Материалдар / 10-11 сыныптарға арналған сынақ тапсырмалар.

10-11 сыныптарға арналған сынақ тапсырмалар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Өткен тақырыптарды қайталап, бекіту үшін.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Маусым 2024
112
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Тұрмыстық қалдықтар (Бытовые отходы). №1

Қайнар Олжай «Жер мен аспан арасындағы дастан» 

Ойлау дағдыларының деңгейі:  Қолдану

1-Тапсырма. Тұтынушы ретінде электронды сауда-саттық туралы пікір жазыңыз. Берілген үстеу түрлерін қолданыңыз. Қазір, енді, былтыр, амалсыздан, босқа, қолма-қол, жылдам, әдейі, қыруар, ілгері, көзімше, соншама.

Дескриптор   Білім алушы - тақырыпқа сай пікір жазады;  - жазбада үстеулерді қолданады.

2-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді жаз.30 балл

Қажетті сөздер: жұтады - глотает,құртады- губит,қырылады-погибают,қорғаныш-защита,қорытпайды-не переваривает.

1.Жердегі пластик қалдықтардың кесірінен жан-жануар ... . 2.Олар пластикті тамақ ретінде ... . 3.Олардың асқазандары пластикті ... .  4.Осылайша,пластик қалдықтар судағы сүтқоректілерді ... . 5.Полиэтилен алғаш рет телефон сымдарына ... қабығы ретінде қолданылған.

Дескриптор   Білім алушы - тақырыпқа сай көп нүктенің орнына қажетті сөздерді жазады;

3-тапсырма. Бір аптада дүкеннен қандай және неше пластик ыдысқа салынған заттар мен азық-түлік алғандарыңды бақыла.

Пластик/полиэтилен ыдысқа салынған тағам

Пластик/полиэтиленге оралған зат

Пластик/полиэтиленнен жасалған зат

Пластик/полиэтиленге құйылған сұйық зат

1.

2.

1.

2.

1.

2.

1.

2.

2 Сабақтың тақырыбы: Әлеуметтік теңсіздік және әлеуметтік топтар. Жұмыссыздық және әлеуметтік теңсіздік.

Тапсырма:Мәтінді оқып шығып, сұраққа жауап беру. Сөздік жазу. 35балл

Әлеуметтік теңсіздік деген не?
Теңсіздік - экономикалық ресурстарға, әлеуметтік құндылықтар мен саяси билікке қол жеткізу үшін әлеуметтік топтардың ( касталар, топтардың) әртүрлі мүмкіндіктері.
Әлеуметтік теңсіздік-бұл адамдардың өмірлік мүмкіндіктерінің теңсіздігі, яғни олардың әлеуметтік игіліктерге (байлыққа, билікке, білімге, беделге және т. б. шектеулі ресурстарға тең қол жеткізбеуі). 1.Әлеуметтік әлемді тік жіктеу
2.Класстарға бөлінген индивидтерден тұратын, теңдік идеалынан ауытқыған тік жіктелген әлемді жариялау. Әлеуметтік-экономикалық теңсіздік мәселесі жаһандық дағдарыспен байланысты. Аудармасы:Перевод\ Что такое социальное неравенство?

Неравенство-различные возможности социальных групп (классы, касты, группы) для доступа к экономическим ресурсам, социальным ценностям и политической власти. Социальное неравенство-это неравенство жизненных возможностей людей, т. е. их неравный доступ к социальным благам (богатству, власти, знаниям, авторитету и т. д.)

Проблема социально-экономического неравенства связана с глобальным кризисом.

2 тапсырма: Жұмыссыздық және әлеуметтік теңсіздік (Безработица и социальное неравенство). Осы тақырыпқа қосымша мәлімет жазып келу. 35балл

3 тапсырма. Бейнероликті қарап, сұрақтарға жауап беру.30 балл

1.Неше мың адам жұмыссыз қалды? 2.Жұмыссыздардың көбеюіне қандай себеп болды?

Критерий

Дескриптор

Бал

1. Білім алушы - тақырыпқа сай пікір жауап беру.

2. Осы тақырыпқа қосымша мәлімет жазып келу.

3. Білім алушы - тақырыпқа сай Бейнероликті қарап, сұрақтарға жауап беру

Бағалау шәкілі

1. Білім алушы - тақырыпқа сай пікір жауап береді.

2. Осы тақырыпқа қосымша мәлімет жазып келеді.

3. Білім алушы - тақырыпқа сай Бейнероликті қарап, сұрақтарға жауап береді.

35

35

30

100



Сабақтың тақырыбы: Мұхиттағы жануарлар әлемі№3

1 тапсырма. Жаңа сөздер: 20 балл

оқимыз, дәптерге жазамыз. Бір- екі сөйлем құрастырамыз.

Жер шары – земной шар

Қоректік зат – питательные вещества

Құнарлы - плодородный

Уылдырық – икра

Ғаламат – великолепный

Бұғаз – пролив

Себеп-салдар - причины

2. тапсырма. 35 балл

Үй тапсырмасын сұрау. (Алдынғы сабақта өткенді еске түсіру)

"Ашық микрофон" әдісі.

Экологиялық проблемаларға нелер жатады?

Астана маңын көгалдандыру мақсатында қандай жоба іске асырылды?

«Жасыл белдеу» жобасын жүзеге асыруға кім пәрмен берді?

Табиғаттың адамзатқа пайдасы?

Адамдар табиғатқа қандай зияндар келтіруде?

Табиғат туралы мақал-мәтел айтыңдар

Сұрақтарға жауап беріңдер.

Дескриптор:

Сұраққа жауап береді;

Өз ойын айтады;

3.Тапсырма.

Қазақ тілі. ЕМ.Дәулетбекова Ж. Учебник для 10 класса.

59 бет .5-сабақ Нәтиже сабақ

А.Сұрақтар арқылы диалог құрыңдар.20 балл

Ә. Сұрақтарға жауап беру. 25 балл

Дескриптор:

Мәтінді оқиды;

Мәтін құрылымын талдайды;

Сұрақтарға жауап береді;

4 Тақырып: Ұлықбек Есдәулет – ақын, қайраткер. «Қара пима» поэмасы. «Қара пима» – трагедиялық шығарма/ 1тапсырма.Кестені толтыру.50 балл

Ұлықбек Оразбайұлы Есдәулет - қазақтың ақыны, журналист.

1954 жылы 29 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Үлкен Қаратал ауылында дүниеге келген.Әкесі - Есдәулетов Оразбай (1921-1998), ҰОС ардагері, еңбек ардагері, орта мектептің химик-биологы болған.

Анасы - Салықбаева Роза Сейітжанқызы (1929 жылы туған ), зейнеткер, филолог-тіл маманы.

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін (1977) журналист мамандығы бойынша, М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы Жоғары әдеби курстардың поэзия бөлімін (Мәскеу қаласы, 1985) әдебиетші мамандығы бойынша бітірген. Гуманитарлық ғылымдар академиясының құрметті академигі (2004 жылдан). Қазақстан журналистика академиясының толық академик-мүшесі. М. Әуезов атындағы Семей университетінің құрметті профессоры (2007 жылдан).

«Қанат қақты» (1974), «Жұлдызжарығы» (1977), «Аптайдың алтынтамыры» (1979), «Ұлыстың ұлы күні» (1982), «Ақ керуен» (1985), «Жаратылыс» (1989), «Жүректегі жарылыстар» (1995), «Алтай асулары» (1988), «Заман-ай» (1999), «Киіз кітап» (2001) кітаптарының; «Ахиллестің өкшесі» өлеңдер жинағының (2003); қазақ тіліндегі 5 томдық шығармалар жинағының (2006), «Ынтық зар» (2009), «Әбілхаят» (2009) авторы. «Семей-Невада» қозғалысының әнұраны «Заман-ай» әні сөздерінің авторы.Ақынның шығармалары шет телдеріне аударылған. Үнді, түрік, фин, африка, алжир, украин, әзірбайжан, қырғыз, абхаз, монғол, саха-якут және басқа халықтардың ақындарының өлеңдерін; сондай-ақ М.Лермонтовтың, А.Блоктың, Д.Кедриннің, Н.Рубцовтың және т.б. бірқата шығармаларын қазақ тіліне аударған. Қазақ, орыс және түрік тілдерін біледі.

2002 жылдан - «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясының бас редакторы.2008 жылдан бері - «Жұлдыз» әдеби журналының бас редакторы. «Құрмет» орденімен (2001); Қазақстан Ленин комсомолы (1986), «Жігер» шығармашыл жастар байқауларының (1979), түркі тілдес елдер поэзиясы байқауының (1995), халықаралық «Алаш» (2000), ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының (2003) лауреаты. Ресейдің Алтын Есенин медалінің кавалері (2007). «Қара пима» поэмасы «Жалын» республикалық (жабық) әдеби сайысының жеңімпазы атанған (1982)

Жылдары

Оқиғалары

Шығармалары

2 тапсырма: бейнероликті қарап шығып, сұраққа жауп беру.Неге осы шығарма «трагедия» деп аталады? 50 балл

5.Сұрақтарға жауап беру. Өз отбасы туралы әңгіме жазып шығу.

а).Отбасы дегенді қалай түсінесің?

2.Отбасының тірегі кім?

3. Отбасындағы ананың рөлі қандай?

4. «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар» дегенді қалай түсінесің?

5. Әпке, апаның отбасынағы ерекшелігі қандай?

6. Отбасындағы құндылықтарды сақтау үшін не істеу керек?

2. Мәтінді оқып, не туралы екенің жазу.

Д.Исабеков «Әпке» драмасы

-Шығарманың тақырыбы-Адамгершілік,жан жылуы. Жетім балалардың өз беттерінше өмір сүруі.Жанұя мүшелерінің бір-бірімен байланысы.Жастар махаббаты. Қоғамдағы өзгерістердің ұрпақ тәрбиесіне әсері.

  -Шығармадағы басты кейіпкер,отбасының тірегі-Қамажай. Ол- үйдің үлкені. Бауырларының бақыты үшін жұмысқа араласпай жағдайларын жасады. Олардың оқып, азамат болуын, өмірден өз орындарын табуына ықпал жасады.Ана орнына ана, әке орнына әке болды. Өзінің жеке өмірінен,махаббатынан бауырлары үшін бас тартты. Қамажайдың мінезі өте жайлы, өзі қарапайым, бауырмал,тәуекел,мейірімді,ақкөңіл жан.


6 Тақырып: Нашақорлық – қоғамдық дерт. Темекі тарту – зиянды әдет.

1 тапсырма. Мәтінді оқимыз, сұрақтарға жауап береміз.40 балл

Нашақорлыққа  көбінесе, жасөспірімдер  шалдығады, алайда  осы  кезде  ересектер  арасында  да  есірткінің  зиянын  шегіп  жүрген  адамдар  көбейіп  барады.Нашақор  қаражатты  ұрлықпен  табуды  көздейді, ал  ұрлық  жазасыз  болмайды.Нашақор  ата-анасы  ауқатты  жасөспірімдерді   есірткіні  әуестендіруге, соның  арқасында  өзінің  «қамын» ойлауды  мақсат  етеді.Нашақордың  жасөспірімдер  тобына  қосылуының  себебі  де  сол.Ол  алдымен  наша  шегуді  немесе  ес   ауыстыратын  дәрі  ішуді  ұсынады, еліктегіш  жастар  дәм  тата  бастайды.Бара-бара  жасөспірімдер  нашақорға, есірткінің  құлына  айналады.Есірткіні  түнгі  клубтарда би  алаңдарында, тіпті   мектептерде  де  сатып  алуға  болады.
 Бұрын  жасөспірімдер  анаша, марихуана  шегіп, әр  түрлі  желімдер  иіскейтін  болса,қазір  героин,какоин, синтетикалық   есірткілерді  қолданады.Ал  синтетикалық  есірткінің  ерекшелігі  сол, бір  дәмін  татқаннан  кейін  есі  ауады  да  тұрады.Бір  пайдалансаң  жайын  жай  табады, керемет  күйге  түсесің  деп  алдайды.Аз  уақытқа  болса  да  ләззат  алғанына  мәз  болам  деп, нашақор  сатына  қосылғанын  білмей  қалады.   
          Ал енді нашақорлықтың адам өміріне тигізер әсері өзімізге белгілі. Онымен айналысқаннан кейін бұзақылық жасау,қорлық көрсету т.б жасауға итермелейді. Адам денесі қалжырап, көзі бұлдырап, өмірге не үшін келгені не үшін жүргені беймәлім болады.
          Адам баласын бойында өзін-өзі сақтандыратын қасиеттер болады. Соны дұрыс пайдаланған жөн. Әйтпесе нашаға елігіп, бір сәттік рахат сезімге алданып, соның зардабын өмір бойы тартуы мүмкін. Ондаймен айналысқанда 30-жасқа  жетер  жетпес  өмір  сүреді  бұлай дейтін  себебіміз, бұл  жаман  нәрсеге  адамдар  ақылға  салмастан, желігіп  еліктейді  де артынан  өзіне  қиын  болатының  білмей  де  қалады.

1. Нашақорлыққа  көбінесе, кімдер  шалдығады?

2. Есірткіні  қайда  сату мүмкін? Есірткінің зияны қандай?

3.Нашақорлықпен айналысатын адам неше жыл өмір сүреді? Неге ?

2 тапсырма: Сөздікті толықтыр. Жаңа сөздер: 30 балл

Нашақорлық- наркомания, жасөспірімдер- подростки, Нашақор- наркоман, қаражатты  ұрлықпен  табуды  көздейді- преследует цель хищения средств, жазасыз  болмайды- безнаказанной,зиян –вред

3 тапсырма: Мәтінде аудармасын тауып, жазамыз.15 балл

Подростки более склонны к наркотической зависимости, но число наркоманов и среди взрослых растет. Наркоманы стремятся заработать деньги воровством, но воровство не остается безнаказанным. А особенность синтетических наркотиков в том, что после одной пробы они теряют сознание.

4 тапсырма. Темекі тарту – зиянды әдет.Ақпарат жазу.15 балл

Критерий

Дескриптор

Балл

1. Білім алушы - тақырыпқа сай сұрақтарға жауап беру.

2. Осы тақырыпқа сай сөздікті толықтыру.

3. Білім алушы - тақырыпқа сай мәтінде аудармасын тауып, жазу

4. Ақпарат жазу .

Бағалау шәкілі

1. Білім алушы - тақырыпқа сай сұрақтарға жауап беру.

2. Осы тақырыпқа сай сөздікті толықтыру.

3. Білім алушы - тақырыпқа сай мәтінде аудармасын тауып, жазу

4. Ақпарат жазу .


40

30

15

15


100































Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!