400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

№10 графикалық жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ оқушы деңгейіне сай.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Рисунок 6


ЖББ Көгеріс негізгі мектебі

Сапарова Рима Абылаевна

Сызу және бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі




Сызу 9 – сынып

Сабақтың тақырыбы: «№ 10 Графикалық жұмыс»

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Графикалық жұмыс арқылы өткен сабақтарды пысықтау, жаттығулар орындату , сұрақтар қою арқылы білімдерін кеңейту.

б) тәрбиелік: Оқушыларды тапсырмалар орындау барысында ұқыптылыққа, әсемдікке, эстетикалық талғамға тәрбиелеу. Ұжыммен бірлесе жұмыс жасай білуге баулу.

в) дамытушылық: ойлау қабілеттерін шыңдау, байқағыштық қабілеттерін дамыту

Сабақтың әдісі: түсіндіру

Пәнаралық байланыс: математика

Сабаққа қажетті құрал – жабдықтар: сызғыш, қарындаш, А4 форматы.

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру бөлімі:

- Оқушылармен амандасу.

- Оқушыларды түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.

- Оқушыларды топқа бөлу


ІІ. Өткен сабақты қайталау

Балалар, біздер өткен сабақта қима мен тілік арасындағы айырмашылық туралы өттік. Ендеше осы тақырыпты қайталау, пысықтау бағытында мен сіздерге тест тапсырмаларын беремін.


Тест тапсырмалары


1. Егер қиюшы жазықтықтар бір-біріне параллель болса, тілік қалай аталады?

А) сатылы тілік; В) сынық тілік; С) бойлық тілік; D) көлбеу тілік.


2. А-А қимасына қандай сурет сәйкес келеді?


А) В) С) D)




3. Мемлекеттік стандарт ережелеріне сай емес орындалған қима:

А) В) С) D)



4. Мемлекеттік стандартқа толығымен сәйкес орындалып, рәсімделген қима:

А) В) С) D)



5.Қиюшы жазықтық жалғыз болғанда тілік қалай аталады?

А) қарапайым; В) сатылы; С) сынық; D) негізгі.


6. Егер қиюшы жазықтықтар қиылысатын болса, тілік қалай аталады?

А) қарапайым; В) сатылы; С) сынық; D) негізгі.



7. Қандай сызбада радиустың өлшемі дұрыс белгіленбеген?



А) В) С) D)


8. R белгісі нені көрсету үшін қолданылады?


А) фасканың өлшемін; В) шеңбер диаметрінің өлшемін;

С) шеңбер радиусының өлшемін; D) еңісті.


9. Сызбада көрсетілген тетікбөлшекке қандай қиманы қолданған дұрыс болады?



А) қарапайым; В) сатылы; С) сынық; D) горизонталь.


10. Қай сызбада қарапайым тілік көрсетілген?


А) B) C)


0 – 1, қате «5»

2 – 3, қате «4»

4 – 5, қате «3»


ІІІ. Жаңа сабақ.

Бүгінгі жаңа сабағымыз №10 Графикалық жұмыс, яғни біздер бүгін қима мен тіліктерге арналған жаттығуларды орындаймыз. (кітаппен жұмыс)

1 – тапсырма. Басты көрініс пен алты қима берілген (4. 50 - сурет). Қимаға жазу жазылмаған. Қимаға қандай әріптік белгілер қою керек екенін дәптерге мына түрде жазыңдар:

Жазу үлгісі:


Қима

1

2

3

4

5

6

Әріптік белгіленуі

Д-Д

Г-Г

Б-Б

В-В

Е-Е

А-А


2 – тапсырма. Тетікбөлшектің басты көрінісі, сол жақ көрінісі және екеуі ғана берілген бөлшекке қатысты, бес қима берілген. Қималар тетікбөлшектің қай жеріне жататынын көрсететін әріптер қойылмаған. А-А және Б-Б қима сызықтарымен белгіленген орындары тетікбөлшектің көлденең пішінін анықтаушы қима нөмірлерін жазыңдар. (4. 51 сурет)


Жазу үлгісі:


Қима сызығын белгілеу

А-А

Б-Б

Қима

3

4


ІҮ. Практикалық жұмыс.

Әрбір топқа өткен тақырыптар бойынша тапсырмалар беріледі. Мысалы: қима және тіліктер тақырыбында тапсырмалар беріледі. Сол тапсырмаларды оқушылар А4 форматына орындайды. Оқушыларды қадағалау, бағыт – бағдар беру.


Ү. Қорытындылау, бағалау.

Оқушылардың тапсырмаларын тексеру.

Сабақты қорытындылау бағытында сұрақтар қою. Сонымен балалар бүгін біздер қима және тілік тақырыптары бойынша жұмыстандық. Ендеше мына сұрақтарға жауап берелік

  1. Күрделі тілік қарапайым тіліктен несімен ерекшеленеді?

  2. Тілік пен қима арасында қандай айырмашылық бар?

  3. Бір затқа тиесілі бірдей бірнеше қиманы қалай белгілейді?

  4. Сатылы тілік дегеніміз не?

  5. Сынық тілік дегеніміз не?

  6. Оңашаланған қима дегеніміз не?

  7. Қабаттасқан қима дегеніміз не? т.с.с сұрақтар қойылады.

Оқушылар тапсырмаларды орындауына қарай, бірін – бірі бағалайды, яғни әрбір тапсырмадан алған бағаларын қосып, қорытынды бағаны жариялайды

Сабақ аяқталды.

Сау болыңыздар!


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1129
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі