Материалдар / 10-ға көбейтужәне бөлу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

10-ға көбейтужәне бөлу

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2019
486
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы : 10-ға, 100-ге көбейту және бөлу

Сабақтың мақсаты: 10   3, 30   3, 100 3, 300: 3 түріндегі көбейту және бөлу тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру, санның үлесін, үлес бойынша санды табу дағдыларын жетілдіру.

Әдістері: көрнекілік, сөздік , практикалық.

Көрнекілігі: слайд,сөзжұмбақ, таратпа қағаздар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Психологиялық дайындық.

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең жасыңнан.

Барлық ғылым саған үйір болады,

Досың солар табылатын қасыңнан.

-Күннің жады;

-Көркем жазу;

345  345  345  345  345  345  345  345 

- Математикалық  диктант

-Егер жартысы 8-ге тең болса, сан нешеге тең? 16

-Саннның төрттен бір бөлігі 6-ға тең. Бұл қандай сан? 24

-Барлық алманың сегізден бір бөлігі 3 алманы құрайды. 

Барлық алма неше? 24

- Кесіндінің төрттен бір бөлігі 4 дм. Кесіндінің барлық 

ұзындығы неше? 16 дм

-Егер алтыдан бір бөлігі 4 бет болса, альбомда неше бет бар? 24

-Жартысы 6-ға тең болатын санды тап. 12

( жұппен тексеру)

ІІ. Жаңа сабақ.

Суретпен жұмыс.

 

 

- Неше  текше бар? (1,4)

- Неше есе арттырдық? (10 есе)

- Неше текше болады? (10,40 текше)

- Көбейтудің көмегімен қалай жазуға болады?

- 10*1=10      1*10=10

10*4=40      4*10=40   немесе  10+10+10+10=40

- Бірінші көбейткішті  көбейтіндінің мәнімен салыстыр. Қандай ұқсастық бар?

- Екеуі де  толық  ондық.

- Қандай айырмашылық бар?

- Көбейткіштің мәнін неше есе арттырсақ , сонша есе артық сан шықты.

- 1010-ға көбейту кезінде сан қалай өзгереді?

- Сан 10 есе артады.

- 10-ға бөлгенде қалай өзгереді?

- 10 есе кемиді.

- 100-ге көбейту мен бөлуде осылай түсіндіріледі.

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту.

- Балалар алдымызда қандай мереке келе жатыр?

- 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні.

- Ол мерекеге өз үлесімізді қосу үшін біз қандай болуымыз керек?

- Білімді болуымыз керек.

- Қай мемлекеттің де негізгі тірегі – білімді де, белсенді, дарынды оқушылар. Олай болса біз бүгінгі сабағымызда «Болашақ баспалдағымен» мына пирамиданың шыңына жетуіміз керек. Сонда біз өз үлесімізді қосқан боламыз. Баспалдақпен көтерілу үшін біз берілген тапсырмаларды орындауымыз керек.

- Балалар, пирамида дегеніміз әлемдегі жеті кереметтің біреуі екен. Аңыз әңгімелер бойынша тастан қаланған ең биік пирамида Хеопс пеирамидасы екен. Оның биіктігі 150 метрге жуық екен. Бұл туралы  4 сыныпта дүниетану пәнінен оқып білеміз.

«Ширығу » стратегиясын пайдаланып, мына тақпақты айтып жіберейік:

Ғылымның сырын ұғына,

Шығындар білім шыңына.

Ұқыптылық пен зеректік

Жеткізеді біздерді

Математика сырына!

- Ал, бірінші баспалдаққа көтерілу үшін оқулықта берілген 3-тапсырманы  орындайық. Слайд.

Қалып қойған сөздерді орнына қой.

- Көбейтуді бөлумен тексеруге болады. Ол үшін көбейтіндінің мәнін _________  бөлу керек. Сонда екінші  көбейткіш шығады.

- Бөлуді ькөбейтумен тексеруге болады. Ол үшін бөліндінің мәнін __________  көбейту керек. Сонда бөлінгіш шығадыы.

- Бөлуді бөлумен тексеруге болады. Ол бөлінгішті ______________   бөлу керек. Сонда бөлгіш шығады.

Ойын «Қай қатар жылдам?»

- Келесі баспалдаққа шығу үшін 4 тапсырманы орыдаймыз . Тақтамен жұмыс.

2*10=20      2*100=200       200:10=20

20:10=2       200:100=2       

- Келесі бағанға көшу үшін  сөзжұмбақ шешеміз.

3 2 4 6 5

9 К Б У М Ө

8 Е Ө Й Е У

7 Б Т Л Н

 

27-К, 16-Ө, 18-Б, 24-Е, 32-Й, 14-Т, 36-У, 54-М, 48-Е, 42-Н, 21-Б, 45-Ө, 28-Л, 40-У.

ІV.Өткен тақырыппен жұмыс.

- Келесі баспалдаққа  көтерілу үшін 6 тапсырманы орындайық.

Қайтты   – 10 автобус

Әр автобус – 15 қыз және 23 ер бала

Барлығы  - ?

Шешуі: 10*(15+23)=380

Жауабы: барлығы 380 бала.

- Келесі баспалдаққа көтерілу үшін оқулықтағы 7-тапсырманы орындаймыз.

«Кім зерек?» ойыны.

(45-25):2+4=14                60-(35-26)*2=42            2*5+6*2=22

(84-82)*6:4=3                  80+2*(3+6)=98              (6+8):2+6=13

- 8 –тапсырма өзбетінше орындалады.

 

V. Қорыту. 

-  біз бүгін өзіміздің біліміміздің арқасында  «білім шыңына» жетіп, білім мен ғылымның дамуына  саналы серпіліс жасадық.

- бүгін біз не үйрендік?

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма. 164 бет 5-есеп



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!