400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

10 саны. ҚМҰҚ. Мектепалды даярлық сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
10 санының жазбасын заттардың санымен сәйкестендіруге үйрету; заттарды санау және ретімен санау, тура және кері санау дағдыларын жетілдіру; 10 санын дұрыс тануға 1 және 0 цифрларымен бейнелеуге үйрету; зейін мен ойлауды дамыту. Есте сақтау, сөйлеу, назар аудару дағдыларын дамыту. Шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру салалары: таным, коммуникация.

Бөлімі: ҚМҰҚ.

Тақырыбы: 10 саны

Мақсаты: 0 және 10 санымен және олардың жазылуымен таныстыру.

Міндеттері:10 санының жазбасын заттардың санымен сәйкестендіруге үйрету; заттарды санау және ретімен санау, тура және кері санау дағдыларын жетілдіру; 10 санын дұрыс тануға 1 және 0 цифрларымен бейнелеуге үйрету; зейін мен ойлауды дамыту. Есте сақтау, сөйлеу, назар аудару дағдыларын дамыту. Шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер: 0 және 10 сандарын, 0 цифрын жазуды. игереді: заттардың санын және осы санды белгілейтін цифрды. 10 заттан тұратын топтарды табады, 0 цифрын таниды.

Қажетті материалдар: полотно жиынтығы, №1жұмыс дәптері, қима фигуралар. Сөздік жұмыс: нөл, он саны. ҰОҚ-нің барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі

– Бүгін бізге спортшылар (9 бала) келді. Бірақ балалар өз орындарын таба алмады. Оларға өз орындарын табуға көмектес. Терме полотнода (тақта) балалар спортшыларды нөмірлері бойынша орналастырады. Ойын жағдаятына қызығушылық танытады. Ойыншының қате нөмірін табуға қатысады.

2. Негізгі кезең

– Біз 0 рет секіре аламыз ба? 0 рет қол соға аламыз ба?

Неліктен? Өйткені енді ол 10 болады. Педагог бірліктің жанына нөлді қойып, сұрақ қояды:

– Мына санды жазу үшін неше цифрды пайдаландық?

– Адамның қолдарында неше саусақ бар? 10 санын үшбұрыш пішінінде орналастырылған нүктелер арқылы бейнелеуге болады. Бұл санды үшбұрышты сан деп атауға болады.

Топтық жұмыс.

Сергіту сәті. Иығыңды көтер,

Шегірткедей секір.

Түрлі түсті етікпен 1

0 рет секір екі аяқпен.

Ал енді оң аяқпен

Соқпақ жолмен,

Одан кейін сол аяқпен

Соқпақ жолмен.

Иықтарын көтереді.

Екі аяқпен 10 рет секіру.

Оң аяқпен 10 рет секіру.

Сол аяқпен 10 рет секіру.

2-тапсырманы орындауды ұсынады. Тапсырманы оқып, орындауға уақыт береді.

3-тапсырманы өз беттерімен орындау ұсынылады.

4-тапсырманы ұсынады. Вагондардың нөмірлерін жапсыру қажет. Суретке қарап, сұрақтарға жауап береді. 2 цифрды. Екі қолда 10 саусақ бар. 10 дөңгелекті санап, үшбұрыш құрады. 35 Қимылдар жасайды. 2-тапсырманы дәптерде орындайды. Ойыншыларды рет-ретімен сызып қосады. Вагондардың нөмірлерін жапсырады.

3. Рефлексия . Оқу қызметін қорытындылайды. Балаларды көтермелейді. Оқу қызметінде ненің ұнағаны туралы айтуды сұрайды. Әсерлерімен бөліседі.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 наурыз
637
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі