400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

10 сынып иГеометриялық фигуралардың аудандары мен көлемдерін табу факультативтік курс

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге арналған әдістемелік құрал
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қызылорда облысы

Арал ауданы

№81 орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі









«ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРАЛАРДЫҢ БЕТТЕРІНІҢ АУДАНДАРЫ МЕН КӨЛЕМДЕРІ»

Бағыты: жаратылыстану-математика

Бейіні: математика







2019-2020 оқу жылы





















Қаралды: Сараптамалық кеңестің №_____ хаттамасы

Оқу әдістемелік кеңестің №____ хаттамасы

Педагогикалық кеңестің кеңесте қаралып, мектеп директорының

№ ______ бұйрығымен бекітілген.



Құрастырған : Математика пәнінің мұғалімі

Қуанышова Н.С

Кімдер үшін: 10-сыныптар үшін



























Қолданбалы курс: Математика 10-сынып

Тақырыбы: ««ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРАЛАРДЫҢ БЕТТЕРІНІҢ АУДАНДАРЫ МЕН КӨЛЕМДЕРІ»



Түсініктеме хат мазмұны


Бағдарламаны оқыту барысында математикадағы белгілермен символдардың пайда болу себебі және дамуы тұралы мағлұмат алып, математиканың тарихын, геометрия, география пәндермен,практикалық есептермен,өмірмен байланыс орындалады.

«Геометриялық фигуралардың беттерінің аудандары мен көлемдері» қолданбалы таңдау курсында негізгі,ұғымдар, тақырыптар таңдап алынып олардың шешу әдістері геометрия пәнін меңгерудің жоғарылаған деңгейін қамтамасыз ететін негізгі бағдарлық курстың толықтырылуы болып табылады. Жазықтықтағы фигуралардың аудандары,кеңістіктегі денелер беттерінің аудандары мен көлемдері бойынша ҰБТ-да математикалық сауаттылықтан берілген тапсырмаларда көп кездеседі, ал оқушы ізденіс барысында қоршаған ортадағы геометрия элементтерін өздері табады,практикалық маңыздылығына көз жеткізеді.. Сондықтан осы тақырып таңдап алынды.Таңдау курсына бағдарлама бойынша 68 сағат берілген. Бағдарлама үш тараудан тұрады:

І Тарау.Жазықтықтағы геометриялық фигуралардың аудандары;

ІІ. Тарау.Кеңістіктегі фигуралардың беттерінің аудандары;

ІІІ. Тарау. Кеңістіктегі фигуралардың көлемдері;

Таңдамалы курс мазмұны қиындық деңгейі әртүрлі тапсырмалар мен мазмұны және бағдарламасын тереңдетіп оқытуға берілген материалдармен қамтылғандықтан,білімділік қазына,практикалық тапсырмалар орындау,тест,бақылау сынақтармен айқындалады, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады, әрі логикалық ойлау қабілетін дамытады, ал олардың теориялық түсініктемелері басшылыққа алынып практикамен ұштастырады.

Оқушыларды шығармашылық, күрделі есептерді шығару,деңгейлі практикалық мазмұнды тапсырмаларды жеке және топтық жұмыс істеуге ұмтылдыру бағдарламаның негізгі факторы болып табылады,ал жас ұрпаққа жоғары талап қою,олардың ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталады.

Бағдарламаның мақсаты:

Оқушының геометриялық фигуралардың беттерінің аудандары мен көлемдері меңгеруі арқылы олардың математикалық сауаттылығын, функционалдық сауаттылығын арттыру, дамыту көзделген. Оқушының курстан алған білімдерін география, техника салаларындағы есептер шығаруда және практикалық жұмыстарында қолдану. Оқушының практикалық есептер шығару дағдысын,ойын қысқаша сызбамен жеткізу және шығармашылық қабілетін дамыту.

Бағдарламаның міндеттері:

  • курсты меңгерту үшін ақпараттықкоммуникациялық технологиялардан пайдалану;

  • тақырыптарды түсіндіруде оқытудың белсенді әдістерін қолдану;

  • оқушыны өздігінен оқуға бейімдеу;

  • математикалық ойлау қабілетін дамыту;

  • оқушыларды шығармашылық жұмыстарды орындауға бейімдеу;

  • практикалық есептер арқылы оқушының математикалық сауаттылығын дамыту;

  • топтық қарым-қатынас арқылы адамгершілік, адами құндылықтарға тәрбиелеу;

Мазмұны


«Геометриялық фигуралардың беттерінің аудандары мен көлемдері» курсы аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат.

Бағдарламаның мазмұны төменгідей тақырыптардан тұрады:

  1. Кіріспе. Геометрия қашан пайда болды?

  2. Планиметрия фигуралары.Фигураның ауданы туралы ұғым

  3. Тіктөртбұрыштың ауданы. Шаршының ауданы

  4. Параллелограммның ауданы. Ромбтың ауданы

  5. Тікбұрышты үшбұрыштың ауданы. Пифагор үштіктері

  6. Үшбұрыштың ауданы;

  7. Герон формуласы

  8. Үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңбер радиустары арқылы ауданын есептеу. ауданын есептеу

  9. Трапецияның ауданы

  10. Кез-келген төртбұрыштың ауданын табу формуласы

  11. Векторлар арқылы үшбұрыштың және параллелограммның ауданын табу

  12. Дөңгелектің ауданы

  13. Сектор мен сегмент ауданы

  14. Ұқсас фигуралардың аудандары

  15. Дұрыс көпбұрыштың ауданын есептеу формулалары

  16. Әртүрлі бөліктері қиып тасталғаннан кейінгі фигураның қалған ауданын табу

  17. Аралас есептер

  18. Көпжақтар. Призманың бүйір беті ,толық бетінің ауданы

  19. Тікбұрышты параллелепипедтің бүйір беті,толық бетінің ауданы

  20. Пирамиданың бүйір беті ,толық бетінің ауданы

  21. Дұрыс көпжақтардың бүйір беті ,толық бетінің аудандары

  22. Қиық көпжақтардың бүйір беті ,толық бетінің ауданы

  23. Қима ауданын табуға берілген тапсырмалар

  24. Координаталық әдіс

  25. Қисық сызықты трапецияның ауданы

  26. Векторлардың векторлық және аралас көбейтіндісі

  27. Цилиндрдің бүйір беті ,толық бетінің ауданы

  28. Конустың бүйір беті ,толық бетінің ауданы Сфераның ауданы

  29. Призманың, тікбұрышты параллелепипедтің, пирамиданың көлемі

  30. Қиық көпжақтардың көлемі

  31. Цилиндрдің,конустың, шардың көлемі

  32. Шар сегментінің және секторының көлемі

  33. Ұқсас денелердің көлемдері

  34. Қортынды сабақ

«Геометриялық фигуралардың беттерінің аудандары мен көлемдері» элективті курстың тақырыптарын түсіндіру арқылы оқушыларда жазықтықтағы фигуралардың аудандары,денелердің беттері мен көлемдері туралы білімдерін қолданып ҰБТ тапсырмаларын және математикалық сауаттылық есептерін шешуге үйретеді.

Бағдарлама математикалық сауаттылық емтиханына дайындық деңгейін жақсарту және оқушының өз үстінде жұмыстануға жағдай жасайды. Оқушы курс кезенінде алған білімдерін геометриялық есептерді шығаруда пайдалану мен шектеліп қалмайды. Ол күнделікті өмір-тұрмыстық мәселелерді шешуге қолданады.



Бағдарлама мектеп курсының Геометрия пәнінің оқу материалына сәйкес алынып, оқушының жас ерекшелігі мен қабілетін ескеріп құрастырылған. Курс тапсырмалары оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытуға, ойлау қабілеті мен логикасын жетілдіруге, танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған.







Күнтізбелік жоспар


№

Тақырыптың аты

Сағат саны

Өткізу түрі

Білімділік қазынасы

Мерзімі

Барлығы

Лекция

Практика


I.Тарау. Жазықтытағы геометриялық фигуралардың аудандары


1

Кіріспе. Геометрия қашан пайда болды?


1



дәрістік тарихи шолу

Бастапқы түсініктер

6.09

2

Планиметрия фигуралары.Фигураның ауданы тұралы ұғым


1


Машықтану жаттығуларын орындау

Бірліктер конвертациясын қайталайды

13.09

3

Тіктөртбұрыштың ауданы. Шаршының

Ауданы



1

Баяндау,жаттығу орындау

Білім мен біліктіліктері артады

20.09

4

Параллелограммның

ауданы. Ромбтың

ауданы



1

Машықтану жаттығуларын орындау

Теоремаларды дәлелдеулерге машықтанады

27.09

5

Тікбұрышты үшбұрыштың ауданы

Пифагор үштіктері



1

Практикалық жұмыс

Практикалық дағдылары жетілдіріледі

4.10

6

Үшбұрыштың

Ауданы

1



Топтық жұмыс

Үшбұрыш ауданы формулаларын қорытады ,қорғайды

11.10

7

Герон формуласы



1

жеке жұмыс

өз бетімен жұмыстану;

формулаларды қолдану

18.10


8

Үшбұрышқа іштей және сырттай сызылған шеңбер радиустары арқылы ауданын есептеу.



1

Машықтану жаттығуларын орындау

Есептер шығарады,білімі тереңдейді

25.10


9

Трапецияның ауданы

1



практикалық дәріс

Практикалық дағдылары жетілдіріледі

8.11

10

Кез-келген төртбұрыштың ауданын

табу формуласы

1



практикалық дәріс

Есептер шығарады

15.11

11

Векторлар арқылы үшбұрыштың және параллелограммның ауданын табу



1

баяндау, практикалық дәріс

Практикалық дағды-

лары жетілдіріледі,

шығармашылық сипаттағы тапсырма-

лар орындалады

22.11

12

Дөңгектың ауданы



1

практикалық дәріс

Есептер шығарады

29.11

13

Сектор мен сегмент ауданы



1

баяндау, практикалық дәріс

Шығармашылық сипаттағы тапсырма-

лар орындалады

6.12

14

Ұқсас фигуралардың аудандары



1

практикалық дәріс

Ұқсастық коэффициентті табады

13.12

15

Дұрыс көпбұрыштың ауданын есептеу формулалары



1

баяндау, практикалық дәріс

Дұрыс көпбұрыштың ауданын табады

20.12

16

Әртүрлі бөліктері қиып тасталғаннан кейінгі фигураның қалған ауданын табу



1

практикалық талдау

шығармашылық жұмыс

27.12

17

Аралас есептер


1

практикалық дәріс

Есептер шығарады


IІ.Тарау. Кеңістіктегі фигуралардың беттерінің аудандары

10.01

18

Көпжақтар.Призманың бүйір беті ,толық бетінің ауданы


1


Түсіндіру,

машықтану жаттығулар

Формулаларды қолданып, есептер шығарады

17.01


19

Тікбұрышты параллеле-

пипедтің бүйір беті,

толық бетінің ауданы



1

баяндау,

практикалық дәріс

Есептер шығару қабілеттері артады

24.01


20

Пирамиданың бүйір беті,толық бетінің ауданы



1

практикалық дәріс

Есептер шығарады

31.01


21

Дұрыс көпжақтардың бүйір беті ,толық бетінің аудандары



1

саяхат дәріс

География пәнімен байланыстыру

7.02


22

Қиық көпжақтардың бүйір

беті ,толық бетінің ауданы



1

жеке жұмыс

өз бетімен жұмыстануға үйрету

14.02


23

Қима ауданын табуға берілген тапсырмалар



1

топтық жұмыс

қарым-қатынасқа үйрету

21.02


24

Координаталық әдіс



1

баяндау,

практикалық дәріс

тарихи мәліметтерді білу, есептер шығарады

28.02


25

Қисық сызықты трапецияның ауданы



1

практикалық дәріс

ойлау қабілетін дамытады

6.03


26

Векторлардың векторлық

және аралас көбейтіндісі



1

баяндау,

практикалық дәріс

есептер шығару дағдысын дамытады

13.03


27

Цилиндрдің бүйір

беті ,толық бетінің ауданы



1

Практикалық дәріс

Математика

пәнін өмірмен байланыстырады

20.03



28

Конустың бүйір

беті ,толық бетінің ауданы, сфераның ауданы



1

жарыс дәрісі

пәнге қызықтыру

3.04



IІІ.Тарау.Кеңістіктегі фигуралардың көлемдері


29

Призманың, тікбұрышты параллелепипедтің, пирамиданың көлемі



1

баяндау,

практикалық дәріс

Есептер шығару қабілеттері артады

10.04


30

Қиық көпжақтардың көлемі



1

практикалық дәріс

Есептер шығарады

17.04


31

Цилиндрдің,конустың,

шардың көлемі



1

баяндау,

практикалық дәріс

Формулаларды қолданып, есептер шығарады

24.04


32

Шар сегментінің және секторының көлемі



1

баяндау,

практикалық дәріс

Абстракт ойлау қабілетін дамытады

8.05


33

Ұқсас денелердің көлемдері



1

практикалық дәріс


8.05


34

Қорытынды сабақ



1

Бақылау сабағы


15.05














Ақпараттық-әдістемелік бөлім


«Геометриялық фигуралардың беттерінің аудандары мен көлемдері» курсының мазмұнын игерудегі нәтижелері алдын ала ұсынылған критерийлер бойынша бағаланады.Бағалаудың екі түрі қалыптастырушы және жиынтық бағалау арқылы амалға асырылады:

  • Егер оқушы тақырыптардағы теорияны меңгеріп, алған білімдерін практикалық есептер шығаруда қолдана алады, сызба жұмыстарын жасай алады мәліметтерді талдайды, қорытынды шығарады. Теоремаларды және формулаларды қолданып, есептеулерді қатесіз орындайды,яғни 90-100 пайыз болса онда оқушының бағасы -5.

  • Егер оқушы курс мазмұнын меңгеруде, жаңа білімдерді қолдануда, геометриялық тапсырмаларды талдауда, қорытынды шығаруда кіші қателіктер жіберсе, яғни 70-80 пайыз болса онда оқушының бағасы-4.

  • Егер оқушы курс тақырыптарын толық меңгермеген, А деңгейіндегі есептерді шығарып, келесі деңгейдегі есептерді шығара алмаса, формулаларды қолдануда, берілген мәліметтерді талдауда және қорытындылауда қателіктер көп болса, яғни 50-60 пайыз болса онда оқушының бағасы-3.

Әр бөлім біткен соң оқушылардан бөлім бойынша жиынтық бағалау және екі рет сынақ алынады. Сынақтың, жиынтық бағалау нәтижесі оқушының бағасын анықтайды. Мұғалім оқушының білімін бағалауда сынақтағы есептердің шығарылуы, оқушының ауызша жауабы немесе жазбаша жауабы және тест тапсырмалар нәтижесі, жаңа білімдерді қолдану дағдысының деңгейін есепке алады.

Курстан күтілетін нәтижелер:

  • оқушылар фигуралардың аудандары, денелердің беттері мен көлемдерін табуға практикалық есептер шығарады;

  • геометриялық есептерді шығару кезеңінде оқушының ойлау қабілеті дамиды, шығару жылдамдығы артады;

  • білім, түсініктерді нақтылау, жалпылау, жүйелеу біліктілігі дамытылады;

  • оқушының пәнге қызығушылығы, жауапкершілікті сезінуі геометрия пәнін оқуына оң әсерін тигізеді;

  • оқушы өз бетінше шешім қабылдап, өз ойын жеткізе алады.

  • геометриялық сызбалар көмегімен оқушының есептер шығару дағдысы артады;

  • есеп шарты бойынша берілген мәліметтерді топтайды, талдайды және қорытынды шығарады;

  • зерттеушілік және шығармашылық тәжірибе жинауға дағдыланады;

«Геометриялық фигуралардың аудандары мен көлемдері» курсын оқытудағы педагогикалық тәсілдері:

  • жеке және топпен жұмыс;

  • проблемалық оқыту;

  • белсенді оқу әдістері;

  • құндылықтарға бағытталған оқыту;

  • жеке тұлғаға бағытталған оқыту;

  • модульді оқыту;

  • сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту мақсатында «миға шабуыл» әдісінен пайдалану





























Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ә.Н.Шыныбеков Геометрия 9-сынып Алматы. «Атамұра»,.2011,-224 бет

2. И.Бекбоев,А.Абдиев. Ж.Қайдасов,Г.Хабарова . Геометрия 8-сынып , Алматы. «Мектеп»,.2008,-104 бет

3. Ә.С.Жұмаділдаева Геометрия 7- 9 сынып Алматы. «Өлке»,2012,-160 бет

4. В.Гусев. Ж. Қайдасов. Ә.Қағазбаева , Геометрия 11-сынып , Алматы. «Мектеп», 2007,-96 бет

5. Х.Тауекел, С.Б.Аметова,Геометриядан күрделі есептерді шешу әдістемесі. Оқу құралы, Алматы, 2019,-138 бет

6. А.Е Әбілқасымова, К.Д.Шойынбеков,М.И. Есенова,З.А.Жұмағұлова Алгебра және анализ бастамалары 10-сынып. Алматы «Мектеп» баспасы 2006,-168 бет

7. А.В.Погорелов, Геометрия 7- 11 сынып ,Алматы Мектеп», 2001,- 384 бет

8. А.И.Фетисов .Геометрия в задачах, М.,Просвещение,1977,-192 стр

9. Ұ.Б.Жанасбаева, Математикалық сауаттылық 1,2,3,4 бөлім Алматы

10. И.П.Рустюмова, С.Т.Рустюмова,Математикадан бірыңғай ұлттық тестілеуге дайындалуға арналған тренажер, Алматы, 2013,-492 бет

11. Р.У.Рахметова, Математика практикумы,Алматы 2008, -74 бет

12. М.И.Сканави, Сборник задач по математике для поступающих в вузы, «ОНИКС-21 век» баспасы ,2003,-608 бет

13.Ә.Түнғатаров ,Жоғары математика, 1-бөлім , Алматы «Эверо» 2004,-105 бет

14. Қ.Түсіпжан,Математика ,ҰБТ-ға дайындық,2-бөлім,, Астана, «ӘлНаир» 2013,-336 бет

15. А.Әлимов,Интербелсенді әдістемені мектепте қолдану,Алматы 2015,-180 бет





































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13 қаңтар
760
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі