
Мақала
Барлық сыныптар
Бұл мақалада түркі халықтарының мәдениеті мен өркениетке қосқан үлесі қарастырылады. Түркілердің VI ғасырдан бастап құрған мемлекеттері, олардың саяси-мәдени тарихтағы рөлі, Жібек жолындағы орны баяндалады. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің маңызы ашылып, түркілердің тұрмыстық мәдениеті, киіз үй, музыка, салт-дәстүрлері сипатталады. Сонымен қатар Тәңіршілдік сенімі мен ислам дінінің ықпалы талданады. Әлем өркениетіне қосқан үлестері, әскери тәжірибесі, «ондық жүйе», әдебиет пен ғылымдағы Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи еңбектері аталып өтеді.
Қорытындыда түркі халықтарының мәдениеті бүгінгі күнге дейін сақталып, қазіргі Қазақстан үшін тарихи жады мен рухани негіз ретінде маңызды екендігі айтылған.
Қазақстан тарихы
Мақала
Барлық сыныптар
Қазақтардың күнделікті өмірінде ағаш және кірпіш үйлер табиғат жағдайына, аймақтық ерекшелікке және шаруашылық түріне қарай қалыптасқан. Ағаш үйлер негізінен орманды-далалы өңірлерде тараса, кірпіш үйлер суармалы егіншілік дамыған оңтүстік аймақтарда кең таралды. Екі түрлі үй де қазақ қоғамының дамуына, тұрмыс-тіршілігінің ыңғайлы болуына ықпал етті.
Қазақстан тарихы
Мақала
Барлық сыныптар
Бұл мақалада тарих пәнінің қазіргі білім беру жүйесіндегі маңызы мен оның оқытылуындағы жаңа әдістемелік тәсілдер қарастырылған. Тарих – ұлттың рухани негізі, сондықтан оны оқытуда басты мақсат – тарихи сананы қалыптастыру, патриотизмге тәрбиелеу.
Мақалада:
• Қазақстан тарихының ұлттық бірлікті нығайтудағы рөлі,
• жаңа педагогикалық технологиялардың (сын тұрғысынан ойлау, дебат, кейс-стади) қолданылуы,
• цифрлық ресурстардың (Google Earth, Kahoot, Padlet) тиімділігі,
• оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту жолдары баяндалған.
Қорытындыда тарих пәнін оқыту тек өткенді білу ғана емес, жас ұрпақты елжанды, білімді азамат етіп тәрбиелеудің маңызды құралы екені атап өтіледі.
Әдістемелік бірлестік жетекшілері
Мақала
Барлық сыныптар
Қазақтардың тұрақты баспаналары мен аймақтық ерекшеліктері
Қазақ халқының көшпелі мал шаруашылығы төрт маусымдық қоныстарға (қыстау, көктеу, жайлау, күзеу) негізделді. Қыстаулар көбіне өзен-көл жағасында, ықтасын жерлерде салынды. Қыстау үйлері аймақтың табиғатына байланысты әртүрлі болды: орманды өңірде ағаштан қиылған, далалы жерде құйма кірпіштен немесе тастан қаланған үйлер салынды. Сонымен қатар шошала, жертөле сияқты тұрғын үйлер де кең таралды.
Негізгі жылжымалы баспана — киіз үй. Ол қола дәуірінен бері көшпелі өмірге бейімделген, тез жығылып, қайта тігілетін, қыста жылы, жазда салқын үй болды. Киіз үйдің құрылысы: кереге, уық, шаңырақтан тұрды, сыртынан киізбен жабылды. Киіз үйлер көлеміне қарай екі қанаттан 18 қанатқа дейін жеткен. Түрлері: ақ орда, боз үй, қараша үй, отау, т.б. Ауқатты байлардың үйлері сәнді безендіріліп, ою-өрнекпен әшекейленді.
Батыс өңірі (Маңғыстау, Адайлар) киіз үйлерінің өзіндік ерекшелігі — ықшамдылығы мен көтерме туырлықты түрінің кең таралуы. Бұл
Қазақстан тарихы
Мақала
Барлық сыныптар