10-сынып алгебра курыс КТП

Тақырып бойынша 31 материал табылды

10-сынып алгебра курыс КТП

Материал туралы қысқаша түсінік
10-сынып алгебра курыс КТП
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түсінік хат

«Математикалық сауаттылық»  қолданбалы курсы жоғары сынып оқушыларын таңдау сабақтарымен  қамтамасыз ету үшін құрылған. Осы курс жоғары сынып оқушыларының  кәсіби дайындық міндеттерін  жүзеге асыруға көмектеседі. Курс 34 сағаттан  есептеліп, 10-сынып оқушыларына  арналған.

Курс мазмұны қазіргі таңдағы еліміздегі өзгерістер, тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыттары және қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы, қарқындылығы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Білім берудің жаңа үлгісін ендіру тұлғаны дамыту үдерісі ретінде тәрбиеге басты назар аударылуда. Оқушылардың мектепте алған білімдері мен тәжірибелерін  өмірде қолдана ала ма?-  деген сұраққа жауап іздеу. Оқушылардың білім жетістіктерін зерттеу негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: математикалық сауаттылық,жаратылыстану сауаттылығы, оқу сауаттылығы.  

Елбасы Н. Назарбаев 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»  атты  Қазақстан халқына Жолдауында «Білім жүйесі тек білім ғана емес, сонымен қатар, оны әлеуметтік бейімделуде қолдану білігін беруі тиіс», − деп атап көрсетілген. Жолдауда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Қазіргі таңда оқушының өзін-өзі дамытуға, алған теориялық білімдерін өмірмен байланыстыруға, оны қолдана білуге бағытталған жұмыстарға көңіл бөлінуде. Елбасының тапсырмасы бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген.

Функционалдық сауаттылық дегеніміз - адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде  Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.

 Бүгінгі  күн талабына  сай жан-жақты дамыған, белсенді, өмірге талпынысы, қызығушылығы  бар  адамды  мектеп табалдырығынан дайындап  шығарудың  ең бір тиімді тәсілі  ол – оқытудағы математикалық сауаттылық.

Математикалық сауаттылық

- математиканың әлемдегі рөлін анықтау және түсіну;

- әртүрлі формада берілген сандық ақпараттарды оқу, талдау, түсіндіріп беру;

- дұрыс негізделген математикалық пайымдаулар айту;

- есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру;

- математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелерді шешуде еркін қолдану.

Оқушылардың математикалық сауаттылығының қалыптасуы «математикалық құзыреттiлiктiң» даму деңгейлерімен (танымдық салалармен)  сипатталады:

-   білу (еске түсіру);

-   қолдану (байланыстарды орнату);

-   ойлау (пайымдау).

Математикалық құзыреттілік – нәтижелерді түсіндіру, талдау және түрлендіру, математикалық модель құрастыру, қатынастарды анықтау, шынайы өмірде пайда болған мәселелерді шешу үшін математиканы дәлме-дәл қолдану қабілеттілігі.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар: «Алған білімдері мен біліктерін практикалық қызметтерінде және күнделікті өмірлерінде:

- қажеттілігіне қарай анықтамалық материалдарды және қарапайым есептеуіш құралдарды пайдаланып, формулалар бойынша тәжірибелік есептеулер жүргізу;

- ең қарапайым математикалық моделдерді құрастыру және зерттеу;

- нақты байланыстарды функцияның көмегімен суреттеу және зерттеу, оларды график түрінде беру; нақты үдерістердің графиктерін түсіндіру;

- геометриялық, физикалық, экономикалық және т.б. мазмұнды қолданбалы есептерді шешу;

- диаграмма, графиктер, статистикалық сипаттағы ақпараттарды, сандық мәліметтерді танып білу, талдау;

- оқып игерілген формулалар мен фигуралардың қасиеттері негізінде қарапайым тәжірибелік жағдайларды зерттеу (моделдеу);

- шынайы объектілердің ұзындықтарын, аудандарын және көлемдерін есептеу».

Нәтижелі шешу тәсілін таңдау; математикалық ақпаратты талдау және көрсету; модельдеу; тізбекке байланысты тапсырмаларды орындау; стандартты есептерді шешу.

Сондықтан бұл курсты  оқу кезінде  жоғары сынып  оқушыларының математикалық білімге  қызығушылығын  және сұранысын неғұрлым толық қанағаттандыруға  мүмкіндік береді. Курс ҰБТ-ке даярлық негізінде құрылған. Тест есептерінде ең жиі кездесетін математикалық сауаттылықа арналған есептер.. Себебі көптеген  құбылыстар математикалық сауаттылық  арқылы сипатталады. Мәтінді есептер  ,қозғалысқа байланысты есептер,комбинаторика және ықтималдыққа берілген есептер осы математикалық сауаттылыққа байланысты беріледі .Сәйкестендіру мен салыстырулар ,диаграмма ,график және кестелер арқылы берілген есептер әр түрлі жолмен шешуді талап етеді. Геометрия мен  физика пәндерінде бұл білік қажет болады.


Дәстүрлі емес жағдайларда  алған білімдерін  қолдана білуге, өмірлік жоспарларын  іске асыруда  жоғары сынып  оқушыларының  білім алуында  «Математикалық сауаттылық » маңызды орын алады.

Басқа жағынан алғанда, бұл курс орта мектептері  түлектеріне теңдеу шешуге  қажетті және жеткілікті  білім жинақтауға  мүмкіндік бере отырып, математика негізгі пән болып келетін  ҰБТ  есептерін шығаруға дайындық болып табылады.

Кәсіптік курсты енгізу мақсаты, курс мазмұны , оқуды ұйымдастыру, практикалық  сабақтар арқылы оқушыға өз қабілетін , білім  алу жолындағы  көзқарасын бағалай білуге және оған жоғары деңгейде жұмыс жасауға жол ашады.


Қолданбалы курс жоғары  сынып оқушыларының  ой-өрістерін  мазмұнын дамытады., жаратылыстану-математикалық  циклына жататын пәндердің оқу мазмұнының  маңыздылығын арттыра түседі.

Бағдарламада ұсынылып отырған  тапсырмалар, зерттеуге бағытталған  және ұтымды ойлау дағдыларын дамытуға әсер етіп, нәтижесін болжай білу қабілетін қалыптастырады.


«Математикалық сауаттылық» курсы тарауларға бөлінген, олардың әрқайсысы арнайы теңдеулер және теңсіздіктер түрлерін қамтиды. Берілген курста «Математикалық сауаттылық» бойынша теориялық және практикалық білім, білік негіздері жүйеленіп, кіріспе ретінде әр түрлі өрнектерге түрлендірулер, формулалар қарастырылады.

Барлық тапсырмалар мәселелі және өзіндік жұмыстарды қамтуы тиіс. Курстың жақсы меңгерілгені оқушының өзіндік шығармашылық жұмысымен анықталады. Ойдағыдай ұйымдастырылған сабақтар курс мақсатын іске асыруға көмектеседі. Курс тақырыбы бойынша өз жобасын қорғау не болмаса сынақ жұмысы, қорытынды тест тапсыру тексеру түрі бола алады.


Оқытылатын курс бағдарламасы

І тарау. Логикалық есептер (5 сағ)

  1. Сиқырлы шаршылар ,келесі қандай сан ? адамның жасын есептеуге берілген есептер

таразыға тартып анықтау,өткелге есептер

ІІ тарау. Пропорция және пайыз (10 сағ)

  1. Пайызға есептер ,Пропорцияға арналған есептер

  2. Күрделі пайызға есептер , концентрация мен пайыздық қатынасқа есептер , пайызға және шамаларды салыстыруға берілген есептер .


ІІІ тарау.Мәтінді есептер (6 сағ)

.Қозғалысқа берілген есептер , сандарға ,бөлшекке ,екі таңбалы санға берілген есептер , бірігіп жұмыс істеуге берілген есептер

IV тарау .Комбинаторика есептері және ықтималдық (8 сағ)

  1. Элементар оқиғалар кеңістігі ,оқиғаның ықтималдығы және оның қасиеттері , геометриялық ықтималдық , комбинаторика формулаларын оқиғалардың ықтималдықтарын есептеуге қолдану

V тарау. Күнтізбелік есептер (5 сағ)

.Күнтізбелік есептер ,есептерді граф арқылы шешу











Курстың мақсаттары: “Математикалық сауаттылық» тақырыбы арқылы әлем  құрамы бейнелерінің математикалық тұтастығының  дамуы жөнінде  білімдерін  тереңдету және кеңейту.

Курс міндеттері:

  • «Математикалық сауаттылық» тақырыбы бойынша  білімдерін жүйелеу және тереңдету.

  • Әртүрлі  әдіс –тәсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың есеп шығаруда  практикалық дағдыларын дамыту және  қалыптастыруға жағдай жасау.

  • Шығармашылық және логикалық  ойлауларын дамыту.

  • Өздігінен білім алу және алған білімдері  мен дағдыларын орынды пайдалана білу.

  • Оқушының  математикалық мәдениетін көтеру.

Курсты оқу нәтижесінде оқушылар мыналарды үйренеді:

Дүниетанудағы математиканың ролі, математикалық зерттеу әдістері  туралы  көзқарастарын  қалыптастырады.
Есеп шығарудың  әртүрлі  әдіс –тәсілдері, негізгі  алгоритмдері  туралы білім алады.
Білуі керек:
–   әртүрлі ақпарат көздерімен  жұмыс  жасауға;
–   қорытынды  ой жасау және нәтижені  сараптауды;
–   пікірталасқа қатысу , өз қызметінің нәтижесін  көре білуге ;
–  
есеп шығарудың  ұтымды жолын таңдауды;
–   нәтижесін график арқылы көрсетуді.

Курс мазмұнын меңгеру деңгейіне  қойылатын  талаптар:

Курсты оқу нәтижесінде  оқушылар келесі білім, білік және әдістерді меңгереді:
– Математика нақтыны тану және бейнелеу  әдісі  екендігі  туралы көзқарастары қалыптасады;
– Саралау, салыстыру, теңестіру, жүйелеу,қорытындылауды үйренеді;
– Математикалық әдебиеттермен  өздігінен  жұмыс  жасай алады;
– Стандарттық емес
есептерді шешудің  негізгі әдістерін  біледі, теориялық негізін түсінеді;
– Әртүрлі әдістермен  стандартты емес  теңдеулерді шеше  алады;
– Пікірталасқа қатысып,  өз қызметінің нәтижесін болжай алады;
– Өз қызметіне анализ жасап, жұмыс нәтижесін бағалай алады.

«Математикалық сауаттылық »  факультатив курсы

Күнтізбелікақырыптық жоспар

10 класс – аптасына 1 сағат. Барлығы -34 сағат


Тақырып

Сағат саны

Мерзімі

1

Кіріспе. «Математикалық сауаттылық» Ұйымдастыру кезеңі. Кіру тесті

1

05.09.2020ж


Логикалық есептер

5


2

Сандық тізбектер, келесі қандай сан?

1

12.09.2020ж

3

Таразыға тартып анықтау, өткелге есептер

1

19.09.2020ж

4

Адамның жасын есептеуге берілген есептер

1

26.09.2020ж

5

Тест тапсырмалары

1

03.10.2020ж


Пропорция және пайыз

10


6

Пайызға есептер

1

10.10.2020ж

7

Пайызға есептер

1

17.10.2020ж

8

Пропорцияға арналған есептер

1

24.10.2020ж

9

Пропорцияға арналған есептер

1

31.10.2020ж

10

Күрделі пайызға есептер

1

21.11.2020ж

11

Күрделі пайызға есептер

1

28.11.2020ж

12

Концентрация мен пайыздық қатынасқа есептер

1

05.12.2020ж

13

Концентрация мен пайыздық қатынасқа есептер

1

12.12.2020ж

14

Пайызға және шамалдарды салыстыруға берілген есептер

1

19.12.2020ж

15

Пайызға және шамалдарды салыстыруға берілген есептер

1

26.12.2020ж


Мәтінді есептер

6


16

Қозғалысқа берілген есептер

1

16.01.2021ж

17

Қозғалысқа берілген есептер

1

23.01.2021ж

18

Сандарға ,бөлшекке ,екі таңбалы санға берілген есептер

1

30.01.2021ж

19

Бірігіп жұмыс істеуге берілген есептер

1

06.02.2021ж

20

Бірігіп жұмыс істеуге берілген есептер

1

13.02.2021ж

21

Тест тапсырмалары

1

20.02.2021ж


Комбинаторика есептері және ықтималдық

8


22

Элементар оқиғалар кеңістігі

1

27.02.2021ж

23

Элементар оқиғалар кеңістігі

1

06.03.2021ж

24

Оқиғаның ықтималдығы және оның қасиеттері

1

13.03.2021ж

25

Оқиғаның ықтималдығы және оның қасиеттері

1

20.03.2021ж

26

Геометриялық ықтималдық

1

03.04.2021ж

27

Геометриялық ықтималдық

1

10.04.2021ж

28

Комбинаторлық формулаларын оқиғалардың ықтималдықтарын есептеуге қолдану

1

17.04.2021ж

29

Комбинаторлық формулаларын оқиғалардың ықтималдықтарын есептеуге қолдану

1

20.04.2021ж

30

Тест тапрсырмалары

1

27.04.2021ж


Күнтізбелік есептер

4


31

Күнтізбелік есептер

1

01.05.2021ж

32

Есептерді граф арқылы шешу

1

08.05.2021ж

33

Қорытынды тест тапсырмалары

1

15.05.2021ж

34

Қорытынды тест тапсырмалары

1

28.05.2021ж
















Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Данилюк С.Н. МАТЕМАТИКА: Кәсіптік оқыту. «Келешек-2030» 2008ж

  2. Логикалық есептер«оқу әдістемелік құрал» Қарағанды 2015 ж

  3. KATEV- шың 2009-2010 ж. Алматы 2009

  4. Рустюмова И.П., Рустюмова  С.Т.  «Тренажер по математике… ЕНТ»Алматы 2009

  5. «Математикалық сауаттылық» талапкерлерге арналған тест 2017 ж

  6. «Репетитор»  журналы, №4-2016-2017жж

  7. Жанпейісова М. «Модульдік оқыту технологиясы»

  8. KATEV- шың 2009-2010 ж. Алматы 2009

  9. Рустюмова И.П., Рустюмова  С.Т.  «Тренажер по математике… ЕНТ»Алматы 2009

  10. Тест есептері жинағы 2016-2017 жж

  11. Байқау сынақтары кітапшалары















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.00.2024
262
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі