400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

0 саны жəне цифри

Материал туралы қысқаша түсінік
Бір таңбалы сандардың құрамын анықтайды,ондықтан аттамай бір таңбалы сандарды ауызша қосу жəне азайту тəсілдерін қолданады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ: 0 саны және цифры

Мектеп: №3 Хамза атындағы жалпы орта мектеп


Күні:

Мұғалімнің аты- жөні: Ахмадалиева Кундуз


Сынып: 1 сынып

Қатысқандар-20

Қатыспағандар-0


Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

1.1.1.1** Санау барысында натурал сандардың реттік номері анықталатындығын түсіну; 10 көлемінде тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау;

1.1.1.3** бір таңбалы сандардың құрамын анықтау

1.1.2.5** ондықтан аттамай бір таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту тәсілдерін қолдану



Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады


10 көлемінде тура және кері санайды.


Оқушылардың көпшілігі орындай алады


10 көлемінде тура және кері санап, олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды .


Кейбір оқушылар орындай алады


Бір таңбалы сандардың құрамын анықтайды,

ондықтан аттамай бір таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту тәсілдерін қолданады


Тілдік мақсат

Оқушылар игереді: 0 саны нені білдіретінін түсінеді;

0 санын қалай алуға болатынын біледі

Пәндік лексика және терминология:

Диалог/жазу үшін қажетті сөздер

Талқылау:

  • Сандық сәуледегі қай санның алдында 0 саны орналасады?

  • 0 саны натурал сан бола ма?

  • Сендер қалай ойлайсыңдар?


Алдыңғы оқу:

Оқушылар 10 көлеміндегі сандарды тура және кері ретпен санайды, цифр мен санды бір-бірінен ажырата алады.


Күтілетін нәтиже:

0 санын алу жолдарымен ,оның сандық сәуледегі орнымен танысады ,0 цифрын жазуды үйренеді;

Цифр мен санды бір-бірінен ажыратады;

«+», «-», «=»,«>», «<»таңбаларын, цифрларды қолданады


Жоспар


Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Басы

5-минут











Ортасы

20 минут



































Соңы

10 минут


Ширату:

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ

Қала салсақ, жол салсақ.

Мақсат қою. /проблемалық жағдаят/.

(МК;Т) «Құпиялы қап» ойыны

Оқушыларды шеңбер бойына тұрғызып, ойыншығы бар қаптың сыртынан ұстатып, қапта неше ойыншық бар екенін айтқызу .Қаптың аузын ашып ойыншықтарды бір-бірден алғызып, ең соңында «Қапта неше ойыншық қалды?» сұрағына жауап алу (Қапта нөл ойыншық, ал 0 саны заттың жоқ екенін білдіреді)

0 цифрымен таныстыру, 0 цифры жазылған парақша 1санының алдында тұратынын көрсету

(Т) «Үрленген шарлар» Суретпен жұмыс.

Суретке қарап, балалардың не байқағанын сұраймын.

-Сендер қалай ойлайсыңдар, не болды?

-Балада қанша шар қалды?

-Мұны қандай санмен жазуға болады?

(0 цифрымен)

(Ж) «Сандарды өсу және кему ретімен орналастыр»

Оқушылар сандарды тура және кері ретпен орналастырып,сандарды 0 санымен салыстырту

Жауабы: тура ретпен - 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9.

Кері ретпен- 9,8,7,6,5,4,3,2,1,0.

(Ж) Оқушыларға стикерде жазылған мысалдарды оқыту

3+0 = 3, 3-0 = 3, 3-3 = 0.

Жұппен тапсырманың сұрақтарын талдату. Заттармен мысал келтіртіп, қорытынды жасату

Жаңаны ашу.

Балалар, мен сендерге нөл саны туралы қызықты мәлімет айтып берейін.

«Нөл» сөзі латын тілінен алынған. Ол «ештеңе жоқ» деген мағынаны білдіреді. Араб тілінде «нөл» саны «сифр» деп айтылады. «Цифр» сөзі осыдан пайда болған. Енді сол нөл санына қатысты мысалдар орындап көрейік.

Шығарып көр:

5+0 3-3 10-0 0+4

8-0 0+7 0+0 9-0

6-6 10+0 1-0 0-0

«Неге ұқсайды» ойыны.

Оқушылар айналасынан формасы 0 – ге ұқсас денелерді табады.

Дәптермен жұмыс

Рефлексия.

Балалар, бүгінгі сабақта сендерге не ұнады?

Не үйрендіңдер?

Әр оқушыға өзінің өзіндік жұмысын бағалауды ұсынамын.

Мен_________түсіндім.

Мен енді_______ жасай аламын.

Менің қолымнан_______ келеді.

Менің .......................... білгім келеді





Өлең шумағы







Қапшық, ойыншық


Кір жаятын жіп

Цифрлар жазылған парақшалар



Оқулық



0 цифры


















Оқулықта

ғы иллюстра

ция







Дәптер



Қосымша мәліметтер:


Саралау оқушыға мейілінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?


Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?


Бағалау оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

0 санын алу жолдарымен, оның сандық сәуледегі орнымен танысты .

0 цифрын жазуды үйренді;


Пәнаралық байланыс:

Жаратылыстану,сауат ашу

Денсаулық және қауіпсіздік:

АКТ мен байланыс:

Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементтері):

Бір – бірін сыйлау, пікірлерін тыңдау, құрметтеу.


Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сабақ қалай өтті,

Қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
781
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі