Материалдар / "10 көлемінде тура және кері санау"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"10 көлемінде тура және кері санау"

Материал туралы қысқаша түсінік
10 көлемінде тура және кері санауға жаттықтыру.10 көлеміндегі сандарды салыстыру, саны кем затқа бір затты қосу немесе біреуін алып, тастау арқылы теңдікпен теңсіздікті шығару.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Ақпан 2023
261
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:17.01.2023 жыл

Математика негіздері
Тақырыбы: 10 көлемінде тура және кері санау.
Міндеті: 10 көлемінде тура және кері санауға жаттықтыру.10 көлеміндегі сандарды салыстыру, саны кем затқа бір затты қосу немесе біреуін алып, тастау арқылы теңдікпен теңсіздікті шығару.
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Көрнекіліктер: 10 көлеміндегі сандар, жұмыс дәптер, ойын карточкалары.
- Балалар, бізге бүгінгі оқу іс - әрекетімізге қонақтар келіпті. Қонақтар сендердің білімдеріңді, тәртіптеріңді байқамақшы. Олай болса, сабаққа белсене қатысайық.
Шаттық шеңбері
Үлкеңге де сіз,
Кішіге де сіз.
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Іздену ұйымдастырушылық
- Балалар біз математика сабағынан біз не үйренеміз?
(Балалар жауаптары)
- Дұрыс айтасыңдар балалар, математика сабағында біз сандармен, пішіндермен,көлемімен, танысады екенбіз және есеп шығарып үйренеміз.
- Балалар,олай болса сабақты бастамас бұрын мына тақтада ілінген сандарды ретімен қойып шығу керек.

(Балалар сандарды ретімен қояды))
- Балалар, сендер 1 - ден 10 - ға дейін тура және кері санай аласыңдар ма?
1. 1 - ден 10 - ға дейін тура санау.
2. 10 - нан 1 - ге дейін кері санау.

-Жақсы балалар, енді мен сендермен бір ойын ойнағып келіп тұр.Ойынға балаларды шығару үшін тақтада тұрған барабанды айналдыру керек қай балаға түссе сол бала ойыңға шығады.

Ойын

1-ойын «Тез ойла»

Шартты:Үстелдің бетінде шашылып жатқан, дәндерді текше арқылы қоршап сызу.

2-ойын «Сандарды жинау»

Шартты:Үстелдің бетінде шашыраған сандары түтікше арқылы тура және кері орналастыру.






Сергіту сәті

Оң қолым да бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Қосып едім екеуін,

Болып шықты он саусақ.

Дәптермен Жұмыс

1-тапсырма Суретке қара. Қандай вагондардың нөмері жоқ? Жаз.

2-тапсырма Сурет бойынша балалар не істеп жүр әңгімелеп бер.

3-тапсырма Суреттерде не бейнеленген,сана және ата.

4-тапсырма Вагондарды боя.

Қорытынды.
— Балалар бүгін біз қандай сандармен таныстық?

(Балалар жауаптары)
— 1ден-10ға дейінгі сандарды тура және кері санату.

Сабаққа белсене қатысқан балаларды мақтау мадақтау.

























Абай атындағы мектеп –гимназиясы












Тақырыбы: «10 көлемінде тура және кері санау»






МАД мұғалімі:Ж.Асанкүлқызы


















Сарқан қаласы 2023 жыл

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!