Материалдар / 100 жаңылтпаш
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

100 жаңылтпаш

Материал туралы қысқаша түсінік
100 жаңылтпаш
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қараша 2024
54
0 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1


Page 2

Жаңылтпаш — қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры.
Жаңылпаш ойын-сауыққа жиналған жұртты күлдіру; жас
ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға
үйрету мақсатымен пайда болған. Жаңылпаштың сөздері
адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң
дауыссыз дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде
болады. Жаңылпаш ойын-сауықтарда ән білмейтін, жатқа
тақпақ айта алмайтын жастарға жаза ретінде де
қолданылған. Мұндай ұятты жағдайға қалмас үшін әр жас жігіт
пен қыз ән-жыр үйренуге талпынған. Қазіргі кезде Жаңылпаш
жаңа мазмұнға ие болып, түрі мен мазмұны жағынан молыға
түсті. Жас ұрпақты достыққа, бірлікке, адамгершілікке, ізгі
қасиеттерге тәрбиелеудің маңызды құралына айналды.
Зерттеу барысында 5-6 жастағы әрбір 100 баланың 65-інің
тілінде ақау бар екені анықталса, мамандар бақылауындағы бір
топ оқушының 20%-ы мәнерлеп сөйлей алмаған. Бұл кемшілік
баланың сабақ үлгеріміне, шет тілін меңгеруіне кедергі
келтіреді. Әдетте, бүлдіршіндер арасында «р» және «л»
дыбыстарын айта алмайтындары көбірек кездеседі. Дер кезінде
қолға алмаса, бұл проблемадан құтылу қиын. Осы кезде балаға
жаңылтпаш көп көмектеседі. Отбасында балаңызбен бірге
отырып, 10-15 минут жаңылтпаш айтып жаттықсаңыз жетіп
жатыр.
Құрастырушы және жинақтаған: "EVEREST"


Page 3

Ою ою ойым бар-ды,
Ойналмастан ойын қалды.
Орындалмай ойымдағы
Ойылмады ою-дағы.
Орашолақ, олақпын ба,
Оя алмадым оюларды?
Асан бақша жақтан.
Ақ сабақ асқабақ әкелді,
Басқа жақтан.
Басқарақ асқабақ әкелді.#жаңылтпаштар


Page 4

сұр інген сүрінген бе
сүрінген сұр інген бе
бұлаң бұлаң еткен бұл аң
бұлаң десем екен қылаң
доп теп
дөптеп
Біреуі көрікті кісі,
Біреуі бөрікті кісі.
Көрікті кісі – зорықты,
Бөрікті кісі – қорықты.#жаңылтпаштар


Page 5

Тоқпақ жаттап,
Айтсақ жақсы-ақ.
Жатка тақпақ
Жатта тақ-тақ
Қондық жаңа қонысқа,
Қалың екен жоңышқа.
Қоныстағы жоңышқа,
Оралады қонышқа!
Кермеде тұр қырық
кір қыстырғыш,
Қырық кір қыстырғышқа
Қырық қыз келіп,
кір қыстырды.#жаңылтпаштар


Page 6

Ата мен әже, ана да,
Алма мен алмұрт тереді,
Ауырға Арман бала да,
Арбамен тасып береді.
Баланың жаман баға алмағаны,
Мұғалім ағаның жаман болмағаны.
Қоғанбай қомағай ма?
Жоқ, ағай
Қоғанбай қомағай емес,
Зор ағай.#жаңылтпаштар


Page 7

Күз, Кез, Көз,
Күш, Кеш, Көш,
Кір, Кер, Көр,
Күл, Кел, Көл,
Кілең қысқа сөз,
Кім оқиды тез?
Сен өлше, ол өлшер,
Сол өлшем, сол мөлшер.
Омар ора алар,
Омар ора алмаса,
Орал ора алар.#жаңылтпаштар


Page 8

Омартаға балалар барар,
Балаларды аралар талар.
Алашаларды
Таба алса, алар.
Үміт түбіт түтті,
Түбітті түтіп бітті.
Арқада алты арқар бар,
Қырқада қырық арқар бар.
Қырық арқарда ақ арқар бар.
Алты арқарда марқа арқар бар.#жаңылтпаштар


Page 9

Гүлім гүлге қарап күлімдеді,
Көгілдір гүлге қонған аралар гуілдеді.
Аршабек арша деп шыршаны,
Шыршабек шырша деп аршаны,
Шатасты күлдіріп баршаны,
Шырша деп, арша деп шаршады
Алатауда неше шың бар?
Қаратауда неше шың бар?
Алатауда бір мың шың бар,
Қаратауда бір мың шың бар.#жаңылтпаштар


Page 10

Айта-айта жақ талды,
Қайта-қайта жатталды.
Қайта-қайта жақ талды,
Айта-айта жатталды.
Ата мен әже, ана да,
Алма мен алмұрт тереді.
Ауылға Арман бала да,
Арбамен тасып береді.
Айдын көлде саңқылдап,
Аққу жүзді таранып.
Ауық-ауық жақындап,
Анадайдан қарадық.#жаңылтпаштар


Page 11

Ақ тайлағым –
нар тайлағым!
Нар тайлағыма:
– Атан боларсың!
– деп айқайладым.
Ғылымпаз ғылымсыз жаңалық аша ала ма?
Ғылымсыз ғылымпаз даналық аша ала ма?
Еліктегіш те, желіктіргіш те,
Еліктей еліріп елеңдейді.
Еліктегіштің елеңдеген елібі
еленбейді#жаңылтпаштар


Page 12

Зура зурнада ойнайды,
Зурнада бір ғана Зура ойнайды деме,
Зара да, Зере де зурнада ойнайды.
Ғарышкер ұшты ғарышқа.
Ғарышқа ұшты ғарышкер.
Айтшы, ғарыш алыс па?
Дөңгелек дөннен төмен дөңгеледі,
Дөңгелекті дөкемге немен өңгереді?#жаңылтпаштар


Page 13

Зура зурнада ойнайды,
Зурнада бір ғана Зура ойнайды деме,
Зара да, Зере де зурнада ойнайды.
Ғарышкер ұшты ғарышқа.
Ғарышқа ұшты ғарышкер.
Айтшы, ғарыш алыс па?
Дөңгелек дөннен төмен дөңгеледі,
Дөңгелекті дөкемге немен өңгереді?#жаңылтпаштар


Page 14

Жабағы жүні
Жабағыланған жабағыны,
Жабайландырмай-ақ
Жабуласа қайтеді?
Жағалтай жадағай
Жағалауды жағалап ұшты.
Жолақ-жолақ жағал құс
Жарлауытты сағалап ұшты.
Жәркелеш пен жәмпейлеске жәрдемдес,
Жездем сойған серкешті
Жеделдетіп бұтарлауға жәукемдес.#жаңылтпаштар


Page 15

Қырқадағы қырық арқар,
Қырқы-дағы қиқар арқар.
Қасқиғаны марқа арқар,
Қалқадағы қарт арқар.
Нау да дау, дау да нау.
Науандау наудың
Науа жолында дау жолықты.
Өрені өрелі өрелес,
Өнерін өрелемес.
Өресіз өрені өркендеп,
Өркештеніп төрелемес.#жаңылтпаштар


Page 16

Пішіні пішіндестің пішінін,
Пішіншіге пішіндеткізші,
Пәруай пейілді дәлелдеп мүсінін.
Реттегіш реттеңкіреп реттестірсе,
Ретсіздік те реттелер,
Ретін тауып іздеттірсе.
Сомадай Шалабай
Солақай Санабайды,
Соқталдай Шанабайды,
Сопиды шала алмай.#жаңылтпаштар


Page 17

Төлеш төгіп тегешті,
Тілешке төніп егесті.
Тегешті төккен Тілеш емес-ті,
Төлеш несіне тежесті?
Үшкір тұмсық
Үш шымшық,
Үстірттен ұшты
Үш құрт шымшып.
Шабырға ала тастақты,
Шұбар шыбыш бастапты.
Шөп таппай шаңдақтан,
Шабырқанып аш қапты.#жаңылтпаштар


Page 18

Шиеленіскен жіп түйінін
Шешсе, шешем шешішсінші.
Шиеленістіріп түйіндеудің қиынын
Шешем де сезсінші.
Шырпы сыпырғыштың ұшы
шырпылсыншы,
Шырпылы сыпырғыштың ұшы
қырқылсыншы.
Ызбарланған ызақор ызғардан ығысты,
Ызғында ызғырықтан ығыр болғандар
ұғысты.#жаңылтпаштар


Page 19

Қаһарлы айдаһар
Шаһарға келіп,
Қаһарланар.
Циркте ойнар аюды
Циркаш десем, күлесің.
“Ц” әрпінен басталған
Цемент сөзін білесің.
Шынтемір
Шықпен шыланған шөпке
Шыңдалған шалғысын
шық еткізді.#жаңылтпаштар


Page 20

Сұрап Мұрат
Коньки тап.
Байлап майлап,
Аттай шап.
Электр шамы жанады,
Этаждар жымың қағады.
Электр жарық бермесе,
Экран сөніп қалады.
Үйде неше шал отыр?
Көсе шал отыр.
Тақиясы шошайып
Шоқша сақалды шақша бас шал отыр.#жаңылтпаштар


Page 21

Даланы қар жабар,
Қарға балалар аққала қалар.
Даланы қар жабар,
Қарға балалар аққала қалар.
Қанат қанағаттанарлық баға алды,
Қанағат канағаттанарлықсыз баға алды.#жаңылтпаштар


Page 22

Талғат балға тап,
Оншақты жаңғақ шақ,
Шақсаң, сақ шақ.
Түрің түрленіп, кідірмей оқы,
Тілің күрмеліп, мүдірмей оқы.
Бұл бір жылтыр шылбыр екен,
Кіл қылдан ескен қылшылбыр екен.#жаңылтпаштар


Page 23

Ақ тайлағымды бұйдалайын десем,
Бұйдалай алмадым,
Шудалайын десем,
Шудалай алмадым.
Айыр атанды жүк қартайтар,
Семіз қойды май қартайтар.
Күйгелек менің атамды,
Жас қартайтпас, ой қартайтар.
Алты алманы алды Алма,
Алды алманы Алдан да,
Алдан, Алма алды алма
Ал, есебін, алданба.#жаңылтпаштар


Page 24

Әсел әсем бе,
Әсем әсем бе,
Әсел әсем бе?
Әмір әбігер,
неге әбігер?
Әділ әбігер,
неге әбігер?
Әпендіше Әкімнің,
Әкелді де әлгінде,
Әпкесінің әтірін
Әлек шашып әркімге.#жаңылтпаштар


Page 25

Әдепкі әдемі әдепке әдеттенген,
Әдепті әділдікке әдеттенген.
Әдетте, әділдік те әдептіден
Бүлдiргендi Бүлдiрген,
Күлдiргендi күлдiрген,
Күлдiргенде Бүлдiрген
Бүлдiрiп ап күлдiрген.
Әзілшіл жездеммен әзілдессең азырақ,
Әзірліксіз-ақ әдемі әзілге әзір-ақ.#жаңылтпаштар


Page 26

Батырға қай көлiк сай көлiк?
Батырға сәйгүлiк сай көлiк.
Балалар көп тентек,
Күшiмiз теп-тең деп
Күреспе тектен-тек.
Құлайсың көптен-көп,
Аяғың көктен кеп.
Боламыз атама таң
Бiр қызық адам атам.
Мiнедi атам атан,
Мiнбе деп атама атан
Айтуға бата ма адам?!#жаңылтпаштар


Page 27

Бізде «бес» ала алатындар да бар,
Ән сала алатындар да бар.
Мал баға алатындар да бар.
Нан соға алатындар да бар.
«Берік, Серік, Өрік теріп Жеп еді.
Берік, Серік Жеген өрік Көк еді.
Ішті, Тісті Ауыртқан сол өрікке
Ренжулі Берік те, Ренжулі Серік те.»
Бұл қар – Сұр қар, Сұр қар Кір қар,
Үстінде ойнама, үстіңді былғар.#жаңылтпаштар


Page 28

Бір кезде Бір кезбе,
Тау мен тасты көп кезді.
Бір кезбе, Бір кезде
Тау текеге кез келді.
Балық көп пе екен,
Халық көп пе екен?!
Халықтың ішінен кім
Балықты сөкті екен?
Байғыз – қай құс?
Байғыз – байғұс.
Ұшады жалғыз.#жаңылтпаштар


Page 29

Біздің ел – күрішті,
Ырысты-күрішті.
Күрішті оруға
Ырысты кірісті.
«Гүл-гүл жайнап жер-аспан,
Гүрілдейді сайда өзен,
Гүлжазира жарасқан,
Гүлдерімен қай кезең?»
Дұрыс деп Тұраш айтты,
Бұрыс деп Бораш айтты.
Жалған деп Жарас айтты,
Рас деп Рәш айтты.
Қайсысы жалған айтты,
Қайсысы рас айтты?#жаңылтпаштар


Page 30

Есiк алдындағы отынның
Шырпылылырағынан ала кел,
Томарлылырағынан ала кел,
Тамырлылырағынан ала кел,
Түбiрлiлiрегiнен ала кел.
Далалықтарға даралық
Даласынан дариды.
Есiк алдындағы отынның
Шырпылылырағынан ала кел,
Томарлылырағынан ала кел,
Тамырлылырағынан ала кел,
Түбiрлiлiрегiнен ала кел.#жаңылтпаштар


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!