Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

10-сынып қазақ тілі ТЖБ ҚГБ 4-тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
10-сынып қазақ тілі ТЖБ ҚГБ 4-тоқсан
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі

«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

І нұсқа

Тыңдалым және айтылым

Тапсырма

  1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі ақпаратты қолданып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.

  2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні, онда көтірлген мәселе бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.

[10]



А мәтіні

Қазақстанның тұңғыш Президенті осы уақытқа дейін көптеген халықаралық бастамалар жасады. Осы негізде елде ірі халықаралық форумдар, ТМД, ШОС, ЕуроАзЭО ұйымдардың саммиттері өткізілді. Қазір бұл халықаралық құрылымдар өте танымал және сапалы жұмыс істеуде. Енді осы аталған халықаралық құрылымдардың барлығы дерлік Назарбаевтың бастамасымен, не оның қолдауы бойынша құрылып, жұмыс істеп тұрғаны жасырын емес.

Қазақстанның 2010 жылы ЕЫҚҰ-ға, 2011 жылы Ислам ұйымы конференциясына төрағалық етуі де Қазақстанды халықаралық қауымдастықтың мойындағанын танытса керек.

Ал ең бастысы, Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық Ұлт көшбасшысы ретінде, тәуелсіздік тарихының бүкіл барысында Қазақстан қоғамын біріктіруші тұлға болғаны даусыз.

Өзгелерге қызықты болатын тағы бір жай – адамзат тарихындағы ұлы көшбасшылар тарихын қарастыра салыстырар болса, Назарбаевтың Ұлт көшбасшысы ретінде өзіндік ерекшелігі де көзге түсер еді. Айталық, ХХ ғасырдың саяси көшбасшылары өз мемлекеті мен ұлтына қатысты аса маңызды стратегиялық мәселелер шешкені және осы арқылы танымал болғаны белгілі. Рузвельт АҚШ-ты аса үлкен дағдарыс пен күйзелістен шығарды; Ататүрік Түркияны жаңаша даму жолына бұрды; Ли Куан Сингапурдың өзгелерден қара үзіп, дара шығуы үшін модернизациялауды жедел түрде енгізді.

Енді Қазақстан дамуы мен Назарбаевтың қызметін салыстыра қарастырғанда, саяси-экономикалық, әлеуметтік, мәдени-тарихи кешенді стратегиялық тапсырмалар жүзеге асып жатқанын көреміз. (201 сөз)

А.Ескендіров «Жаһан таныған жеті тұлға» кітабынан


https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/teatr/382

Ә мәтіні

Шешендік сөздер белгілі бір ұйқаспен, ырғақпен айтылып, өз тыңдаушысы досына айтар нақты пікірді дұшпанына қатал зілділігімен көңілі күпті жанға медеу берсе, қас батырға ұран болатындай шапқанын қиып түсіретін алмас қылышай өткір болып келеді. Шешендік сөз жиын топтың алдында ауызша сөйлеп, белгілі бір істің шешімін табу болып табылады. Қасындағы адамдарға әсер етіп, құлақ құрышын қандыруды айтамыз. Өмір көші үдере алға тартып келе жатқан заманда халық ауыз әдебиетіміздегі ең бай мұрамыз шешендік өнер сөз басында айтып кеткенімдей Майқы би, Аяз би (XII-XIIIғғ.) одан кейіңгі Жиренше шешен Асан Қайғы (XIV-XVғғ.) мұраларымен дамып, толыға түсті. Жиреншенің айтқан нақыл сөзі:

Әкесі өлген – асқар тауы құлағанмен бірдей,

Шешесі өлген -  ағар бұлағы суалғанмен бірдей...

Шешендік өнердің дамуын жыраулар шығармашылығынан бөліп қарастыра алмаймыз. Өйткені Шалкиз, Доспанбет, Бұқар жыраулар да өз үлестері қосқан.

Шешендік өнер тарихында алты алашты аузына қаратқан, үш жүздің сөз жүйіріктері - ұлы жүзде Төле би, орта жүзде Қазыбек би, кіші жүзде Әйтеке би - ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен сөз зергерлері, ұлы тұлғалар десек артық айтпағанымыз. Осындай тапқыр ой, ұшқыр қиялға құрылған шешендік сөздеріміз ауыздан-ауызға тарап түп нұсқасынан өзгеріс тапса да бүгінгі күнге дейін жетіп отыр. Жалпы шешендік сөздің ең биігінде айтыс өнері тұрады. Қос ақынның айтқан жырлары жыраулардың толғауына ұқсас болып келеді. Қазіргі заманғы шешендік сөздеріміз былай ажыратылады: әлеуметтік-саяси тақырыптағы шешендік сөздер, академиялық шешендік сөздер, сот ісіндегі шешендік сөздер, әлеуметтік тұрмыста жұмсалатын шешендік сөздер.(222 сөз)

https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/teatr/382


Балл қою кестесі


Тыңдалым және айтылым

Тыңдалым және айтылым бойынша балл қою кестесі


Балл

Грамматика мен лексиканы дұрыс қолдануы

Балл

Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті

5

Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын өте жақсы түсінеді.

Сөз саптауы дұрыс, анда-санда мардымсыз қателерді жібереді.

5

Тақырыпты өте жақсы түсінеді. Күтпеген сұрақтарға жауабы тез, әрі орынды.

Талқылау кезінде

өз ойын

жетік жеткізе алады.

4

Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдардың қолдану аяларын жақсы түсінеді.

Сөз саптауы дұрыс, анда-санда қателер жібереді.

4

Тақырыпты жақсы түсінеді.

Күтпеген сұрақтарға жауабын ойланып әрі орынды жеткізеді.

Талқылау кезінде өз ойын жақсы жеткізе алады, бірақ кей уақытта сырттау қолдауды қажет етеді.

3

Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын орташа түсінеді. Сөз саптауы дұрыс, қателері байқалғанмен, түсініспеушілік тудырмайды.

3

Тақырыптың негізгі тараптарын түсінеді, бірақ күрделі сұрақтарды талдауда едәуір қиналады.

Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады. Талқылау кезінде қолдауды қажет етеді, жауаптарын алдын-ала дайындап келгендей көрінеді.

2

Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын аздап түсінеді.

Сөз саптауы нақты емес, түсініспеушілік тудырады.

2

Тақырыпты түсінуде қиналады. Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады, тақырыпты ашуды дамыта алмайды.

Талқылау кезінде қолдаусыз өзін көрсете алмайды.

1

Диалог кезінде грамматикалық және лексикалық құрылымдарды қолдану аяларын өте аз түсінеді.

Түсініспеушілік тудыратын қайталанып келетін қателер жиі кездеседі.

1

Тақырыпты түсінуде қатты қиналады. Күтпеген сұрақтарға қиналып қалады, тіпті жауап бере алмайды.

Талқылауға аз қатысады.




Оқылым

Тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. [10]




«Шешендік – адамға туа бітетін, қанмен келетін қасиет. Қазақтың сөз саптаған шешен, топ бастаған көсем болған қасиетті арғы атадан немесе нағашыдан іздеп жататыны да содан шығар. Иә, рас, елді өзіне ұйытып әкетуге адамның тумысынан бейімдігі болуы тиіс екен. Ең бастысы, ол көпшілік ортада сөйлегенді жақсы көруі қажет, тіпті мұндай кезде ерекше шабыты оянып, өзінің сөйлеген сөзінен өзі де ләззаттануы керек.

Көпшіліктің алдына шыққан кезде адам бірінші кезекте, қыстырма, жаттанды сөздерден аулақ болғаны жөн. Газет журналистері мақалаға тақырып қоюға баса мән береді. «Жақсы тақырып – жарты мақала» деген сөз қалыптасқан. Ал шешендік өнерде алғашқы сөйлем маңызды рөл ойнайды. Ұтымды басталған сөз бүкіл айтылған сөздің жартысы саналады. Шешен сөйлеу үшін адам алдымен, актерлік өнерді меңгеруі тиіс. Көпшіліктің алдында өзіңді еркін, денеңді тік ұстау, сөздің салмағын, мән-мағынасын қимылмен білдіріп отыру, бәрі-бәрі актерлік шеберлікпен ғана келеді. Бірақ, есіңізде болсын, осындай ақыл-кеңестерді мүлтіксіз орындаймын деп, жасандылыққа барудың қажеті жоқ - бәрі де табиғи болуы шарт.

Ағылшынның темір ханшайымы Маргарет Тэтчердің даусы құлаққа жағымсыз естілетін болған. Жұрттың алдына шыққан кезде ол назарын қайда аударарын білмей, қатты қысылатын әдеті болыпты. «Темір ханшайым» шешендік өнерден арнайы сабақ алмаса болмайтынын түсінеді. Бірінші кезекте ол тәжірибелі театр қызметкерлерінен көмек сұраған, уақыт өте келе жақсы нәтижелерге қол жеткізген. Актерлік шеберлік пен шешендік өнердің арасында жақындықтың барын осыдан-ақ байқауға болады.» (205 сөз)

  1. Мәтінге ат қойыңыз. Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз.

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[2]



  1. Берілген кестені толтырыңыз



Мәліметтер

Пікірлер

Көтерілген мәселе















[2]


  1. «Шешендік туа біткен қасиет пе, әлде үйренуге болатын өнер ме?» Өз пікіріңізді білдіріңіз


__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[2]



  1. Жоғарыдағы мәтін ақпараттарына сілтеме жасай отырып, төрт сөйлем құрастырыңыз.


_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ [4]









Балл қою кестесі

Оқылым

Оқылымға арналған балл қою кестесі


Жауап

Балл

1

Шешендік – тамырын тереңге жіберген тіл өнері.

Шешендік өнер – баба мұрасы, ұрпаққа ұлағат, кейінгіге аманат, келер күнмен бірге жасайтын рухани асыл қазына.

2

2

  1. Қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын дұрыс аңғарып, қазақтардың сөзге тапқырлығы мен шешендігі өзіне ерекше әсер еткенін жазған.

  2. Қазақтың шешендік сөз үлгілерін жинақтап, халықтың осы бір ерекше қасиетін байқаған, бағалаған, ойын басқа түркі тілдес халықтармен салыстыра отырып қорытқан.

2

3

Шешендікті туа біткен қасиет, сонымен қатар үйренуге болатын өнер деуге болады. Туа біткен қасиет дейтініміз қазақтың би-шешендері тіл мен жақтың арқасында тұтастай бір ұлттың өмірін сақтап қалатын үлкен даулы мәселелерді тоқтатқан, ал үйренуге болатын өнер деуіміз адам егер шын талаптанып сөз өнеріне ден қойса, оған да үйренуге болады. Бүгінде түрлі

шешендік курстарының ашылуы – соның бір мысалы.

2

4

1-сөйлем

2-сөйлем

3-сөйлем

4-сөйлем

4

Барлығы

10



Жазылым

Екі бөлім бойынша берілген тақырыптардың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз [10]


11-бөлім. «Қазіргі әлемдегі саясат және жаһандық мәселелер»

1. «Тіл ұлт болып қалудың соңғы қамалы екені баршаға аян. Сол қамалды сақтап қалу - әрбір қазақтың қасиетті борышы» деген ойдың астарын қалай түсінесіз? Осы тақырып аясында мақадла жазыңыз.

2. «Жөргегінде тұншыққандай күйдегі біздің тіліміз – біздің мәдени құндылықтарымыздың ажырамас бір бөлігі» деген пікір жастарға қандай міндет артып отыр? Осы тақырыпта досыңызға хат жазыңыз.

12-бөлім. « Сөз мәдениеті және шешендік өнер»

    1. «Шешендік - қазақтың атадан балаға мұра болып келе жатқан қасиеті. Неге?» деген сұраққа өз пікіріңізді дәлелдеп, аргументативтік эссе жазыңыз

    1. «Еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін сөз қадірін бағалаған» тақырыбында Сізден сыныптастарыңыздың алдында қазақ жастарының сөйлеу мәдениетін қалай жақсартуға болатыны жөніндегі ұсынысыңызбен сөз сөйлеуді сұрады. Сөйлейтін сөзіңіздің мәтінін жазыңыз.






Балл қою кестесі

Жазылым


Shape1 Shape2 Shape3 Shape4 Shape5 Shape6 Shape7 Shape8 Жазылымға арналған балл қою кестесі


Балл

Сипаттама



9-10

Тапсырмада шығармашылық тәсілдемені өте жақсы қолданады, аудиторияны толық тарта біледі, мәтіннің сәйкес формасын дәлелді қолданған.

Құрылымы сәйкес және қатаң сақталған.

Оқырманға ерекше әсер ету мақсатында көркем тіл құралдарын өте жақсы қолданған.

Еркін, мәнерлі ойластырылған мазмұндауы бар, күрделі әсерлерге қол жеткізеді. Сауаттылықтың деңгейі жоғары.



7-8

Тапсырмада шығармашылық тәсілдемені орынды қолданады, аудиторияны тарта біледі, мәтін формасының қолданысы жүйелі.

Құрылымы сәйкес және сақталған.

Оқырманға ерекше әсер ету үшін тілдің шығармашылық қолданысы нақты, анық. Қажетті әсерге жетуге ықпал ететін анық және үзіліссіз мазмұндауы бар.

Мағынаны жеткізуде кездейсоқ қателер қиындық тудырмайды.




5-6

Сәйкестендірілген құрылымы мен шығармашылық қабілеті анық, аудиторияны сезеді, өз ойын жобалап жеткізеді.

Қолданылған құрылымы дұрыс, бірақ кейбір жағдайда жүйеленбеген, құрылымнан ауытқу кездеседі немесе біртексіз құрылымдар бар.

Тіл қолдануға деген талпынысы, суреттеу мен баяндау жазбалары қажетті деңгейде.

Нақты, бірақ біртекті сөз құрылымдарын қолданады.

Шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы қажетті әсер алуды төмендетеді.




3-4

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.03.2024
1389
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12