жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
10 сынып алгебра 2-тоқсан тжб

«Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен
тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы
10-сынып
(қоғамдық-гуманитарлық бағыты)

2
Мазмұны
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты .............................................................................. 3
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар ..................................... 3
3. Күтілетін нәтижелер ................................................................................................................... 3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі ................................................................................................... 4
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды
бөлу ...................................................................................................................................................... 6
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі ......................................................................................... 6
7. Модерация және балл қою ......................................................................................................... 6
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛ АУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ............................. 7
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ........................... 14
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ........................... 19
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ........................... 25

3
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында
меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу
мақсаттарына жеткендігін тексереді.
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық -гуманитарлық бағыттағы 10-11
сыныптарына арналған «Алгебра және анализ бастамалары» оқу пәні бойынша үлгілік оқу
бағдарламасы
3. Күтілетін нәтижелер
Біледі:
- көрсеткішті, логарифмдік функциялардың анықтамаларын, олардың қасиеттерін
және графиктерін;
- күрделі функция ұғымын; кері функция ұғымын; кері тригонометриялық
функциялардың анықтамаларын;
- тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу
әдістерін; рационал және иррационал теңдеулерді шешу әдістерін;
- рационал теңсіздіктерді шешу тәсілдерін;
- статистиканың негізгі ұғымдарын; дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамалар
ұғымдарын;
- фунцияның нүктедегі және шексіздіктегі функция шегінің анықтамаларын;
- нүктедегі және жиындағы функция үзіліссіздігінің анықтамаларын;
- функцияның туындысының анықтамасын; функцияның графигіне жүргізілген
жанаманың теңдеуін;
- алғашқы функцияның, анықталмаған және анықталған интегралдың алғашқы
функцияларының анықтамаларын;
- анықталған интегралдың көмегімен жазық фигураның ауданын және дененің
көлемін табу формулаларын.
Түсінеді:
- бір айнымалысы бар көпмүшенің стандарт түрде жазылуын;
- "бас жиынтық", "таңдама", "дисперсия", "стандартты ауытқу" терминдерін;
- туындының геометриялық және физикалық мағыналарын;
- интегралдауды дифференциалдауға кері процесс ретінде.
Қолданады:
- тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу
алгоритмдерін;
- иррационал теңдеулерді шешу алгоритмін;
- функцияның күдікті нүктелері мен экстремум нүктелерін, кему және өсу аралықтарын
табу тәсілдерін;
- туындыны табуда дифференциалдау техникасы мен туындылар кестесін;
- анықталған интегралды табуда интегралдар кестесі мен Ньютон -Лейбниц
формуласын.
Талдайды:
- графигі бойынша функцияның қасиеттерін талдайды;
- геометриялық және физикалық мазмұндағы есептерді талдайды және ол есептерді

4
туындының және/немесе интегралдың көмегімен шығарады;
- кездейсоқ шамалардың типтерінің өзгешеліктерін талдайды және дискретті кездейсоқ
шаманың сандық сипаттамаларын.
Жинақтайды:
- тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің
түрлі әдістерін;
- иррационал теңдеулерді шешудің әдістерін;
- нақты құбылыстар мен процестердің ықтималдық модельдерін.
Бағалайды:
- тригонометриялық, көрсеткіштік, логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктердің
шешімдерін;
- иррационал теңдеулердің шешімдерін; статистикалық мәліметтердің
вариацияларының көрсеткіштері мәндерін.
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Сипаттама Ұсынылатын
тапсырмалар
түрлері
Білу және түсіну - арксинус, арккосинус, арктангенс,
арккотангенс анықтамаларын білу және
олардың мәндерін таба білу;
- туындының физикалық мағынасын
білу;
- дискретті және үзіліссіз кездейсоқ
шамалардың анықтамаларын білу және
оларды ажырата алу.
Деңгейді тексеру
үшін көп таңдауы бар
тапсырмалар (КТБ)
және/немесе
қысқа жауапты (ҚЖ)
қажет ететін
тапсырмаларды
пайдалану
ұсынылады
Қолдану - функция графигіне түрлендірулер
орындай алу (параллель көшіру, сығу
және созу);
- функция қасиеттерін анықтай алу;
- функцияның берілген графигі бойынша
оның қасиеттерін:
1) функцияның анықталу облысы;
2) функцияның мәндер жиыны;
3) функцияның нөлдері;
4) функцияның периодтылығы;
5) функцияның бірсарындылық
аралықтары;
6) функцияның таңбатұрақтылық
аралықтары;
7) функцияның ең үлкен және ең кіші
мәндері;
8) функцияның жұптылығы,тақтылығы;
9) функцияның шектелгендігі;
10) функция үзіліссіздігі;
11)функцияның экстремумдары
сипаттай алу;
Деңгейді тексеру
үшін қысқа жауапты
(ҚЖ) қажет ететін
тапсырмаларды
және/немесе толық
жауапты (ТЖ) қажет
ететін
тапсырмаларды
пайдалану
ұсынылады

5
- f(g(x)) күрделі функциясын ажырата
білу және функциялар композициясын
құру;
- тригонометриялық функциялардың
графиктерін түрлендірулер көмегімен
сала білу;
- құрамында кері тригонометриялық
функциялары бар өрнектердің мәнін
табу;
- тригонометриялық теңдеулерді
көбейткіштерге жіктеу арқылы шеше
алу;
- квадрат теңдеуге келтірілетін
тригонометриялық теңдеулерді шеше
алу;
- қарапайым тригонометриялық
теңсіздіктерді шеше алу;
- ықтималдықтар қасиеттерін қолданып,
кездейсоқ оқиғалардың ықтималдығын
есептеу;
- ықтималдықтарды қосу және көбейту
ережелерін:
* P(A ∙ B) = P(A) ∙ P(B);
* P(A + B) = P(A) + P(B);
* P(A +B) = P(A)+P(B)- P(A∙B) түсіну
және қолдану;
- тұрақты функцияның және дәрежелік
функцияның туындыларын табу;
- дифференциалдаудың ережелерін білу
және қолдану;
- функция графигіне жүргізілген
жанаманың теңдеуін құрастыру;
- туындының көмегімен функция
қасиеттерін зерттеу және оның графигін
салу;
- кейбір дискретті кездейсоқ шамалардың
үлестірім заңы кестесін құру;
- дискретті кездейсоқ шаманың
математикалық күтімін есептеу;
- дискретті кездейсоқ шаманың
дисперсиясы мен орташа квадраттық
(стандартты) ауытқуын есептеу.
Жоғары деңгей
дағдылары
- туындының физикалық мағынасына
сүйене отырып, қолданбалы есептер
шығару;
- функцияның ең үлкен (ең кіші)
мәндерін табуға байланысты
қолданбалы есептер шығару;
- дискретті кездейсоқ шамалардың
сандық сипаттамаларын қолдану
арқылы есептер шығару.
Деңгейді тексеру
үшін қысқа жауапты
(ҚЖ) қажет ететін
тапсырмаларды
және/немесе толық
жауапты (ТЖ) қажет
ететін
тапсырмаларды
пайдалану
ұсынылады

6
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды
бөлу
Тоқсан Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей
дағдылары
I 14% 86% 0%
II 0% 100% 0%
III 14% 57% 29%
IV 20% 60% 20%
Барлығы 12% 76% 12%
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Жиынтық бағалауды орындауға ой салатын кез келген көрнекі материалдар:
диаграммалар, схемалар, постерлер, плакаттар және карталар жабылған оқу кабинетінде
өткізіледі. Жиынтық бағалау алдында нұсқаулық оқылады және білім алушыларға жұмысты
орындауға қанша уақыт бөлінгендігі хабарланады.
Жұмысты орындау барысында білім алушыларға бір бірімен сөйлесуге болмайды.
Жұмысты орындар алдында білім алушылардың нұсқаулық бойынша сұрақтарды қою
құқығы бар.
Білім алушылар өз бетімен жұмыс жасауға міндетті, бір біріне көмектесуге құқықтары
жоқ. Жиынтық бағалау уақытында білім алушыларға қосымша ресурстар: оларға көмек
болатын сөздік немесе анықтамалық құралдар (егер, спецификация бойынша ресурсқа рұқсат
берілмесе) қолжетімді болмауы қажет.
Шешу жазбалары ұқыпты болуы қажет. Білім алушыларға дұрыс емес жауаптарды
өшіргішпен өшіргеннің орнына сызып тастауға болады.
Жиынтық бағалауға берілген уақыт аяқталысымен, білім алушылар жұмысты
уақытында аяқтап және қаламдарын\ қарандаштарын партаға қоюы қажет.
7. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін
балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

7
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы - 45 минут
Балл саны – 20
Тапсырма түрлері:
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты сұрақтарды қамтитын 6 тапсырмадан
тұрады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушылар есептелген мәні, сөздер немесе
қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушыдан максималды балл жинау үшін
тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі. Білім алушының
математикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма
бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

8
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім Тексерілетін мақсат Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
саны*
№
тапсырма
*
Тапсырма
түрі*
Орындау уақыты,
мин*
Балл*
Бөлім
бойынша
балл
Функция, оның
қасиеттері және
графигі
10.3.1.2 Функция графигіне
түрлендірулер орындай алу (параллель
көшіру, сығу және созу)
Қолдану 1 1 ТЖ 6 3
11
10.1.1.3 функция қасиеттерін анықтай алу
10.3.1.4 функцияның берілген графигі
бойынша оның қасиеттерін:
1) функцияның анықталу облысы;
2) функцияның мәндер жиыны;
3) функцияның нөлдері;
4) функцияның периодтылығы;
5) функцияның бірсарындылық
аралықтары;
6) функцияның таңбатұрақтылық
аралықтары;
7) функцияның ең үлкен және ең кіші
мәндері;
8) функцияның жұптылығы,тақтылығы;
9) функцияның шектелгендігі;
10) функция үзіліссіздігі;
11) функцияның экстремумдары сипаттай
алу
Қолдану 1 6 ТЖ 12 5
10.3.1.6 f(g(x)) күрделі функциясын
ажырата білу және функциялар
композициясын құру
Қолдану 1 3 ТЖ 6 3
Тригонометриялық
функциялар
10.1.3.2 тригонометриялық
функциялардың графиктерін
түрлендірулер көмегімен сала білу
Қолдану 1 5 ТЖ 11 4 9

9
10.1.3.3 арксинус, арккосинус,
арктангенс, арккотангенс анықтамаларын
білу және олардың мәндерін таба білу
Білу және түсіну 1 2 ҚЖ 4 2
10.1.3.4 құрамында кері
тригонометриялық функциялары бар
өрнектердің мәнін табу
Қолдану 1 4 ТЖ 6 3
Барлығы 6 45 20 20
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер

шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген