Материалдар / 10 орыс қазақ тілі әдебиет аралық емтихан тапсырма
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

10 орыс қазақ тілі әдебиет аралық емтихан тапсырма

Материал туралы қысқаша түсінік
10 орыс қазақ тілі әдебиет аралық емтихан тапсырма
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Мамыр 2024
131
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Павлодар облысы білім беру басқармасы,

Аққулы ауданы білім беру бөлімінің

«Ямышев жалпы орта білім беру мектебі» КММ


10-сыныптарға арналған қазақ тілі мен әдебиеті бойынша

жазбаша жұмыс (Т2)


I нұсқа


Тыңдалым

Елімізде жаппай цифрландыру жүріп жатыр. Цифрландыру қарапайым халыққа, мемлекеттік органдар мен бизнеске несімен пайдалы? Өзінің тиімділігін көрсете алды ма, қай салада өз тиімділігін дәлелдеп отыр?

Осы сұрақтарды республикалық «Литер» басылымы қазақстандық үш маманға қойған екен. Олардың жауабы мынадай:

Куаныш Қалижанов, Uni Assistance консалтинг компаниясының иесі:

— Ауыл шаруашылығында болашақ астықтың есеп-қисабында цифрлық технологиялар қажет.  Медицинада цифрландыру электрондық жеке карточкалар жүйесіне ауысуға жол ашты, ауруларды диагностикалауға пайдасын тигізуде.

Шырын Оразбаева, қаржылық пәндер бойынша бизнес-тренер:

— Цифрландыру - адам өмірін жеңілдететін құрал.Мысалы мен Ұлттық банктің Invest-online қосымшасын, мобильді банктерді, infobus сияқты құралдарды пайдаланамын. Ақшаны шетелге аудару керек болса, оны үйде отырып-ақ істеймін. Қарап отырсаңыз, цифрландыру халықтың өз уақытын үнемдеуге, жолға кететін шығындарын азайтуға көмектеседі.

Арайлым Әбілқайырова, кадр жөніндегі менеджер

— Цифрландыру нәтижесінде электронды үкімет көптеген мәселені шешті. Баяғыдай сағаттап кезекте тұрмай-ақ өзіңізге қажетті анықтама, немесе басқа да құжаттарды аласыз.  Қазір көптеген қызметтердің ақысын мобильді банкинг арқылы төлеп жүрміз. Электронды қызметтер еліміздің барлық түкпірін қамтамасыз ету үшін интернет байланысы халықтың барлық санаты үшін қолжетімді болса дұрыс болар еді.

  1. Көп нүктенің орнын қажетті сөздермен толықтырыңыз.

  1. Ауыл шаруашылығында болашақ астықтың _________________ цифрлық технологиялар қажет. 

  2. Қарап отырсаңыз, цифрландыру халықтың өз уақытын _________________, жолға кететін шығындарын азайтуға көмектеседі.

  3. Қазір көптеген қызметтердің _________________ мобильді банкинг арқылы төлеп жүрміз. 

[3]

Сөздер: үнемдеуге / есеп-қисабында / ақысын

  1. Екі сұхбат берушінің көзқарастарын салыстырыңыз. Ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңыз. Жауаптарыңызды сөз тіркесімен беріңіз.

Сұхбат берушілер пікірі [1]

1-сұхбат беруші

2-сұхбат беруші

Ұқсастығы [1]

Айырмашылығы [1]







[3]

3.Берілген сөйлемді мәтінмен байланыстыра отырып, 2-3 сөйлеммен толықтырыңыз. Цифрландырудың халыққа берер пайдасы көп. Себебі ...

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

[2]

4. «Электронды қызметтер еліміздің барлық түкпірін қамтамасыз ету үшін интернет байланысы халықтың барлық санаты үшін қолжетімді болса дұрыс болар еді» деген сөйлемде сұхбат беруші не айтқысы келді деп ойлайсыз? Ойыңызды 2-3 сөйлеммен білдіріңіз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

[2]

Оқылым



Денсаулыққа арналған пайдалы кеңестер

   Адам үшін денсаулықтан артық байлық жоқ. Бақыттың 90 пайызы дұрыс денсаулықта екенін ұмытпаңыз. Осы орайда, назарларыңызға денсаулыққа қатысты пайдалы кеңестер тізбегін ұсынамыз.

Суды көбірек ішіңіз

Ағзаны қалпында ұстау үшін күніне 2 литр су ішу керек. Одан артық ішудің қажеті жоқ. Екі литрден артық су ішсеңіз, су ағзадағы зиянды бактериялармен бірге пайдалысын да алып кетуі мүмкін. Егер нақтырақ айтатын болсақ, әр адам өзінің бір келі салмағына 30 мл су ішкен дұрыс. Мысалы, сіздің салмағыңыз 70 келі болса, онда күніне екі литр су ішесіз. Ал салмағыңыз 80 келі болса, 2,5 литр су пайдаланасыз.

Жаңғақ жеңіз, ол өмірді ұзартады

Жаңғақты күн сайын жесеңіз де артық емес. Өйткені, оның құрамында Е дәрумені бар. Сондай-ақ, жаңғақ адам ағзасының қартаю процесін баяулатады. Ең пайдалы жаңғақ деп грек жаңғанын атауға болады. Грек жаңғанын күніне 100 грамнан артық жемеңіз, өйткені, шамадан тыс жеудің де өзіндік проблемалары болуы мүмкін. Күнбағыс шемішкесін де аздаған мөлшерде пайдаланған денсаулыққа қауіпті емес. Тек тісіңізді сақтау үшін оны қолмен шағыңыз.

(156 сөз)

http://zhambylnews.kz/pajdaly-ke-ester/72845-densauly-a-arnal-an-pajdaly-ke-ester.html



1.Мәтіннен 1 негізгі және оны толықтыратын 2 қосымша ақпаратты анықтаңыз

[3]

Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат

1.

1.



2.







2.Мәтінде қандай сөйлем автордың көзқарасын білдіреді?

[1]

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3.Автор идеясын 1 сөйлеммен түсіндіріңіз.[1]_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Жазылым



Екі сұрақтың біреуін таңдап, жауап жазыңыз. Өз жауабыңызды тиісті стильге келтіріңіз. Қай сұраққа жауап беретініңізді көрсетіңіз. Тиісті шаршыға қанат белгісін () қойыңыз.

[10]




1




2





1. «Өз денсаулығың – өз қолыңда» деген тақырыпта дискуссивті эссе жазыңыз. Жазба жұмысында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын, құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз.



2. «Қазақстандағы сандық сауаттылықты көтерудің халық үшін қандай тиімділігі бар?» деген тақырыпта аргументативті эссе жазыңыз. Жазба жұмысында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын, құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз.

Айтылым



Графиктік мәтіндегі ақпараттарды бір-бірімен байланыстыра отырып, ауызша мәтін құраңыз, ортақ идеясын түсіндіріңіз.

[5]

Жастардың денсаулығы – қоғам байлығы





Балл қою кестесі

Тыңдалым

Сұрақ

Жауап

Балл

Жалпы балл

1.есеп-қисабында

2.үнемдеуге

3.ақысын

3

10

2






Білім алушы екі сұхбат берушінің көзқарастарын салыстырып жазады.

3

3

Білім алушының жауабы ескеріледі.

2

4

Білім алушының жауаптары ескеріледі.

2



Оқылым

Сұрақ

Жауап

Балл

Жалпы балл

5

Негізгі ақпарат

Ағзаны қалпында ұстау үшін күніне 2 литр су ішу керек.

Қосымша ақпарат

  1. Екі литрден артық су ішсеңіз, су ағзадағы зиянды бактериялармен бірге пайдалысын да алып кетуі мүмкін.

  2. Күнбағыс шемішкесін де аздаған мөлшерде пайдаланған денсаулыққа қауіпті емес.

Ескерту: білім алушы мәтіндегі басқа да ақпараттарды негізгі және қосымша ақпарат деп қарастыруы мүмкін.

3

5

6

Екі литрден артық су ішсеңіз, су ағзадағы зиянды бактериялармен бірге пайдалысын да алып кетуі мүмкін.

1

7

Автор суды дұрыс мөлшерде ішіп, грек жаңғағын да тұтынған жағдайда адамның денсаулығы жақсы болатындығын жеткізгісі келген.

1

Жазылым

Сұрақ

Жауап

Балл

1

жанрлық ерекшеліктерін сақтайды;

1

2

тақырыпқа сай лексикалық минимумды қолданады;

1

3

ұсынылған клишелерді қолданады;

1

4

көркемдегіш құралдарды қолданады;

1

5

ойын құрмалас сөйлемдермен жеткізеді;

1

6

аргументтер мен фактілік деректер келтіреді;

1

7

тақырыпты ашады;

1

8

мәтін құрылымын сақтайды;

1

9

орфографиялық нормаға сай жазады;

1

10

пунтуациялық нормаға сай жазады.

1

Барлығы:

10

Айтылым


Сұрақ

Жауап

Балл

1

графиктік мәтіндерге ортақ ой айтады;

1

2

әр мәтіндегі ақпараттың ерекшелігін айтады;

1

3

негізгі идеясын түсіндіреді;

1

4

ойын логикалық бірізділікпен жеткізеді;

1

5

орфоэпиялық нормаға сай сөйлейді.

1

Барлығы:

5






































































Павлодар облысының білім беру басқармасы

10-сыныптарға арналған қазақ тілі мен әдебиеті бойынша

жазбаша жұмыс(Т2)

ІІ нұсқа



Тыңдалым

Қазіргі әлемде жай ғана сауаттылық жеткіліксіз болып қалғаны бәрімізге мәлім. ХХІ ғасыр – технология ғасыры болғандықтан, Қазақстан әлем бойынша ең жаңа деген оқу формаларын зерттеп, білім саласында үнемі жаңарту жасап келеді. Сұранысқа орай технология даму үрдісінде сауаттылықтың жаңа түрі пайда болуда. Ол-сандық сауаттылық. Сандық сауаттылық жаңа ғасырда өмір сүретін адамның ажырамас бөлшегіне айналды. Сандық сауатты адамды сандық сазамат деп атайды. Сандық құқықтар – жекелеген азаматтардың қолжетімді құқықтарының жиынтығы.

Қазіргі заманғы ақпараттық қоғам біртіндеп Смарт-қоғамға (Smart Society) қадам басып келеді. Ақпараттық технологиялар барлық салаларда кеңінен қолданылуымен ерекшеленеді. Бұның нәтижесінде компьютерлерді қолдауға қатысты мәселелерге көзқарастар түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Осы жағдайлар оқу үрдістеріне де қатысты болып, білім берудің классикалық принциптерінен бас тартпай білім беру жолдары мен әдістерін сапалы өзгерту мүмкіндіктерін туғызады.

Технологияның қарқынды дамуы біздің сөздік қорымызға жаңа ұғымдарды енгізді. Солардың қатарында үлкен де, кіші де жиі қолданатын Смартфон, (Smart-Phone), Smart теледидар (Smart-TV) т.б. атауға болады. Сонымен «Smart» дегеніміз не? Smart ағылшын тілінен аударғанда «ақылды» деген мағынаны білдіреді. Ал технологиялық сипатта да осы мағынада жұмсалады. Яғни, ақылды технология, ақылды техника, пайдалануға ыңғайлы, мейлінше ықшам, көп функциялы құрылғыларды атаймыз.

Smart оқыту – оқытудың жаңа түрі, қарқынды дамып келе жатқан бірегей үдеріс. Бұл әлеуметтік желілер арқылы білім алу, алмасу, жеке тұлғалық ерекшеліктерді ескере отырып оқыту қызметі, оқушыға бағытталған, бағдарланған, орталықтандырылған оқыту ортасы, ең соңында Smart құрылғыларды пайдалана отырып оқыту деген тұжырымдарды қамтиды.

(133 сөз)

http://zkoipk.kz/qz/smartconf2017/3-section/3581-conf.html



  1. Көп нүктенің орнын қажетті сөздермен толықтырыңыз.

[3]

Сөздер: сандық/азамат/интернет картасы/ тиімді пайдалануға



    1. Сандық сауатты адамды _____________________________ деп атайды.



    1. Интернет арқылы______________пайдалана алу да кіреді.

    2. Сандық сауаттылық ұғымы азаматтардың ресурстарды __________________ тікелей байланысты.



2.Мәтіндегі мәліметті (Смарт қоғам. Смарт оқыту) салыстырыңыз. Ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңыз. Жауаптарыңызды сөз тіркесімен беріңіз.

[3]



Автор пікірі [1]



Үқсастығы [1]

Айырмашылығы [1]









  1. Сіз қай көзқарасты жақтайсыз? Неге? Мәтінмен байланыстыра отырып, көзқарасыңызды 2-3 сөйлеммен білдіріңіз.

[2]



______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



  1. «Сандық сауаттылық-уақыт сұранысы ма?» деген сауалға ойыңызды 2-3 сөйлеммен білдіріңіз.

[2]



_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Оқылым

Бүгінде Қазақстан қоғамында білімді ақпараттандыру ісі қарқынды жүріп жатыр. Компьютерді және басқа да ақпараттық технологияларды пайдалану дағдысын меңгеру қазіргі өмірдің ажырамас бөлігі болып тұр. Қазір адамдар қызмет орнында да, үйде де компьютермен жұмыс істей береді. Оның өмірімізге, кеңінен енгені соншалықты, бала біткен ойыншықпен емес, компьютермен ойнап, өзінің өмір танымын ғаламтордағы желі ішінде қалыптастырады.
Жасөспірім балалар компьютер алдында қанша уақыт отыру қажет, адамға компьютердің қандай зиянды әсері бар?

Компьютерге 1 - 2 сағаттан артық отырмайды. Жұмыс барысында мүмкіндігінше, 5 - 10 минут үзіліс жасап тұрады. Клавиатурадағы төмен диапазоннан тарайтын электромагниттік сәулелер саусақ арқылы ағзаға әсер ететін көрінеді. Нәтижесінде, компьютермен көп жұмыс істеген адам жүйке ауруына ұшырайды.

Мобильді телефондар, смартфондар, қалт акомпьютерлері кеңседе де, одан да тыс жерлерде де, жай өмірде де, қысылтаяң күтпеген кезеңде де қолдан түспейді. Қазақстанда ұялы байланыс 1998 жылдан бері қолданыста жүр. 15 миллион 300 мың халқы бар Қазақстанның 5 миллион 600 мың тұрғыны ұялы байланыс құралын тұтынушылар санатына кіреді. Болжамдар бойынша 2014 жылы Қазақстанда әрбір екі адамның бірі ұялы байланыс қызметін пайдаланады.Ал оның адам ағзасына тигізетін зиянды әсері туралы не білеміз? Ұялы байланыс қызметі жылдам өркендеп келе жатқан елдердің алдыңғы қатарында Қытай, Үндістан, Ресей, АҚШ, Пәкістан, Украина елдері келе жатыр. Тұтынушылардың санының артуымен бірге, ұялы байланыс индустриясы да ерекше қарқын алды.

(203 сөз)

http://bilimdiler.kz/tarbie-sagaty/3373-akparattandyru-tehnologiyasynyn-paydasy-zhane-ziyany.html

1.Мәтіннен 1 негізгі және оны толықтыратын 2 қосымша ақпаратты анықтаңыз

[3]





Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат

1.

1.



2.







2.Мәтінде қандай сөйлем автордың көзқарасын білдіреді?

[1]

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3.Автор идеясын 1 сөйлеммен түсіндіріңіз.

[1]

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



Жазылым



  1. Екі сұрақтың біреуін таңдап, жауап жазыңыз. Өз жауабыңызды тиісті стильге келтіріңіз. Қай сұраққа жауап беретініңізді көрсетіңіз. Тиісті шаршыға қанат белгісін () қойыңыз.



1


2




  1. «Дені сау ұрпақ-қоғам байлығы» деген тақырыпта дискуссивті эссе жазыңыз. Жазба жұмысында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын, құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз.



  1. «Халықтың сандық сауаттылығының даму қарқыны» деген тақырыпта аргументативті эссе жазыңыз. Жазба жұмысында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын, құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз.



[10]



Айтылым



  1. Графиктік мәтіндегі ақпараттарды бір-бірімен байланыстыра отырып, ауызша мәтін құраңыз, ортақ идеясын түсіндіріңіз.



[5]

Дені сау ұрпақ - ел болашағы

















Балл қою кестесі

Тыңдалым



Сұрақ

Жауап

Балл

Жалпы балл

1

  1. сандық сазамат

  2. интернет картасы

  3. тиімді пайдалануға

3

10

  1. Мәтіндегі мәліметті (Смарт қоғам. Смарт оқыту) салыстырыңыз. Ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңыз. Жауаптарыңыздысөзтіркесіменберіңіз.


Ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды. Білім алушы жауабы ескеріледі.

3

  1. Сіз қай көзқарасты жақтайсыз? Неге? Мәтінмен байланыстыра отырып, көзқарасыңызды 2-3 сөйлеммен білдіріңіз.


Мәтінге байланысты өз көзқарасын білдіреді. Білім алушы жауабы ескеріледі.

2

  1. «Сандық сауаттылық-уақыт сұранысы ма?» деген сауалға ойыңызды 2-3 сөйлеммен білдіріңіз.


Берілген сауалға байланысты өз ойын 2-3 сөйлеммен білдіреді.Білім алушы жауабы ескеріледі.

2



















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!