жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
10 сынып тжб

«Геометрия» пәнінен
тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы
10-сынып
(жаратылыстану-математика бағыты)

2
Мазмұны
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты .............................................................................. 3
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар ..................................... 3
3. Күтілетін нәтижелер ................................................................................................................... 3
5. Ойлау дағдыларының деңгейі ................................................................................................... 4
6. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды
бөлу ...................................................................................................................................................... 5
7. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі ......................................................................................... 5
8. Модерация және балл қою ......................................................................................................... 6
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ............................. 7
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ........................... 14
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ........................... 21
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ........................... 26

3
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында
меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу
мақсаттарына жеткендігін тексереді.
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математика бағыттағы 10-11-
сыныптарына арналған «Геометрия» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы.
3. Күтілетін нәтижелер
Біледі:
- көпжақтар мен айналу денелерінің түрлерін және олардың жазбаларын;
- көпжақтар және айналу денелерінің аудандары мен көлемдерінің формулаларын;
- стереометрия аксиомалары мен олардың салдарларын;
- кеңістіктегі вектор ұғымын;
- сфераның теңдеуін.
Түсінеді:
- стереометрияның аксиомалар жүйесін және аксиомадан шығатын салдарды;
- геометриялық есептердің дәлелдеу тәсілдерін және шешімдерін.
Қолданады:
- қарапайым стереометриялық сызбаларды орындау техникасын;
- есептерді шығаруда түзулердің параллель, айқас және перпендикуляр болуының,
жазықтықтардың параллель және перпендикуляр болуының белгілері мен
қасиеттерін;
- геометриялық денелердің беттерінің аудандары мен көлемдерін табу формулаларын;
- геометриялық есептерді шешуде векторларға қолданылатын амалдар ережелерін;
- векторлардың коллинеарлық және компланарлық шарттарын.
Талдайды:
- кеңістіктегі түзулердің, түзу мен жазықтықтың, жазықтықтардың, жазықтық пен
айналу денелерінің өзара орналасуын;
- айналу денелерінің жазықтықпен қимасын;
- графигі бойынша функцияның қасиеттерін;
- көпжақтардың (текше, тікбұрышты параллелепипед, пирамида) жа зықтықпен
қимасын.
Жинақтайды:
- көпжақтар мен айналу денелерінің жазбаларының модельдерін.

4
5. Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Сипаттама Ұсынылатын
тапсырмалар
түрлері
Білу және түсіну - кеңістіктегі параллель және айқас
түзулер анықтамаларын білу, оларды
анықтау және кескіндеу;
- тетраэдр және параллелепипедтің
анықтамаларын білу, тетраэдр,
параллелепипедті және олардың
элементтерін жазықтықта кескіндей
алу;
- айқас түзулер арасындағы бұрыш пен
олардың ортақ перпендикулярын
сызбада кескіндей алу;
- тікбұрышты параллелепипед
анықтамасын және қасиеттерін білу;
- кеңістіктегі нүктені оның
координаталары бойынша тікбұрышты
координаталар жүйесінде кескіндеу.
Деңгейді тексеру
үшін көп таңдауы бар
тапсырмалар (КТБ)
және/немесе
Қысқа жауапты (ҚЖ)
қажет ететін
тапсырмаларды
пайдалану
ұсынылады
Қолдану - кеңістіктегі параллель түзулердің
қасиеттерін білу және оларды есептер
шығаруда қолдану;
- түзу мен жазықтықтың параллельдік
белгісін және қасиеттерін білу, оларды
есептер шығаруда қолдану;
- жазықтықтардың параллельдік белгісін
және қасиеттерін білу, оларды есептер
шығаруда қолдану;
- түзу мен жазықтықтың
перпендикулярлық анықтамасын,
белгісін және қасиеттерін білу, оларды
есептер шығаруда қолдану;
- үш перпендикуляр туралы теореманы
білу және оны есептер шығаруда
қолдану;
- түзу мен жазықтық арасындағы
бұрыштың анықтамасын білу,
кескіндей алу және оның шамасын
табу;
- жазықтықтар арасындағы бұрыштың
(екіжақты бұрыш) анықтамасын білу,
кескіндей алу және оның шамасын
табу;
- нүктеден жазықтыққа дейінгі және
айқас түзулер арасындағы
арақашықтықтарды таба білу;
- тікбұрышты параллелепипедтің
қасиеттерін қорытып шығару және
есептер шығаруда қолдану;
- жазық фигураның жазықтыққа
Деңгейді тексеру
үшін қысқа жауапты
(ҚЖ) қажет ететін
тапсырмаларды
және/немесе толық
жауапты (ТЖ) қажет
ететін
тапсырмаларды
пайдалану
ұсынылады

5
ортогональ проекциясы ауданының
формуласын білу және оны есептер
шығаруда қолдану;
- вектордың координаталары ұғымын
білу, вектор координаталарын бірлік
векторлар бойынша жіктеп таба білу;
- кеңістіктегі вектордың
координаталарын және ұзындығын таба
білу;
- кесіндіні берілген қатынаста бөлетін
нүкте координаталарының
формулаларын қорытып шығару және
оларды есептер шығаруда қолдану;
- координаталық түрдегі векторлардың
скаляр көбейтіндісі формуласын білу
және оны есептер шығаруда қолдану;
- кеңістіктегі екі вектордың арасындағы
бұрышты есептеу;
- сфера теңдеуін білу және оны есептер
шығаруда қолдану;
- жазықтықтың жалпы теңдеуін
(ax+by+cz+d=0) нормаль вектор
және осы жазықтықтағы нүкте
бойынша қорытып шығару;
- түзудің канондық теңдеуін құрастыру;
- түзу теңдеуінің канондық түрінен
параметрлік түріне көше алу.
6. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды
бөлу
Тоқсан Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей
дағдылары
I 40% 60% 0%
II 17% 83% 0%
III 29% 71% 0%
IV 0% 100% 0%
Барлығы 22% 78% 0%
7. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Жиынтық бағалауды орындауға ой салатын кез келген көрнекі материалдар:
диаграммалар, схемалар, постерлер, плакаттар және карталар жабылған оқу кабинетінде
өткізіледі. Жиынтық бағалау алдында нұсқаулық оқылады және білім алушыларға жұмысты
орындауға қанша уақыт бөлінгендігі хабарланады.
Жұмысты орындау барысында білім алушыларға бір бірімен сөйлесуге болмайды.
Жұмысты орындар алдында білім алушылардың нұсқаулық бойынша сұрақтарды қою
құқығы бар.

6
Білім алушылар өз бетімен жұмыс жасауға міндетті, бір біріне көмектесуге құқықтары
жоқ. Жиынтық бағалау уақытында білім алушыларға қосымша ресурстар: оларға көмек
болатын сөздік немесе анықтамалық құралдар (егер, спецификация бойынша ресурсқа рұқсат
берілмесе) қолжетімді болмауы қажет.
Шешу жазбалары ұқыпты болуы қажет. Білім алушыларға дұрыс емес жауаптарды
өшіргішпен өшіргеннің орнына сызып тастауға болады.
Жиынтық бағалауға берілген уақыт аяқталысымен, білім алушылар жұмысты
уақытында аяқтап және қаламдарын\ қарандаштарын партаға қоюы қажет.
8. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін
балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

7
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы – 45 минут
Балл саны – 20
Тапсырма түрлері
ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты сұрақтарды қамтитын 6 тапсырмадан
тұрады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушылар есептелген мәні, сөздер
немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушыдан максималды балл жинау
үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі. Білім
алушының математикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім
Тексерілетін мақсат
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
саны*
№
тапсырма*
Тапсырма
түрі*
Орындау
уақыты,
мин*
Балл*
Бөлім
бойынша
балл
Стереометрия
аксиомалары.
Кеңістіктегі
параллельдік
10.2.2 кеңістіктегі параллель және айқас түзулер
анықтамаларын білу, оларды анықтау және
кескіндеу
Білу және түсіну 1 1 ТЖ 6 2
20
10.2.3 кеңістіктегі параллель түзулердің
қасиеттерін білу және оларды есептер шығаруда
қолдану
Қолдану 1 2 ТЖ 8 4
10.1.1 тетраэдр және параллелепипедтің
анықтамаларын білу, тетраэдр, параллелепипедті
және олардың элементтерін жазықтықта кескіндей
алу
Білу және түсіну 1 3 ТЖ 6 2
10.2.4 түзу мен жазықтықтың параллельдік белгісін
және қасиеттерін білу, оларды есептер шығаруда
қолдану
Қолдану 1 6 ТЖ 10 4
10.2.5 жазықтықтардың параллельдік белгісін және
қасиеттерін білу, оларды есептер шығаруда
қолдану
Қолдану 2
5
ТЖ
5 3
4 10 5
БАРЛЫҒЫ:
6
45 20 20
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер


10
5. � және � жазықтықтары берілген. � жазықтығындағы AB және CD түзулері F
нүктесінде қиылысады, әрі бұл түзулер � жазықтығына параллель. А нүктесінен
жүргізілген түзу � жазықтығын P нүктесінде қияды, AP = 13 см. AP түзуінің �
жазықтығындағы проекциясы 5 см.
� және � жазықтықтарының
a) өзара параллель болатынын негіздеңіз.
[1]
b) арақашықтығын табыңыз.
[2]
6. АВС үшбұрышының DE орта сызығы � жазықтығында жатыр. � жазықтығына
параллель FG кесіндісі BD және BE қабырғаларын сәйкесінше F және G нүктелерінде
қияды. FG = 6 см және
��
��
=
5
3
.
a) Есеп шартына сәйкес сызбаны салыңыз.
[1]
b) АС қабырғасының ұзындығын табыңыз.
[3]
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген