|
Оқу
бағдарламасына сәйкес оқу
мақсаты
|
1.1.2.1. Күнделікті
өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын
түсіну.
1.1.4.1.Мұғалімнің
көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін
түсіну.
1.2.3.1.Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік
нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап
беру.
1.3.2.1.Мәтіндегі
таныс сөздердің мағынасын
түсіну.
1.5.1.2. Мұғалімнің
көмегімен көптік/ тәуелдік/жіктік /септік жалғауларын ауызша тілде
қолдану.
|
|
Сабақтың
ортасы
( 6- 30 мин
)
|
(МК, Ұ) Мұғалім
оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген сөйлесу
үлгісіне аударады. Осы диалог арқылы оқушылар отбасы мүшелері
атауларымен танысады (ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні,
қарындас/сіңлі) сондай-ақ мұғалім оқушыларға
қарындас және
сіңлі сөздерінің кімге қатысты
қолданылатыны туралы түсіндіреді. Оқушыларға түсінікті болу үшін
сыныпта қарындасы/сіңлісі бар ұл бала мен қыз баланы ортаға
шығарып, сол балалардың тәжірибесінде қарындас/ сіңлі сөздерінің
мағынасын түсіндіруге
болады.
(МК, Ұ) «Есте
сақта!» айдары бойынша мұғалім оқушыларға отбасы мүшелері атауларын
тәуелдік жалғауының І жағында қолданылуымен (тек құрылымдық үлгіде)
таныстырады. Менің деген
сөзбен ата сөзі
атам түрінде қолданылатыны
түсіндіріәліп, солай
жаттықтырылады.
(МК,Ұ) 2-тапсырмада
берілген үлгі бойынша толықтырып айту арқылы тәуелдік жалғауының
қолданысы бекітіле түседі. (Үлгі: ата- менің атам, әже-
менің әжем т.с.с.).
(МК,Ұ) 3-тапсырмада
оқушылар өз отбасы мүшелерінің атын айта алуды
үйренеді.
(Бұл-менің анам.
Оның аты- ...)
(ОТ) Оқушылар өз
отбасының суретін сала алады.сол сурет бойынша отбасы мүшелерін
атап, олардың атын айтуға
жаттығады.
(Ж) 4-тапсырмада
оқушылар жұппен жұмыс істейді. Берілген үлгі бойынша оқушылар
отбасы мүшелері туралы сөйлеседі. Бұл тапсырманы орындау үшін
оқушылар өздерінің отбасы суретін пайдалана алады. Бірінші бала
екінші баланың суретін (3-тапсырманы орындау кезінде салған отбасы
суреті) қарап, ішінен біреуді көрсетеді және оның кім екенін
(Бұл
кім?) және оның
атын (Оның аты
кім?) сұрайды. Екінші бала бірінші
баланың сұрақтарына жауап береді. Сонда диалог шынайы болып шығады.
Отбасы суретін сақтап қою керек, себебі келесі сабақта оқушылар оны
қайтадан пайдалана алады.
(МК, Ұ) Дәптердегі
тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында
алған білімдерін бекіте
түседі.
(Ө) Қосымша тапсырмалар арқылы
оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс
істеуге дағдыланады. Сондай –ақ АКТ-ны қолдана білу дағдыларын
қалыптастырады.
|
Оқулық
Аудиодиск:
3.1.1.;
3.1.4.
Қағаз,
қарындаштар.
№1 жұмыс
дәптері
Қосымша тапсырма:
3.1.
|
|
Сабақтың
соңы
(31 -35 мин
)
|
(Қ) Сабақты қорытындылау
мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады . Оқушылар
сабақ барысында нені білгені , қалай жұмыс істегені , не қызық әрі
жеңіл болғаны , не қиындық туғызғаны туралы ой –пікірлерін білдіре
алады .
|
|