400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

0-3 жастағы балалардың психологиялық ерекшеліктері.

Материал туралы қысқаша түсінік
0-3 жастағы балалар
Материалдың қысқаша нұсқасы

0-3 жас аралығындағы балаларға түзете-дамыту көмегін көрсету

Соңғы жылдары көптеген елдерде мүмкіндіктері шектеулі балаларға ерте жастан түзете-дамытушылық көмекті көрсету бағдарламаларын іс жүзіне асыру денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау салаларының өзекті мәселерінің бірі болып, ірі әлеуметтік мәселе сипатына ие болды. Бұл мәселенің аумағында мүмкіндіктері шектеулі балаларға мектепке дейінгі кезеңде олардың мектепке дайындығын қамтамасыз ететін даму жағдайларын жасау ерекше рөлге ие. Балалық шақтың ерте жасында мектепте оқудың табысты болуына әсер ететін мектепке дейінгі дайындықтың қалыптасуына алғышарттар жасалады.

Ерте жастағы баланың дамуындағы кез келген жаңа кезеңде әр психикалық үдеріс жаңа сапа мен қасиеттерге ие болатын күрделі қызметаралық жаңа құрылымдар нәтижесі ретінде болады. Нәтижесінде баланың дамуындағы әр кезең түзету жұмысының ерекше стратегияларын талап етеді.

Баланың дамуына отбасында тәрбиелеу мен күнделікті тұрмыс-тіршілік жағдайы, оның сырт пішіні, зердедегі өзара қатынасының қарқындылығы мен ұзақтылығы, сөйлеу арқылы қатынас пен тәрбиелеудің әдісі, ата-аналардың балалармен қарым-қатынасқа түсуге психикалық тұрғыдан дайындығы ерекше рөл атқарады.

Дүниежүзілік тәжірибеде ерте жастағы кірігу бағдарламаларын арнайы білім беру, денсаулықты сақтау және әлеуметтік қорғау салаларының құрылымы ретінде, сонымен қатар қоғамдық қорлар мен мемлекеттік емес ұйымдардың атқарып жүрген іс-шаралары ретінде қарастырылады. Ерте жастағы кірігу бағдарламаларымен әртүрлі мекемелер жұмыс істейді: кеңес беру бөлімшелері, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері, бейімдеу орталықтары, аралас мекемелер, үйде қызмет ету бөлімшелері, бейімдеу және оңалту топтары, уақытша болу және күту топтары, ата-аналар университеттері, ерте жаста көмек көрсету ұйымдары, күндізгі келу және медициналық-әлеуметтік қолдау көрсету орталықтары, медициналық және ғылыми ұйымдардағы пәнаралық экспертизалар, ерте жастағы қоғамдық кірігу бағдарламалары, мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған ерте жастағы кірігу бағдарламалары, балалар үйлеріндегі бағдарламалар және т.б.

Ерте жастағы түзете-дамыту көмегі 3 жасқа дейінгі балаларға көрсетіледі. Олар: психофизикалық дамуында ауытқулары бар тәуекел тобына жататын балалар; мүмкіндіктері шектеулі балалар (психикалық дамуында ауытқулары бар балалар, қимыл-қозғалыстық ауытқулары, тілдік, есту мен көру мүмкістіктері бар балалар, аутизммен ауыратын, дамуында эмоциональдық-еріктік кемістіктері бар балалар, күрделі психофизикалық мүмкістіктері бар балалар және т.б.).

Біздің психологиялық –педагогикалық түзету кабинетіне 0-3 жас аралығында 8- баламен түзете дамыту жұмыстары жүргізілуде. Оларға жас және жеке ерекшеліктеріне сай әр қайсысымен жеке жұмыс жүргізіледі. Және де олардың ата-аналарына мамандардың кеңесі беріліп, ата-ана, мамандар баламен ббірге жұмыс жасасақ нәтижесі айтарлықтай көрінеді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
19.04.2023
454
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі