10-сынып емтихан(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Тақырып бойынша 19 материал табылды

10-сынып емтихан(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

Материал туралы қысқаша түсінік
10-сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Материалдың қысқаша нұсқасы

10-сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

І нұсқа.

І. Оқылым.(1б) Белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу.

1. Мәтінді мұқият оқып жанрын анықтау. (0,5)

2. Мәтінде көтерілген мәселе бойынша өркениеттің оң жағы мен теріс жақтарын анқтау. (0,5)

Ертеректе «өркениет» деп – адамның өз болмысының мәнін ұғып, өмірден саналы ой түйіп, адамгершілік құндылықтар негізінде тату-тәтті бірге өмір сүруді айтатынбыз. Мәдениетті өмір сүруге деген саналы ұмтылыс – адам табиғатына тән ерекшелік. Сондықтан да адамзат тарихында орын алған сан алуан қоғамдық құрылыстардан түрлі деңгейдегі мәдениеттің нышандарын байқауға болады. Десе де, адамның шынайы мәдениетке қол жеткізуі өз бойындағы адами қасиеттердің мәніне терең бойлап, мағынасын түсінген кезеңдерде ғана жүзеге асқан.

Өркениетті ұшқыр уақыттың өзіне шаң қаптырған өнеркәсіптің шарықтап дамуы, ғылыми-технологиялық прогресс, шойын табанынан шоқ шашыраған жүрдек пойыздар, құс қанаты жетпейтін құрлықаралық ұшақ-тар, ғарыштық технологиялар, орасан үлкен метро-польді қалалар мен зәулім ғимараттар, ғаламат су бөгеттері, алып зауыт-фабрикалар, атомдық станциялар, т.б. деп түсінетіндер де баршылық. Ал, осындай материалдық игіліктерге қол жеткізген елдерді өркениет өркешіне шыққан ел ретінде қарастырып жүрміз. Әйтсе де, аталған технологиялық жетістіктер адам тұрмысын жеңілдетіп, жайлы өмір сүруіне дәнекер болғанымен, адамгершілік құндылықтармен бір арнада тоғысып, адам өмірінің материалдық-рухани тамырына бойламайынша өркениеттің негізі бола алмайды.
Бүгінге дейін кейбіреулер өркениетті адам өмірінің жайлылық пен молшылыққа кенелуі үшін ғылыми технологиялық құралдардың жетілдірілуі және жаңалануымен байланыстырып келді. Адамзатқа мәдениеттің шыңы ретінде осы бағытты нұсқады. Алайда, қаншама заман өтті, күш-жігерімізді осыған сарп етіп, өмірдің мәнін басқа жақтан іздеппіз. Өткенге ой жүгіртсек, рәсуа болған қаншама өксік өмірді көріп, көңіл құлазиды. Осыншама адасушылықтан кейін әлі де болса өркениеттіліктің адам рухының асыл қазыналарынан бастау алатын рухани құндылықтарда, рухани кемелденуде екендігін ұғына алмауымыз өкінішті-ақ. Өркениет деген – уақыт, мекен және адам секілді үш фактор негізінде рухани кемелденуді қамтамасыз ететін қоғамдық орта, жасампаз ақылға негізделген адам өмірінің рухани-материалдық жағын қоса қамтитын идеалды қоғамдық жүйе болуы қажет еді...

Ендігі жерде тоң боп қатқан жерге жағылған отты ары қарай лаулата түсу үшін жастық жалынымен жарқын болашақтың туын желбіретер қазіргі ұрпақ болаттай берік сенім мен мұқалмас ерік-жігер арқылы өз халқының төл құндылықтарын жанындай қорғауы қажет.


1. Мәтінді мұқият оқып жанрын анықтаңыз. (0,5)

2. Мәтінде көтерілген мәселе бойынша өркениеттің оң жағы мен теріс жақтарын анқтаңыз. (0,5)

Өркениеттің оң жағы

Өркениеттің теріс жағы



ІІ. Жазылым. (3 б.)

Қажетті клишелер мен лескикалық құрылымдарды қолданып,көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу,келіспеу»эссесі, дискуссивті ссе,аргументативті эссе)

«Өркениеттің адам өміріндегі маңызы» қажетті клишелер мен лескикалық құрылымдарды қолданып,көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп («келісу,келіспеу»эссесі, дискуссивті эссе,аргументативті эссе) эссе жазыңыз. 140-150 сөз

Қажетті клишелер:біріншіден,меніңше,атап айтсақ,басқа жағынан қарастырсақ,дәлелдейтін болсақ,қорытындылай келе.

ІІІ. Әдеби тіл нормалары. (1б) Сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу.

  1. Берілген сөздерді сөзжасамдық тәсілдердің түрлеріне қарай топтастырыңыз. (1 б)

Ақсақал,айтыс,қызыл ала,ағарған,бүлдірген,ақ шашты,жеісі,жаңалық,бес мың,жүлдегер,орта бойлы,алып кел,қоршау,қырық сегіз,алып.


1.Синтетикалық:

2.Аналитикалық:

3.Лексика семантикалық тәсіл:






































Бағалау критерийлері:

Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсыр

ма реті

Дескриптор

Балл

Оқылым

Белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу.


1

- Мәтінді мұқият оқып жанрын анықтау. (0,5)

- Мәтінде көтерілген мәселе бойынша өркениеттің оң жағы мен теріс жақтарын анқтау. (0,5)

1

Жазылым


Қажетті клишелер мен лескикалық құрылымдарды қолданып,көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады («келісу,келіспеу»эссесі, дискуссивті ссе,аргументативті эссе) орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады

2

-эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады,қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданады (1 балл);

-көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады (1 балл);

-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (1 балл).



3


Әдеби тілдің нормалары

Сөзжасамдық және

синтаксистік нормаларды сақтай білу.

3

-берілген сөздерді сөзжасамдық тәсілдердің түрлеріне қарай топтастырыңыз(0,5 балл);

- берілген өлең жолдарын

1


10-сынып ҚГБ


Төмен көрсеткіш 1-2 балл

Орташа көрсеткіш 3-4 балл

Жоғары көрсеткіш 5 балл

Оқылым

Белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолданып

5-6 қате жібереді.

Белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолданып

3-4 қате жібереді.

Белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана біледі

Жазылым

Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) эссе жазуда 5-6 қате жібереді.

Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) эссе жазуда 3-4 қате жібереді.

Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) жазады.

Әдеби тіл нормалары

Берілген сөздерді сөзжасамдық тәсілдердің түрлеріне қарай топтастыра алмайды 5-6 қате жібереді.

Берілген сөздерді сөзжасамдық тәсілдердің түрлеріне қарай топтастыра алады 1-2 қате жібереді.

Берілген сөздерді сөзжасамдық тәсілдердің түрлеріне қарай топтастырып сауатты жазады.














































10-сынып (қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

ІІ нұсқа.

І. Оқылым.(1б) Белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу.

1. Мәтінді мұқият оқып жанрын анықтау. (0,5)

2. Мәтінде айтылған пікірге түсініктеме беру. (0,5)

Шешендік – қазақ елінің көнеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері. Шешендік – сирек ұшырасатын қасиет-дарын. Шешендік сөз терең ойға, ұтқыр шешімге, тапқыр қисынға құрылады. Шешендік өнер мен билік қолма-қол туып айтылатын, суырыпсалма жүрекжарды әділ сөздерге негізделіп шығармашылық сипатымен дараланады.

Шешендік өнеріне ерте замандардан-ақ, үлкен мән берілген. Ежелгі грек, рим елдерінде шешендік өнерді «риторика» деген атпен жеке пән ретінде оқыған. Дүние жүзіне әйгілі ерте заман шешендері Пратогор, Демоссфен, Цицерон, Квинтилиан сияқты өз заманының мемлекет қайраткерлері, ел аузына қараған ойшылдары болған. «Риторика» ғылымы өнердің падишасы ретінде ерекше бағаланған. М.В.Ломоносовтың 1748 жылы басылып шыққан «Шешендікке қысқаша басшылық» атты еңбегі бұл өнердің Ресейде дамып, қалыптасуына түрткі болды.

Сондай-ақ, қазақтың шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерін жинап жариялағандардың бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол халық даналығының жас өспірімдерді тапқырлыққа, өткірлікке, адамгершілікке баулитын тәрбие құралы екенін жете танып, өз еңбектеріне орнымен енгізіп, пайдалана білді.

Қазақтың шешендік сөздерін өзге жұрттың атақты адамдары, ғалымдары жоғары бағалады. Шешендік сөздер нұсқаларын академик В.В.Радлов (XIX ғ.) зерттеп жинаған болатын. Ол: «Қазақтар… мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын», – деп көрсете отырып, әсіресе қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған. 

  Қазақ шeшeндiк сөздeрi — бастаy алар қайнар бұлақтарын түркiлiк танымнан түптeн тартып, өзiндiк ұлттық eрeкшeлiктeрдi, қасиeттeрдi бойына жинақтап, көркeмдiк қyатымeн, ғибраттық сарынымeн дараланған, сондай-ақ, аса бай поэтикалық тiлiмeн өзгeшe қалыпта көрiнгeн, халқымыздың рyхани азығына айналған көркeмдiк құбылыс. Сондықтан да баба мұрасы – ұрпаққа ұлағат, кейінгіге аманат, келер күнмен бірге жасайтын рухани асыл қазына.



1. Мәтінді мұқият оқып жанрын анықтаңыз. (0,5)

2. Мәтінде айтылған пікірге түсініктеме беріп кестені толтырыңыз. (0,5)

Пікір

Түсініктеме

«Қазақтар… мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауыз екі сөйлеп отырғанның өзінде сөйлеген сөздер ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң қаласын»,




ІІ. Жазылым.(3б)

Қажетті клишелер мен лескикалық құрылымдарды қолданып,көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу («келісу,келіспеу»эссесі, дискуссивті эссе,аргументативті эссе)

«Кез-келген адам шешен бола ала ма?» қажетті клишелер мен лескикалық құрылымдарды қолданып,көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп («келісу,келіспеу»эссесі, дискуссивті эссе,аргументативті эссе) эссе жазыңыз. 140-150 сөз

Қажетті клишелер:біріншіден,меніңше,атап айтсақ,басқа жағынан қарастырсақ,дәлелдейтін болсақ,қорытындылай келе.


ІІІ. Әдеби тіл нормалары. (1б) Сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу.

1) Оқылым мәтінінен сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалған сөздерді табыңыз (0,5 б)

1.Синтетикалық

2.Аналитикалық

3.Лексика –семантикалық тәсіл:










































Бағалау критерийлері:

Оқу дағдысы

Бағалау критерийлері

Тапсыр

ма реті

Дескриптор

Балл

Оқылым

Белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу.


1

- Мәтінді мұқият оқып жанрын анықтау. (0,5)

- Мәтінде көтерілген мәселе бойынша өркениеттің оң жағы мен теріс жақтарын анқтау. (0,5)

1

Жазылым


Қажетті клишелер мен лескикалық құрылымдарды қолданып,көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады («келісу,келіспеу»эссесі, дискуссивті ссе,аргументативті эссе) орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады

2

-эссенің құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтап жазады,қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданады (1 балл);

-көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады (1 балл);

-орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады (1 балл).



3


Әдеби тілдің нормалары

Сөзжасамдық және

синтаксистік нормаларды сақтай білу.

3

-берілген сөздерді сөзжасамдық тәсілдердің түрлеріне қарай топтастырыңыз(0,5 балл);

- берілген өлең жолдарын

1


10-сынып ҚГБ


Төмен көрсеткіш 1-2 балл

Орташа көрсеткіш 3-4 балл

Жоғары көрсеткіш 5 балл

Оқылым

Белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолданып

5-6 қате жібереді.

Белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолданып

3-4 қате жібереді.

Белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана біледі

Жазылым

Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) эссе жазуда 5-6 қате жібереді.

Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) эссе жазуда 3-4 қате жібереді.

Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе) жазады.

Әдеби тіл нормалары

Берілген сөздерді сөзжасамдық тәсілдердің түрлеріне қарай топтастыра алмайды 5-6 қате жібереді.

Берілген сөздерді сөзжасамдық тәсілдердің түрлеріне қарай топтастыра алады 1-2 қате жібереді.

Берілген сөздерді сөзжасамдық тәсілдердің түрлеріне қарай топтастырып сауатты жазады.























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.02.2025
267
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі