400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

10- сынып"Отбасы аясында"

Материал туралы қысқаша түсінік
әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:

Пән: Өзін – өзі тану

Күні:

№: 17-18

Сыныбы: 10

Тақырыбы: Отбасы аясында

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: Отбасындағы сүйіспеншілік, жанашырлық, бауырмалдық

Мақсаты: Оқушыларға отбасындағы риясыз сүйіспеншілік туралы айта отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. 

Міндеттері:

  1. Білімділік: Оқушыларға отбасындағы сүйіспеншіліктің маңыздылығын түсіндіру.

  2. Дамытушылық: Оқушылардың бойындағы жанашырлық қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды бауырмалдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.http://oilar.kz


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Т – ережесі:
    Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды күйге келу.

«Өз таңбаңды (герб) жаса»

Оқушылар бір парақ қағазда фигураны сызып, оның ішіндегі бөліктерге өздері туралы келесідей деректерді жазады:

  • Өз есіміңізді жазыңыз.

  • Ұялы телефоныңыз бен электрондық поштаңызды жазыңыз.

  • Сүйікті пәніңізді жазыңыз.

  • Зерттеу тақырыбыңызды жазыңыз.

  • Өз қолыңызбен жақсы жасай білетін екі заттың суретін салыңыз (жиһаз, тағам түрі, тоқыма түрлері).

  • Өзіңізді жақсы сезінетін бір жердің суретін салыңыз (үй, бөлме, табиғат аясы).

  • Өміріңіздегі ең елеулі ықпал жасаған үш адамның суретін салыңыз.

  • Өмірде қандай жетістіктерге қол жеткізгіңіз келеді? Бір сөз жазыңыз.

  • Өзіңіз туралы естігіңіз келетін үш жағымды сөз жазыңыз.


Оқушылар өз таңбаларын жасап бітіргеннен кейін шағын топ ішінде суреттерін талқылап, сұхбаттасады.


2. Үйге тапсырманы тексеру.

1. №16 – сабақ. 5 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №17, «Менің әкем» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

  1. Автор әкесінің қандай қасиеттері туралы айтады?

  2. Бекхожиндердің отбасын бақытты, өнегелі деп айтуға бола ма? Неліктен?

  3. Аталған отбасының қандай құндылықтары жөнінде білдіңіз?

  4. Қазіргі заманғы отбасы құндылықтары қандай деп санайсыз?

  5. Сіздің ойыңызша, өз отбасының тарихын білу керек пе? Неліктен?

  6. Сіздің ұғымыңызда өнегелі отбасы қандай болуы керек?


3. Сабақтың дәйексөзі.

Отбасы – бақыт бастауы.

Халық нақылы

- Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?


4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).

Уақытыңды сатып алсам боладыма?1

Арман жұмыстан үйге шаршап келгенде, есік алдынан 5 жасар баласы Ерден қарсы алады. Дереу “әке, сағатына қанша ақша табасыз?” деп сұрайды. Өзі де шаршап келген Арман ұлының сұрағына ашуланып “онда шаруаң болмасын” деп жауап қайтарады. Ұлы берілмей “айтыңызшы, білгім келеді” деп қайта сұрағанда, Арман ызаланып “2 мың теңге! ал не істейін деп едің!?” дейді. Сонда Ерден “Маған 1 мың теңге қарыз ақша бере тұрасыз ба?” деп сұрайды. Арман одан әрі ашуланып, “Мен сенің онсыз да толып жатқан ойыншықтарыңа беретін ақшам жоқ. Мазамды ала бермей – бөлмеңе бар” дейді. Көзі жасаурап, Ерден еш жауап қайтармай бөлмесіне барады. Арманның ашуы басылар емес, “5 жасында болып ақша сұрауға қалайша дәті барды!”.

Бір сағат өтіп, ашуы басылғанда, Арман Ерденді босқа ренжіткенін, баланың ақшаны не үшін сұрағанын да білмейтінін ойлап, “мүмкін шыныңда қажет болып тұрған шығар”… деп, ұлының бөлмесіне кіреді. Төсекте жатқан Ерденге жақындап, “Ұйықтап жатсың ба” деп сұрайды. Баланың “Жоқ” дегенін естіп, “Сұраған мың теңгенді ала ғой. Саған ұрсып тастағаным үшін ренжіме. Жұмыстан шаршап келген едім”. Ерден төсегінен ұшып тұрып, “Әке, рахмет!” деп, әкесінің қолынан мың теңгені алып, жастықтың астынан мыжылған ақшаларды шығарады. Әкесіне жәутеңдеп қарап қойып, ақшаларды санай бастайды. Мұны көрген Арман қайта ашуланады, “Ақшаң болып тұрып неге менен сұрадың?… Сенің бала ойындарыңа уақытым жоқ” деп ұрыса бастайды. Сонда баласы “Иә, айдың басынан жинаған ақшам болды, бірақ олар жеткіліксіз еді” дейді да, ақшалардың бәрін уысқа жинап әкесіне созады – “Міне 2 мың теңге… Әке, бір сағат уақытыңызды сатып алсам болады ма?…”

Сұрақтар:

  1. Қалай ойласыздар әкесі тарапынан балаға шын мәнінде не жетпеді?

  2. Әкесі баласына риясыз сүйіспеншілігін жүрегінен беру үшін не істеу керек еді?

  3. Риясыз сүйіспеншілік отбасыдағы әке мен бала қарым-қатынасыныңнегізі бола ма? Неге? Өз тәжірибелеріңізден мысалдар келтіріп, дәлелдеңіздер.

  4. Қалай ойлайсыздар, осы әлемдебарлығын не біріктіреді? Өз тәжірибелеріңізден мысалдаркелтіріңіздер.


5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

2-тапсырма. Отбасы туралы мақалдарды оқып шығыңыздар. Қазіргі уақытта мақалдардың қайсысы өзекті деп санайсыздар? Жауаптарыңызды нақты мысалмен дәйектеп айтыңыздар.

• «Сіз», «біз» – деген жылы сөз,

Ағайынға жарасар.

• Қарындасың – қарлығашың.

• Інісі бардың тынысы бар,

Ағасы бардың жағасы бар.

• Ата – баланың қорғаны.

• Ананы сыйламаған,

ел қамын ойламаған.

• Ата – арым, ана – дәрім.

• Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер.

• Ердің анасы – елдің анасы.

• Бала – бауыр етің.

• Бала – көңілдің гүлі, көздің нұры.

• Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.


6. Топпен ән айту.Ана

Сөзі Жұбан Молдағалиевтікі

Әні Александр Зацепиндікі


7. Үй тапсырмасы.

1. №17 – сабақ. 3 – тапсырманы орындау.

2. Келесі сабақ. №18, «Бала Шоқан» мәтінін оқып келу.


8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.










1

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
14 ұстаз жүктеп алған
13 ақпан
7405
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі