400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

10.4.1.5- түрлі жағдайлардың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу;

Материал туралы қысқаша түсінік
10.4.1.5- түрлі жағдайлардың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу;
Материалдың қысқаша нұсқасы

10 сынып КГБ №5


ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Нәруыз денатурациясымен ренатурациясы.

1. Зертханалық жұмыс «Нәруыздардың құрылымына әр түрлі жағдайлардың әсері.

§5.Нәруыз құрылымдарының бұзылуы. Қызметі бойынша нәруыздарды жіктеу. (температура, pH)»

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

Молекулалық биология және биохимия

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 10 «а»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Нәруыз денатурациясымен ренатурациясы.

1. Зертханалық жұмыс «Нәруыздардың құрылымына әр түрлі жағдайлардың әсері.

§5.Нәруыз құрылымдарының бұзылуы. Қызметі бойынша нәруыздарды жіктеу. (температура, pH)»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.4.1.5- түрлі жағдайлардың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу;

Сабақтың мақсаты:

түрлі жағдайлардың нәруыздар құрылымына әсерін зерттейді;

ЕБҚ: (қабылдауы баяу): сабақ мазмұны бойынша ойын жазады, қандай білім алғанын тұжырымдайды.

Сабақтың барысы: Ганье теориясы бойынша 9 сабақ бөлімі

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті


Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы




1.Оқушылардың назарын аудару

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау.

«Кіру билеті» әдісі бойынша оқу мақсатына сай сұрақ қойылады.


Нәруыз молекуласы қандай жағдайда бұзылады?

Нәруыз молекуласында химиялық байланыстың бұзылуына не әсер етеді?

Нәруыздар ыдыраған кезде қанша энергия бөлінеді?

Катализаторлар дегеніміз не?

Ферменттер дегеніміз не?

Асқорыту ферменттерін атаңдар?

Асқорыту ферменттері қандай қызмет атқарады?

Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды.


Кіру билетінде қойылған сұрақтарға жауап береді, ой қозғау жүзеге асады.

Кері байланыс:

«Мадақтау» әдісі

«Жарайсың!»

«Тамаша жауап»

т.б

Интерактивті панель, презентация


2.Сабақтың мақсатын таныстыру

10.4.1.5- түрлі жағдайлардың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу;

Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады.

«Өзін-өзі бағалау» әдісі

Интерактивті панель, презентация


Биология 10-сынып, Автор: Н.Г.Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2019 ж

3.Бұрынғы білімін еске түсіру

«Бұрынғы атаулар» әдісінде білім беруші бұрынғы білімін еске түсіру мақсатында тірек сөздерді ұсынады:


Аминқышқылдары:қарапайым және күрделі нәруыздар; простетикалық топ; сутектік, сульфидтік және ковалентті немесе пептидтік байланыс; дисульфидтік көпіршелер; нәруыз молекуласының құрылымы: бірінші, екінші, үшінші (микроглобула), төртінші реттік (макроглобула).

«Бұрынғы атаулар» әдісінде берілген тірек сөздердің мағынасын айтады, мазмұнын сипаттайды,ой қозғайды, пікір алмасады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация


Биология 10-сынып, Автор: Н.Г.Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2019 ж

Сабақтың ортасы






4.Жаңа тақырыпты таныстыру

«Қазіргі атаулар» әдісі

Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды, атаулар бойынша топқа біріктіріледі.


Денатурация, ренатурация, нәруыздар-гормондар, нәруыз каналдар, гистондар, антидене, гемоглобин, меланин, фибриноген.

«Қазіргі атаулар» әдісінде берілген термин сөздердің мағынасы мен мазмұнын айтады, топқа бірігіп отырады.

Кері байланыс:

«Мадақтау» әдісі

«Жарайсың!»

«Тамаша жауап»

т.б

Интерактивті панель, презентация



Биология 10-сынып, Автор: Н.Г.Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2019 ж

5.Оқушыларға бағыт бағдар беру

«Кинометафора» әдісі.

Мақсаты: Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады.

Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді.

«Өзін-өзі бағалау» әдісі

Интерактивті панель


бейнефильм


https://youtu.be/W8yNN0sVNJI


6.Практикалық тапсырмалар беру

Жеке жұмыс.

Мұғалім жаңа тақырып бойынша қысқаша ақпарат береді, жеке жұмыс ұйымдастырады.


1. Зертханалық жұмыс «Нәруыздардың құрылымына әр түрлі жағдайлардың әсері»

Оқушылар топтарда мұғалімнің бағыт берумен берілген тақырыпты талдап, берілген тапсырма жұмыстарын орындайды.



Зертханалық жұмыстың тақырыбын және мақсатын жазады. Зертханалық жұмыстың жұмыс барысын өз реттілігімен орындайды. Зертханалық жұмыстың нәтижесін шығарып, қорытындысын жазады.

Дескриптор:

- зертханалық жұмыстың тақырыбын және мақсатын жазады – 3 балл;

- зертханалық жұмыстың жұмыс барысын өз реттілігімен орындайды – 3 балл;

- зертханалық жұмыстың нәтижесін шығарып, қорытындысын жазады 3 балл;

Интерактивті панель, презентация


Жұмыс дәптерлері


https://youtu.be/W8yNN0sVNJI


Биология 10-сынып, Автор: Н.Г.Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2019 ж

Сабақтың соңы


7.Кері байланыс беру

1,2-«Бүгін сабақта зерттедім»

3- «Бүгінгі сабақта маған түсіну қиынға соқты»

4-«Менің жеңісім»

Білім алушылар өздері зерттеген, қиынға соқтырған және өз жеңісін жазады, кері байланыс береді.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация


8.Бағалау

Жеке тапсырма:

ЕБҚ тапсырма:

«Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір»

Қандай жаңа білім алдың?

Алған біліміңді қолдана аласың ба?

Саған қиындық тудырған түсініктер.




Сабақ мазмұны бойынша ойын жазады, қандай білім алғанын тұжырымдайды. Берілген сұрақтарға жауап жазады.

Дескриптор:

- сабақтың оқу мақсаты бойынша өз ойын тұжырымдайды – 7 балл;



Интерактивті панель, презентация


Жұмыс дәптері



Биология 10-сынып, Автор: Н.Г.Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2019 ж

9.Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру

Шығармашылық жұмыс.

«Биологиялық нысандарда нәруыздың болуын анықтау» 270-бет.

Білім алушылар келесі тапсырманы жасайды. Ой қозғау жүзеге асады.

«Өзін-өзі бағалау» әдісі

Жұмыс дәптері


Биология 10-сынып, Автор: Н.Г.Асанов, А.Р. Соловьева, Б.Т. Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2019 ж


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША


1. Зертханалық жұмыс «Нәруыздардың құрылымына әр түрлі жағдайлардың әсері.

Мақсаты: түрлі жағдайлардың нәруыздар құрылымына әсерін зерттеу.

Құрал-жабдықтар: 1.сынақ сынауықтарының (пробирка) жиынтығы. 2. концентрлі сілті. 3. концентрлі қышқыл (сірке, азот, күкірт немесе тұз) 4. крахмал. 5. термостат. 6. қыздырғыш. 7.йод ерітіндісі (дәріханалық).

Жұмыс барысы:

5 сынақ сынауығын сілекеймен толтырыңдар.

1-сынақ сынауығын ешқандай өзгеріссіз, 37-40 градус температурада термостатқа салып қойыңдар.

2-сынақ сынауығын қайнағанға дейін ашық отта қыздырып, содан соң салқындағанға дейін тұғырда (штатив) қалдырыңдар.

3-сынақ сынауығына бірнеше тамшы концентрлі сілтіні (құрғақ күйіндегі NaOH немесе KOH алуға болады) тамызып, оны шыны таяқшамен араластырыңдар.

4-сынақ сынауығына бірнеше тамшы концентрлі қышқыл (әртүрлі 2 сынақ сынауығына, мысалы, сірке және азот қышқылдарын алуға болады) ерітіндісін тамызып, оны шыны таяқшамен араластырыңдар.

Әрбір сынақ сынауығына азғана сумен араластырылған крахмалды қосып, оларды араластырыңдар және барлық сынауықты 5-7 минут термостатқа қойыңдар.

Сынақ сынауықтарына йод ерітіндісін қосып, йодты сынақ жасап, бақылаңдар.

Тәжірибе нәтижесін кестеге жазыңдар.

Алынған нәтижелерді түсіндіріңдер. Сілекейдегі амилаза нәруызының құрылысындағы өзгерістер және оның физиологиялық белсенділігіне байланысты туралы қорытынды жасаңдар.


Қорытынды кестесі

Сілекейдің нәруызға әсер ету шарттары

Сынақ сынауықтары

Сілекей өзгерген жоқ

Температураның әсері (қайнату)

Негіздің әсері

1 қышқылдың әсері

2 қышқылдың әсері (егер ол қолданылған болса

Йод әсерінен кейінгі түсі







7.Кері байланыс беру

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
26.10.2023
359
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі