400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

10-сынып қазақ тілі "Қаратпа сөз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп мұғалімдеріне қосымша көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі 10-сынып

Сабақтың тақырыбы: Қаратпа сөз әдебі. Қаратпа сөздерді қолданудың мақсаты

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қаратпа сөз әдебі туралы және қаратпа сөздерді қолдануды түсіндіру.

Дамытушылық: Білім алушыларды шығармашылыққа баулу, топ алдында еркін сөйлеу , пікір қорғау дағдысын дамыту. Сауаттылығын арттыру.

Тәрбиелік: Халық даналығы арқылы білімділікке, қабілеттілікке баулу.Елі үшін туған ерлердің өмірін үлгі ету.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі,баяндау.

Пәнаралық, пәнішілік байланыс: Әдебиет

Сабақтың көрнекілгі: оқулық ,суреттер

Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру, қайталау

III Жаңа сабақты түсіндіру

IV Жаңа сабақты бекіту

V Бағалау

VI Үйге тапсырма беру

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен амандасу, түгендеу

ә) Сабақ мақсаты туралы хабарлау.

II Үй тапсырмасын тексеру,қайталау

Өткен сабақта Тілек айту деген тақырып болған. Ендеше оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

1. Тілек айту дегеніміз не ?

2.Қандай жағдайда тілек айтамыз?

3. Тілек айтудың көріністері көріністері.


III Жаңа сабақ: Қаратпа сөз әдебі. Қаратпа сөздерді қолданудың мақсаты


Эмоция –экспрессиялық әсерге бай екен деп сөздерді талғаусыз кез-келген жерде қолдана беруге тағы болмайды. Екі бүктетіліп отырмаса да, кей ерлі –зайыптылар бірін-бірі шал, кемпір деп отырады. Шалың келді ме? Кемпірің қайда? Тәрізділерді әзілі жарасқан құрбылардың айтып отырғанын да ара-тұра естіп қаласыз. Мұндай сөздерді қолдану кейбіреуге тіпті тұрпайы көрінеді. Ал бейтаныс ортада, үлкен-кіші аралас отырыста, қоғамдық орындарда әлгідей «іш-тарта» айтылған сөзді араластырып сөйлеу жағымсыз эмоция тудырады. Ондайда үлкенді сыйламағандық, кішіні елемегендік деп түсінеді. Осы тәрізді бір алуан этикет сөздер ортамен есептесіп, санасып отыруды талап етеді.

Оқушылар, студенттер қадірмен ұстаздарына қарап ағай, апай деген сөздерді көп қолданады. Бұлар аты-жөнін білмеген кісіге айтылатын ресми қаратпа сөз сияқтанып кетті.

Халқымызда тағы сондай құрмет нышандары ретінде ер аттарының басқы буындарын қысқартып алып, оған- еке, ақа сөзін қосатынымыз бар: Әлеке, Жұмеке, Есеке, Мәке, Кәке, Жәке, Сәке сияқты қаратпаларды, әдетте тонның ішкі бауындай жақын, жасы үлкен адамдарға айтамыз.

Қаратпа сөз — сөйлемде айтылған ойдың кімге арналғанын білдіру не оған басқаның назарын аудару мақсатында жұмсалатын сөз немесе сөз тіркесі. Қаратпа сөз, сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, ерекше әуенменайтылады, сөйлеушінің көңіл күйін, моральдықты білдіреді. Қаратпа сөз болатындар: жалқы есімдер, туыстық атаулар, эмоционалдық мәнді сөздер, көркем әдебиетте жан-жануар, жер-су атаулары т.б. Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір, не леп белгісі, ортасында келсе, екі жағынан үтір белгісі, соңында келсе, оның алдынан үтір қойылады.

Мысалы: Балам, жөніңді айтшы, бізді көрсең сәлем бер деп әкең айтып па еді, жоқ өздігіңнен істедің бе?— деді. (М. Әуезов). Сөйлей бер, ақ домбырам, дүмбірлеген (Жамбыл). Ау, қызғыш құс, қызғыш құс, Қанатың қатты, мойның бос (Махамбет). Қаратпа сөздерді А. Байтұрсынұлы "Тіл — құралында" бұратана сөздердің қатарына жатқызған.

Жаттығумен жұмыс 

1. Мәтінді мәнерлеп оқып шығу

2. Ауызекі сөйлеу тіліндегі бейресми тілдік қолданысқа талдау жасаңыз.

183-жаттығу

1. Мәтіндегі қаратпа сөзді тауып, тілдік қолданыста түрленуіне қарай жүйелеңіз.

IV. Жаңа сабақты бекіту :

1. Қаратпа сөз әдебі деген не ?

2. Қаратпа сөз әдебі түрлері?

Бағалау : Сабаққа қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Қаратпа сөз әдебін оқып келуге.















Осы суреттерді оқушыларға көрсетіп бүгінгі сабаққа байланысты сөйлемдер құрату.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
1844
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі