400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

100 д і қосу және азайту

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары мен бөлісу
Материалдың қысқаша нұсқасы


Күні: 07.11.2018ж

Сынып: 2

Сабақ: математика

Мұғалім: Базилбекова Д.С

Қатысқандар саны: 18

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы

Жүздіктерді қосу және азайту


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


2.1.2.5. 100 көлемінде бір таңбалы сандарды ондықтан аттап ауызша қосу жəне азайту; жүздіктерді азайту жəне қосу. 2.4.3.1.100-ге дейінгі сандар, 1000-ға дейінгі жүздіктер ретіндегі заңдылықты айқындау.


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: ауызша қосады жəнеазайтады.

Көпшілік оқушылар: 100-ге дейінгі сандар, 1000-ға дейін жүздіктер ретіндегі заңдылықтыайқындайды.

Кейбір оқушылар: əртүрлі санау бірліктеріндегі жүздіктерді бірдей санау бірліктеріне ауыстырмай қосу жəнеазайту.


Бағалау критерий


100 көлемінде бір таңбалы сандарды ондықтан аттап ауызша қосады жəне азайтады;

жүздіктерді азайтады жəне қосады.

100-ге дейінгі сандар, 1000-ға дейінгі жүздіктер ретіндегі заңдылықты айқындайды.


Тілдік мақсат

Пəндік лексика жəне терминология.

Жүзге дейін бірліктермен, ондықтармен санау.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сөйлемдер.

Талқылау.

Жүздікте неше бірлік, жүздікте неше ондық бар? Əртүрлі санау бірліктерімен көрсетілген сандарды қалай салыстырады?

Жазу.

Толық жүздіктер, басқа санау бірліктеріндегі жүздіктер.


Құндылыққа баулу

Жылдамдыққа, ұйымшылдыққа баулу


Пәнаралық байланыс

қазақ тілі, музыка


Алдыңғы білімдері

Сөйлейтін қабырға әдісі


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

2мин



Алдыңғы білімдері

3 мин

Ынталандыру.

Оқушылардан «оқуда белсенділік таныту» дегеннің не екенін сұрау:

  • зерттеуші, жасаушы, өз əрекетін ұйымдастырушы рөлін атқару;

  • өзінің қателіктері, жетістіктері үшін жауап беру;

  • оқудың əр қадамына белсенділікпен қатысу.

Жүздікпен санау

Оқушылар қолдарындағы сандар бойынша қатарға тұрады.

Қалған оқушылар дұры не бұрыс екенін айтады.



Шаттық шебері





Жүздіктер жазылған парақ



Сабақтың ортасы





15мин

Жаңаны ашу.

(Топтық жұмыс жүргізіледі.) Проблемалық жағдайдан шығу үшін мұғалім оқушыларға оқулықтағы жазбаларды қарап, толық жүздіктерді қалай қосу жəне алу керек екенін түсіндіруді ұсыну.

Оқулықтағы 1-тапсырманы орындау нəтижесінде оқушылар жүздіктерді қосу жəне азайту кезінде (10……90) ондық жəне жүздіктермен (1 …. 9) жүздік бойынша санауға болады деген қорытындыға келеді.

Түсіндіре отырып бастапқы бекіту.

Оқушылар тапсырманы ауызша түсіндіре отырып орындайды, толық жүздіктерді бір таңбалы сандар сияқты қосып, екі нөлден қоса жазып отырады. Санау тəсілдері натурал сандар қатарының қасиеттерін, сондай-ақ сандардың ондық құрамын білуге негізделеді.

Өздік жұмыс. Өздігінен тексере отырып орындау үшін алдыңғы тапсырмаға ұқсас бірнеше есептерді ұсыныңыз. Қателік жіберген оқушыларды анықтау. Қиындықтан шығудың жолын көрсету.


Таныстырылым, оқулықпен жұмыс


Сергіту сәті

3мин

Іс – қимыл арқылы орындау

АКТ


Қызықты тапсырма



15 мин

Жаңаны қолдану.

Оқушыларға оқулықтағы 2-тапсырманы орындау

ұсыну. Оқушылардың тапсырманы сəтті орындауы мыналарды: массаның өлшем бірліктерінің – кг жəне ц арақатынасын (100 кг = 1ц); санау бірліктерін (жүздіктер санын жəне бірліктер жүздігінің санын) білуімен айқындалады.

Тапсырма орындалғаннан кейін мұғалім оқушыларды табыс критерийімен таныстырады. Оқушы сəтті орындаған тапсырманы бағалайтын өлшемнің тұсына қанатша белгісін (٧) қоюды ұсынады.

Бағалау критерийі:

  • бір таңбалы сандарды қосу кестесіне сүйене отырып, толық жүздіктерді қосу мен азайтуды орындай аламын;

  • 12 есептеу əрекетінде 2-ден артық қате жібермеймін.

  • Өткенді қолдану. Оқулықтағы 3-тапсырма жұптасып орындалады.

  • Оқушылар оқулықтағы 4-тапсырманы орындайды. Тапсырмада есептердің шарттарын салыстыру жəне оларды шығару қажет.

Оқулық, дәптерлер.



Сабақтың соңы



5 мин

Рефлексия.

Мұғалім оқушыларға аяқталмаған сөйлемдер жазылған қиықшалар таратады, оқушылар олардың жалғасын жазады:

  • Сендер толық жүздіктерді азайту мен қосудың қандай ережесін білдіңдер?

  • Жүздік графикалық түрде қалай белгіленеді?

  • Кімде сұрақтар бар, түсініксіз жайттар бар?

  • Кімде барлығы сəтті шықты?

  • Өздеріңнің жұмыстарыңды оқушының жұмысы сияқты бағалаңдар.

Сендер тапсырманы қандай көңіл күймен аяқтадыңдар?



Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ


Қолдау көрсету.




Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал

қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген

уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма

қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?





Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдері.


Сабақты жақсартуға септігін тигізетін екі сәт.


Келесі сабақтың өткізілуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
498
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі