«1001
мақал, 101 жұмбақ» ( танымдық ойын )
Авторы
: Көбекова Манат Жәлелқызы
Сабақтың
мақсаты:
1.Білімділік:
Оқушылардың
химия пәнінен алған білімдерін жинақтап,
қорытындылау және химия ғылымының
құпиясы мен қызығы мол екенін жеткізе
отырып, ойын элементтері арқылы білімдерін
сынау,мақал-мәтел арқылы тіл байлығын
дамыту, көркем де әсем сөйлеуге
машықтандыру.
2.Дамытушылық:Оқушыларға
әртүрлі жұмбақтар мен мақал – мәтел
жасыру арқылы химия пәні бойынша
білімдерін,шығармашылық
қабілетін,дүние
танымын дамыту.
3.Тәрбиелік:Оқушыларды
шапшаңдыққа,тез ойланып және өз ойын
толық,әрі еркін жеткізуге ,химиялық,тілде
сөйлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі:
Сыныптан
тыс жұмыс
Көрнекіліктер:
интерактивті тақтадағы слайдтар
Сабақтың
жүру барысы: Сайысқа
қатысатын оқушылар мен әділқазы алқасымен
таныстыру.
Жүргізуші:
Бәріне! Бәріне! Бәріне! Құрметті оқушылар!
Тіл байлығыңды дамытқың келе ме?
Көркем де әсем сөйлеуге машықтанғанды
қалайсың ба? Олай болса, біздің ойынымызға
қатысыңыз? Ал, біз «1001 мақал, 101 жұмбақ»
- танымдық ойынымызды бастаймыз!
Салем
сөздің – анасы
Дейтін қазақ
данасы
Сәлемдесіп танысып,
Кеш
бастайық жарысып
Жақсылық әр кез
тілейік,
Химияны
оқып білейік.
Осы
тілде құттықтап
Аман-есен
жүрейік.
Сонымен
, құрметті ойыншыларымызды ортаға
шақырайық, қарсы алаңыздар!
1.
2.
3.
Бүгін
бізде мереке
Болсын
елде береке !
Өткізейік
жақсылап,
Бола
берсін береке !
Сайысқа
қатысушыларды ойын бөлімдерімен,
шарттарымен таныстырып өтейін.
1.Бөлім
“Мақал -сөздің мәйегі”.
Шарты: Мақалды жалғау
2-
бөлім
“Жұмбақ
-ақыл-ой айнасы”
Шарты: Жұмбақты шешу
3-
бөлім Жұмбақшы мен мақалшы жарысы”
Шарты:Жүргізуші жұмбақ жасырады,
жұмбақшы шешеді, ал мақалшы сол
тақырыпқа мақал айтады.
4-бөлім
Ұпай санымен жеңімпазды анықтау,
қатысушыларды марапаттау
1.Бөлім
“Мақал -сөздің мәйегі”. Шарты:
Мақалды жалғау
1.Келісті
сөз - алтын,
Жемісті
жұмыс- алтын.
2.Тот
– темірдің соры ,
Шер
- көңілдің соры.
3.
Темір тоттан тозады,
бақталастық
қызғаныштың ажалы.
4.Темірді
кеннен ізде,
бақытты
терден ізде.
5.Жер
– қазына ,
су
– алтын.
6.Теміршінің
қолында ,
темір
еріп су болар.
7.Су
кірді тазартады,
оқу
миды тазартады.
8.Адам
болаттан берік,
әйнектен
күйреуік.
9.
Алтыныңмен мақтанба ,
ақылыңмен
мақтан.
10.
Алтын – жерден,
батыр
- елден.
11.Арпа
–бидай ас екен ,
алтын-күміс
тас екен.
12.
Қойдың сүті – қорғасын,
Қойды
тепкен оңбасын.
1-Бөлім
соңында бір топ жеңімпаз-мақалшы
қалады.
Екі
ойыншы әрі қарай «Жұмбақты шешу»
бөліміне қатысады
2-
бөлім
“Жұмбақ
-ақыл-ой айнасы”
Шарты:
Жұмбақты шешу
Ақ
көбік боп көпірер,
Кірдің
бәрін кетірер. (
сабын)
Қамауда
отырғандар көп,
Кетерде
бәрі басын қабырғаға ұрады... (Сіріңке)
Бар
ма жоқпа көрмейсің,
Онсыз
өмір сүрмейсің. (Ауа)
От
қойсаң жалын шығар,
Бос
қойсаң жаның шығар...
(Газ)
Сырттай
ұқсас малтаға,
Қаламның
бұл ғажабы.
Мектептегі
тақтаға ,
сүттей
ақ қып жазады. (Бор)
Бір
бөлмеде көп тентек,
әрқайсысы
отпен тең.
Жатпайды
олар сіз-біз деп,
Шыға
келер шыж-быж деп (Сіріңке)
Өзім
судан өнемін,
Суға
салса өлемін.
(Тұз)
Қылышпен
шауып турай алмадым,
Бір
шайқап қалып жинай алмадым. (Су)
Сатып
алған шынымның,
Жұмыртқадай
шынысы
Ашсам
аздап тығынын,
Аңқиды
хош иісі. (Әтір)
Дамыл
таппай жұтқаның,
Өмір
нәрі ұққаның.
(Ауа)
Ақ
түйір айналады тыным таппай,
Жүргендей
су бетінен орын таппай (Натрий)
12.
Сулы
болса көгерер,
Сусыз
болса ағарар,
Ол
тұзды кім таба алар?
(Мыс
сульфаты)
3-
бөлім Жұмбақшы мен мақалшы жарысы”
Шарты:Жүргізуші
жұмбақ жасырады, жұмбақшы шешеді, ал
мақалшы сол тақырыпқа мақал айтады.
Жазда
жүйткіп жөнеледі,
Қыста
тоқтап бөгеледі. ( Диқанның наны
) (Жер-диқан наны. )
Аспанға
биік барамын,
Көктен
төмен түскенде
Жаны
кірер даламның.( Жаңбыр) (Жаңбыр жауса
ел ырысы,Батыр туса ел ырысы )
Жаурағанды
күлдірер,
Өз
еркіне жіберсең
бүлдірер..
(От ) (Отан оттан да ыстық )
Аз
жесең жазыласың,
Көп
жесең ауырасың. (Дәрі –дәрмек)( Дәрі
–дәрмек-дәрігердің қолы)
5
.Бабасы да су,
Моласы
да су.
(Тұз) (Доссыз өмір- тұссыз ас.)
4-бөлім
:Ұпай санымен жеңімпазды анықтау,
қатысушыларды марапаттау.