15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
10.4.1.3- майлардың химиялық құрылысы мен қызметтерін сипаттау;
10 сынып КГБ №3
ДӘІЖО___________
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі
«»
КММ
(білім беру ұйымының
атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Липидтердің құрылымдық компоненттері. Майлардың химиялық құрылысы
мен қызметтері. §3.Майлар мен липидтердің
сипаттамалары.
(Сабақ тақырыбы)
|
Бөлім: |
Молекулалық биология және биохимия |
|
Педагогтің аты-жөні: |
|
|
Күні: |
|
|
Сыныбы: 10 «а» |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Липидтердің құрылымдық компоненттері. Майлардың химиялық құрылысы мен қызметтері. §3.Майлар мен липидтердің сипаттамалары. |
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
10.4.1.3 - майлардың химиялық құрылысы мен қызметтерін сипаттау; |
|
Сабақтың мақсаты: |
майлардың химиялық құрылысы мен қызметтерін сипаттайды; ЕБҚ: (қабылдауы баяу): сабақ мазмұны бойынша ойын жазады, қандай білім алғанын тұжырымдайды. |
Сабақтың барысы: Ганье теориясы бойынша 9 сабақ бөлімі
|
Сабақ кезеңі |
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы 1.Оқушылардың назарын аудару |
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау. «Кіру билеті» әдісі бойынша оқу мақсатына сай сұрақ қойылады. Майлардың құрамында қандай құрамбөліктер кіреді? Майлар гидрофильді ме? Майлар ыдыраған кезде қанша энергия бөлінеді? Жасушаның қандай бөлігі липидтерден тұрады? Түйелер мен морждардың ағзаларында майлар қандай қызмет атқарады? Майда еритін қандай дәрумендерді білесіңдер? Майлар ағзада көмірсуларға және керісінше айналуы мүмкін бе? |
Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды. Кіру билетінде қойылған сұрақтарға жауап береді, ой қозғау жүзеге асады. |
Кері байланыс: «Мадақтау» әдісі «Жарайсың!» «Тамаша жауап» т.б |
Интерактивті панель, презентация |
|
2.Сабақтың мақсатын таныстыру |
10.4.1.3 - майлардың химиялық құрылысы мен қызметтерін сипаттау; |
Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады. |
«Өзін-өзі бағалау» әдісі |
Интерактивті панель, презентация Биология 10-сынып, Автор: Н.Г.Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2019 ж |
|
3.Бұрынғы білімін еске түсіру |
«Бұрынғы атаулар» әдісінде білім беруші бұрынғы білімін еске түсіру мақсатында тірек сөздерді ұсынады: Көмірсулар, триозалар, тетрозалар, пентозалар, гексозалар, моносахаридтер, дисахаридтер, полисахаридтер, полимерлер, мономерлер, ретті полимерлер. |
«Бұрынғы атаулар» әдісінде берілген тірек сөздердің мағынасын айтады, мазмұнын сипаттайды,ой қозғайды, пікір алмасады. |
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады. «Керемет!» және т.б |
Интерактивті панель, презентация Биология 10-сынып, Автор: Н.Г.Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2019 ж |
|
Сабақтың ортасы 4.Жаңа тақырыпты таныстыру |
«Қазіргі атаулар» әдісі Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды, атаулар бойынша топқа біріктіріледі. Карбон қышқылдары, глицерин, дипидтер, фосфолипидтер, сыртқы жасуша мембранасы, миелин қабықшасы, дәрумендер, гормондар. |
«Қазіргі атаулар» әдісінде берілген термин сөздердің мағынасы мен мазмұнын айтады, топқа бірігіп отырады. |
Кері байланыс: «Мадақтау» әдісі «Жарайсың!» «Тамаша жауап» т.б |
Интерактивті панель, презентация Биология 10-сынып, Автор: Н.Г.Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2019 ж |
|
5.Оқушыларға бағыт бағдар беру |
«Кинометафора» әдісі. Мақсаты: Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту. Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады. |
Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды. өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. |
«Өзін-өзі бағалау» әдісі |
Интерактивті панель бейнефильм https://youtu.be/AF7PiKJm97U?si=E54vkBGPEIYCD4ff |
|
6.Практикалық тапсырмалар беру |
Топтық жұмыс. Мұғалім жаңа тақырып бойынша қысқаша ақпарат береді, топтық жұмыс ұйымдастырады. 1-топ. «Майлардың химиялық құрылысы, қасиеттері » 2-топ. «Липидтер» 3-топ. «Майлардың қызметі» туралы «Тірек сызба» әдісі арқылы оқулықтағы ақпарты топта талдып, қорғауға нұсқау береді. |
Оқушылар топтарда мұғалімнің бағыт берумен берілген тақырыпты талдап, жаттығу жұмыстарын орындайды. |
Дескриптор: -майлардың химиялық құрлысы мен қасиетін сипаттайды – 5 балл; -липидтердің құрлысы мен қасиетін сипаттайды– 5 балл; -майлардың қызметін анықтайды– 5 балл; |
Интерактивті панель, презентация А3 формат қағаз, маркер Биология 10-сынып, Автор: Н.Г.Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2019 ж |
|
7.Кері байланыс беру |
Кері байланыс «4 себеп» әдісі арқылы. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды. |
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. |
Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Жақсы! Талпын!
|
Презентация 1.Мен түсіндім, себебі ... 2.Мен түсінбедім, себебі ... 3.Мен қолдана аламын, себебі ... 4.Маған тиімді болмады, себебі .../ұсыныс…….. |
|
8.Бағалау |
Жеке тапсырма: ЕБҚ тапсырма: «Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір» Қандай жаңа білім алдың? Алған біліміңді қолдана аласың ба? Саған қиындық тудырған түсініктер. 1-тапсырма. «Шындық», «Жалған» тәсілі арқылы жеке жұмыс ұйымдастырады, бақылау жасайды. 2-тапсырма. «Кім жылдам?»тәсілі арқылы жұптық жұмыс ұйымдастырады, бақылау жасайды. |
Сабақ мазмұны бойынша ойын жазады, қандай білім алғанын тұжырымдайды. Берілген сұрақтарға жауап жазады. Берілген тұжырымның шындық / жалған екенін анықтайды. Майлардың химиялық құрылысы мен қызметтерін сипаттайды. |
Дескриптор: - сабақтың оқу мақсаты бойынша өз ойын тұжырымдайды – 7 балл;
Дескриптор: - берілген тұжырымның шындық / жалған екенін анықтайды- 3 балл; Дескриптор: - майлардың химиялық құрылысы мен қызметтерін сипаттайды- 3 балл; |
Интерактивті панель, презентация Жұмыс дәптері Биология 10-сынып, Автор: Н.Г.Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2019 ж |
|
9.Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру |
Шығармашылық жұмыс. Тірек сызба «Нәруыздар» |
Білім алушылар келесі тақырыптың тақырыбымен және тірек сызба сызады. Ой қозғау жүзеге асады. |
«Өзін-өзі бағалау» әдісі |
Жұмыс дәптері Биология 10-сынып, Автор: Н.Г.Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2019 ж |
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША
1-тапсырма. «Шындық», «Жалған» тәсілі
|
Тұжырымдама |
Ш |
Ж |
|
Майлар глицерин мен май қышқылдщарына ыдырайды |
|
|
|
Глицерин екі атомды спирт |
|
|
|
Тотыққан соң майлар көмірқышқыл газы мен суға ыдырайды |
|
|
|
Май жылу мен электр тогын жақсы өткізеді |
|
|
|
Майлар суда ерімейді шидрофобты |
|
|
2-тапсырма
1.Глицерин мен үш май (карбон) қышқылынан тұратын зат
А . липидтер
В .майлар
С. көмірсулар
Д. нәруыздар


Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген