400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

10 сынып ЖМБ, 10.4.1.7- ДНҚ құрылымы мен қызметі арасындағы байланысты орнату;

Материал туралы қысқаша түсінік
10 сынып ЖМБ, 10.4.1.7- ДНҚ құрылымы мен қызметі арасындағы байланысты орнату;
Материалдың қысқаша нұсқасы

10 сынып ЖМБ №8


ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

ДНҚ құрылысы. ДНҚ құрылымы (бірінші және екінші реттік). ДНҚ молекуласының қызметі.

§12. Дезоксирибонуклеин қышқылының құрылысы мен құрылымы. §13.Дезоксирибонуклеин қышқылы молекулаларының қызметі.

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

Молекулалық биология және биохимия

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 10 «ә,б»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

ДНҚ құрылысы. ДНҚ құрылымы (бірінші және екінші реттік). ДНҚ молекуласының қызметі.

§12. Дезоксирибонуклеин қышқылының құрылысы мен құрылымы. §13.Дезоксирибонуклеин қышқылы молекулаларының қызметі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.4.1.7- ДНҚ құрылымы мен қызметі арасындағы байланысты орнату;

Сабақтың мақсаты:

ДНҚ құрылымы мен қызметі арасындағы байланысты орнатады;

ЕБҚ: (қабылдауы баяу): сабақтың оқу мақсаты бойынша өз ойын тұжырымдайды;

Сабақтың барысы: Ганье теориясы бойынша 9 сабақ бөлімі

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті


Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


1.Оқушылардың назарын аудару

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау.

«Кіру билеті» әдісінде билетте берілген сұрақтарға жауап беру.


Органикалық әлем үшін ДНҚ молекуласының қандай маңызы бар?

Ол қандай биополимерлерге жатады?

Биология ғылымы үшін ДНҚ-ның ашылуы қаншалықты маңызды?

Тұқымқуалаушылық ақпараты қандай процестің нәтижесінде беріледі? Бұл жағдайда қандай қағидалар ескеріледі?

Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды.

Билеттегі сұрақтарға жауап береді.

Кері байланыс:

«Мадақтау» әдісі

«Жарайсың!»

«Тамаша жауап»

т.б

Интерактивті панель, презентация


Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019ж



2.Сабақтың мақсатын таныстыру

10.4.1.7- ДНҚ құрылымы мен қызметі арасындағы байланысты орнату;

Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады.

«Өзін-өзі бағалау» әдісі

Интерактивті панель, презентация


Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019 ж


3.Бұрынғы білімін еске түсіру

«Бұрынғы атаулар» әдісінде білім беруші бұрынғы білімін еске түсіру мақсатында тірек сөздерді ұсынады:


9.4.1.2 дезоксирибо-

нуклеин қышқылы.

§29. ДНҚ молекуласының құрлысының принципі.


Нуклеин қышқылдары, нуклеотид, азотты негіздер, бес көміртекті қант, фосфор қышқылы, қант-фосфатты арқау, фосфодиэфирлі байланыс, комплементарлық ережесі, комплементарлы нуклеотидтер, комплементарлы тізбектер.


«Бұрынғы атаулар» әдісінде берілген тірек сөздердің мағынасын айтады, мазмұнын сипаттайды,ой қозғайды, пікір алмасады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация










Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж


130-бет

Сабақтың ортасы


4.Жаңа тақырыпты таныстыру

«Қазіргі атаулар» әдісі

Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды.

Молекулярлық биология

ДНҚ-ның бірінші, екінші реттік құрылымы

ДНҚ-ның тұрақты шамасы

Тұқымқуалаушылық ақпараттарын сақтау

ДНҚ репликациясы екі еселену

«Қазіргі атаулар» әдісінде берілген термин сөздердің мағынасы мен мазмұнын айтады, топқа бірігіп отырады.

Кері байланыс:

«Мадақтау» әдісі

«Жарайсың!»

«Тамаша жауап»

т.б

Интерактивті панель, презентация


Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019 ж


5.Оқушыларға бағыт бағдар беру

«Кинометафора» әдісі.

Мақсаты: Оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.

Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады.

Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді.

«Өзін-өзі бағалау» әдісі

Интерактивті панель


бейнефильм

https://www.youtube.com/watch?v=-cI1QMbbYos


6.Практикалық тапсырмалар беру

Топтық жұмыс.

«Кластер» әдісі.

Тұжырымды ойларын қарталарға түсіріп, топтық жұмыс қорғалады (постер).

Идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды жинақтау, тұжырымдау.



1-топ. «ДНҚ ашылу тарихы»

2-топ. «ДНҚ құрлысы»

3-топ. «ДНҚ құрылымдық деңгейлері»

4-топ. «ДНҚ молекуласының қызметі»


«Кластер» әдісі арқылы оқулықтағы ақпаратты топта талдайды, таныстырылымдарын ұсынады. Тақырыптардың байланыстары туралы сұрақтар құрастырып, оларға жауап іздейді, идеяларды жинақтайды.

«Өзара бағалау және өзін-өзі бағалау» әдісі



Дескриптор:

- днқ ашылу тарихын сипаттайды – 5 балл;

- днқ құрлысын түсіндіреді – 5 балл;

- днқ құрылымдық деңгейлерін талдайды – 5 балл;

- днқ молекуласының қызметін анықтайды – 5 балл;

Интерактивті панель, презентация



Биология 10-сынып, Автор: Е.А.Очкур, Ж.Ж.Құрманғалиева, М.А.Нуртаева. Алматы «Мектеп» баспасы 2019 ж



А3,А4 формат қағазы, маркер

Сабақтың соңы


7.Кері байланыс беру

«Биологиялық кері байланыс» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша түсінгені, түсінбегені, қиындық туғызған жері туралы ұстазға шағын хат жазады


Презентация


Бүгінгі тақырып бойынша түсінгенім......................

Бүгінгі тақырып бойынша маған ең қиын болған тұсы..............

Бүгінгі биология сабағы мен үшін.......................болды.

Келесі биология сабағында мен ............................ болып келемін.

8.Бағалау

Жеке тапсырма:

ЕБҚ тапсырма:

«Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір»

Қандай жаңа білім алдың?

Алған біліміңді қолдана аласың ба?

Саған қиындық тудырған түсініктер.




Жеке жұмыс.

Бағалау парағы

Тілдік мақсат үшін арналған тапсырма

Сабақ мазмұны бойынша ойын жазады, қандай білім алғанын тұжырымдайды. Берілген сұрақтарға жауап жазады.

Дескриптор:

- сабақтың оқу мақсаты бойынша өз ойын тұжырымдайды – 7 балл;




Дескриптор:

- ДНҚ құрылымы мен қызметі арасындағы байланысты орнатады- 5 балл;


Интерактивті панель, презентация

Жұмыс дәптері










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
27.10.2023
253
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі