жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
10 саны
9 орта мектеп МКМ
Ашық ұйымдастырылған іс-әрекеті
Бөлімі: Математика негіздері
Тақырыбы: 10 саны
Мектепалды сыныбының мұғалімі: Ысқақ А.Е.
2026-2027 оқу жылы
Бөлімі: Математика негіздері
Тақырыбы: 10 саны
Мақсаты: 10 санының таңбасымен таныстыру. 10 санының құрамын анықтау. Балалардың жылдамдықтарын, ойшылдық, сауаттылық қасиеттерін дамыту. Шығармашылық еңбек етуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Әрекеткезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Шаттық шеңбері: Жарқырап күн ашылды, Айналаға нұр шашылды Қайырлы таң, қайырлы күн! Мен көңілді баламын, шырқап әнге саламын! Педагог: балалар сендер ертегі тыңдағанды ұнатасыңдарма? Олай болса мүқият тыңдаңдар: Ерте-ерте, ертеде, сандар әлі кіп-кішкентай және олардың саны өте аз болған заманда, Мәнді Математика елінде тоғыз ағайынды өмір сүріпті. Олар: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 және 9 екен. Бұл
сандардың ішіндегі ең үлкені, ең
еңселісі әрі мақтаншағы 9
болыпты. Ол үнемі кеудесін қағып: Әсіресе,
ең кішкентай, нәзік әрі жалғыз жүретін
1
санына
күн көрсетпепті. Бір күні 1 саны қатты мұңайып, жалғыздықтан жалығып, жолға шығады. Ол өзіне дос іздеп жүріп, Математика елінің шетінде орналасқан үнсіз, жұмбақ бір мекенге тап болады. Ол жерде ешқандай мәні жоқ, бос дөңгелек сияқты 0 (Нөл) өмір сүреді екен. Нөл
өте көңілсіз отырады. Сонда
мейірімді 1 саны оны жұбатып: Нөл қуанып кетіп, 1-дің қасына тұра қалады. Содан, олар қол ұстасып, қатар тұрған сәтте ғажайып бір сиқыр орындалады! Олар бұрын-соңды бұл елде болмаған, өте айбатты, ерекше әрі алып 10 (Он) санына айналады! Бұл елдегі ең алғашқы екі таңбалы сан еді. Олар
Математика елінің орталығына қайтып
оралады. Мақтаншақ 9 саны оларды көріп,
көзі шарасынан шыға жаздайды. Сол күннен бастап 9 өзінің қателігін түсініп, мақтануын қояды. Ал Математика еліндегі барлық сандар бірлік пен достықтың күші қандай болатынын ұғынады. Қарапайым 1 мен Нөлдің достығынан пайда болған 10 саны жаңа, үлкен сандар әлеміне жол ашыпты. Бүгін сендермен қандай санмен таныстық? Қане, 10 санын ауада жазып көрейікші? |
Шаттық шеңберін жасайды
Ертегіні тыңдайды
Балалар өз түсінгендерін айтады
|
Ұйымдастыру ізденіс |
«Көңілді трактор» ойыны Шарты: Балалар жануарлар мен құстардың дауыстаған дыбыстарын тыңдап санайды. Педагог: Балалар 10 саны осылайша пайда болыпты, 10 санының құрамында 10 бірлік болады екен. Бізге көңілді трактор қонаққа келіп қалыпты, сол бірліктерді тракторға санауға көмектесейікші, оның арбасындағы жануарлар мен құстар неше рет дыбыстайды екен, санап көрейікші? Мұқият тыңдайық. Енді реті бойынша тура және кері санайық.
Жұмыс дәптеріндегі №1 тапсырма. Педагог: сақина мен шеңбердің санын санайықшы? 10 болу үшін не істейміз? Балалар, жұмыс дәптеріндегі суретке мұқият қарайық? Не бейнеленген? Жарайсыңдар, отбасында боялған барлығы неше адам бар екен? Оған немере қызын бояп қоссақ отбасында барлығы неше адам болады? Сергіту сәті: 1 саусақ, 1 саусақ Айнал, айнал, айнал Ұлу бол да сырғы, сырғы, сырғы Екі саусақ, екі саусақ Айнал, айнал, айнал Қоян бол да секір, секір,секір Үш саусақ, үш саусақ Айнал, айнал, айнал Мысық бол, мияу, мияу, мияу Төрт саусақ, төрт саусақ Айнал, айнал, айнал Көбелек бол да қалқы, қалқы, қалқы Бес саусақ, бес саусақ Айнал, айнал, айнал Арыстан бол, ар, ар, ар
Педагог: балалар, жақында бізде қандай мереке болады? Республика күні, жарайсыңдар! Осы мерекеге орай көңілді тракторымыздың сендерге арнаған тапсырмасы бар екен, қане орындап көрейік. «Кім жылдам?» ойыны Шарты: жолақтар астындағы санын орналастыра отырып пазллды жылдамдыққа құрастырып шығады. Шыққан суретті атайды, мазмұнын баяндайды.
Ойын: «Жапырақтарды тізіп шық» Шарты: әр бала шпательге 10 жапырақтан санап, орналастырады, бір-бірінің қателерін тексереді. |
Тыңдап, жауап береді
Тапсырма орындайды
Сергіту сәтін қимылмен жасайды
Тапсырма орындайды
|
Рефлексиялық түзету |
«Ашық микрофон». Балалар педагогтың сұрақтарына жауап береді: -
1ден 10-ға дейін тура саны - 10 саны қанша бірліктен тұрады? -
10 санының алдында қандай сан
тұрады? Көңілді трактордың бағдаршамы: кері байланыс Ұнаса жасыл түсті көтереді, ұнамаса қызыл түсті дөңгелекті көтереді, жартылай ұнаса сары түсті дөңгелекті көтереді.
|
Сұрақтарға жауап береді, кері байланыс жасайды.
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген