Тақырып бойынша 31 материал табылды

10 сынып ҚГБ Қазақ тілі БЖБ №1, 2-тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
10 сынып ҚГБ Қазақ тілі БЖБ №1, 2-тоқсан
Материалдың қысқаша нұсқасы

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР. 10-сынып

Оқушының аты-жөні:

Сыныбы:


«Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Тілдік жүйе және норма» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Оқу мақсаты

10.1.2.1 Мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (интервью) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Арнайы мәтіндердегі терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды ажыратады (интервью)

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

1-тапсырма. Сұхбатты тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз


Домбыра шебері Алмас Серікұлымен сұхбат

Бүгін Қазақ елі үшін ұлы күн десек, асырып айтпағанымыз болар. Себебі елімізде жаңа мереке – Ұлттық домбыра күні бар сән-салтанатымен тойлануда.

Маңызы зор мереке қарсаңында еліміздің танымал домбыра шеберлерінің бірі Алмас Серікұлымен сұхбаттасуды жөн көрдік.

Домбыра жасау өнерін кімнен үйрендіңіз, әлде отбасыңыздың баяғыдан келе жатқан ісі ме?

Мен ес білгелі, екі-үш жасымнан бастап сурет саламын. Қолөнерге деген қызығушылығым осы сурет салудан бастау алды. Кейін Абай атындағы педагогикалық университетінің Көркем сурет факультетінің Сәндік қолданбалы өнер мамандығы бойынша білім алдым. Негізі бұл кәсіп нағашыларымнан дарыған. Кезінде менің нағашы апамды зергерлер жанұясынан шыққандықтан, «біздің ұрпаққа да бұл өнер дарысын» деген оймен атама алып берген екен. Мен тек ағашпен ғана жұмыс істемеймін, сонымен қатар зергерлік бұйымдарды да жасаймын.

Қолданатын материалдар жайлы: қайсысын табу қиын/оңай? Қайсысы мықтырақ дегендей. Қай материалмен өзіңізге жұмыс жасаған ұнайды?

Біз пайдаланатын материалдардың ішінде домбыраның бетін жабатын шыршаны табу қиын. Себебі шырша ұзақ уақыт кептірілуі керек, оның жылдық сақинасы жиі болуы қажет деген талаптары бар. Елімізде бұл ағашты кесуге рұқсат жоқ, сондықтан біз оны шет елдерден алғыздырамыз. Қазіргі кезде курьерлік қызмет жақсы дамығандықтан, материалды табу, жеткізу қиындық туғызбайды. Тек бағалары қымбат.

Өзіңізді «ағаш шеберімін» деп айта аласыз ба?

Ауызекі тілде «шебермін» деп айта береді ғой. Бірақ меннен де асқан хас шебер ағаларым көп, менің артымнан ілесіп келе жатқан жастар да бар. Бірақ бүгіндері адамға тек шебер болу жеткіліксіз. Бізге іскер болу керек. Себебі шеберханаң болып тұрып, наныңды таба алмай қалуың да мүмкін. Өйткені істі жарнамалап, өніміңді көрсетіп, адамдармен тіл табыса білу маңызды.

Домбыра таңдағанда қандай белгілерге назар аудару керек? Оқырмандарымызға нендей кеңес бересіз?

– Домбыра таңдаған адам, біріншіден, домбыра тарта білу керек немесе тарта алатын, үнін тыңдай алатын адамды қасына ертіп алғаны дұрыс. Басты талаптардың бірі – домбыра қолға жайлы болуы тиіс. Домбыра таңдау кезінде мықты маманның немесе домбыра ұстағанына көп болған білікті адамның қасында болғаны дұрыс қой. Мысалы, біз домбыра сатар алдында тұтынушыдан «Сіз домбыраны кімге іздеп жүрсіз? Қандай аспап керек? Қай өңірденсіз?» деген сұрақтарға жауап аламыз. Себебі әр өңірдің тиктоникалық ерекшелігі бар, соған қарап та домбыра таңдалады. Бір жердің табиғаты ыстық, ал екіншісінде, керісінше, салқын. Ал бұл домбыраның материалына әсер етпей қоймайды. Кімге арналғанын, қай жерде тұратынын, ән айтатынын немесе жыр,терме, күй тартатындығын біліп барып, есептеп, содан кейін ғана барып қажетті өнімді ұсынамыз.

– Қызықты сұхбатыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Тыңдармандарымыз өздеріне пайдалы ақпарат алатынына сенімдіміз.

1.Мәтіннің мақсатты аудиториясы [1]

A) Бұқара халық

B) Домбыра шеберлері

C) Мәдениет танушылар

D) Өнер адамдары

2.Мәтіннің стилі мен түрі [1]

A) Ғылыми, мақала

B) Ауызекі, интервью

C) Публицистика, интервью

D) Көркем әдебиет, сұхбат

3. Мәтінде айтылғандай домбыраның бетін жабатын шыршаны табу қиын болуының себебі [1]

A) Елімізде шырша аз өсетіндіктен

B) Шикізат жеткізетін курьерлер болмағандықтан

C) Шикізатын басқа жақтан алдыратындықтан

D) Елімізде шырша өспейтіндіктен

4. Кейіпкердің: «Негізі бұл кәсіп нағашыларымнан дарыған.» деген сөзінен нені аңғаруға болады [1]

A) Өнер нағашыдан даритынын

B) Өнер текпен де берілетінін

C) Нағашылары кәсіпкер болғанын

D) Кейіпкерде өз өнері болмағанын

5. Домыра шеберінің өнімі [1]

A) Домбыра

B) Шикізат

C) Күйлер

D) Шеберхана

6.Мәтінде кейіпкер маңызды деп нені айтады? [1]

A) Шырша ағашын өсіру

B) Домбырамен күй тарту

C) Өз өніміңді жарнамалау

D) Домбыраны сату







2.Мәтін мазмұнын ашатын терминдер мен тілдік қолданыстарды табыңыз [4]

Терминдер

Түрлі сөз оралымдары(тұрақты тіркес, цитата, сұраулы, лепті сөйлемдер, одағай, қаратпа, қыстырма сөздер т.б)

1.







2.









3.








4.















































Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Арнайы мәтіндердегі

1-2

мәтін аудиториясын анықтайды;

A

1

терминдер мен


мәтіннің стилі мен түрін табады

C

1

ұғымдарды, тілдік


Сұраққа жауап береді

C

1

оралымдарды ажыратады


Сұраққа жауап береді

B

1

(интервью)


Сұраққа жауап береді

A

1



Сұраққа жауап береді

C

1



тақырыпқа сай терминдерді



4



анықтайды;



Тақырыпқа сай тілдік оралымдарды анықтайды

Барлығы

10


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.12.2024
229
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12